Материалдар / М.Мақатаев

М.Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ .......................................................................................................... I ТАРАУ. М. Мақатаев поэзиясының ерекшеліктері............................... 1.1. Ақын М.Мақатаев поэзиясындағы ұлттық рух  ............ 1.2. Мұқағали поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық................................ II ТАРАУ. М.Мақатаев поэмаларындағы аңыз бен ақиқат............................ 2.1. «Райымбек, Райымбек» поэмасындағы ел бірлігі идеясы.................. 2.2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы халық аңызы........................ 2.3. Ақын поэмаларының көркемдік шеберлігі ........................................... ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2024
113
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі:

Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат, құнды. Ол қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазған, түсініп өткен ақын.

Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы айқын мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясының бір қыры-поэма жазудағы ерекшелігіне тоқталу арқылы ақын талантын өзге бір қырынан танытып, поэмаларындағы тарихи дәуірдің шынайы көрінісін, нақты шежіресін, халық аңыздарының көркемдік тұрғыдан үйлесім тауып қолданылуын талдап, оның ақындық шеберлігін, адамзаттық танымын дәлелдеп, ақынның қаламгерлік шеберлігі, шығармаларының көркемдік ерекшелігі өз алдына диплом жұмысының өзекті мәселесі болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

М.Мақатаев  поэзиясының  рухани  құндылыққа  айналуының  басты  себептерінің  бірі - көркемдік  келісімде  екендігін  ғылыми  тұрғыдан  дәйектей  отырып, көркем  әдеби  тіліміздің  жетілуіне, бейнелік  күшінің  толыға  түсуіне  қаншалықты  үлес  қосқанын  саралау;   - Зерттеуде Мұқағали  шығармаларының тек  поэзия  құдірет – күшінің ауқымы  мен  аясына  сыйып  тұрған   жұмбақтарына  жетелеу; -  Мұқағали  шығармаларында мол  көрініс  табатын шеберлік  тұғыры - тіл  тазалығына, ой  саралылығына, тебіреніс  тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық  тіл  байлығын  құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар  аудару;     - Ақынның  эпикалық  туындыларындағы  өмір  шындығының көркем  шындыққа  ұласуы, адам  бейнесін  жасаудағы көркемдік жүйе  шеберлігін  сараптау;  
Мұқағали ақындығының өзге бір қырына оның поэмаларын талдау арқылы көз жеткізу; ақын поэмаларындағы тарих шежіресі мен халық аңыздарының кеңірек көрініс табуын дәлелдеу; Мұқағалидың поэма жазудағы ерекшелігін, ақындық көркемдік танымын «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда», тағы басқа поэмалары негізінде таладау; ақын туындыларының, оның ішінде поэмаларының тіліне талдау жасау арқылы ақындық шеберліктің жаңа бір қырын таныту.

Зерттеу жұмысының  ғылыми жаңалығы:  

Мұқағали  шығармашылығындағы көркемдік  жүйе осыған  дейін  дербес  зерттелмеген. Зерттелсе  де белгілі  ортақ тақырыптардың  аясында,  не  әлденеше  авторлардың  айналасында  қарастырылатын. Бұл  жолғы  зерттеу  арнайы  әрі  нысанды  мақсатта  жүргізілді. Сондықтан  диссертацияның  ғылыми  жаңалығы   көтерілген  тақырыптың  мәнділігімен,  көкейкестілігімен  айқындалады. -Мұқағали шығармашылығының  сүйенген үш  тағаны,  байланған  үш  қазығы  бар. Оның  біріншісі- ақынның  әрқашан  да жанымен  ақтарылып айтқан бүкпесіз де қарапайым сыршылдығы. Екіншісі - асқақтық яғни  өмірді сындарлы санамен  екшеп, елеп парасатты  пайым  жасап, күрделі қорытындылар шығаратын  сыншылдық көркемдеу жүйесі. Үшіншісі азаматтығы - қоғамдық әлеуметтік  мәселелерді, күллі  тыныс–тіршілікті өлеңіне  арқау  еткен   ақын  кемелдігі  дәлелденеді.

Еңбекте  Мұқағали  шығармаларындағы  ұлттық  айшықтар  кең  ауқымда, алдыңғы  толқындармен  ұштастырыла,  кейінгі  буындармен  сабақтастырыла, ұлттық  идея  мен  идеология  негізінде, өмірмен  өзектестіріле  қарастырылады.

Тақырып  аясында көркемдік  ой–санаға  қозғау  салып, ұлттық  рухтың оянуы  мен  терең  тамырлануына   жетелеуде  әдебиеттің  орны Мұқағали поэзиясы  мысалында  ғылыми  тұрғыдан  тұжырымдалады.  

Поэзияның рухани  азықтығына, адами  қасиеттердің орнығуына, қоғам өмірін нұрландыруға  септігін  тигізіп, толыққанды  азаматтардың қалыптасуына   оңды  әсер  туғызатыны, негіз  қалайтыны  Мұқағали  өлеңдері арқылы  пайымдалады.

Көркемдік - поэзия үшін жырдың  сұлулығы, әсем  нақышты сүйкімділігі, адам  болмысын билер әсерлілігі.

Жүйе – бір қалыпқа түскен арна, тоғыз ағыстың тоғысуы. М.Мақатаев поэзиясының көркемдік  жүйесі саралануын былайша  тармақтауға  болады.       

Зерттеу  тәсілдері: Зерттеу  жұмысын  жазу  барысында  алға қойған мақсаттар  мен  міндеттерді  орындау үшін  өлең–дастандардағы  көркемдік жүйелерге, ұлттық  белгілерге, образдардың  сұрыпталу  ерекшелігі  мен  сомдалу дәрежесіне  үңіліп,  көтерілген  идеялардың  мәнділігіне   назар  аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының дерек көздері:

Ақынның «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Соғады жүрек», «Өмір-өзен» сияқты өлең жинақтарымен қатар, З.Қабдолов, Ж.Әбдіраш еңбектері, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жұлдыз», «Ізденіс», «Ақиқат», «Ұлт тағылымы», т.б. газет-журнал мақалалары қамтылды.

Құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.














МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ..........................................................................................................


I ТАРАУ. М. Мақатаев поэзиясының ерекшеліктері...............................


1.1. Ақын М.Мақатаев поэзиясындағы ұлттық рух  ............


1.2. Мұқағали поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық................................


II ТАРАУ. М.Мақатаев поэмаларындағы аңыз бен ақиқат............................


2.1. «Райымбек, Райымбек» поэмасындағы ел бірлігі идеясы..................


2.2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы халық аңызы........................


2.3. Ақын поэмаларының көркемдік шеберлігі ...........................................


ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................
















Кіріспе


Қазақ поэзиясында өзіндік даусын, өзіндік қолтаңбасын, ақындық жеке өрнегін анықтағандардың бірі -Мұқағали Мақатаев. Ол нені жырласа да ағынан жарылып, адал сөйлейді, қызбаланып жалаң айғайға берілмей, сабыр танытады, желсөзділіктен іргесін аулақ салып, ойлылыққа ыңғай береді.

«Қазір араға біршама уақыт салып, ойлап отырсақ, Мұқағали Мақатаевтың өмірі -өлеңге, өлеңі -өмірге айналыпты»,- дейді Аян Нысаналин. [10]Сондықтан оның өмірбаянына сәл шолу жасап кетсек дейміз.

М.Мақатаев 1931 жылы ақпанның 9-жұлдызында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз деген жерде дүниеге келді. Зеңгір көк тіреген көгілдір шыңдар, шүрәт шалғынды Шалкөденің баурайы, бота көзіндей мөлдіреп жалбызды жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді. Бірақ, балалықтың бұлтсыз күндерін қатал тағдырдың өзі қызғанғандай екен. Отан шетіне қанқұйлы жау тиіп, батысты өрт шалғанда әкесі өзі тіленіп, майданға аттанады. Зұлмат соғыс тақсіреті мен қасіреті Мақатаевтар шаңырағын да шайқалтып кетті. Әкесі Калининград маңайында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, қара қағаз суық хабар әкеледі. Балдай тәтті балалық шағы жаралы жылдарға дәл келген өз тұстары сияқты болашақ ақын да ерте есейіп, арба айдап, соқа салып, тырма тартып, шөп шауып, масақ терді. Кейін бұл өртеңде өскен өмірбаян өзекті өртер өлең болып өріліп, өрісті өрнек тапты.

Ақын алғашқы журналистік жолын алпысыншы жылдардың басында Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде бастады. Кейіннен аз уақыт «Жұлдыз» журналында жалғастырды.

Аз жылдар ішінде «Ильич» (1964 ж), «Армысыңдар, достар!» (1966 ж), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968 ж), «Мавр» (1970 ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973 ж), «Шуағым менің» (1975 ж), «Дариға-жүрек» (1978 ж), т.б. да жарқын жүректің жарқылдарынан туған жеті-сегіз жинақ ұлттық әдебиетке толысқан талант келіп қосылғанын айғақтаған еді. Әсте қырандар биіктеген сайын аруақтанып, көру нүктесі кеңейеді. Табиғат тұлпар мен сұңқарға жақын хас ақын да соған ұқсас. М.Мақатаев А.Дантенің «Құдіретті комедиясын», В.Шекспирдің «Сонеттерін», У.Уйтменнің жырларын және басқаларды қылдай қиянатсыз қазақшаға аударды. Көзі тірісінде жариялануын көруді жазбаған прозасы-өз алдына бөлек әңгіме.Ақын прозасына Ф.Оңғарсынова былай баға береді: «Мақатаев-үлкенді-кішілі прозалық туындыларында да адам биіктігінің тұтастығын, жарасымын іздеген ойлы оқырман үшін керегі де сол болса керек [24].

Шын мәнінде Мақатаев мұзбалақтар ғана мекен ететін мұзарттарға жұлдызды жол тартып, жалындап өткен жырдың марқасқасы еді.

М.Мақатаев-талантты ақын. Туа бітті қанына сөз дарып, ұлттық қадір-қасиетіне шешендік пен көсемдік сіңіп, кеңістік пен уақыт сайын ғұмыр кешіп келген халықта маңдайы жарқырап хас ақын болып туу қашанда оңай емес. Қай заманда да ел-жұртын дуалы аузына қаратып, халқының сөзін сөйлеп өткен арқалы ақындар аз болмаған. Олар өз дәуірінің рух биігін танытып, алысқа тартқан арғымақтай жұлдыздай ағып, көкжиекке қарай самғай береді.

Халық таныған сирек талант қана асқар биік ұғым тұрғысы мен тұғырынан шығады. Ал Мұқағали - бар болмысымен қандай болмасын биік өлшемге сиятын ақын. Оның суреткерлік сыры мен қыры енді-енді ашылып келеді.

Мұқағали -өмірі өлеңге, өлеңі өмірге айналған жан. Адамды бірде азынаған үскіріктің құшағына, бірде апшыны қуырған аптаптың аңызағына, бірде жапырағын желден басқа жан желпімеген жаратылыс жәннаты-жазира жайлау аймаққа алма -кезек алмастырып, өмірдің нәрін көңілдің аңсары мен кәусарына айналдыратын уақыт атты құдіреттің өз мақамы, өз күйі болатындай, поэзияның да сол Уақыт атты қайсар кеменің шор боп біткен иір-иір бұтақтарынан жамырап бүр ашқан өзіне, кезеңіне сай сымбат, бітімі бар. Содан жаратылған мінез-құлқы бар. Өмір. Уақыт. Поэзия. Өлеңнің де өз кезеңіне лайық тынысын естиміз.

Ә. Тәжібаевтың сөзімен айтсақ, Мұқағали Мақатаев-қасиетті Жыр тауына ақындық ардақ туын қадаған дара тұлға.

Ғасырдың ақыны атанған Мұқағали мұрасынан тақырып алып берісі диплом, арысы кандидаттық қорғаған, қорғағалы жүрген студент, аспиранттар мен магистранттар әр жоғарғы оқу орындарынан табылады.

Бұл дипломның мақсатына келер болсақ, ақиық ақын Мұқағали поэмаларының тарихи негізі мен халықтығын талдай отырып, халқымыздың өткен өмір белесіне ақын танымындағы көркемдік тұрғыдан баға беру болып табылады. Елін, Отанын сүйген ақынның жүрек жарды туындылары талай ғасыр ұрпақтарына үлгі болары сөзсіз.

Мұқағали қазақ ақынының зор тұлғасын жасады. Жырымызды ішкі мазмұнмен, көкжиегі кең көркемдік ізденіспен жақсы байытты, кесек -кесек мінез қосты. Енді біз осындай ұлы мұра қалдырған ақынның поэмаларына, ондағы тарих шежіресі мен халық аңызы, сонымен қатар көркемдік ерекшелігіне тоқталуды жөн санадық.

Өлеңдегі әрбір тыныс, үн, үзіліс адам жанын тебірентпей қоймайды. Өлеңнің әр ырғағы мен бунағында көл - көсір сыр ұялап, сезім шалқып жатады. Адам бар жерде поэзия бар. Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын алдымен сезініп, алдымен ләзаттанып, алдымен жиіркенетін де сол адам десек, ендеше поэзияның бүкіл болмысының өзі сол адамның ақыл-парасаты мен сезім түйсігімен жаралған. Демек, адамның қатынасуынсыз поэзия жоқ. Барлық табиғатымен өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия дейміз, алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, танитын талант, сезетін сезім керек. Алайда сезіну бар да, сезімін сезімдерге айтып жеткізу, мойындату бар ғой. Міне, осы тұста адамдар дараланады. Әр халық өзінің сезім дүниесінен енші бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді. Оның аты-Ақын. Адамның сезімі – алынбас қамал. Ендеше, сол сезім қамалының сахабасы да, жолаушысы да – ақын. Аумалы да төкпелі, астарлы құпиясы тереңде жатқан алуан сырлы адам сезімін сезім ғана тебірентіп, сезім ғана өктемдік ете алады. Демек, шынайы шын поэзия – адам сезімінің анатомиясы да, шынайы шын ақын соның зерттеушісі. Шынайы шын ақын - өз халқының шаттанса шаттығы мен қуанышы, жыласа көкірек шері мен көзінің жасы.

Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан келеді. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев.

Мұқағали - өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнектен кестелейтін Мұқағалидай ақын кемде-кем.

Мұқағалидың ақындық талантын, табиғатын таныту бүгінгі күн еншісінде. Аспан әлеміндегі жыпырлаған сансыз жұлдыздардың ішінде адам жанарын еріксіз өзіне тартып алатын дара «жарық жұлдызды» байқауға болады. Оның даралығы да, сиқырлығы да жан-жағына сәулесінің мол түсетіндігі болса керек.

ХХ ғасырдың 60-70 жылдардағы қазақ поэзиясына, жыр әлеміне ешкімге ұқсамайтын үнімен, ерекше болмысымен енген Мұқағалидың да жырлары осындай –дара құбылыс. Қазақ поэзиясының ақсақалы Ә. Тәжібаев ақын жырының ерекшелігіне былай деп баға берген: «Ол бізге көрінбейтін бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын».

Шын мәнінде, Мұқағали лирикасы өзгеше сыршылдығымен, көкейінен шығар шыншылдығымен, ізгі ойдың ілкі мұратымен жаныңды жаулап, еркіңді баурап алады. Мұқағали Мақатаевтың ақындық әлемін, талант табиғатына деген – ақынның жан дүниесіне үңілу, нәзік жанын түсіну деп білуіміз керек. Өйткені ақын өлеңдері – аз ғұмырдың шежіресі.





















I ТАРАУ. М. Мақатаев поэзиясының ерекшеліктері

1.1. Ақын М.Мақатаев поэзиясындағы ұлттық рух


Поэзия әлеміне Мұқағали лирикалық өлеңдерімен бірге бірнеше поэмалар әкелді. Поэма демекші, бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі бар. 1982 жылғы «Жұлдыз» журналында жарық көрген Ғ.Қайырбековтің «Тұлғалы жанр толғағы немесе қазіргі қазақ поэмасы туралы кейбір ойлар» атты көлемді мақаласында кез келген оқиғаның поэмаға материал бола алмайтындығын, тақырыпқа салмақ, идеяға ірілік керек екендігін айтады. Сонымен бірге поэма жазу үшін талант дайындығы, тәжірибе мен білімділік керек.

Құдіретті сөз өнері, оның ішінде поэзия  XIX  ғасырдың екінші жартысында Абай өлеңдері арқылы  ең биік тұғырға көтерілді. Ал ХХ ғасырдың бел ортасында әдебиет  есігін  ашқан жас  талап, жаңа буын  өкілі  Мұқағали жырлары да сол биікке  арман  сапарына  яғни  альпинистік  заңғарға  қол

созып, шырқау шыңға  жол тартты. Сөйтіп, Абай  салған  соқпақ  ізімен ілгері басты.  Мұқағали поэзиядағы парасаттылыққа  мән  бере отырып, ұлылықтан үйренуге талпынды. Әсіресе Абай  парасатынан  нәр  алып,  ұлы  ақын талабына  орай  үн  қатты.Ұлттық мұраны толықтыруға  өз әлінше  күш  салды. Рас, Абай да, Мұқағали да тақырға түскен дән емес. Құндақтаған  елдің, құнарлы топырақтың, қазыналы ортаның жемісі. Олар  бай  ауыз әдебиетінен жүзіп  ішті, әсіресе шешендік өнердің  шеберлігін  меңгерді, философиялық тереңдігін игерді. Жыраулар поэзиясының өткірлігі мен  өршіл  рухын  бойына сіңірді, тың  сонарларын  шалды. Яғни халық даналығының  небір  нәрі мен дәнін жинады. Өскелең  орыс әдебиетінің  озық үлгілерімен, әлем классиктерімен талмай танысты, Одаққа танымал таңдаулылардың суреткерлік қабілет қарымдарынан, әдеби әдіс-тәсілдерінен үйренді. Ғаламдық деңгейде дүние танымдарын  жетілдірді. Өздеріне  дейінгі  мықты  білім  қорымен қаруланды. Заманның  өнегесі  неде, өріссіздігі қайда  екендігін  ажырата  білді. Соған  сәйкес  ащы  шындығын  да  айта алды. Шындықты  айту  қашанда  қиын  екендігін  аңғарды.

Мұқағали – советтік құрылыстың, коммунистік қоғамның дүркіреген дәуірінде еңбек етіп, тіршілік етті. Кезінде кереметтей дәріптелген, «күні күлімдеген, жұлдызы жымыңдаған» дейтіндей  «аса прогрессшіл қоғам» саналған кеңестік жүйенің  бітім  болмысы  туралы  жазылуға, жырлануға тиіс кезеңде  өмір сүрді. Сол ыңғайда  ақынның  шеңберден  шыға алмағаны, ақ тиындай шығырда шыр айналғаны байқалады. Бостандық, теңдік, еркіндік деген ұғым-түсініктердің аясы тарлығы танылады. «Неге  бұлай?» деген ақын түйткілі түсіндірілмеді, жауапсыз қалды. Бір елі ауызға екі елі қақпақ қатар  әрі қатаң  қойылды. Соған  қарамай адам баласын, азаматтық қоғамды  мұқият зерттеп, жеке басының  мұң  мен шерін, шаттығы  мен бақытын халық мүддесімен қабыстырып, ұлттық сипатқа жеткізе білді. Рухы күшті рухани қазына  жасады. Мұқағали жырлары  қарапайымдылығымен қасиетті, дәлдігіме
М.Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген. Ұлттық  сипат  кейіпкердің түр-түсімен, киім киісімен, сөйлеген  сөзімен  анықталмайды. Бұл сырт  көрініс, ұлттық  мейрам  Наурыз  мерекесінде   қазақы  шапан  киіп, басқа  халық тілдерінде  сөйлеген  бауыр-туғандарымыздың  сұр–сықпыты,  міне,  осы сияқты.  Мәселе  ұлттың  дамуының  әлеуметтік, экономикалық және  тарихи ерекшелігіне дүниетанудағы  көзқарасына, сезудегі  ұлттық  психологиясына байланысты.  Әрі  ұлттық  ерекшеліктерді  бірыңғай  ұнасымдылықтан, жақсы қасиеттерден  іздеу де  оғаштық. Яғни  ол  жаман  қылық  пен  қасиеттерде  де жатуы  әбден  мүмкін. Қысқасы, ұлттық сипат  тарих  көшіне  ілесіп  дамып, жаңа  реңге  ие  болып  отыратын  құбылыс.         Ұлттық  сана - біріншіден  өз халқын, ұлтын  сыйлайтын  ыстық  ықылас  пен  сергек  сезімнен  туады. Екіншіден, елінің, халқының  ұлттың  өткенін, қазіргісін, келешегін   толық біліп, тексеріп  халық  тағдырына, ұлт  мәселесіне  елдік, мемлекеттік  тұрғыдан қарайтын  саналы,  салихалы  ойдан  туады.  Бұл  ретте ұлттық  сананың жасаушысы, сақтаушысы, қорғаушысы  әрқашан  да  ұлттық  интеллигенция, зерделі   авангард  топ зиялы  қауым,  әсіресе  ақын-жазушылар. Абайда:

«Қыранша  қарап  Қырымға, мұң  мен  зарды  қолға  алып, кектеніп  надан зұлымға, шиыршық атып  толғататын»  Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Мыржақып, Жүсіпбек, Мұстафалар  сияқты  ұлы ойшылдар  ғана ұлттық  сананың  негізін  салып, ірге  тасын  қалайды. [12.572] Бұлар  халқының  өткеніне   қиналған, қазіргісіне  қынжылған, келешегінен үміттенген.

Дәл  осындай   шығармашылығында  ұлттық  сипаттар   басым қазақ ақынының   бірі – Мұқағали  Мақатаев.  Әр  кейінгі  ұрпақ  өз  жолын алдыңғы аға  буынның  жеткен  жерінен  бастайтындығын  ескерсек,  Мұқағали да  Абай мұрасын  құран  хадистеріндей құлағына  құйып  өскен  өрен. Абай поэзиясының  түп  тамыры  өмірде, ұлттық  негізде, тарихта  екендігін  жете зерделеген  Мұқағали  оны  игеріп  қана  қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен  жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да  бар, алда да жалғасын  табар  құбылыс. Жалпы  көркем  әдебиет, өнер аса сындарлы тәрбиеші. Ата-анадан да, ұстаздан да  өткін ұлы тәрбиеші - әдебиет, оның ішінде - поэзия. Тәрбиелік  роль  атқармаған  өнер  тұл.     Поэзиялық шығармадағы ой-пікір ақын көзімен  көріп білген, өз көңілімен сезінген өмірдегі нақтылы  жағдайлардан  алған  әсерлер  түрінде туған  идея  болып келеді. Жалпы жағдайға қатысты қорытынды-түйін, ақыл-кеңес, насихат  болса да, ақынның көңіл күйіне сабақтастырыла  айтылады. Яғни поэзиядағы идея шығарманың көркемдік қасиетімен тығыз байланысты  болса, ал көркемдіктің, ақындық шеберліктің өзі озық идеялықпен ұштасып жатады.
Қандай бір көркем шығарманың көркемдік құндылығын анықтауда ондағы поэтикалық ерекшеліктерді зерттеудің маңызы зор. Шығарманың эстетикалық деңгейінің биіктігі ақын шеберлігі мен оның тынымсыз ізденісіне тікелей байланысты екендігі даусыз. 1960-1980 жылдар қазақ әдебиетінің барлық салалары секілді поэзия жанрының да тақырыптық және көркемдік эстетикалық принциптері тұрғысынан дамудың жаңа белесіне көтерілген кезі-тін. Осы жылдары жазылған Мұқағали Мақатаевтың әр тақырыпқа қалам тербеген поэзиялық туындылары да қазақ поэзиясында бұрынғы бар дәстүрді жалғай отырып, өзіндік ізденістерімен қазақ поэзиясының абыройын онан әрі асқақтата түскен. Ақынның өзгеге ұқсамайтын дара қолтаңбасы әсіресе, поэзиялық туындылардағы көркемдік құралдарды игеру, оқырманды образды ойлауға ұмтылдыру барысында ақынның тосын теңеу, ерекше эпитет, мазмұнды метафоралармен бірге, басқа көркемдегіш бейнелеу құралдарының сәтті қолданыс тапқандығынада жатыр.

Нағыз ақын өмірдің қуанышы мен мұңын, қайғысы мен қасіретін халық ортасында етене араласып жүріп жырлайды, өз жүрек сөзін айтады, жасандылыққа, жалғандыққа бармайды. Мұқағали өлеңдерінің жалпы жұртқа жақын болуы ең алдымен осы сипатынан негіз алса керек.

Мақатаев халқының ерлігін, елдігін, асыл қасиеттерін, жан сұлулығын, қайырымдылығы мен мейірімділігін, имандылығын жыр жолдарына түсіріп, ерекше екпін, шалқыма шабытпен жырлайды. Сол үшін де бар қазақтың жүрегіне жол тапқан. Ақын жүрегін жарып шыққан ақиқат сөздері арқылы ұлтымыздың ұлы істерге жұмылдырып, шыбын жаны шырқырап шындықты айтып, көзімізді ашып, көңілімізді көтеріп, санамызды саралап, жанымызды аралап, жақсылығымызда даралап, жамандығымызды қаралап, халықтық қасиетімізді қастерлеуге үндеп отыр.

Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың төл перзенті, ХХ ғасырдағы шығармашылығы күрделі ұлы ақындардың бірі. Бұл ғасырдың өткен дәуірлерден ерекшеліктері мол. Осы ғасырда тұңғыш рет Қазан төңкерісі болды. Тап осы дәуірде алғаш социалистік қоғам орнады. Осы ғасырда фашизм мен расизм бас көтерді. Осы дәуірде ұлт-азаттық көтеріліс, халықаралық жұмысшы қозғалыстары кең қанат жайды. Тап осы дәуірде екінші дүниежүзілік соғыс болды. Осы ХХ ғасырда атом бомбасы сынақтан өтіп қана қоймай, қазір енді тіпті адамзат баласы үшін ядролық апат қаупін төндіріп отыр.

Кез-келген шығарма халыққа түсінікті болуы  керек. Сонда ғана ол жұртқа эстетикалық әсер етіп, жаңа  рухани тілегін өтейді. Әрине түсініктілік деген сауатсыз  адамға  шақталған талап, жадағайлық, жеңіл-желпілік деген сөз емес, терең ойды  көркемдік  шеберлікпен  қарапайым  етіп  көрсету. Дарынды таланттың, үлкен мәдениеттіліктің, табанды еңбектенудің қажет жері осы. Толстойдың ”Қарапайым жазу оп-оңай емес” деуі де сондықтан. Көркемөнерді зерттеушілер өнер туындыларын түсінетін эстетикалық білім қажет екенін айтқан. Шынында, терең поэзиялық туындыларды, опералық, симфониялық шығармаларды, керемет картиналарды түсіну үшін белгілі дәрежеде эстетикалық мәдениет  керек. Бұл шығарманың формасын жорта қиындату емес, оқырман мен көрерменнің эстетикалық өрісін көтеру. Сонымен қарапайымдылық жалаң қарадүрсінділік те  емес, дәстүрден қашып шатпаққа ұрынған жасандылық та емес. Дана қарапайымдылық, мөлдір  айқындық - міне  нағыз  өнер.  Ақындардың барлығында  қазақтың  өлең  мүмкіндігін  мол  пайдалану  бар. Ол  мүмкіншіліктер  қазақтың қалыптасқан өлең  құрылыстары мен мөлшерінен тыс тумаған, қайта солардың құбылған, құлпырған түрлері дерлік. 

Қара өлеңнің күйсандығын ойнай білген, сөйлете алған жан ғана даласына тартып туған перзенті болмақ. Бұл әрі ұлттық сананың сырына қанықтырып, сиқырына үңілту. Сондай-ақ көне мұраға деген көзқарас. Қазақ өлеңіне ревизия жасаймыз, өлең өрнегіне өзгешелік ендіреміз, жаңалық ашамыз деп даурыққандарға тойтарыс бере отырып, анайылыққа барудан, тұрпайылыққа ұрынудан сақтандырады. Әр ақынның өлеңі халықтың жүрегіне жол тартатын қара өлеңдей сіңімді, ойға орнықты, өміршең болумен қатар қазақтық қанмен, ұлттық намыспен, ұлыстық нәрлі сөлмен жазылуын нұсқағандай. Өзіндік концептуалды көркемдікті көктен іздемей дәстүрлі жырдың ағысынан табуды көздейді. 

Ақынмын деп мен қалай айта аламын, 
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын. 


Қазақтың қарапайым қара өлеңі - қас шеберліктің үлгісі. Оның авторы - халық. Ол сан ғасыр жасап, сап алтындай сараланған, сан ұрпақтың елегінен өтіп өңдеуін көрген, сұрыпталған дүние. Ол ақындықтың әліппесі, айтыскерліктің аренасы. Осы қара өлеңнен қанаттанған, халықтық мектептен дәріс алған Мұқағали өзін абыз халқының алдында ақынмын деп айтудан жасқанады, ізеттілік сақтап именеді. Бір қарағанда шындығы да солай. Халықтың тайқазанындағы дүниені, екіншісіне аударып құйып қайнатушы, ас әзірлеуші аспаз ғана. Мұқағали өлеңінің нанымдылығы, құпия құлпылануы әсіресе соңғы қос жолда "Күпі кию” – қазақтық белгінің тайға басылған таңбасындай көзге ұрады да ұлтымыздың түр-тұлғасынан хабар береді. Кешегі бітім- болмысы күпімен кескінделсе, бүгінгі түр-сипаты шекпен киген қалыпқа сыйып қазақ табиғатын тануға мол мүмкіндік беріп тұр. Қара өлең жас талғамайды, әнмен орындауға оңтайлы. Бір жағы ән өнерінің іргетасы. Қара өлеңнің он бір буынды екі немесе төрт тармақты болатындығы белгілі. Тақырыбы жағынан бай, орындалуы жағынан сан нақышты. Қара өлең көнелігімен де құпия. Музыкатануда ол жеке жанр түрінде қарастырылады. [14.146] Қара өлеңнің қара анықтауышына қатысты айтсақ. Қара өлеңді жинақтап, жариялаушы Оразақын Асқар «Қара - әлемнің алғашқы қалпы, ежелгі сөз, ежелгі өлең. Қара тау, қара халық, қара сөз, қара жол деу ежелгі тау, негізгі халық, бастапқы сөз, бастапқы жол дегенді білдіреді» [15.3] - деуі әбден көңілге қонымды. Қазақта қара жарыс, қара бәйге деген тағы екі сөз қолданыс ұшырайды. Бұл қара өлеңнің нағыз баламасы, пареллель ұғымы сияқты көрінетінін біз де қосуға тиіспіз. 

«Аманат» өлеңінде соғысқа аттанған әженің буыны бекіп, бұғанасы қатпаған ботасын нарға балап, мықты мият, құрыштай қуат тұтып, үйдің ендігі тірегі екенін ескертіп, еркек кіндік бас ие санайтындықтан арман-аманатын табыстайды. Ол аманат - күйреген қарт әжені, қайғыдан бүк түскен шешені, шиеттей іні- қарындастарын асырау, қатардан қалдырмау, жадатып-жүдетпеу.

Бұл бұрыннан бар ата дәстүр, қазақы салт-сана. Ертегілерде, батырлық жырларда ер-азамат жорыққа аттанғанда, іштегі туылмаған перзентіне, бесіктегі ұлына қол артып, медет қылатыны, жерінің тағдырын, елінің хандығын, мыңғырған байлығын, қаусаған әке-шеше, сүйген жар, дүние мүлік барлығын табыстайтыны бесенеден бар. Яғни берісі отбасылық, әрісі елдік, жерлік мәселелер жас жеткіншектің осылай өмір мұраты болып белгіленіп, өзектестірілетін. Сөйтіп ұлы міндеттер ұл мен қызды ұзақ жолға, үлкен сапарға алып шығатын. Осы тұжырымның, әкелік аманаттың, ұлттық элементтердің танымдық тапсырманың сілемі жатыр өлеңде. 

Ақын өлеңдерінің табиғаты, ерекшелігі жөнінде ғалым Асқар Егеубаев өзінің ақын жайындағы мақаласында былай деп айтады: «Мұқағали Мақатаев өзінің аз өмірінде әдебиетімізде мол мұра қалдырған дарын. Өмір де бір өзен. Өлең де бір өзендей тұңғиық.  Мұқағали жырлары бірде үн-түнсіз шымырлап қайнап, тереңге тартып, бірде ақ күміс бұлттарын түйдектетіп, аспанға атқан сол өмірдің өзіндей»[1].

Ақын поэзиясы – тұнған лирика. Ақынның кез-келген өлеңі өз алдына жеке бір тұнып тұрған қазына. Мұқағали Мақатаев поэзиясында қамтылмаған тақырып кемде-кем болар. Өлеңдері өмір, махаббат, адал сезім, ана мен бала, табиғат, туған жер, тіл, Отан, сезім, т.б. көптеген тақырыпта жазылды.

Туып өскен, кіндік қаны тамған жер – туған жер, отан жайындағы ақын өлеңдері өз алдына бір тақырып. Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік, ақынның «Үш бақытым» деп аталатын өлеңінде былай беріледі:


Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен,– деп, Отан дегеніміз ең асыл үш бақытының біріне жатқызады.

Ақынның өлеңдерінің табиғатының ерекшелігі, ақын нені жырласа да өзіне ғана тән өзіндік үні естіліп тұрады.  Өлеңдерінде асқақ рух, қажырлылық, жігерлілік, батырлылық сезімдері үндесіп жатады. Осы тұрғыда асқан шеберлікпен жазылған патриоттық сезімді оятатын «Отан туралы» деген өлеңін алып қарайық:


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған...


Бұл да бір Мұқағали поэзиясындағы Отанға деген адал махаббат, сүйіспеншілік баяндалған. Отанның қадіріне жете білу мен оған адал қызмет ету оның өлеңдерінің басты идеясы болды. Мұқағали отаншылдықты ту етіп көтерді, адамдарды Отанды сүюге үндеді, Отанды сүюді тек сөз жүзінде қалдырмау қажеттігін алға тарты. Оның «Оңай сөз ғой Отанды сүйем» деген өлеңін алып қарайық:


«...Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,

Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»...

Өгей әке емес қой Отан деген,

Отанды мен Атамдай иемденем», – деген өлең шумақтары арқылы  Отанға деген сезімді тек сөзбен емес, іспен дәлелдеу қажеттігін айтып, жалғандықтан сақтандырды. Мұқағали поэзиясында Отан тақырыбындағы өлеңдер көптеп саналады. Әр өлеңі әр басқа әуенмен, әр басқа сарынмен жазылған. Әр өлеңінде Отанға деген сағыныш, махаббат, Отанға табыну сезімдері ұштасып, табысып жатыр.

Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі туған жер тақырыбында да жазылған өлеңдері аз емес. Ал, ақынның  «Апырмай, туған жер-ай» деген өлеңін алып қарасақ:

Апырмай,

Туған жер-ай!

Теңдесер кім,

Бұл жерге сен болмасаң, келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазығым-ай,

Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім, – деген өлең жолдары арқылы туған жердің құдіретін жыр ете келе:


Кел демеді, немесе кет демеді,

Несін маған, білмеймін, өкпеледі?!

Сені сүйген жүректі, туған өлкем,

Сен өсірген біреулер жек көреді, –деп жалғастырып, туған жерге жат болып кеткен адамдарға деген өкпе-ренішін білдіреді.

Ақын өлендерін бір-бірінен бөліп жару мүмкін емес. Оның осы тақырыпта жазылған ерекше патриоттық сезімде жазылған, елі «Қазақ жері» деген өлеңін алып қарасақ:


Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

М.Мақатаевтың поэтикалық тiлi ешкiмге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленеді, сөз құдiретi арқылы ақын көрiктi, әсем, сұлу сөз-бейнелер жасап, әрбiр сөздi  ойнатып  қолданған. Ақын көзiмен көрiп, көңiлiне түйгендерiн ештемеге қарамастан жалтақсыз айтып, өзiнiң де өзгенiң де айыбын жасырмай, бетке басып ашық жеткiзе алды.


«Айтып өткен ақында  арман бар ма,

жүрегiнiң түбiне кiр жасырмай» – деп армансыз ақтарылып айтып кеттi. Өзiнiң азаматтық үнiмен өмiрдiң ащы  шындығын өткiрлiкпен айтты. Мұқағали Мақатаев  қазақ поэзиясында қашан да биiктен көрiнедi, ол қазақ лирикасының кең төрiнде  өзiнiң “менiн” танытты.




































1.2. Мұқағали поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық

Ақынның көңіл-күй лирикасында сан алуан философиялық, психологиялық мезеттер алмасып отырады. Ақынның әр кезде әр жағдайға байланысты жазылған, әр сипат, мазмұндағы «Сен менің жүрегімді жазалама», «Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің», «Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен», «Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген», «Жамылып сағыныштың сал шекпенін», «Қасым солай болмаса», «Қашанғы қалжыраймын ойлап өтем», «Сен қартайды дегенге», «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы», «Бәрін де түйсін, білсін тылсым кеуде», «Маған құрбым кектенбе», «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай», «Хал сұрама, жыр сұра», «Жазылар естеліктер мен туралы», «Ғашықпын» т.б.туындыларында сын айту, ақыл қосу сарындарынан гөрі уақыт туралы мұң, назға толы сыр айту негізгі өзекжарды идеяның арқауына айналған. Өлең- өмір, өмір-өлең екенін бұдан артық түсіндіру мүмкін емес. Мұқағали үшін, бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар бар жаратылыс, барлық өмір-поэзия дүниесі. Осы құбылыстардағы құпия қуат оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар – поэзияның жаны.

Мұқағали әлемі – сан қырлы. Сол әдемі, мұңды, сазды, сағынышты, терең, ойлы жырлар қай кезде де оқырманын үздіктіре өзіне тартады, қызықтырады. Сүйгенін іздеген, ару аңсар талай жас «сүйгісі келе берер сүйген ерін» деп тұрғаны анық, әдемі жандар жиылған кештерде «әйелдер-ай, әй-әйлар-ай, қулар-ай» дегені, ардақты аналарға арналған «қайран біздің аналар арды ойлаған» деген айшықты сөз, жүрегімізде сақталып, қанша сырлар жан тебіренткені рас. Мұқағали өлеңдерінің қай-қайсысының да басты нысанасы – адам тағдыры, оның ішкі сезімдік әлемі, жан дүниесі. Адам жанының түрлі-түрлі психологиялық күйлерінің бейнеленуін мына жолдардан анық байқалады.


Тіршілікте көрінеміз өлместей,

Тұра алмаймыз ерегеспей, белдеспей.

Өтейікші бірімізді-біріміз,

Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей?

Психологизмнің негізгі қызметі - өмір шындығы мен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Жалпы, түрлі сана, сезім импульстарына назар аударып, толымды баға беру, байлам жасау рухани, адамгершілік өрісі мол қаһармандарға лайық. Алайда, әр дәуір шығармаларының бәрінде дерлік негізгі қаһармандар өмір шындығына сәйкес биік ой, сана үдесінен шыға бермейтіні аян. Қаламгер стилінің сипатына қарай адам психологиясын өрнектеу ұстанымдары да әр түрлі.

Ақын көңілі сырқатын ойлап, ортайса да, өзге әлемді - еркін көсілетін кең әлемді аңсайды. Екіұдай сәт, екіге бөлінген көңіл шіркіннің қай-қайсысы да ақыннан алыс емес. Қазіргі дерт құрсаған шағына мойынұсынғысы келмей, ақын жаны басқаға жеткісі келеді, арман етеді.

М.Мақатаевтың суреткерлігі – күнделікті өмірдегі әрбір адамның өмірінде кездесе беретін қалыпты жағдайлардың ақиқатын ашатындығы. Бірақ ақынның ойынша, ағымдағы жағдайда адам өмірінің жарқын уақиғалары сонша жиі ұшыраса бермейді. Сондықтан да ақын оқырманға қарапайым болмыстың әр сәті мен әр күнін қөрсетуге тырысады.

Ақын лирикасының ендігі бір сипаты кейіпкерлерін сезініп, тануы. Лирикалық қаһарманының болмысын жіті танып, көңіл-күй өзгерісін тап басады. Себебі, ол жағдаят ақынның өз болмысына тым жақын.

М.Мақатаев поэзиясында кейіпкер бар болмысымен, ішкі және сыртқы табиғатымен толық танылады:


Көрдің бе таң мен түннің соғысқанын,

Жарық пен қараңғының тоғысқанын?

Мен көрдім, көрдім-дағы тек отырдым,

Дем беріп біріне, де болыспадым.


Мұқағали поэзиясынан үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, ашынған құмарлық сезімнің бораны мен толқыны, шексіз сезімге толы махаббат, тәтті қамығу, ләззат таба егілу, көз жасына көмілу, тартысқа ынтық ата ұмтылу, өмірбақи айнымас, еш мезгілде тояттамас құмарлық шегі жоқ құдіретті белгі- лерді көреміз.

Ақынның шындық құбылыстарды жинақтаудағы ерекшелігі - образдың жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Ақын поэзиясында адам бейнесін жасаудың амалы, алуан түрлілігі сол шығармасындағы көркем бейне сөздегі суретпен ғана бітпейді, оған қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Туған жерді сүю, сиқырлы табиғатының қадір-қасиетін сезіну Мұқағали жырларында ерекше көрініс табады. Туған жерінің алтын бұлағын «менің әрбір қан тамырым емес пе?» – деп атамыз ежелден қасиет тұтқан қанға теңеуі де тегін емес. Қазақ халқы кіндік қаны тамған жерді қасық қаны қалғанша жаудан қорғаған. Ақынның туған жердің қадір-қасиетін терең сезінуіне, тебірене жырлауына ата-бабаларымыздың осы қасиеті сіңсе керек.

Расында да, «Туған даласын шөл етуге қимайтын» бұлақты қалайша жан иесі демейсің. Өйткені, оған ақын адамға тән мінез, қылық, әрекет берді емес-пе? Жерді анаға теңеу әріден бар ұғым. Осыны Мұқағали ақын «Ұқсайсың» деген өлеңінде жаңа қырынан танытады. Туған жердің әрбір тал-шыбығын, көз жетпес көк тіреген шыңырау құзын, тасқындап, таудан құлай аққан өзенін, әрбір тасын еш нәрсеге айырбастамайтын ақын ойын өлең жолдарынан аңғарамыз. Туған жердің шаттығына қуанып, күйігін өзінің қайғымдай көтеремін деген ақын пейілі туған жері үшін жүрегін де жұлып беруге бар. Бұл ақынның туған жерге деген ыстық махаббатынан туған жыр.


Тамыры иіп,

Тәтті бір ұйықтап алғасын.

Ана-шайына,

Дала-нөсерге қанғасын.

Далаға-диқан,

Анаға-адал жолдасы.

Тыңайтпақ болып,

Даярлап жатыр қалжасын...

Ақын тауды «Ана – жердің төсіне алып сәби жарасқан», бейнелейтіні- қандай әдемі жанды сурет. Жер кіндігін, Отанның алыптығын бұдан артық қалай сипаттау мүмкін. Ақын сезімі сізді де баурап, көкірек көзіңді ашып өтеді. Айталық «Қарасаз» өлеңін оқығанда көз алдыңызға бейнелі сурет елестейді. Қарасазда өткен ақынның әрбір мерейтойлары осы бір ойларға жетелейді.

Сен менің еліме бар, жерімді көр.

Жандар бар әр нәрсенің жөнін білер.

Қонағы бол, жыл сайын көріп жүрер,

Асылы бол, жыл сайын көріп жүрер,

Ардағы бол, артатын сенім, жігер!

Мені сұра бастаудан, жылғалардан,

Тоғайдағы көлшіктен, тұнбалардан,

Мені сұра сағымнан қуған арман,

Тал-шыбықтан сұрағын сырғаланған.

Таудан сұра, найзадай шыңдарынан

Шыға алмай таңсәріде Күн қадалған.


Мұқағалидың ойлы лирикалары оқырманды ойға батырып, көңілге толқын ұялататын туындылар екені кімге де болса аян.

Бүгінгі сыршыл лирика – жаңарған, жаңғырған кең өріс. Ақын оқушы көңілін ағынан жарылған сыршылдығымен жаулайды. Адам жанының қатпарына үңілу, терең психологизмге қол жеткізу шебердің ғана еншісінде.

Ақын Мақатаев өмір құбылыстарын тереңдік, биіктік және кеңістік өлшемдері арқылы өрнектеуге, философиялық байламдар жасауға бейім.

Ішкі сезім күйін шерткен, ұғысқан жүректің жан сырын суреттеуге арналған.

Мұқағалидың енді «Махаббат» диалогына үңілсек:


Бұлдырасам сағымдай нетер едің?

Жел боп қуып ақыры жетер едім

Қайғы әкелсем басыңа нетер едің?

Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін...


Бұл да лапылдаған, алып қашпа романтика емес, бүгінгі жастардың сүйіспеншілік сыры. Екі махаббаттың тең соққан жүрегіне жинақталған контрастық ойды сығымдап сыйғызады да, содан салмағы ауырлап кетпес үшін, әр жолға аздаған ғана әзіл бояуын қосады. Сөйтіп ант сияқты, ауыр қабылданар өлеңді әрі жеңіл, әрі мәнді қуаныш жырына айналдырып, қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін, – дейді өлеңнін соңғы жолы.

Мұқағалидың махаббат жайлы ұстанымының негізі - тұрақтылық. Оның ұғымынша ғашықтық сезім мәңгілік болуы керек. Бұл орайда ақынның бұл сезімі сағынышқа айналу арқылы мәңгілікке ұласады. Мұқағали үшін сағыныш -мәңгілік махаббаттың символы, ғашығына деген өзгермес бейілдің, айнымас көңілдің белгісі. Ақын жанын толқытқан махаббат мұңы нәзік сезімге оранып, жүректің адал лүпілін сездіреді.


Білем саған жете алман, ғарыштасың,

Білемін мәңгілікке табыспасым.

Дерт те емес, күйік те емес, жар да емессің,

Сен маған сағыныш боп жабысқасың.

Ақын сезімі күйректік сезім емес. Ғашығы қол жетпес арманға айналса да сағыныш арқылы жанына сая табады.

Қаламгер жастықтан кемелдікке озған сайын, оның азаматтық қасиеттері тереңдеп, поэзиядағы ізденістері, шеберлік шешімдері дараланып, ширыққан қарама-қайшылыққа толы ой толғақты сауалдарға терең сезім толқынысымен жауап іздеу байқалып отырады.

Мәселен, «Батар күн» өлеңіндегі мына шумаққа ой жіберейік:


Батар күн, келер түн,

Атар таң, шығар күн.

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!

Осы мен, осылай мәңгілік тұрамын,

Осы мен, сірә да өлмейтін шығармын.

Өмірім, сірә да әріден басталған

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен, өлмейтін, өлмейтін шығармын

Сәл ғана мызғып-ап, қайтадан тұрармын.


Ақын дәл болжап кеткен. Ол сәл мызғыды да, мәңгілік жаңа өмірі басталды. Өйткені халық жүрегінен терең орын алып, өлеңдері әнге айналып, жүрек жарды лебіздер, зерттеулер, естеліктер жазылып жатыр. Мұқағали шығармаларына ән жазбаған композитор кемде-кем шығар. Мызғып ап, орнынан қайта тұрды деген осы емес пе?

Ол өзінің қысқа ғұмырында әдебиет игілігіне қомақты дүние жасап кетті. Ендігі жерде ақынның «сыр сандығын» ақтарып өсу мен өркендеудің ұлағатты үрдісіне сай пайдалану міндеті еншімізге тиіп отыр. Мұқағалиды дәріптеу, кемелдігін ұлықтау, қазақ әдебиетін, күллі қазақ өнерінің қадіріне жету болмақ.

Мұқағали - лирик ақын. Лирикада адам болмысының түгел көрініс табатыны, адам жанының сыры, ой-сезімі жоғары поэтикалық деңгейде өрнектелетіні аян. Лирик ақын көбіне өзімен-өзі іштей сырласып, ойды іштей саралап, өзіне-өзі сауал қойып, тоқтам айтып, өз ойын дәлелдеуге тырысады. Өз мақсатына жетуде түрлі көркемдік әдістерді құбылта отырып пайдаланады. Әсіресе өз кейіпкерінің ішкі сезімін, жан дүниесін, табиғатын, болмысын беруде пейзажды керемет пайдаланады. Табиғаттың сұлулығын бірде құлпырта сол күйінде суреттесе, енді бірде кейіпкерімен қатар ала отырып, салыстыра, астастыра суреттейді. Сол арқылы адам болмысын, оған тән мінез-құлықтарды, қасиеттерді нақты да шынайы бейнелейді.

Поэзия арқылы Мұқағали қоғам тынысын жай сезініп көруші емес, оның бағалаушысына айналған. Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады. Ақын поэзиясында рухтың, аса бір ізгіліктің мекені бар, табиғаттың сиқырлы сый қоймасы бар, сезім-түйсіктің ең нәзік сазды пернесі бар ғаламның тіршілік ағзасы.

Мұқағали – қазақ халқының әлеуметтік, ұлттық психологиясын жақсы білгендіктен ол әрдайым саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты тез өзгеріп отыратын қайшылықты, қарама-қарсы қоғамдық құбылыстардың куәгері болған. Өйткені ол халықтың қалың ортасында тәрбиеленген, халықпен етене араласқан үлкен азамат. Жақсылық пен жамандық, барлық пен жоқтық сықылды бір-біріне ымырасыз күштер текетіресе түсіп, тайталасып, арпалысып жатқанын көрген ақын оны жырларында шынайылықпен көрсетті. Ол өз ұлтының қасиетті тамаша дәстүрін, ұлттық психологиясын, өзіндік өрнек-бояуымен ерекше жырлады. Ақын өнерімен халық өмірінің арасында нық байланыс бар екені оның өлеңдерінен анық көрінеді.

Шын мәнінде ақынның өнерінде халық даналығының таңбасы бар. Демек, өнердің жасампаз күші оның халықтан туып, халық қажетіне жарауында жатыр. өз шығармалары арқылы ақын әдебиеттің халықтығын ту ғып көтерді; поэзия бәрінен бұрын, халық өмірінің айнасы болуын, поэзияда, бәрінен бұрын халықтық мәні бар келелі шындықтардың суреттелуін көкседі.


Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған!

Қос бұрым-ай жотаңда бұлғақтаған!

Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау,

Жер иісі жұпардан қымбат маған! –


деп толғайды бір өлеңінде. Яғни оның халқын сүюі табиғатынан, қанынан, бар болмысынан туады. Бұл ақынның туған топырағымен тұтастығын танытады.

Мұқағали Мақатаев – туған жерінің суретін бейнелеуде өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Табиғат аясында туып-өскен әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да оны әр-күйде суреттейді. Бірде ол дала бетін жапқан жібектей жасыл шөптер мен асқар тау, балдан тәтті сулар көрсе, кейде сол даладағы бабасы өскен Кеңбұлақты ғасырлардан оралған көштерге теңейді. Кейде сарғайған сары белін сәулелі лағылға теңесе, енді бірде сол даланың соққан самалынан таңдайына қымыздың дәмі келген.

Аян ғой аймағыңның сыры маған.

Сөйлейсің, сөйлейсің сен Ұлы Далам!

Мен сенің көкке ұшырған бозторғайың,

Шырылдап жерге түспей тұрып алам.


Жаралған жан емеспін басы бөтен,

Туған жер, топырағыңды басып өтем.

Кеудемде қатып қалған бірдеңе бар,

Кім білсін, туған жердің тасы ма екен?!


Ақынның ойы да, сезімі де еркін, сыршыл, нәзік мұңды көңіл-күйі аралас жүреді. Ақын көлгірсімейді, ағынан жарыла шынын айтады. Сезім мөлдірлігін, үлкен шеберлікті, суреткерлікті танытатын мұндай өлеңдер Мұқағалида мол.

М. Мақатаев адаммен бірге табиғаттан да келісім мен жарасым іздеген ақын. Оның лирикасындағы табиғат жай сурет, көрініс ғана емес, жанды, сезімтал. Сол үшін Алатауға мұң шағады, жас қайыңнан өзіне сырлас табады, жапырақты жүрекке теңейді, мергеннің оғына іліккен аққу мен киікке жаны ашиды.

Кейіпкерді өз қиялындағы таза табиғат құшағына, ата кәсіп басына жетектеген – жеңіл-жеңсік, әуесқой желік емес, ішкі жан драмасын ашуға құрылған. Шынайы торығыс, жанға жақын, көңілге қонымды суреттерді еске алудан туған шын серпіліс, тебіреніс көкірегіңдегі өзгеше бір шапағатты сәулені оятардай әсер береді.

Ақын туған жер табиғатын шабыттана, құштарлықпен өлеңге енгізеді. Жас ұрпақты туған өлкесін сүюге үндейді. Адам назарын аударатын және адам тіршілігімін етене байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп. Адамзат жаралғалы, тіпті одан да бұрын жаратылған заңғар, биік таулар мен шалқыған айдынды көлдер, ширатылған заңғар өзендер қай заманда да ақын қиялын тербетіп, назарынан тыс қалмаған. М.Мақатаевтың туған жерге байланысты өлеңдері бір шоғыр. Олар: «Апырай, туған жер-ай», «Дөңгелек жер», « Рахмет, дала», «Қазақ жері», «Жетісу», «Туған жерге», «Туған жер сағындырды», «Саржайлау», «Қайран, Қарасазым-ай», «Осынау шуақ шашқан кең өлкеде», «Туған елге» т.б. Себебі, қай ақынды алмаңыз, ең алдымен өзі өскен жерінің табиғатын жырлап өткен. Мұқағали да сол дәстүрді жалғастырушы.

Ақын таудың тура табиғи кейпін жырлаудан гөрі тауды фон етіп алып өзінің сезім дүниесін, көңіл-күй әлемінің тебіренісін осы фонға ұштастырып жібереді. Тауды жырлай отырып, түйдек-түйдек ой айтады, философиялық топшылаулар жасап, адам психологиясына жарасымдылық ұғымының эстетикалық мәнін сіңіріп жібереді. Тау табиғатының тылсым сырының ақын қиялын тербетіп, сезіміне ыстық шоқ тастап, бойына қуат дарытып отыруы да сондықтан.


Өлмесін деп берген ғой тауды маған,

Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.

Көңілімде бір құйын көтерілсе,

Тауларымда тұрады қарлы боран, - дейді.

Тауды өзінің, өз көңіл-күйінің баламасы ретінде салыстыра алады. Жаны да, тәні де табиғатпен өзектес сипатты көреміз.

Оның суреттеу мәнерінде сезім басым. Мұқағали сөзінен сыңғырлаған сұлу дыбыс шығады. Ақынның тілі үнді, әуенді, музыкалы тіл. Өлеңін оқығанда көкірегің күйге толып, өз-өзіңнен ән салып отырасың. Бұл – сүйіспеншілік, құштарлық сезімі. Ақынның туған жерге деген махаббатты жыр болып төгілген.

Мұқағалидың табиғат лирикасын ақын лирикасындағы туған жер келбеті, өлең өрнектеріндегі табиғат перзенттері, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады. Ал, қыс тақырыбына жазылған «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңінде:

Аспан жердің арасын,

Дәрігер-қыс алуда.

Табиғаттың жарасын

Ақ дәкемен таңуда.

Таңдырып ап маңдайын

Тағы көйлек сұрап жүр

Бақты кезіп тал – қайың,

Жалаң аяқ жылап жүр.

Қу бұтағын құшақтап,

Түксиеді кәрі емен.

Қыс – тазалық, қыс – аппақ, -


деп көз алдындағы көріністерді әшейін көзбен көріп қана қоймайды, көкірекпен қабылдап, өзінше, өзгеше бір бейнемен кейіптеп, кестелеп, бедерлеп көреді.

М.Мақатаевтың қуаныш сезіміне бөленген көңіл күйін «Біздің көктем» өлеңінен де көруге болады. Көктем мезгілі жер-дүниенің жасарып, тіршілік атаулының басталар тұсы және табиғат ананың босанып, айнала әртүрлі гүлдерге көміліп, жасыл желекке бөлінер сәті болғандықтан ақын көктемді өмірдің, жаңа тіршіліктің басы ретінде жырлайды. Лирикалық кейіпкердің көңіл-күйін, жан-толқынысын, сезімін бейнелеу, суреттеу арқылы маусымның қайталанбас сәттерін бейнелеп береді. Күзді бейнелеудегі ақынның әдісі өзгеше.

Сен менің тынысым ең, тұрмысым ең,

Сен үшін өмір сүріп тырмысып ем.

Жыл құсымен оралған жаным менің,

Бірге аттанып кетесің жыл құсымен.

Қызылы жоқ қырманды – күзде міне

Қайтқан құстың қараймын тізбегіне, -


деп, өз сағынышын, күрең күзгі күндерін мұңдана еске алып, құлазыған көңілін қайтқан құспен сабақтастырады.

Ақын М.Мақатаев атты дарын, алып ақындық талантымен қаншама жылдар өтсе де, өлмес өлеңдерімен өрлей бермек. Оның өшпес өрнекті өлеңдері ұзақ өмір сүріп, жастардың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жылуы мен жарығын дарытуда. Әрбір оқыған, ізденген сайын ақынның жаңа сырлары аңғарылып, тың толқындары тулап, сырлы саздарын төгуде.

Тарихтағы ұлт ұлы ақыны ғана шығатын шұғылалы биікке көтерілген әрбір ірі ақындар сияқты Мұқағали да қазақ поэзиясын жаңа кеңістікке көтеріп қондырды да, өзі соның мәңгілік тұрғыны болып қалды. Ол әрбір мезгілмен бір көктеп көгеріп, әр ұрпақпен бірге жасайтын ақындардың таңдаулы тобына жатса керек.

Поэзия - сөз өнері. Поэзия арқылы қаламгер әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алады. Оны жанды көрініске айналдыра алады. Ол айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік-эстетикалық сезіміміздің үлкен өнімді саласы. Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз - өмір құбылыстарын танып-білу, ұғып-түсіну қабілетімен көркем ой-сезім қуаттылығымен терең тамырланып, қабысып жататындығында.

Ғасырлар қойнауынан тартқан бай тарихы, сан-салалы дәстүрі, алуан стильдік тармағы бар әдебиеттің даму жолына тыңнан соқпақ қосу – кез келген қаламгердің қолынан келе бермейтіні белгілі. Әр ақын сөз өнеріне айтарлықтай жаңалық алып келе бермеуі мүмкін. Ақын өз шығармалары арқылы танылып, кейінгі әдебиетке үлгі боларлықтай дәрежеде болса, ұлттық болмысты таныта алса ғана рухани қазынаға қосылған өміршең жаңалық болмақ.

Соңғы кезең, яғни шын мәніндегі стиль қалыптастырған кез – шығармашылық өрлеудің жоғарғы сатысы. Бұған жету үшін шыңдалған суреткерлік шеберлік керек. Стиль даралығы, әсіресе, әр қаламгердің көркем тіл ерекшелігінен айқын байқалады. Сонымен қатар жазушының шығармашылығы оның өмір тарихымен, адамдық болмысымен, азаматтық бітімімен, өзгеден бөлек өз тәжірибесімен, білімімен, мәдениетімен, дүние танымымен ұласып, тығыз байланысып жатады.

Ақынның ұлттық қасиетімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді танытатын жырлары көптеп кездеседі. Солардың бірі «Наурыз айы туғанда» өлеңі. Ақын бұл өлеңінде қазақ халқының арада қаншама жыл үзіліп барып жалғасын тапқан салт-дәстүрі – Наурыз жыл басы туралы, наурыз айының халық арасындағы қадір-қасиеті, халықтың жыл басын күтуі, қасиет тұтуы жайын кеңінен жырлайды.


Наурыз айы туғанда,

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбаға,

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда [17,55]


Наурыз айында күн мен түн теңеліп, жаңаша күн басталатын кезең. Қасиетті жердің бусанып, табиғат ананың құлпыратын шағы да осы Наурыз айы. Ақын қазақы дәстүрді осы жаңа күнмен, жаңа жылмен байланыстыруы да сондықтан. Сақталған сыбағаның сапарға кеткен иесінің аман-есен оралуына тілектестігі де

өлең бойында әдемі суреттеледі. Бұл көрініс қазақтың ұлттық салт-дәстүрін танытады. Сыбаға сақтау, адамдардың бір-бірін қонаққа шақырып сыбағасын беру – бұл ата-бабамызда бұрыннан жалғасып келе жатқан дәстүр. Ақын осы дәстүрді жыр бойына арқау ете отырып, біраз уақытқа дейін үзіліп тойланбай кеткен салт-дәстүрді қайта жаңғыртып отыр. Өлең мазмұнынан наурыз айының ерекше қасиетін танисың. Ұзақ уақыт бойы жатып алған мазасыз қыс мезгілінің де бітер сәті, шуақты күн нұрына бөленген атыраптың айнала жасыл желекке малынуы да адам жанын жадыратып, ерекше бір күйге бөлейді. Бұл көріністерді де ақын өлең бойында бейнелі сөздермен өрнектей білген. «Бауыры жылып науат қар», «Бабымен ғана жібиді» деген суретті жолдарда қыс мезгілінің кетуін, қардың еріп, қақаған қыстың жылы шуақты күнге айналуын бейнелесе, «Шашылып ырыс шанақтан» тармағынан көктем мезгілімен келген жаңа жыл, жаңа күннің қуанышын танимыз. Ақын қазақтың бар асыл қасиетін, байлығын «ырыс» сөзі арқылы жеткізіп отыр. Шанақтан төгілген байлық қазақтың тасыған көңіл-күйі, сезімі, қуанышы. Ақын осы қасиеттерді бір ғана ырыс сөзіне кірістіре білген. Салт-дәстүрді жаңғырта жырлауда шеберлік танытқан ақынның өлең соңын түйіндеуі де ерекше. Яғни, осындай қасиетті айда өзінің дүниеге келуін мақтаныш тұтатындай.


Келіп ем өмір – орманға,

Наурыз айы келгенде [17, 55], – деп жыр соңын ақын өзімен байланыстыра түйіндейді. Өмірді қалың ну орманға теңеуі де ақын шеберлігі. «Ұлттық мінездің қалыптасуында ұлттық әдет-ғұрпы, тұрмыс салты, кәсіптік-шаруашылықтық ерекшеліктері, ұлттық сезім, бәрі де маңызды» [12, 64]. Яғни, халықтың ұстанған салт-дәстүрі, айналысқан кәсібі сол халықтың бойына өзіндік ұлттық ерекшелігін дарытады.

Ақынның «Жігіттер, мақтанбалық» өлеңі ұлттық ерекшелікті басқа қырынан аша түседі. Қазақ халқының қанына сіңген қасиеті – сыр мінезділігі. Қуанышта

да, қайғыда да, басына түскен ауыртпалықты қайыспай көтере білетін – қайсарлығы. Ақын осы қасиетті:


Қашаннан қазақ деген сыр мінезді,

Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық [18,127], -деп суреттейді.

Жыр жолдарында қазақтың ұлттық мінезіне тән қасиеттері бейнеленген.


Сабырмен сабақ алып дәуірлерден,

Сабырын сары алтыннан тәуір көрген.

Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,

Жерінің кеңдігіндей сабыр берген [18, 127], – деп қазақы мінезді, ұлттық бейнені аша түседі.

Қай жағынан алып қарасаңыз да ұлттық ерекшелігімен, басқа ұлттардан кем түспейтіндігімен дараланатын қазақ халқы мақтануды «әлімсақтан бері қарай жек көрмеген» екен. Өлең бойында бұл көріністі де ақын жеңіл тілмен ұғындыра жырлайды, және ол қасиетін:


Дәулет шалқып, ырысы асқанында,

Қақысы бар қазақтың мақтануға [18, 128], – деп түсіндіреді.

Алайда, дарақы боп, асып-тасып кетпегенін қалайтын ақын сабырлыққа үндейді.


Дарақы боп қазағым кетпесін деп,

Сабыры тұр күзетіп арт жағында [18, 128], – деп үнемі сабырлықты серік еткен бейне арқылы қазақы мінезді суреттейді. Өлеңнің сыртқы түрінен-ақ ұлттық мінез, ұлттық бейне, ұлттық көрініс, ұлттық психология сезіледі.

Ақын ниетін, адал пейілін «Әттең, шіркін» өлеңінен де байқауға болады. Қазақтың пейіліндей кең жазира даласы, асқар таулары, бетегейлі белдері, бұлаң қаққан бұлақтар мен сыбдыр қаққан құрақтары, бәрі де, ақынның қазақ даласына деген сағынышын оятады. «Әттең, шіркін, құс болып жаралмадым» деген ақын жырында үлкен арман жатыр. Қазақ халқының ұлттық мінезінде құс сияқты еркіндік қасиет бар. Ақын осы көріністі өлең жолында нәзік сезімталдықпен жеткізе білген. Кең пейілділік пен дарқандықты қасиет тұтып, еркіндікті сүйе білген қазақ қашанда «ар-намысын аяққа таптатпайды». Бұл да қазақы, ұлттық қасиетіміздің бірі. Бұл көріністі намысшыл лирикалық кейіпкер бейнесімен ақын:


Зәр ұсынған кісіге нан ұсынған,

Алысудан аулақпын, шабысудан.

Ей, қазақтың баласы, есіңде ұста,

Өлсем өлем, сірә, мен намысымнан [19, 59], – деп жырлайды.


Әдептімін, ұяңмын, именемін,

Сыраға – бал, сыйыңа – сый беремін.

Аңқау қазақ екен деп, ағайындар,

Намысыма алайда тиме менің! [19, 59].


Ақын өлең бойында қазаққа тән ұлттық мінезді, ұлттық қасиетті ашып беріп отыр. Қазақ халқына әдептілік, ұяңдық мінезбен қатар намысшылдық қасиет те тән.

М.Мақатаев поэзиясы жайлы белгілі әдебиет зерттеушісі Т.Шапаев: «Мұқағалиды жалпы қазақ, жалпы жұртына табыстырған мың сан себептің бірі және бірегейі – оның поэзиясындағы уыздай тұнған ұлттық саз дер едік. Бүгінгі поэзия мәдениетінің биігіне шарықтап көтерілген ақын жырларының интонациясы, тыныс- дірілі, лирикалық «меннің» желпінісі, шалқыған дария көңілі, дархан мінезі, кең пейілі, ақынның шадыман шаттығынан «аһ» ұрып жалын ата күрсінгеніне дейін –бүтін жаратылысы, тұтас болмысы қазақы. Қазақ оқырманы өз бойында бар деп ойламаған, жаратылысындағы көп жақсылықтарды Мұқағали жырларынан танығандай, қайта тапқандай. Бұл қасиет үлкен таланттардың көбіне тән десек те, ұлттық мінездің ең жақсы қырларын, ұлттық ұғымдағы ұлағат-өнегенің қасиеттісін, қадірлісін тауып, талғап жырлаған Мұқағали творчествосының орны бөлектей көрінеді» [20,130], – деп баға береді. Расында да, Мұқағали қазақы салт-дәстүрді қастерлеп, әр жыр жолдарында дәріптей білген. «Дәстүр немесе ұлттық ерекшелік тек әдебиеттік көрініс емес. Дәстүр, әдет, салт, үрдіс, тіпті дағды, ғұрып адам мінезі мен тіршілігіне тікелей байланысты.

Демек, ұлттық дәстүр тез өзгеріп немесе жоғалып кететін құбылыс емес. Сол сияқты ұзақ уақыт бойына, тіпті таптық қоғамдардың ауысуына қарамастан өзгермей қалатын кездері де бар» [21, 33].

Ақын Қ.Мырзалиевтің «Қыз қуу», «Көкпар», «Бәйге», «Күрес» жырларын да ата-бабамыздан қалған дәстүр араға қаншама уақыт салып, үзіліп барып жетсе де салт-дәстүрімізді бейнелейтін ойындарды сөз өрнегімен өте шебер сурет теген.

Ақын «Қыз қуу» өлеңінде ойын шартын дәл, сөз айшықтарымен нақты бейнелей білген. Өлең бойынан халқымыздың «арым – жанымның садағасы» дейтін намысшылдық қасиеті де үлкен орын алады.

Сонымен қатар, көзге көрінбейтін нәзік сезім нақыштарын, жайқалған көк майсалы мөлдіреген көгілдір көктемді кең даламен байланыстырып, суреттеуі де ерекше.


Көктемнің кезі, тамаша дала,

Көлденең көз жоқ, оңаша дала.

Куә ғып ерің, осынау түзді,

Бір қуып жетсе, сүйеді қызды [22, 17].


Көктемнің қылықтылығы мен тамаша даланың бейнесі жігіт пен қыздың көңіл күйлері арқылы жасалған әсерлі сурет.

Әйтсе де:


Арманын қуа алмаған азаматтың

Еншісі – ерін емес,–

Қамшы ғана! [23, 34].


Өлеңнің өн бойындағы суретті осылайша сәтті жолдармен қысқа ғана түйіндеген. «Арманын қуа алмаған азамат» бейнесі астарлы ойды меңзейді. Ал, өмірдің еншісі арудың уылжыған ерні ғана емес, қатал тағдырдың ащы қамшысы кез-келген сәтте жон арқаңды осып түсуі мүмкін екендігін меңзейді. Ақын өмір шындығын өлең жолдарында шеберлікпен көрсете білген.

«Сыртқы дүниенің сырына үңілген дарын иесі көзімен көргендегісін немесе жанымен сезінгендегісін өзінің тілі, діні, әдет-ғұрып, салт-санасы тұрғысынан ой талқысына салады, яғни, шығармашылық ізденісте ұлттық болмыстың атсалысуы табиғи құбылыс» [24, 39].

Ақын қазақтың басқа да ұлттық ойын түрлеріне жататын көкпар, бәйге, күресті өмірдің өзінен ойып алғандай өте сәтті суреттейді. Өлеңдерінің әр жолында оқырманына тәрбиелік мәні бар ой тастайды. Салт-дәстүрімізді өмірдің тартысына, күресіне теңеуі «өзі өмірдің адамды тірестірген» деп салыстыра суреттеуі, ойын мен өмірді байланыстыра жырлауы, бәрі де ақын шеберлігін танытады. Мысалы, «Көкпар» атты өлеңінде:


Көкпарды, құрбан төліңді,

Тартқанмен көңіл хошында,

Тартысып өткен елімнің,

Таңбасы жатыр осында! [22, 16].


Көкпар екі ел, екі ру арасындағы ойынның бір түрі болғанымен, тәрбиелік мәні зор. Ақын осы тәрбиені ұстанып, намысты «қайтсең де берме өзгеге» деп оқырманына үлкен ой тастайды. Бар өмірі тартыс-шабыста өткен елін ақын:


Аман қалған шабуылдан жүздеген,

Батыр халық екенбіз ғой біз деген [22, 70], – деп жырлайды.

З.Серікқалиев: «Өз халқының өткен жолын, көрген қиыншылығын, қасірет-қуанышын айта келіп, бойындағы бар ащы мерезін де аямай сылып алған ақындық қалам енді бірде қазақтың ерлігі, серілігі, әділет-адалдығы, даладай дархан пейілі мен өнері, жомарттық-жылылығы сияқты елдің тамаша үлгілерін төгілтіп жырлайды» [25, 183], – деп Қ.Мырзалиев жырларына баға береді.

Ақынның халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді өлең жолдарында тылсым табиғатпен байланыстыра жырлауы да сәтті өрнектелген.


Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді [22, 76].


Осы өлең жолдарындағы суретті сөзбен бейнеленген кең даладай дархандық, тұнық судай мөлдірлік, самал желдей еркелік, күн нұрындай қуаныш, тіпті, қайтпас қайсарлық та қазақ мінезіне тән қасиеттер. Қазақтың бойындағы бар асыл қасиет табиғат анамен астасып жатқандай. Ақын табиғат пен адам өмірінен осындай ұқсастық табады. Халқымызға табиғат-ананың тағы бір

тарту еткен сыйы – халқының ашық-жарқын жомарт мінезділігін, суырып салма айтыскер ақындығын, ер жүректі батырлығымен қоса жас баладай аңқаулығын да жыр жолдарында тамаша бейнелеген.

М.Мақатаев – үлкен азаматтық болмыспен ойланатын ақын. Жанына жауһардай жиған биік адам танымын ұлғайтып, жеке тағдыр, жеке тұлға арқылы сатылап, ел-жұрт, халық деген ұлы ұғымға көтеріледі. Ол ең алдымен халқының ары мен инабатын, ақиқаты мен тазалығын алға тартты. Соны айтып, өзі де жырымыздың ары мен ақиқатына айналды.



































II ТАРАУ. М.Мақатаев поэмаларындағы аңыз бен ақиқат

2.1. «Райымбек, Райымбек» поэмасындағы ел бірлігі идеясы


Терең оймен, ыстық ықылас сезіммен, халық сүйген жүректен жазылған Мұқағали шығармаларының бірі - «Райымбек, Райымбек» поэмасы. Есімі Албан ұранына айналған, Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен Райымбек сынды қазақ батырының өмір жолы, тағдыры өз халқының тағдырымен бірге, бірлікте алынып суреттеледі.

Поэма үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде ақын қазақ елінің басына түскен ауыртпашылықты, елінен, жерінен айырылған халықтың мұңы мен зарын, ауыр тағдырын сезініп, жүрек қанымен жазғандай әсерде жырлайды.

Екінші бөлімде халық қайғысын көтерер, қара түнді айықтырар кім бар деген сұраққа Қабай жырау арқылы жауап іздейді, жас бала Райымбектің елім деп соққан жүрегінің лүпілі, жастықтың жалынды оты баяндалады.

Үшінші бөлімде Албанның жас батыры Райымбек танылып, ел басын біріктіруге талпынып, қолбасшылыққа қолы жетуін ұлы мақтаныш ретінде бағалап асқан үнмен суреттейді.

Міне, үш бөлімнен тұратын поэманың негізгі желісі осындай. Өмірінде әулие атанған Райымбек – талай аңызға арқау болған тұлға. Ел тарихын танып, қастерлеп өскен ақын тек сезімді ғана емес, халқымыздың өткен өмір белесін жыллауда да қаламынан жаңылмайды.

Көне әдебиеттен халық эпосы негізінде тамырын тартып, ауыз әдебиетінде батырлар жырынан өріс алған «поэма - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен зерттеу».

Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек» поэмасы да – XYIII ғасырдың тарихи оқиғасын көлемді де желілі түрде суреттейтін туынды.

Әрбір шығармасынан тарихи шындықты арқау еткенақын өзі өмір сүрген дәуірден екі ғасыр бұрын болып өткен оқиғаны нағыз ақындық шеберлікпен жандандыра, шалқыта, күйіне келтіре шабыттана жырлайды. Өз заманынан алыс мұнардай көрінген ел еркіндігінің, бостандығы мен азаттығының жыршысы, бірлігі мен ынтымағының тілекшісі болады.

Ақынның халқын сүйген адал жаны бірде Қабай жырау боп толғанса, бірде Райымбектей батырдың тұлпарына айналып, еркін даланы кеңінен жосылтады. Мұқағали Мақатаев халқының ерлігін, елдігін, асыл қасиеттерін, жан сұлулығын, қайырымдылығы мен мейірімділігін, имандылығын жыр жолдарына түсіріп, ерекше екпін, шалқыма шабытпен жырлады. Сол үшін де бар қазақтың жүрегіне жол тапты. Ақын жүрегін жарып шыққан сөздері арқылы ұлтымыздың ұлы істерге жұмылдырып, шыбын жаны шырқырап шындықты айтып, көзімізді ашып, көңілімізді көтеріп, санамызды саралап, жанымызды аралап, жақсылығымызда даралап, жамандығымызды қаралап, халықтық қасиетімізді қастерлеуге үндеп отыр.

Ал енді бірде мүлде бөлек кейіпке еніп, дарқан даланың нақ өзіне айналады. Сезім мен шабыттан нәр алған Мұқағали ақындығы осындай керемет поэманы дүниеге әкелген. Болашағына, елдің ертеңіне сенген ақын еш қателеспейді. Сондықтан да өз шығармасында ел рухын аса бір асқақ кейіпте суреттейді. Дала мен қазақ деген халықтың тірлігін қоса алып жырына арқау етеді.

Ел басына түскен қайғы, ауыртпалық ақын жанын да күйзелтеді.

Толғана жырына қосады.

... Көш келеді боздатып боз даланы,

Көз ұшында боз сағым қозғалады,

Әлдекімнің естілсе созған әні,

Әлдекімдер аңырап жоқтау айтса,

Әр кеудеде бір шемен қозданады.

Әр қазақтың естіліп боздағаны.

Қайда барып, қалжырап жатар екен?!

Қандай сордың сортаңын татар екен?!

Көр болса да болса екен қазақ жері,

Қазақ жері болғасын - Атамекен.

Осы жолдардың өзінен-ақ оқушының көз алдына «ақтабан шұбырынды», еріксіз елінен, жерінен айырылған қайғылы қара күн, туған халық елестейді, олардың зары мен мұңы құлағына жеткендей болады, ақынмен бірге оқырман да күйзеліп, күңіренеді... Топырақтың туған жерден бұйыруын тілеген ақын үлкен тебіреніспен өз ойын әдемі де шебер жеткізе білген. Осы жолдарға қарап отырып-ақ, қазақ деген халықтың өткенін, арманды күндерін, шерменде күйін, шемен боп қатқан шерлі өксігі мен сан ғасырлық қасіретін бағамдап, тағдыр талайын, таразыға, тартысқа түскен тірлігін көруге болады.

Ақын поэманы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып, бос келеді.

Қара күнді жамылып, қара қазақ

Қара қайға көрсетпей ештеңені,

Қара жауы қанатын кескен еді, - деп әдемі бастаған. Бұл бастама барша қазақ халқына таныс «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында дүниеге келген халық әнімен астасып жатыр. Ақын көпшіліктің көңілінде жатталып қалған сол әнге өзінше өң беріп, түрлендіре түседі.

Қазақ – кетпес байлығы, кең пейілі, байтақ жері бар кемелді ел. 1723 жыл қазақ халқының тарихында ең ауыр, қиын кезең болып саналады. Бұл жыл тарихта әйгілі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен белгілі. Қазақ халқының ата жауы қалмақтар 1723 жылы ел жайлауға көшкен жайма шуақ кезеңде тұтқиылдан шабуыл жасады. Осы қиын сәтте бұрын кер маралдай керілген арулардың бетінен нұры, үстіне киген шытырма көйлегінің өңі қашты. Бұлалықпен күн кешкен мырзалардың басына екіталай күн туды. Жау еліміздің айдарлысын құл, тұлымдысын тұл етті. Жаудан бас сауғалаған халық жан-жаққа тарыдай шашылды. Халықтың біраз бөлігі жақын жекжатын іздеп, енді бір бөлігі орман кезіп, қайыңның сөлін сорып күн кешті. Осы кезде халық ұғымында «қайың сауу» деген тіркес қалыптасты. Ал «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атаулының да өзіндік тарихы бар болатын. Бұл тіркес туралы да түрлі пікірлер қалыптасты. «Алатау» атты еңбегінде Балғабек Қадырбекұлы бұл жөнінде былай сипаттама берген: «Ақтабан аталу себебі: халық ұзақ жүрді, осы кезде күш табанға түсті. Әбден шаршаған соң табан іріңдеп, ағарып кетеді. Табандағы іріңдер әр жерден тесіліп, аға бастайды. Осыны сауып тастау керек. Халық қолданысындағы «табанынан сауып отыр», «табаныңнан сауғыр»,- деген ұғым осылай қалыптасқан. Бұл – халық ойынша қарғыстың ең ауыр түрі.

«Алқакөл» аталу себебін кейбір тарихшылар Алқакөл деген көлге байланысты,-дейді. Қазақ жерінде осындай көл болуы да мүмкін. Бірақ халық басынан кешкен ол қиын кезеңді қоғалы сулар, қом көлдермен шатастырмау керек.

Алқа – омырау, яғни «халық жылай-жылай алқасы сұлады», - деген мағынада.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына байланысты халықтың сол замандағы елдің ащы зарын, көкірек шерін бейнелейтін «Елім-ай» әні дүниеге келді.

«Елім-ай» - елін сүйген қыз жүрегінен шыққан зарлы мұң. «Елім-ай» - халық тарихын бейнелейтін әнұран.

Бұл әннің авторы атақты Толыбай сыншының баласы Қожаберген жырау екені бүгінгі таңда белгілі болып отыр.

Жоғарыда атап өткеніміздей, осындай ел тарихындағы ауыр күннің зарлы күйін жеткізген «Елім-ай» әні Мұқағалидай ақынның айтулы поэмасында ерекше көрініс тапқан.

Қаратаудың басынан көш келеді.

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді, - деп халық тарихының мәңгілік шежіресіндей болып қалған осы бір ән бізге үлкен қасіретті оқиғаның хабаршысындай. Ел басына төнген зұлматты да, қуанышты күйді де ең алдымен оның нәзік жанды ақыны байқайды. Қожабергендей ел ақыны да сол бір өткен қасіретті күнді дөп басып жеткізе білген. Енді міне «Елім-ай» әні арқылы біз сол кезді өзімізше елестете аламыз. Жалпы XYIII ғасырдағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама апаты» оқиғасын «Елім-айсыз» елестету мүмкін емес.

Поэмасына осы тарихи оқиға тудырған ерлікті, Райымбектей халық батырын негіз етіп алған Мұқағали да осындай ойды қуаттаса керек. Өйткені поэма ә дегеннен осы әннің мақамындағы, бірақ өзгеше түрленген күйдегі шумақтармен басталады.

«Елім-айдағы»:

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман, - деп келетін жолдары елдің өткен бақытты күнін аңсаса:

Шұбырғанда ізіңнен қар борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман, - деген тармақтар үлкен бір қасіреттің бетін ашады.

Жалпы қазақ тарихына үңілген адам осы бір әнді XYIII ғасырдың өлеңмен, зарлы күймен жазылған, халықтың өзі жеткізген тарихи шежіресіне балайды.

Халықтың тәуелсіз болуы-үлкен бақыт. Қазақ халқы – осындай бақытты аңсаған, сол жолда талай рет «мың өліп, мың тірілген» халық.

Арманды күнге талпынған халықтың ауыр күнін, қайғылы халін бұлжытпай жеткізген «Елім-ай» әні сәл өзгертілген күйде поэманың беташары болуы тегін емес.

Қара таудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Ақын қалың қазақ басындағы қасіретті тарихи шындықпен ұштастыра отырып, оны бір ғана «қара» сөзімен мән-мағынасын тереңдете түседі. Өлеңде «қара» сөзі жорға, күн, түн, қайғы, жау секілді ұғымдармен тіркесіп келеді.

Ақынның халқын сүйген адал жаны бірде Қабай жырау боп толғанса, бірде Райымбектей батырдың тұлпарына айналып, еркін даланы кеңінен жосылтады. Ал енді бірде мүлде бөлек кейіпке еніп, дарқан даланың нақ өзіне айналады. Сезім мен шабыттан нәр алған Мұқағали ақындығы осындай керемет поэманы дүниеге әкелген. Болашағына, елдің ертеңіне сенген ақын еш қателеспейді. Сондықтан да өз шығармасында ел рухын аса бір асқақ кейіпте суреттейді. Дала мен қазақ деген халықтың тірлігін қоса алып жырына арқау етеді.

«Райымбек, Райымбек» поэмасына арқау болған ХYIII ғасырдың алапат дауылы өзіндік тарихи шежіреге толы.

Тұяқ та жоқ тігерге дым қалмаған,

Жау жалмаған жабысып, құм жалмаған,

Сырлар бар-ау қойныңда, туған далам,

Ақтарылған қанынан қазағыңның,

Құзғыны да құдайдың құр қалмаған.

Сенде ме? ...

Сенде сұмдық сыр бар, далам...

Қан сасыған далаға қарайды да,

Қуған боп жүр құзғынды Қабай жырау, [1.285] – деп поэма жолдары жалғаса береді. Иә, ақын өзі жырлап танытқандай елінен, жерінен бір сәт те бөлінбейді, үнемі бірге тұтасып отырады. Көп сырды жалды құмына жасырған еркін даласының өткеніне үлкен бір оймен көз жібере қадалған ақын алдыңғы күнге, арманды болашаққа талпынған ел ақсақалының бейнесін тамаша суреттейді. Қан сасыған, өлімі құзғынға жем болған даланы құпия түрде, сыры ашылмаған күйде жеткізеді. Елін шауып, жерін жау қаптай талап жатқанда қарсы келіп, күрескер халық арасынан батыры шықпаса, одан өткен қайғы жоқ екенін жақсы түсінген ақын, өлең-жолдары арқылы жауап береді....

Жерімізді жау алып, елімізді қырды ғой,

Қанатымыз қайрылып, топшысынан сынды ғой.

Ата-қазақ бір-бірін арашалай алмай-ақ,

Алауыз боп өзді-өзі құдай бізді ұрды ғой.


Қара жаумен іргелес ел едіңдер, қарағым,

Ойран болып сендер де, бұзылды ма қамалың?

Мынау азған заманда, амал нешік, бұл қазақ,

Білуден де қалды ғой бір-бірінің хабарын.


Суырдайын күн кешіп, әркім ойлап өз басын,

Тұлпарларды тұқыртып, тұғырлары озғасын,

Бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ,

Құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын, - деген Қабай жыраудың аузынан айтылған жыр жолдары арқылы ақын ел бүтіндігі, беріктіктің негізі-берекеде екенін анық таныта түседі. «Қара жаумен іргелес ел едіңдер, қарағым», - деп сол алмағайып дәуірдегі қазақ тірлігінен хабар береді. Қытай мен қалмақ, Жоңғар мен Хиуа хандықтары жан-жағынан ентелеп, ел басына қатер төндірген күндерді шебер жеткізе білген. Поэмаға арқау болып отырған XYIII ғасырдағы қазақ халқының өміріндегі жан түршігерлік кезеңді Ш.Уәлиханов былай суреттейді: «Барлық жерде жауыз жоңғардың қуғынына түскен халық үріккен киіктерше... оңтүстікке босты. Қашып келе жатқан жолдарында өздерінің дүние-мүлкін, бала, шал-кемпірін, үй аспабын, арық-тұрық малын қалдырып, ақырында Орта жүз – Самарқанд маңына, Кіші жүз – Хиуа мен Бұқар жанына барып тоқтады. Олар орта Азия далаларынан жайылым таба алмай және жаңа көршілерімен қастасып, қуатты Ресейдің шекарасына бет бұрды. Одан өзіне көмек, қамқорлық табамыз деп үміттенді».

Ақын қалың қазақ басындағы қасіретті тарихи шындықпен ұштастыра отырып, оны бір ғана «қара» сөзімен мән-мағынасын тереңдете түседі. Өлеңде «қара» сөзі жорға, күн, түн, қайғы, жау секілді ұғымдармен тіркесіп келеді.

Ақынның халқын сүйген адал жаны бірде Қабай жырау боп толғанса, бірде Райымбектей батырдың тұлпарына айналып, еркін даланы кеңінен жосылтады. Ал енді бірде мүлде бөлек кейіпке еніп, дарқан даланың нақ өзіне айналады. Сезім мен шабыттан нәр алған Мұқағали ақындығы осындай керемет поэманы дүниеге әкелген. Осы жылдары жазылған Мұқағали Мақатаевтың әр тақырыпқа қалам тербеген поэзиялық туындылары да қазақ поэзиясында бұрынғы бар дәстүрді жалғай отырып, өзіндік ізденістерімен қазақ поэзиясының абыройын онан әрі асқақтата түскен. Ақынның өзгеге ұқсамайтын дара қолтаңбасы әсіресе, поэзиялық туындылардағы көркемдік құралдарды игеру, оқырманды образды ойлауға ұмтылдыру барысында ақынның тосын теңеу, ерекше эпитет, мазмұнды метафоралармен бірге, басқа көркемдегіш бейнелеу құралдарының сәтті қолданыс тапқандығына

Нағыз ақын өмірдің қуанышы мен мұңын, қайғысы мен қасіретін халық ортасында етене араласып жүріп жырлайды, өз жүрек сөзін айтады, жасандылыққа, жалғандыққа бармайды. Мұқағали өлеңдерінің жалпы жұртқа жақын болуы ең алдымен осы сипатынан негіз алса керек.

Болашағына, елдің ертеңіне сенген ақын еш қателеспейді. Сондықтан да өз шығармасында ел рухын аса бір асқақ кейіпте суреттейді. Мақатаев халқының ерлігін, елдігін, асыл қасиеттерін, жан сұлулығын, қайырымдылығы мен мейірімділігін, имандылығын жыр жолдарына түсіріп, ерекше екпін, шалқыма шабытпен жырлайды. Сол үшін де бар қазақтың жүрегіне жол тапқан. Ақын жүрегін жарып шыққан ақиқат сөздері арқылы ұлтымыздың ұлы істерге жұмылдырып, шыбын жаны шырқырап шындықты айтып, көзімізді ашып, көңілімізді көтеріп, санамызды саралап, жанымызды аралап, жақсылығымызда даралап, жамандығымызды қаралап, халықтық қасиетімізді қастерлеуге үндеп отыр.

Міне, қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, әйтпесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих – ана әр ғасырда жаужүрек батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.Қазақ жерінің бір сүйемі де осылардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын қазіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, атамекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзаның ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды.

Елді бастап, жауға қарсы шығар жан табылмай сергелдең күйге түскен сәтте Райымбектей жас намыс туын көтеріп шығады. Ол поэмада Қабай жыраумен кездеседі:

Батыр емес, қария, қатындар бар бұл – елде,

Беруге әзір барлығын билігі асқан біреуге.

Батырлар жоқ бұл елде, қатындар бар бұл елде,

Әркім қара басының амандығын тілеуде.

Енді осы тығырықтан шығудың жолын іздеуге, оның ел қорғауға бекінгеніне оқушы күмән келтіре алмайды. Поэмада сұңғыла Қабай жырау да мұны анық байқайды.

Қара жауың қайтада шапса еліңді не етер ең.

Хас батырын бауыздап, қанын судай етер ем.

Қатын болып күн кешіп, жүргеннен де қырқысып,

Қылша мойным талша боп қанжығада кетер ем!


Жырау сөзі:

Өзің бала болсаң да, сөзің дана отты екен,

Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен...

Жыраумен бірге біз де алдында үлкен іс күткен сезімге бөленеміз. Поэмаға ары қарай үңілсек, бәйгеге қосқан Түкенің дүлдүл күреңі мен баласының жоқ болып кетуі оқушысын еріксіз алаңдатады.

Тұяқпен турап, көлденең жатқан көк белді,

Кермені үзіп, сәйгүліктер де жеткен-ді.

Көре алмай Түке баласы менен күреңін,

Көзінің алды көлеңке тартып кеткен-ді.

Енді бір сәтте басқаға ұнамаса да, жас батыр арманының куәсі болып, қуанамыз, қоштаймыз.

Желпіне барып, желігін жұрт та басқан-ды;

Оқыс бір ғажап оқиға сонда басталды.

Жалғыз бір қара жұлдыздай ағып келеді,

Қараңғы түнде қақ жарып тілген аспанды.

Ақын Райымбектей қайсар да өжет жастың бойынан жанайын деп тұрған от ұшқынын шабыттана көрсетіп жырлайды.

Бұл да бір асау, құрық тимеген құлын ғой,

Жемісін үзіп сендерден қайда барады, - дей отырып Қабай жырау өз қоштауын білдіреді. Жас батыр да бала аузынан кесек те ірі сөздер төгіледі. Жыр жолдары ары қарай жалғаса береді. Ақын енді Райымбектің ер жетіп есейген кезін суреттейді.

Қайсар болып, қатты боп өсті жігіт,

Қатыгез құмға біткен қарағаштай, -

деген жыр жолдарының өзі-ақ болашақ батыр бейнесін анық танытқандай.

Қайта шапқан жауыңды танығасын,

Құдайыңа шынымен табынасың,

Атамекен, жұртыңды сағынасың

Бұралқы боп жат жерде зарығасың.

Осы өлең жолдарының өнегесі сонда, адамдық сезімді ғана оятып қоймайды, оны адамзаттың асқақ сезімінің дәрежесіне биіктетеді. Ақын дәл осы бүгінгі күннің өзекті мәселелерін жырлап отырғандай күй кешеміз. Мұқағали мұрасының мәңгіге өшпес үні осындай ойлардан туындаса керек.

Мұндай ойлы, парасатты сөздің астарлы сөз мәнін түсінер кез келген адамның жүрегін қозғай толқытарына күмән жоқ.

Поэманың шарықтай түсуі – Райымбектің бұдан кейінгі іс-әрекеттерімен ерекше суреттеліп өріле түседі. Райымбек батырдың соғыстағы айласы мен көрегендігі, ерлігі мен төзімділігі соңынан ерген барша сарбаздарға үлгі-өнеге болды. Жетісу өңірін жау құрсауынан тазартудағы Райымбек батырдың ерлік істері халық жадында жатталып қалған. Жігіттің жанын тұншықтырған арманы, жыраумен кездескенде анық көрініп, шебер суреттеледі.

Кенедейден көзімді ашқан жауым,

Еске түсіп, бойымды басқанға мұң,

Деген ой «жастығымды ала жатсам», -

Жоқтұғым менің мүлде басқа арманым.

Ал поэмада:

Сырымбет әулетінен таралғанмын,

Хангелді қасиетінен нәр алғанмын,-

деп келетін жолдар бар. Хангелді – Райымбек батырдың атасы. Өз заманының ұлы тұлғасы. Қазақтың бостандығы жолында күрескен қайраткер адам. Ақынның өзгеге ұқсамайтын дара қолтаңбасы әсіресе, поэзиялық туындылары көркемдік құралдарды игеру, оқырманды образды ойлауға ұмтылдыру барысында анық байқалады. Мұқағали Мақатаевтың поэзиялық туындыларын талдау барысында ақынның тосын теңеу, ерекше эпитет, мазмұнды метафоралармен бірге, басқа көркемдегіш бейнелеу құралдарының сәтті қолданыс тапқандығына көз жеткіземіз.

Тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда, қазақ батырлары жасаған ерліктің, тарихи ерліктің құнын терең қадірлеуіміз қажет. Қазақ батырларының білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған, қасиетті, кең байтақ қазақ жері – бізге, бүгінгі ұрпаққа мұра боп қалған басты игілік. Осы қазақ батырларының қаны тамған киелі жеріміздің қойнауындағы, жалпақ тілмен айтқанда, жердің асты-үстіндегі бар байлығымыз-тағы да осы батырларымыздың бізге аманаттаған жан сыры, жүрек нұры. Осыны біз бүгін көздің қарашығындай қадіріне жетіп, сақтай білуіміз - парыз.

Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны дегенде, біз, біріншіден, батырлар жырындағы, тарихи жыр, аңыз, дастандарындағы тереңнен тамыр тартқан туған жер туралы идеяны алдыңғы қатарға қоюымыз қажет. Мұндайда тосын сезімдер ұшқындап, лапылдап, таңдандырып қана қоймайды, поэтикалық алуан бояулы, қым-қиғаш ассоциациялар тудырады. Ақын өзіне қажетті ойлы тіркесті, болмаса өлеңнің қанық шырайын үстемелетіп, үдемелетіп тұратын жекелеген өрнекті сурет-сөзді шығарманың бүкіл өне бойында қайталаудан қорықпаған. Батырлар туралы бірде-бір халық мұрасы осы идеяны айналып өтпеген. Жоңғар шапқыншылығына қарсы одақтас табу мақсатын көздеп, жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартпасын дегендіктен Төле би бастаған дана қарттар – Хангелді батыр, Қодар би, Сатай батыр, Бөлек батыр. 1733 жылы орыс патшайымы Анна Ионановнаға елші жіберіп, Ресейдің қол астына алуды өтінді. Әрине, мұндай саясат жоңғар шапқыншыларының озбырлық қаракеттеріне толық тоқтам салмаса да, оларды белгілі бір уақыттарда жасқантуға мүмкіндік туғызды. Ресейдің қол астына кіре тұрып, олардан қару-жарақ алуды көздегендері де-ақиқат нәрсе [7].

Осындай ел тарихындағы Хангелдідей ұлы адамның ұрпағы Райымбек ақын суретінде өз бағасына ие болған. Поэмада көпті көрген Қабай жырау іргесі сөгілген елдің басын қосуға талпынған жас батырды тани отырып, өзінің ақыл-өсиетін ерекше толғаумен, шынайы шеберлікпен әдемі көрсеткен.

Ел үшін өзін құрбандыққа шалар батыр шықса, халық үміті ақталары анықтығына тағы бір көз жеткізгендей боламыз. Поэма желісіндегі би келісімі, шарты Райымбектей ерді тоқтата алмады... Жұрт назарын өзіне аударған Райымбек:

Ағынменен күрең ат жалдап кетті

Кетті!

Өлді! – жағалау зарлап кетті.

Бір кісінеп жануар жіберді де,

Ағын айдап, есен-сау ар жаққа өтті.


Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,

Ілесіңдер осыған оты барлар!

Су жол берген батырға мен жол бермей,

Қамауда ұстап қыранды отыра алман.




Барыңдар, әкеліңдер салға салып,

Сынайын сырттаныңды жауға салып.

Қияннан құйылып кеп, қиратсын бір,

Қатарын бөрілердің қанжоса ғып.



Дауасы жоқ жан екен жаратылған,

Тұлпар екен тұғырдан дара туған.

Қамауда ұстап қыранды отыра алман,

Ұшсын, кетсін жай атып қанатынан.



Хангелдінің сауытын кигізіңдер,

Қыннан алып, қылышын сүйгізіңдер,

Сырымбеттің туының алдына әкеп,

Тәубе, еткізіп, басын да игізіңдер [1.299].

Райымбек жеңісі бүкіл халық жеңісі екенін ақын жеткізе жырлайды.

Би кесті.

Қара халық қабылдады,

Қару алып, қол жимақ қабырғалы.

Жорыққа әзірленіп жатты қауым

Қасынан Райымбек табылғалы, - деп болашаққа апарар жолды мегзейді. Поэманың соңында ел басын біріктіруге талпынған батыр Райымбек өзі армандаған қолбасшылыққа қолы жетті.

Райымбек батыр дүние саларда: «менің сүйегімді қасиетті ақ атаныма артып қоя беріңдер, сол атан қай жерге шөксе, сол жерге қойыңдар», - деген екен.Ұрпақтары атасының айтқанын орындап, сүйегін сол ақ атан шөккен жерге қойыпты. Жерімізді жау қолынан аман сақтап, еліне ұран, жеріне қорған болған батыр бабаларымыздың есімдерін күні бүгінге дейін ұрпақтарын ұлы іске бастап, тірліктің қай саласы болмасын жоғары жетістіктерге жеткізуде. Олардың тарихтан алатын өзіндік орындары, шоқтығы биік тұғырлары бар. Солардың қатарында қазақтың батыры Райымбек те бар. Халықтың есінде мәңгі жатталып қалу, қандастарының жауға шапқандағы рух берер ұранына, кейінгі ұрпақтың табынатын тұлғасына айналу – екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Есімі ұран болған даңқты қолбасшының тарихи тұлға ретіндегі ең басты ерекшелігі - өз есімін ұрандауы.

Жазба әдебиеттегі батырлар бейнесі, олардың заманға сай көрініс берген батырлық ерліктері, адамилық қасиеттері, хан-сұлтандармен қарым-қатынасы, т.б. суреттеулер – барлығы жиылып келгенде осынау батырлар бейнесінің енді тарихи тұрғыдан тұтасқан, замандар елегінен өткен бірегей бітім тауып, ірілене, кесектене түскенін байқауға болады.

Ең бастысы ел тағдырындағы, ұлттық тарихымыздағы әрбір есімі белгілі, халық жадында биік тұғырға көтерілген, халықтық ұғымдағы ел махаббатына, ел сүйіспеншілігіне бөленген батыр – тарихи тұлға ретінде бүгінгі күнде де, қазіргі заманымызда да еш маңызын жоймайды. Әсіресе қазіргі тұста қолымыз ұлттық тәуелсіздікке жетіп, еліміз ғасырлар бойы аңсаған, армандаған егемендігін алған тұста қазақ батырларының баға жетпес еңбегі, ерлік жорықтары, ең бастысы, бір сүйем қазақ жері үшін қасық қаны қалғанша жаумен жаға жыртысып, тағдыр кешкені, тарихи танымның, рухани тағылымның баға жетпес биігі – осы.

Бұл жер – бүгінгі Алматы қаласындағы Райымбек даңғылының бойы. Әулие батырын қадірлеген халық бұл күнде Райымбек кесенесі алдына Ақ атанның мүсінін орнатып, ары-бері өткен жүргіншілердің әулие-батыр бабаларына сыйынып өтетін қасиетті мекеніне айналдырды [6].

Райымбек бабамыздың ерлігі, даналығы көптеген аңыз-әңгімелерге, жыр-дастандарға арқау болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Елін, жерін қорғаған ерін ұрпақтары ұмытпайды. Атын ардақтап, ерен істерін жалғастырады. Райымбек батырға деген халық құрметі ерекше. Рухы биік елдің тұғыры да, самғар көгі де биік. Барша қазақтың қадірлісіне айналған ел қаһарманы Райымбек баба ғибратын ұлықтай берейік.

Міне, осындай ерлігі аңыз болған Райымбектей батыр өмірін негіз етіп алған Мұқағали поэмасының мазмұны белгілі бір жүйемен дамып отырады. Райымбек бойындағы табандылық, қайсарлық, намысшылдық, ең бастысы, елім деп соққан жүрегі оқушыны сүйсіндіреді. Бұл поэма – ақынның қазақ әдебиетіне қосқан бір үлесі. Өз жыры арқылы ақын халқының асыл перзенті Райымбекке өшпес ескерткіш орнатты десек артық емес. Ақын батырдың өмірі арқылы бүкіл бір қазақ деген халықтың басынан өткен зұлмат дәуірін, тарихи тағдырын сөз етеді. Поэманы оқи отырып, одан әрбір оқырман өз дегенін, өз қажетін, тіпті айтылмаған сырын, мұңы мен арманын, қанатты қиялын да таба алады. Өшпес өнер құдіреті осында жатса керек.

Ақын мақсаты – шындықты жазу. Себебі, ақынның ақындығы – шындығында, жүрек сөзінде. Ол не туралы жазбасын, не нәрсені жырына арқау етпесін, өз құбыласын әділдікке қарап түзейді. Ал әділдіктің жолы қашан да бұралаң... «Райымбек, Райымбек» поэмасы үлкен бір дәуірдің шындығын суреттейді. Поэмаға қарап, қазақ халқының XVIII ғасырдағы өткен өмірінің тарихи шежіресін бағамдауға болады.

Ал Мөкен Болысұлының «Райымбек батыр» атты дастанында оның ерлік ісі былай суреттеледі:

Сөйлей тұрған Қорынға,

Көк атты құстай ұшырды

Жетіп келіп қасына,

Тастаған шешіп шапанын,

Қылышын алып қолына,

Қорын ханның сол жерде,

Алмадай басын ұшырды.

Қорын ханның жеңіліс тапқан жауынгерлері Секер ханға келіп тығылады. Торайғырдың тауынан ағылып келіп жатқан қалмақтар, бұл тұста Көкпекең даласына топтасып жатқан. Секер хан Ойрантөбенің басына ту тігеді. Райымбек батырды тірі ұстауға тапсырма береді. Бұл тұста қазақ сарбаздары ішке еніп, шайқасқа қоян-қолтық араласып кеткен.

Жалпы Мөкен Болысұлы өз дастанында ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры үлгісін пайдалана отырып, Райымбек батырдың ерлігін ұрыс үстінде, нақты тарихи негізде суреттейді. Ал М.Мақатаев өз поэмасына негізінен қара өлең үлгісін пайдаланған. Мұқағали нақты тарихи мекендер мен атауларды сөз етпесе де, халық тағдырының тарихилығын ұмытпаған. Райымбектей халық батырының бейнесін, мейлінше, шынайы суреттеген. Еркін жырлауға өз заманы ерік бермесе де ақын сомдауында батыр бейнесін тарихилығын жоймаған. Яғни ақын сезім мен шындықты әдемі үйлестіре біледі.





























2.2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы халық аңызы


Жалпы жоғарыда атап өткеніміздей, Мұқағали поэмаларының көпшілігі аңыздық сюжетке құрылған. «Әдебиеттану терминдер сөздігінде» аңыз туралы: «Нақтылы тарихи тұлғалар қатысқан нақтылы оқиғаның баяндалуы, оқиға өткен уақыт шегі, жер атауы нақтылы көрсетілуі, танымдық, ретроспективалық сипат, белгілі дәрежедегі аймақтық шектеулік (яғни әр жерде, негізінен, сол өңірде жасаған адамдар, болған оқиғалар туралы аңыздар көбірек таралады), сюжеттік-композициялық шарттылықтың сақтала бермеуі – аңыздың жанр ретіндегі ерекшеліктері», - деп береді [17.46].

Халықта «аңыз түбі – ақиқат», - деген сөз бар. Белгілі ғалым, академик З.Қабдолов «Сөз өнерінде»: «Аңыз әлі де онша ескіре қойған жоқ. Кейде ел аузында, кейде жазба түрде тарихта болып өткен белгілі адамдар, не оқиғалар жайлы толып жатқан тамаша хикаялар әлі күнге әсіреленіп айтылады», - дейді.

Әр поэмасы кең көлемдегі тарихи дерекке, аңыз-ақиқатқа құрылған. Қасиетті ана есімін ардақтап, не аққудай киелі құсты жыр етпесін, қандай бір оқиғаны сөз етсе де ақын қаламы ешқашан талған емес. Ақын поэмаларында әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. «Райымбек, Райымбек» поэмасынан мысал келтірсек: жетім қалған құлындай құлдыраған; суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын; бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ; құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын; жұлдыздай ағып келеді; сасық көкектей; күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар; қорқау қасқырдай бірісін – бірі талаған; қатыгез құмға біткен қарағаштай; кенедейден көзімді ашқан жауым деген тәрізді небір үздік теңеулер өз жарасымын тапқан.

Жан шыңырауынан шымырқанып шыққан жауһар жырлар ыстық жүрекке тынымсыз жол тауып жатты. Мұқағали лирикасы азды-көпті сөз болып жүргенмен, эпикалық туындылары қазақ поэзиясы сыны үшін әлі зерттелмей жатыр. Табиғат талақ еткен жанның трагедиясына құрылған «Аққулар ұйықтағанда» мен өмір сүргіштік рухтың өрнегіндей «Өмірдастын» поэмалары, тарихи сезім мен бүгінгі таным ұштасқан «Шолпан» мен от жүректің ордасындай «Отаным, саған айтам» толғаулары жеке-жеке пікір пайымдатып, арнайы қадалып сөз айтуды керек етеді. Қайта желдей жүйіткіп жарыса, шабыттана толғайды. Ол өзінің шығармаларында адамдық асыл қасиеттерді кең жырлады. Қазақ деген халықтың даналығын, даралығын паш ете жырлайды, поэмаларындағы әр ұғымын аңыздай етіп жеткізіп, өзіне тәнті етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали поэмалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз ақын поэмалары арқылы сезіммен өрілген шындықты, халқымыздың өткен өмір белесін бағамдай аламыз. Тамыр тартып қараған адамға мұның бәрі айқын да анық, нақты сурет түрінде көрінеді. Туған халқының болмыс-бітімін, салт-дәстүрін ардақтай білді. Дауылдай жырларымен адам сезіміне ерекше ой салды. Осындай ерекше ой салған шығармалардың бірі – біз жоғарыда атап өткен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Тікелей өмірдің өзімен байланысып жатқан бұл поэманың оқиғасы аңызға бергісіз.

Ана махаббатын, аққу құстың киесін аңыздай етіп жырлаған бұл поэма өз орнын әлдеқашан тапқан. Жүректен жүрекке жеткен туындының келер ұрпаққа берері мол. Трагедияға құрылған аңыз-жырдың оқиғасы бзді күллі дүниетанымымен, шеберлігімен тәнті етеді. Өлеңге өз жан дүниесін ашқан, өлеңнің сырлы құпияларын өзі де ашқан ақын осы поэмасында да мұны жалғастыра түседі. Жалпы қаламгердің бір туындысы бір туындысын толықтырып, ақынның біртұтас шығармашылығын құрайды.

Табиғаттың қос перзенті - адам баласы мен құстың тағдыры таразыға тартылады. Сонымен қатар замана келбеті де ашылады. Құрсауы жоқ өмірден көмек күткен қам көңіл ана ұлының ертеңі, өмір сүруі үшін не нәрсеге болсын дайын болады. Тәуіптің айтқанына еруден басталған соқыр сенім осыдан келіп туады. Ақын екі тағдыр арқылы күллі адамзат баласының болмысын танытып бергендей болады. Бір – біріне себепкер болмақ екі өлімнің қайсысы болмасын қасіретті күйді жеткізеді.

Қазақ деген халықтың даналығын, даралығын паш ете жырлайды, поэмаларындағы әр ұғымын аңыздай етіп жеткізіп, өзіне тәнті етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали поэмалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Мұқағали ақындық өнердің, жыр-дарияның ғаламат айдынында кең құлаш ұрды. Шапқан сайын үдей түсетін тұлпардай тынысы ашыла түсті. Тақырыбы тереңдеп, ішкі мазмұны байыды. Жан шыңырауынан шымырқанып шыққан жауһар жырлар ыстық жүрекке тынымсыз жол тауып жатты. Мұқағали лирикасы азды-көпті сөз болып жүргенмен, эпикалық туындылары қазақ поэзиясы сыны үшін әлі зерттелмей жатыр. Табиғат талақ еткен жанның трагедиясына құрылған «Аққулар ұйықтағанда» мен өмір сүргіштік рухтың өрнегіндей «Өмірдастын» поэмалары, тарихи сезім мен бүгінгі таным ұштасқан «Шолпан» мен от жүректің ордасындай «Отаным, саған айтам» толғаулары жеке-жеке пікір пайымдатып, арнайы қадалып сөз айтуды керек етеді. Тарихи суретке құрылған «Райымбек, Райымбек» поэмасының ақын шығармашылығындағы орны тіптен бөлек. Мұқағали поэмаларының тақыры ауқымы да, көркемдік танымы мен тілдік ерекшелігі де, ақынның өмірді тануы, өлеңді сүюі де талай берісі ғылыми жұмыс, әрісі кандидаттық, докторлық диссертацияларға арқау болатыны сөзсіз.

Поэмаларында төрт аяғын тең басқан жорға лирик алқынбай, кең құлашты эпиктікке ұласып, қалам қарымын көрсетіп, шабыттана шалқар айдын аша түседі. Ұлы тұлғаларды суреттеген «Ильич» пен «Мавр» поэмаларының бар көркемдік ерекшеліктері де, шеберлік шеңбері де әлі ашыла қойған жоқ.

Сондықтан да біз ақын поэмалары арқылы сезіммен өрілген шындықты, халқымыздың өткен өмір белесін бағамдай аламыз. Тамыр тартып қараған адамға мұның бәрі айқын да анық, нақты сурет түрінде көрінеді.

Мұқағали жырлары тақырып ауқымының кеңдігі, көркемдік қуатының өзгешелігі жағынан оқшауланады. Ақындық табиғаты күрделі, шығармашылығының қыры да, сыры да мол. Ақындық болмысы мен ерекшелігіне, бейнелеу шеберлігіне көз жіберер болсақ, күшті ағысы мол, тау суындай тасқынды. Сан тармақтан табысып, дала төсіне бауырын жазып жөңкіле аққанда иірімі мол, жылым дарияға айналады да сусап, сұраныс жасағандарды қуатты ағыс құшағына алып, бауырына басады. Жыр дариясы жиһан кездіріп, қилы-қилы тағдырлармен табыстырып, сан-сан қиырға саяхат құрғызады. Табиғи дарын, өмір тәжірибесі, білім-білік дәрежесі мен дүниетаным кеңдігі түйіскен жерде жақсы да тартымды, көңілге қонымды әрі сұлу жырдың туатыны анық. Мұқағали ақын әрқашан оқырман талғамынан шыға білді.

Мұқағали Мақатаев философиялық тұрғыдан өмірге көзқарастары, оның ішінде өмір, қоғам, адам, басқа да тақырыптар тоғысын бір арнаға тоғыстырылды. Зерттеуде Мұқағали поэзиясының ұлттық құндылықтары, философиялық ой-түйіндері, ақынның туған жер, адам, сүйіспеншілік туралы, шығарманың көркемдік ерекшелігі туралы жүйелі қарастырылды.

Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық көріністер, адамның әр түрлі адамдық қасиеттері, сезімдері мен сұлулықты, әдемілікті тануы, өлеңнің көркемдік әлемі, әдеби теориялық ерекшелігі т.б. мәселелер қамтылды. Сонымен қатар, махаббат, сүйіспеншілік т.б. адами қасиеттер нақты талданды.

М.Мақатаев сөзді әр алуан контексте еркелете, құлпырта, ойната біледі. Мұндайда тосын сезімдер ұшқындап, лапылдап, таңдандырып қана қоймайды, поэтикалық алуан бояулы, қым-қиғаш ассоциациялар тудырады. М.Мақатаев сөзді әр алуан контексте еркелете, құлпырта, ойната біледі. Мұндайда тосын сезімдер ұшқындап, лапылдап, таңдандырып қана қоймайды, поэтикалық алуан бояулы, қым-қиғаш ассоциациялар тудырады. Ақын поэмаларында әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. «Райымбек, Райымбек» поэмасынан мысал келтірсек: жетім қалған құлындай құлдыраған; суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын; бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ; құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын; жұлдыздай ағып келеді; сасық көкектей; күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар; қорқау қасқырдай бірісін – бірі талаған; қатыгез құмға біткен қарағаштай; кенедейден көзімді ашқан жауым деген тәрізді небір үздік теңеулер өз жарасымын тапқан. Ақын өзіне қажетті ойлы тіркесті, болмаса өлеңнің қанық шырайын үстемелетіп, үдемелетіп тұратын жекелеген өрнекті сурет-сөзді шығарманың бүкіл өне бойында қайталаудан қорықпаған. М.Мақатаев сөзді әр алуан контексте еркелете, құлпырта, ойната біледі. Мұндайда тосын сезімдер ұшқындап, лапылдап, таңдандырып қана қоймайды, поэтикалық алуан бояулы, қым-қиғаш ассоциациялар тудырады. Ақын өзіне қажетті ойлы тіркесті, болмаса өлеңнің қанық шырайын үстемелетіп, үдемелетіп тұратын жекелеген өрнекті сурет-сөзді шығарманың бүкіл өне бойында қайталаудан қорықпаған. Алуан контексте жиі қолданылған осындай сөздер түптің түбінде өлеңнің музыкалық әуезіне, лейтмотивіне, интонациясына айналып кетеді және ақынның дара стильдік бедерін айқындайтын шешуші белгілердің қатарынан өзгеше орын алады. Бұған ақынның кез келген өлеңінен мысалдар келтіруге болады.Әдебиет теориясының қағидаларына сүйене отырып, ақынның көркемдік құралдарын қолданудағы шеберлігіне талдау жасалынды. Ақын поэзиясындағы құбылтудың, троп түрлерінің түрленіп, шебер қолданылғанының куәсі болдық. Өлеңдерінің өн бойындағы әуенділік пен ырғақтың, ұйқас пен буынның, дыбыс үндестігінің ерекше ыждағаттылықпен үйлестірілгенін байқадық. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали поэмалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз ақын поэмалары арқылы сезіммен өрілген шындықты, халқымыздың өткен өмір белесін бағамдай аламыз. Тамыр тартып қараған адамға мұның бәрі айқын да анық, нақты сурет түрінде көрінеді.

Мұндайда тосын сезімдер ұшқындап, лапылдап, таңдандырып қана қоймайды, поэтикалық алуан бояулы, қым-қиғаш ассоциациялар тудырады. Ақын өзіне қажетті ойлы тіркесті, болмаса өлеңнің қанық шырайын үстемелетіп, үдемелетіп тұратын жекелеген өрнекті сурет-сөзді шығарманың бүкіл өне бойында қайталаудан қорықпаған. Ақын өлеңдерінен жасанды, жалаң шумақ түгіл, артық сөз табу қиын; әр сөз, әр тіркестің астарында айқын ой, алымды сезім бар. Олар өзара шағылысып, бір-бірінің мәні мен сәнін аша түседі. Үлкен бір бүтіннің бөлінбес бөлшегіне айналып кете береді. Ал оның ешбіріне үзіп алуға келместей берік тұтастығын көруге асқан көрегенділіктің қажеті де жоқ. Тек сөз таныр көз болса, ақын тіл құдіреті мен сөз қасиетін қастерлеудің үлгісін алдыңызға жайып бергенін ұғынасыз.

Алуан контексте жиі қолданылған осындай сөздер түптің түбінде өлеңнің музыкалық әуезіне, лейтмотивіне, интонациясына айналып кетеді және ақынның дара стильдік бедерін айқындайтын шешуші белгілердің қатарынан өзгеше орын алады.

Десек те, Мұқағали Мақатаев поэзиясы әлі де сандаған ғылыми зерттеу еңбектерге нысан боларлық шығармашылық әлем. Ал оның сан салалы әдеби мұрасын зерттеп-зерделеу, олардың әдебиеттен алар орнын айқындау – бүгінгі күннің еншісіндегі міндет.

Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп – қадірлейтін қазынасы.. Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті. Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай-талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгі сөзге сұранып тұрған талайының әлі талайы алды. Поэзия пырағын ауыздықтаған айтулы ақын жырлары өзінің терең философиялық толғамдарымен, шынайылығымен, қарапайым кестесімен оқырман жүрегін баурап алды.

Алуан контексте жиі қолданылған осындай сөздер түптің түбінде өлеңнің музыкалық әуезіне, лейтмотивіне, интонациясына айналып кетеді және ақынның дара стильдік бедерін айқындайтын шешуші белгілердің қатарынан өзгеше орын алады. Бұған ақынның кез келген өлеңінен мысалдар келтіруге болады. Ақын өзіне қажетті ойлы тіркесті, болмаса өлеңнің қанық шырайын үстемелетіп, үдемелетіп тұратын жекелеген өрнекті сурет-сөзді шығарманың бүкіл өне бойында қайталаудан қорықпаған. Алуан контексте жиі қолданылған осындай сөздер түптің түбінде өлеңнің музыкалық әуезіне, лейтмотивіне, интонациясына айналып кетеді және ақынның дара стильдік бедерін айқындайтын шешуші белгілердің қатарынан өзгеше орын алады. Бұған ақынның кез келген өлеңінен мысалдар келтіруге болады.Әдебиет теориясының қағидаларына сүйене отырып, ақынның көркемдік құралдарын қолданудағы шеберлігіне таладу жасалынды. Ақын поэзиясындағы құбылтудың, троп түрлерінің түрленіп, шебер қолданылғанының куәсі болдық. Ақынның көркемдік танымындағы тарихи сурет ерекше бір келісім тапқан. Енді біз ақын қолдануындағы фигура мен троптың түрлеріне тоқталайық.

Суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз әсерлілік үстінде адам баласының танымын байытпақ; бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады.

Өлеңдерінің өн бойындағы әуенділік пен ырғақтың, ұйқас пен буынның, дыбыс үндестігінің ерекше ыждағаттылықпен үйлестірілгенін байқадық. Десек те, Мұқағали Мақатаев поэзиясы әлі де сандаған ғылыми зерттеу еңбектерге нысан боларлық шығармашылық әлем. Ал оның сан салалы әдеби мұрасын зерттеп-зерделеу, олардың әдебиеттен алар орнын айқындау – бүгінгі күннің еншісіндегі міндет.

Жалпы Мұқағали Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелігі мол. Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол – ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.

Ірі ақындық қуат пен азаматтық кесек тұлғаның көркем келісімі поэмаларының, жалпы поэзиялық туындыларының қай-қайсысынан болсын айқын көрініп, ойға қанат, бойға қуат дарытып, поэзия парасатының заңғар шыңдарына жетелейді.

Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Бүгіннің оқиғасы ертеңге аңыз болып жетеді. Осы тұрғыдан алғанда М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының оқиғасы бүгінде аңызға айналған.

Үш бөлімнен тұратын бұл поэмаға талай аңызға арқау болған құстың төресі-аққу туралы оқиға-аңыз өзек болған.

... Оралмады аққулар осы маңға,

Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?

«Жетім көл» жетімсіреп қала берді.

Арман-ай, аққуымен, қосылар ма?!, - деген жолдардан әлдебір қайғылы оқиғаны, өкініш аралас сағынышты, әлдебір мұңды сезімге толы сазды аңғаруға болады.

Поэманың бірінші бөлімінде аққудай құстың қасиеттілігі, сымбаты келіскен кербездігі, қасиетті тау мен мөлдіреген көлдің сұлу келбеті сөз болады.

Бұдан кейінгі поэма оқиғасы-күрсінген ананың қайғылы зарына ұласып барып, үлкен бір тартысқа, өлім мен өмір тартысына айналады. Адамгершілік қасиет сынға түседі. Табиғаттың қос перзенті - адам баласы мен құстың тағдыры таразыға тартылады. Сонымен қатар замана келбеті де ашылады. Құрсауы жоқ өмірден көмек күткен қам көңіл ана ұлының ертеңі, өмір сүруі үшін не нәрсеге болсын дайын болады. Тәуіптің айтқанына еруден басталған соқыр сенім осыдан келіп туады. Ақын екі тағдыр арқылы күллі адамзат баласының болмысын танытып бергендей болады. Бір – біріне себепкер болмақ екі өлімнің қайсысы болмасын қасіретті күйді жеткізеді.

Екінші бөлімде ауру бала, алаңдаулы ана күйі, сонымен қатар ерке аққулар әні жырланса, үшінші бөлім ең өзекті оқиғаға құрылған. Ананың балаға деген махаббаты, оның табиғатпен тартысы, надандылық, жан күйзелісі – бәрі- бәрі астасып келіп поэма оқиғасына күрделендіре түседі.

Аққулар ...

Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошынса, екінші рет оралмайды, -

деп ақынның өзі жырлағандай, аққу – киелі құс. Ерке де пәк, сұлу да кербез қызды аққуға балап, әлпештеп өсірген халық осы бір құстың қасиеттілігін ертеден пайымдаса керек.

Қасиетті Жетімкөл табиғатын, қанатынан ән үзіліп түскен аққудай киелі құстың арман тағдырын арқау еткен бұл поэма өн бойына көптеген өмір – тарихты жинаған. Бұл тарих бүгінде аңыздық сипат алып, сондай қасиеті бар қалыпқа түскен. Көркем тілмен өрілген күрделі оқиға оқырманның бойына әлдебір қасиетті сезімді ұялатады. Поэманы оқи отырып үлкен бір екі тағдырдың таласына куә боласыз. Екеуі де – қимас тағдырлар. Міне талантты ақын оқырманын өнер сынына салып, сан қырлы сезім өткелінен өткізеді.

М.Мақатаев – қазақ поэзиясында шындықты, ақиқатты шынайы жырлаған ақындарымыздың бірі. Ол өзінің шығармаларында адамдық асыл қасиеттерді кең жырлады. Қазақ деген халықтың даналығын, даралығын паш ете жырлайды, поэмаларындағы әр ұғымын аңыздай етіп жеткізіп, өзіне тәнті етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали поэмалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз ақын поэмалары арқылы сезіммен өрілген шындықты, халқымыздың өткен өмір белесін бағамдай аламыз. Тамыр тартып қараған адамға мұның бәрі айқын да анық, нақты сурет түрінде көрінеді. Туған халқының болмыс-бітімін, салт-дәстүрін ардақтай білді. Дауылдай жырларымен адам сезіміне ерекше ой салды. Осындай ерекше ой салған шығармалардың бірі – біз жоғарыда атап өткен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Тікелей өмірдің өзімен байланысып жатқан бұл поэманың оқиғасы аңызға бергісіз.

Бала жатыр төсекте, албыраған,

Әке жатыр еденде, қалжыраған.

Түн күзетіп анаң отыр, қос жанары.

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған, -

деп басталатын екінші бөлімде поэманың негізгі оқиғасы баяндалады. Шығарма табиғат талақ еткен жанның трагедиясына құрылған.

Биік батыр жаралған жер бетінен,

Сол байырғы «Жетімкөл» келбетімен.

Айдынында аққулар ұйықтап жатыр,

Сайдан соққан самалмен тербетілген.

Жер бетінде тыныштық, көл бетінде,

Қауышыпты қара орман, көл де, түн де.

Әдемі тыныштық кейінгі үлкен қасіретке айналатынын ақын баппен, көркемдік шеберлікпен, ақындық байыппен жеткізеді. Бұдан кейінгі поэма оқиғасы-күрсінген ананың қайғылы зарына ұласып барып, үлкен бір тартысқа, өлім мен өмір тартысына айналады. Адамгершілік қасиет сынға түседі. Табиғаттың қос перзенті - адам баласы мен құстың тағдыры таразыға тартылады. Сонымен қатар замана келбеті де ашылады. Құрсауы жоқ өмірден көмек күткен қам көңіл ана ұлының ертеңі, өмір сүруі үшін не нәрсеге болсын дайын болады. Тәуіптің айтқанына еруден басталған соқыр сенім осыдан келіп туады. Ақын екі тағдыр арқылы күллі адамзат баласының болмысын танытып бергендей болады. Бір – біріне себепкер болмақ екі өлімнің қайсысы болмасын қасіретті күйді жеткізеді.

«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,

Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма?!..», - деп келетін өлең жолдары адамзат баласының, оның ішінде қасиетті ана махаббатын терең тебіреніспен жеткізсе;

Жаны сұлу-ақ еркем, ары сұлу!

Бір мамығы майысса ауырсынып,

Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,

Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,

Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,

Жаны сұлу-ақ еркем, ары сұлу!, -

деген шумақтар табиғат-ананың тағы бір төл перзенті – аққудың алаңсыз тірлігін сөз етеді. Тәуіптің айтқанына сенген, бір жағы бала жанының ауырсынған халі санасын меңдеген ана осындай әдемі бір табиғат еркесінің тыныштығын бұзып, қолын қанға бояйды.

Поэманың екінші бөлімі:

«Жетім көлден» сән кетті мана тұнған,

Аққу кетті, ән кетті қанатында.

Асқар-асқар таулардан асып әрі,

Шың - құздардың үн қалды қабатында

Аққу әні естілмей қалатын ба?

Алатаудан үзілтіп, Қаратауға,

Жаңғырығып жартастар таратуда, -

деп аяқталады. Бір жағы сәні кеткен, аққуынан айырылған табиғат күйіне налысаң, екінші жағынан үмітпен әрекет еткен ана жанының күйзелісіне, алданған арманына қосыла көңілің жабырқап, алуан түрлі күйді басыңнан кешіресің.

Ал поэманың үшінші бөлімінде табиғат ана жанын талақ етеді. Осы бөлімде оқиға толық шешімін табады. Әр поэмасы кең көлемдегі тарихи дерекке, аңыз-ақиқатқа құрылған. Қасиетті ана есімін ардақтап, не аққудай киелі құсты жыр етпесін, қандай бір оқиғаны сөз етсе де ақын қаламы ешқашан талған емес. Қайта желдей жүйіткіп жарыса, шабыттана толғайды. Қазақ деген халықтың даналығын, даралығын паш ете жырлайды, поэмаларындағы әр ұғымын аңыздай етіп жеткізіп, өзіне тәнті етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали поэмалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз ақын поэмалары арқылы сезіммен өрілген шындықты, халқымыздың өткен өмір белесін бағамдай аламыз. Соңы трагедиямен аяқталатын бұл поэма ақынның жалғыз қазақ халқы ғана емес, күллі адамзат баласына қалдырған ұлы мұрасындай.

Ана – адам баласы үшін қандай ардақты есім болса, аққу – табиғат үшін сондай қасиетті ұғым. Міне осындай екі қасиет үлкен қасірет әкеледі. Бұл қасірет – жан азасының, ар азабының қасіреті. Бұл қасиет – «махаббат» деген ұлы сезімнің қасиеті, «кие» деген ұлы ұғымның қасиеті! Қасірет көзді ашып жұмғанша қолдан жасалады. Оны мына жолдардан-ақ байқауға болады:

Қасиет!...

О, қасірет!

Осындай ма ең?!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!...

Қасиет!...

Қасиеттер ұшып кетті,

Қасірет!

Қасымдағы досымдай ма ең!...

Қасиет... Қасірет...

Қасиет... Қасірет...

Осы сөздердің өзі поэманы түйіндеп тұрған жоқ па? Жалпы поэма трагедияға құрылған. Не сәби, не аққу тірлігі бұйырмаған ана өмірі талаққа айналады.

Өмір елес өмірі қораштанған,

Байғұс ана тірліктен қалас қалған.

Келеді ана, қарабет қарақшыдай.

Ел мен жерден біржола аласталған

Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан,

Түн-түнекте бейнебір адасқан жан.

Адасу - адам пенденің басында талай мәрте болатын және бірнеше рет қайталанатын нәрсе.

Ал жоғарыдағы өлең жолдарында келтірілген адасудың жөні бөлек. Іштей бұл адасуға күйзеліп отырасың. Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп – қадірлейтін қазынасы.. Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті. Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай-талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. М. Мақатаев поэмаларында тарихи кезеңнің суретін беруде эпитеттердің орны ерекше. Мәселен, қара күн, қара қайғы, түндік қанат құзғын, қан сасыған дала, аппақ нұр, қырғын көрген Қызыл күн, қу даладағы құйын деген тәрізді эпитеттер автордың идеясына, айтар ойына негізделгені анық. Жалпы эпитетті тыңнан табу, жаңадан жасау, бұрынғыларды қайталай бермей, өзінше нұсқалы түрлерін туғызу суреткер тіліне жаңа рең, жас ажар бітіреді. Жоғарыда келтірілген ақын қолданысындағы эпитеттер бір шумақ өлеңге бір құшақ мазмұн береді.

Мақалға, мәтелге, үлгі сөзге сұранып тұрған талайының әлі талайы алды. Поэзия пырағын ауыздықтаған айтулы ақын жырлары өзінің терең философиялық толғамдарымен, шынайылығымен, қарапайым кестесімен оқырман жүрегін баурап алды.

Ақынның көркемдік танымындағы тарихи сурет ерекше бір келісім тапқан. Енді біз ақын қолдануындағы фигура мен троптың түрлеріне тоқталайық.

Суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз әсерлілік үстінде адам баласының танымын байытпақ; бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады.

Бар жан тәніңмен, жан жүрегіңмен жыр жолдарына қосыла отырып, тағдыр талайынан үлкен сабақ аласың.

М.Мақатаев - өмірді өзіндік тұрғыдан танып, зерделеуге, жырына қосуға тырысқан жан. Келер ұрпаққа сабақ болар өнеге-өсиет, үлгі-насихат ақын жырларында жетіп артылады. Мұқағали өзі таныған өмірді не оған тікелей қатысы бар тарихты жырлауға тырысады. Осының бір айғағы – біз сөз етіп отырған поэма. Онда:

Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана? ...

«... Мына жатқан – «Жетім көл», мына аққуды,

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа ...

деген жолдар бар. Ана тек жазықсыз аққуды ғана емес, өз сәбиін де өлтіргендей күй кешеді. Ақын осындай күйді алғашқы тармақ арқылы білдірсе, екінші тармақ өзгеше сыр шертеді. Қасіретті аққу тағдырын ана тағдырына балаған. Мұқағали ақын қайғылы күйдің жан тебірентерлік суретін жасайды.

Поэма не себепті «Аққулар ұйықтағанда», - деп талады? Әсем аққудың жайма шуақ күйін, тыныштығын бұзған қасіретті оқиғаның айтары не? Мінекей, осындай сан алуан сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, поэмаға ақын танымы тұрғысынан, содан соң адами қасиет, ар-ождан тұрғысынан қарау қажет.

Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?

Балам-ай, мынау өмір-дарияның,

Білмейсің қайда екенін өткелінің .

Бұл жолдар бізге үлкен шындықты танытады. Өмірді тануға, оны қастерлей білуге жол ашады. Осындай дана халқымыздың «қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады, - деген өсиет сөзі еске түседі. Ақын поэмасы өмірдің жолы бұралаң екенін, ол жолда талай адам пенденің адасқанын айтады. Барлық адамзатқа таныс ұғымды, «Қасиет», «қасірет» тәрізді түсініктермен жеткізеді.

Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті. Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай-талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгі сөзге сұранып тұрған талайының әлі талайы алды. Поэзия пырағын ауыздықтаған айтулы ақын жырлары өзінің терең философиялық толғамдарымен, шынайылығымен, қарапайым кестесімен оқырман жүрегін баурап алды.

Жалпы Мұқағали ақынның қай туындысы болмасын өмірдің өзімен тікелей сабақтасып жатады. Осындай өмірден өзектес поэмалардың бірі – біз сөз етіп отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Осы поэма арқылы Мұқағали ақын ретінде де, адам ретінде де өзін танытады.

Мұқағали қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын.

Ақынның қай шығармасын алсақ та , оның өнбойынан лапылдаған мөлдір отты да парасатты сағыныштың лебі еседі.

Ана махаббатын, аққу құстың киесін аңыздай етіп жырлаған бұл поэма өз орнын әлдеқашан тапқан. Жүректен жүрекке жеткен туындының келер ұрпаққа берері мол. Трагедияға құрылған аңыз-жырдың оқиғасы бзді күллі дүниетанымымен, шеберлігімен тәнті етеді. Өлеңге өз жан дүниесін ашқан, өлеңнің сырлы құпияларын өзі де ашқан ақын осы поэмасында да мұны жалғастыра түседі. Жалпы қаламгердің бір туындысы бір туындысын толықтырып, ақынның біртұтас шығармашылығын құрайды.

Табиғаттың қос перзенті - адам баласы мен құстың тағдыры таразыға тартылады. Сонымен қатар замана келбеті де ашылады. Құрсауы жоқ өмірден көмек күткен қам көңіл ана ұлының ертеңі, өмір сүруі үшін не нәрсеге болсын дайын болады. Тәуіптің айтқанына еруден басталған соқыр сенім осыдан келіп туады. Ақын екі тағдыр арқылы күллі адамзат баласының болмысын танытып бергендей болады. Бір – біріне себепкер болмақ екі өлімнің қайсысы болмасын қасіретті күйді жеткізеді.

Қашан да қаламгер қарымы өзі жырлаған өмір – ақиқатты көрсете алуында. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали қарымы барынша кең де ауқымды Мұқағали ақындығы озған сайын көсіле шабатын сәйгүліктің шабысын көз алдына әкеледі.






2.3. Ақын поэмаларының көркемдік шеберлігі


М.Мақатаев – сирек таланттардың бірі. Өйткені ол алтын бесік халқының өзегін жарып шығумен бірге, «өз ғасырын өзі жырлаған» және шын мәнінде өзінің рухани ғұмырының ұзақтығына кәміл сенген кемел ақын.

Ақынның әр поэмасы кең көлемдегі тарихи дерекке, аңыз-ақиқатқа құрылған. Ақын поэмаларында әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. «Райымбек, Райымбек» поэмасынан мысал келтірсек: жетім қалған құлындай құлдыраған; суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын; бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ; құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын; жұлдыздай ағып келеді; сасық көкектей; күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар; қорқау қасқырдай бірісін – бірі талаған; қатыгез құмға біткен қарағаштай; кенедейден көзімді ашқан жауым деген тәрізді небір үздік теңеулер өз жарасымын тапқан.

Мұқағали - өлең өлкесінде өзіндік өрнегі бар, қолтаңбасы нақты ақын. Оны біз басқаны былай қойғанда, сөз етіп отырған поэмаларын байқай аламыз. Еркін тынысты, көркемдігі мол туындылар қай жағынан алып қарасақ та талант танымын еркін аңғартады.

Қасиетті ана есімін ардақтап, не аққудай киелі құсты жыр етпесін, қандай бір оқиғаны сөз етсе де ақын қаламы ешқашан талған емес. Мұқағали жырлары тақырып ауқымының кеңдігі, көркемдік қуатының өзгешелігі жағынан оқшауланады. Ақындық табиғаты күрделі, шығармашылығының қыры да, сыры да мол. Ақындық болмысы мен ерекшелігіне, бейнелеу шеберлігіне көз жіберер болсақ, күшті ағысы мол, тау суындай тасқынды. Сан тармақтан табысып, дала төсіне бауырын жазып жөңкіле аққанда иірімі мол, жылым дарияға айналады да сусап, сұраныс жасағандарды қуатты ағыс құшағына алып, бауырына басады. Жыр дариясы жиһан кездіріп, қилы-қилы тағдырлармен табыстырып, сан – сан қиырға саяхат құрғызады. Табиғи дарын, өмір тәжірибесі, білім-білік дәрежесі мен дүниетаным кеңдігі түйіскен жерде жақсы да тартымды, көңілге қонысмды әрі сұлу жырдың туатыны анық. Мұқағали Мақатаев ақын әрқашан оқырман талғамынан шыға білді.

Қайта желдей жүйіткіп жарыса, шабыттана толғайды. Жырымызды ішкі мазмұнмен, көкжиегі кең көркемдік ізденіспен жақсы байытты, кесек-кесек мінез қосты. Енді біз осындай ұлы мұра қалдырған ақынның пэмаларына, ондағы тарих шежіресі мен халық аңызы, сонымен қатар көркемдік ерекшелігіне тоқталуды жөн санадық.

Өлеңдегі әрбір тыныс, үн, үзіліс адам жанын тебірентпей қоймайды. Өлеңнің әр ырғағы мен бунағында көл - көсір сыр ұялап, сезім шалқып жатады. Адам бар жерде поэзия бар. Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын алдымен сезініп, алдымен ләзаттанып, алдымен жиіркенетін де сол адам десек, ендеше поэзияның бүкіл болмысының өзі сол адамның ақыл-парасаты мен сезім түйсігімен жаралған. Қазақ деген халықтың даналығын, даралығын паш ете жырлайды, поэмаларындағы әр ұғымын аңыздай етіп жеткізіп, өзіне тәнті етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали поэмалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз ақын поэмалары арқылы сезіммен өрілген шындықты, халқымыздың өткен өмір белесін бағамдай аламыз. Тамыр тартып қараған адамға мұның бәрі айқын да анық, нақты сурет түрінде көрінеді.

Жалпы Мұқағали Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелігі мол. Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол – ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.

Ірі ақындық қуат пен азаматтық кесек тұлғаның көркем келісімі поэмаларының, жалпы поэзиялық туындыларының қай-қайсысынан болсын айқын көрініп, ойға қанат, бойға қуат дарытып, поэзия парасатының заңғар шыңдарына жетелейді.

М.Мақатаев қалың оқырман қауымға әуелде «Аппасионата», «Ильич», «Мавр» тәрізді поэмаларымен кеңінен танылған еді. Бұл туындылардан эпикалық оралымды тынысты еркін сезуге болады. Ақынның эпикалық қарымының шырқау шыңын – «Моцарт», «Жан азасы», «Райымбек, Райымбек» атты кесек поэмалары көрсетеді. Оның бұл дүниелері – айырықша шыншыл полотнолар. Мысалы «Райымбек, Райымбек» поэмасын алайықшы.

Мынау азған заманда, амал нешік, бұл қазақ,

Білуден де қалды ғой бір-бірінің хабарын.

Суырдайын күн кешіп, әркім ойлап өз басын,

Тұлпарды тұқыртып, тұғырлары озғасын.

Бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ,

Құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын, - деп, үлкен дарындар ғана тебірендіре, толғандыра айта алады.

М.Мақатаев сөзді әр алуан контексте еркелете, құлпырта, ойната біледі. Мұндайда тосын сезімдер ұшқындап, лапылдап, таңдандырып қана қоймайды, поэтикалық алуан бояулы, қым-қиғаш ассоциациялар тудырады. Ақын поэмаларында әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. «Райымбек, Райымбек» поэмасынан мысал келтірсек: жетім қалған құлындай құлдыраған; суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын; бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ; құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын; жұлдыздай ағып келеді; сасық көкектей; күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар; қорқау қасқырдай бірісін – бірі талаған; қатыгез құмға біткен қарағаштай; кенедейден көзімді ашқан жауым деген тәрізді небір үздік теңеулер өз жарасымын тапқан. Ақын өзіне қажетті ойлы тіркесті, болмаса өлеңнің қанық шырайын үстемелетіп, үдемелетіп тұратын жекелеген өрнекті сурет-сөзді шығарманың бүкіл өне бойында қайталаудан қорықпаған. Алуан контексте жиі қолданылған осындай сөздер түптің түбінде өлеңнің музыкалық әуезіне, лейтмотивіне, интонациясына айналып кетеді және ақынның дара стильдік бедерін айқындайтын шешуші белгілердің қатарынан өзгеше орын алады. Бұған ақынның кез келген өлеңінен мысалдар келтіруге болады. Дегенмен, «Райымбек, Райымбек» поэмасындағы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара күнді жамылып, қара қазақ,

Қара түнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені,

Қара жауы қанатын кескен еді

Шұлғау болып қыздардың кестелері,

Талай қара шаңырақ өшкен еді, -

деген жолдарға үңілсек, жоғарыда айтқан пікірге толық дәлел бола алады [8.178].

М.Мақатаев поэзиясының ырғағына, әуезіне зор мән берген. Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ә.Тәжібаев Мұқағали шығармашылығының ерекшелігін: «Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын», - деп бағалаған еді. Нағыз ақындар ғана бірін-бірі осылай бағалай біледі.

Ақынның көркемдік танымындағы тарихи сурет ерекше бір келісім тапқан. Енді біз ақын қолдануындағы фигура мен троптың түрлеріне тоқталайық.

Суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз әсерлілік үстінде адам баласының танымын байытпақ; бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады.

З.Қабдолов: «Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ. Мұны білген жағдайда ажарлау секілді құбылту да суреткердің идеялық мақсатына, эстетикалық мұратына қызмет ететін тәсіл екенін тәптіштеп жату артық», - дейді [18. 219]. Мұны Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы мына бір жолдардан көруге болады.

Ақ төсек- аппақ айдын, аққу-бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?...

Поэманың бүкіл бітім-болмысындағы айтылмақ ой осы екі-ақ шумақтан көрінеді. Ана қасіреті өмір, табиғат қасіретімен қоса алынып суреттелетін туындыдағы тартыс барынша шынайы да көркем шыққан.

Жалпы Мұқағали шығармашылығында, әсіресе оның поэмаларында троп пен фигураның түр-түрі, бірнеше жолдармен жасалған теңеу мен эпитет, жансыз нәрсеге жан бітіре суреттеу тәсілі өте шебер әрі орынды көріне білген.

Тығып - ап тұмсықтарын мамығына,

Айдын – төсек, аспанды жамылуда, - деп троптың, оның ішінде метафороның ерекше үлгісін көрсетеді.

Ақын суреттеуіндегі теңеулерді сөз етсек, олар өз алдына бір – үлкен әңгіме. «Аққулар ұйықтағандағы»:

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!, - деген жолдарды алайықшы. Бұдан артық қандай сурет керек? Мұнда табиғаттың ерекше сұлу келбетін сөз етумен қатар алда болатын оқиғаны өзіндік сезіммен жыр етеді.

Қанатынан аққудың балапандап,

Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.

Сүйінші бер дегендей бір толықсып,

Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға, - деген жолдарда жансыз нәрсеге жан бітіру ерекше үйлесіммен суреттелген. Кейіптеу арқылы ақын сөзбен әдемі сурет сала біледі.

Ал ақын:

Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,

Аппақ нұр – аппақ нұрға қосылады, -

деген жолдардағы қайталау арқылы керемет сурет жасайды. Сөз қайталаудың мақсаты – қолданылып отырған ұғымның мағынасын аша түсу деп те айтуға болады. Мұқағали сөз қадіріне баса мән берген.

Әр суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі әр түрлі. Мұқағали өзінің «Райымбек, Райымбек» поэмасында алуан түрлі көркемдік әдіс-тәсілдерді, көркемдік категорияларды пайдалана отырып, XYIII ғасырдағы тарих суретін көз алдымызға барынша шынайы қалпында жеткізеді.

Қайта шулап, жамырап қатын, бала,

Қанға шөлдеп, қаңырсып жатыр дала.

Қайта жауып, жай оты шатырлаған,

Қайта төнген тамұқтың сотын қара [1. 285].

Бұл – бүкіл әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилистикалық айшық, яғни аллитерация. Аллитерация - әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Әр поэмасы кең көлемдегі тарихи дерекке, аңыз-ақиқатқа құрылған. Қасиетті ана есімін ардақтап, не аққудай киелі құсты жыр етпесін, қандай бір оқиғаны сөз етсе де ақын қаламы ешқашан талған емес. Қайта желдей жүйіткіп жарыса, шабыттана толғайды. Қазақ деген халықтың даналығын, даралығын паш ете жырлайды, поэмаларындағы әр ұғымын аңыздай етіп жеткізіп, өзіне тәнті етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали поэмалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз ақын поэмалары арқылы сезіммен өрілген шындықты, халқымыздың өткен өмір белесін бағамдай аламыз. Тамыр тартып қараған адамға мұның бәрі айқын да анық, нақты сурет түрінде көрінеді.

Мұндайда тосын сезімдер ұшқындап, лапылдап, таңдандырып қана қоймайды, поэтикалық алуан бояулы, қым-қиғаш ассоциациялар тудырады. Ақын өзіне қажетті ойлы тіркесті, болмаса өлеңнің қанық шырайын үстемелетіп, үдемелетіп тұратын жекелеген өрнекті сурет-сөзді шығарманың бүкіл өне бойында қайталаудан қорықпаған. Алуан контексте жиі қолданылған осындай сөздер түптің түбінде өлеңнің музыкалық әуезіне, лейтмотивіне, интонациясына айналып кетеді және ақынның дара стильдік бедерін айқындайтын шешуші белгілердің қатарынан өзгеше орын алады.

Бұл Гомер мен Горацийден бастап, Пушкин мен Абайға дейінгі ақын атаулының бәрінде бар [17.38]. Алайда әр ақын мұны өз стилі тұрғысынан пайдаланады. Мұқағали өз поэмасында қарапайым ғана қазақтың қара өлең өлшем үлгісін пайдалана отырып, тарихи суретті аллитерация арқылы көркем жеткізеді. Ақын жүрегінен шыққан ащы шындық өлең өрнегінде келісті үйлесім тапқан.

Мұқағали - өлең өлкесінде өзінің ғасырлық қолтаңбасын қалдырған ақын.

Қырғын көрген қызыл Күн қырдан асты,

Қызыл – күрең қанына тауды малып [1.286] .

Көркем сурет. Кең даланың төсінде адам баласының қолымен салынған соғыс ылаңына бүкіл адамзатқа ортақ жарық күнді куә етеді. Тарих қойнауында қалып қойған осындай бір суретті ақын дәл бүгін болып өткендей қылып көз алдымызға әкеледі. Міне ақынның шеберлігі де осында жатса керек.

Мұқағали жырлары тақырып ауқымының кеңдігі, көркемдік қуатының өзгешелігі жағынан оқшауланады. Ақындық табиғаты күрделі, шығармашылығының қыры да, сыры да мол. Ақындық болмысы мен ерекшелігіне, бейнелеу шеберлігіне көз жіберер болсақ, күшті ағысы мол, тау суындай тасқынды. Сан тармақтан табысып, дала төсіне бауырын жазып жөңкіле аққанда иірімі мол, жылым дарияға айналады да сусап, сұраныс жасағандарды қуатты ағыс құшағына алып, бауырына басады. Жыр дариясы жиһан кездіріп, қилы-қилы тағдырлармен табыстырып, сан-сан қиырға саяхат құрғызады. Табиғи дарын, өмір тәжірибесі, білім-білік дәрежесі мен дүниетаным кеңдігі түйіскен жерде жақсы да тартымды, көңілге қонымды әрі сұлу жырдың туатыны анық. Мұқағали ақын әрқашан оқырман талғамынан шыға білді.

Мұқағали Мақатаев философиялық тұрғыдан өмірге көзқарастары, оның ішінде өмір, қоғам, адам, басқа да тақырыптар тоғысын бір арнаға тоғыстырылды. Зерттеуде Мұқағали поэзиясының ұлттық құндылықтары, философиялық ой-түйіндері, ақынның туған жер, адам, сүйіспеншілік туралы, шығарманың көркемдік ерекшелігі туралы жүйелі қарастырылды.

Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық көріністер, адамның әр түрлі адамдық қасиеттері, сезімдері мен сұлулықты, әдемілікті тануы, өлеңнің көркемдік әлемі, әдеби теориялық ерекшелігі т.б. мәселелер қамтылды. Сонымен қатар, махаббат, сүйіспеншілік т.б. адами қасиеттер нақты талданды.

М.Мақатаев сөзді әр алуан контексте еркелете, құлпырта, ойната біледі. Мұндайда тосын сезімдер ұшқындап, лапылдап, таңдандырып қана қоймайды, поэтикалық алуан бояулы, қым-қиғаш ассоциациялар тудырады. Ақын өзіне қажетті ойлы тіркесті, болмаса өлеңнің қанық шырайын үстемелетіп, үдемелетіп тұратын жекелеген өрнекті сурет-сөзді шығарманың бүкіл өне бойында қайталаудан қорықпаған. Алуан контексте жиі қолданылған осындай сөздер түптің түбінде өлеңнің музыкалық әуезіне, лейтмотивіне, интонациясына айналып кетеді және ақынның дара стильдік бедерін айқындайтын шешуші белгілердің қатарынан өзгеше орын алады. Бұған ақынның кез келген өлеңінен мысалдар келтіруге болады.Әдебиет теориясының қағидаларына сүйене отырып, ақынның көркемдік құралдарын қолданудағы шеберлігіне талдау жасалынды. Ақын поэзиясындағы құбылтудың, троп түрлерінің түрленіп, шебер қолданылғанының куәсі болдық. Өлеңдерінің өн бойындағы әуенділік пен ырғақтың, ұйқас пен буынның, дыбыс үндестігінің ерекше ыждағаттылықпен үйлестірілгенін байқадық. Десек те, Мұқағали Мақатаев поэзиясы әлі де сандаған ғылыми зерттеу еңбектерге нысан боларлық шығармашылық әлем. Ал оның сан салалы әдеби мұрасын зерттеп-зерделеу, олардың әдебиеттен алар орнын айқындау – бүгінгі күннің еншісіндегі міндет.

Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп – қадірлейтін қазынасы.. Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті. Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай-талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгі сөзге сұранып тұрған талайының әлі талайы алды. Поэзия пырағын ауыздықтаған айтулы ақын жырлары өзінің терең философиялық толғамдарымен, шынайылығымен, қарапайым кестесімен оқырман жүрегін баурап алды.

«Жүрегінің түбіне кір жасырмай», қалың қазақпен ағынан жарыла сырласқан ақын Мұқағали жырлары еліміздің қиын кезеңінде есейіп, ер жеткен бір буын ұрпақтың басынан кешкен өмір-өзенді: қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды, ерлік пен өрлікті шынайы да көркем кестелейді.

Ақын поэмаларында әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. «Райымбек, Райымбек» поэмасынан мысал келтірсек: жетім қалған құлындай құлдыраған; суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын; бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ; құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын; жұлдыздай ағып келеді; сасық көкектей; күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар; қорқау қасқырдай бірісін – бірі талаған; қатыгез құмға біткен қарағаштай; кенедейден көзімді ашқан жауым деген тәрізді небір үздік теңеулер өз жарасымын тапқан. Академик З.Қабдолов: «Айқындау сияқты, теңеудің де құны сонылығында, ойламаған жерден өзгеше өрнектер жасап, құлпырып, ойнап тұруында, орнымен қолданылуында жатады [18. 218], - деп айтқандай, Мұқағали ақынның өз орнын тапқан келісті теңеулері әлі күнге дейін қасиетін жояр түрі жоқ. Қай теңеуді алмайық, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура біздің көз алдымызға әкеліп, олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады. Бұл ретте теңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы авторлық идея қолма-қол көркемдік шешімін тауып тұрғандай. Теңеу әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландырады.

Тіл көркемдігімен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, күлді бадам бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығымен тазалығында жатады.

Ең алдымен әр сөз тек өз орнында ғана тұруға тиіс. Жалпы не нәрсені суреттеуде болмасын көркемдеу тәсілдерінің қай-қайсысын болса да орнымен, шебер қолдану өте-мөте қажет. Солардың бірі – эпитет. З.Қабдолов айтқандай, - эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын [18.214].

М. Мақатаев поэмаларында тарихи кезеңнің суретін беруде эпитеттердің орны ерекше. Мәселен, қара күн, қара қайғы, түндік қанат құзғын, қан сасыған дала, аппақ нұр, қырғын көрген Қызыл күн, қу даладағы құйын деген тәрізді эпитеттер автордың идеясына, айтар ойына негізделгені анық. Жалпы эпитетті тыңнан табу, жаңадан жасау, бұрынғыларды қайталай бермей, өзінше нұсқалы түрлерін туғызу суреткер тіліне жаңа рең, жас ажар бітіреді. Жоғарыда келтірілген ақын қолданысындағы эпитеттер бір шумақ өлеңге бір құшақ мазмұн береді.

Суреткер тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосатын өзгеше өрнектердің бірі – гипербола. Ақын қолданысындағы:

Тұяғымен ор қазған тұлпарларың,

Тулап кетті жауынның тақымында, -

деп келетін өлең жолдарын алайықшы. Тұлпар атты қазақ жанына балайды. Ал «тұяғымен ор қазған тұлпардың» жау тақымында кетуі сол кездің, яғни замана суретін біздің көз алдымызға әкеледі. Бір ғана гипербола тәсілі арқылы ақын жылқы малын жанындай көретін қазақтың рухын жеткізеді.

Ақынның өзге де поэмаларынан көркемдік тәсілдің алуан түрін кездестіруге болады.

Ақын - өз дәуірінің үні. Мұқағали да өз дәуірін, яғни ХХ ғасырды жырлаған. Оған мысал ретінде «Мавр», «Ильич», «Аппассионата» деген поэмаларын келтіруге болады. Мұқағали бұл поэмаларында да көркемдіктің үздік үлгісін танытады. Мәселен, «Аппассионата» деген поэмасынан үзінді келтірейік:

Кешең күз. Пешекова пәтері,

Кешең күз. Октябрь. Москва, -

деп поэма басталады. «Кешең күз» деген тіркесті ақынның жеке қолданысындағы тіркес деуге болады. Тіл халықтікі. Жазушы тілді халықтан үйренеді. Сөйте тұра жазушы халыққа тіл үйретуге де тиіс.

Поэзияда қорғасындай салмақтылық пен гүлдей нәзіктіктің ішкі үйлесімдер табуын қатаң талап етеді. Осыны терең ұғынған Мұқағали қолынан келгенше ойлы жазуға тырысады. Бірақ ойлылықты тек қана ақыл айту, философиялық құрғақ түйіндер жасау деп түсінбейді. Керісінше оқушысын тебірентіп-толғантуды, айтар ақылын сезіммен синтездеуді ұнатады.

Немістің ұлы ақыны Гете «Өнер мен кәсіпқойлық» атты мақаласында: «Нағыз суреткердің қолынан шыққан қарапайым нәрсенің өзі мәңгі өшпейтін іштей бір тұтастыққа, құдіретке ие болады», - деген. Мұқағали Мақатаев

шеберлігінің құпиясын әрбір оқырман өзінше пайымдап, өзінше табатыны және ақиқат.

Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық көріністер, адамның әр түрлі адамдық қасиеттері, сезімдері мен сұлулықты, әдемілікті тануы, өлеңнің көркемдік әлемі, әдеби теориялық ерекшелігі т.б. мәселелер қамтылды. Сонымен қатар, махаббат, сүйіспеншілік т.б. адами қасиеттер нақты талданды.

Әдебиет теориясының қағидаларына сүйене отырып, ақынның көркемдік құралдарын қолданудағы шеберлігіне таладу жасалынды. Қасиетті ана есімін ардақтап, не аққудай киелі құсты жыр етпесін, қандай бір оқиғаны сөз етсе де ақын қаламы ешқашан талған емес. Қайта желдей жүйіткіп жарыса, шабыттана толғайды. Қазақ деген халықтың даналығын, даралығын паш ете жырлайды, поэмаларындағы әр ұғымын аңыздай етіп жеткізіп, өзіне тәнті етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда Мұқағали поэмалары әлі де зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз ақын поэмалары арқылы сезіммен өрілген шындықты, халқымыздың өткен өмір белесін бағамдай аламыз. Тамыр тартып қараған адамға мұның бәрі айқын да анық, нақты сурет түрінде көрінеді.

Ақын поэзиясындағы құбылтудың, троп түрлерінің түрленіп, шебер қолданылғанының куәсі болдық. Өлеңдерінің өн бойындағы әуенділік пен ырғақтың, ұйқас пен буынның, дыбыс үндестігінің ерекше ыждағаттылықпен үйлестірілгенін байқадық. Десек те, Мұқағали Мақатаев поэзиясы әлі де сандаған ғылыми зерттеу еңбектерге нысан боларлық шығармашылық әлем. Ал оның сан салалы әдеби мұрасын зерттеп-зерделеу, олардың әдебиеттен алар орнын айқындау – бүгінгі күннің еншісіндегі міндет.

Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп – қадірлейтін қазынасы.. Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті. Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай-талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. М. Мақатаев поэмаларында тарихи кезеңнің суретін беруде эпитеттердің орны ерекше. Мәселен, қара күн, қара қайғы, түндік қанат құзғын, қан сасыған дала, аппақ нұр, қырғын көрген Қызыл күн, қу даладағы құйын деген тәрізді эпитеттер автордың идеясына, айтар ойына негізделгені анық. Жалпы эпитетті тыңнан табу, жаңадан жасау, бұрынғыларды қайталай бермей, өзінше нұсқалы түрлерін туғызу суреткер тіліне жаңа рең, жас ажар бітіреді. Жоғарыда келтірілген ақын қолданысындағы эпитеттер бір шумақ өлеңге бір құшақ мазмұн береді.

Мақалға, мәтелге, үлгі сөзге сұранып тұрған талайының әлі талайы алды. Поэзия пырағын ауыздықтаған айтулы ақын жырлары өзінің терең философиялық толғамдарымен, шынайылығымен, қарапайым кестесімен оқырман жүрегін баурап алды.

«Жүрегінің түбіне кір жасырмай», қалың қазақпен ағынан жарыла сырласқан ақын Мұқағали жырлары еліміздің қиын кезеңінде есейіп, ер жеткен бір буын ұрпақтың басынан кешкен өмір-өзенді: қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды, ерлік пен өрлікті шынайы да көркем кестелейді.

Ақын поэмаларында әр нәрсені салыстыру негізінде жасалатын бейнелі сөздер, туынды мағыналы сөздер, құбылту түрлері аз емес. «Райымбек, Райымбек» поэмасынан мысал келтірсек: жетім қалған құлындай құлдыраған; суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын; бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ; құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын; жұлдыздай ағып келеді; сасық көкектей; күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар; қорқау қасқырдай бірісін – бірі талаған; қатыгез құмға біткен қарағаштай; кенедейден көзімді ашқан жауым деген тәрізді небір үздік теңеулер өз жарасымын тапқан.

Мұқағали - өлең өлкесінде өзіндік өрнегі бар, қолтаңбасы нақты ақын. Оны біз басқаны былай қойғанда, сөз етіп отырған поэмаларын байқай аламыз. Еркін тынысты, көркемдігі мол туындылар қай жағынан алып қарасақ та талант танымын еркін аңғартады.







































Қорытынды


Сонымен М.Мақатаев мұрасы уақыттың тамырында тулап ағып, адалдық пен парасаттың, махаббат пен ғадауаттың, ізгілік пен инабаттың жол көрсеткіш белгісіндей айбарланып тұра бермек.

Өйткені ақиық ақын жырларының өн бойында шынайы өмірдің ыстығы мен суығы, кермегі мен тәттісі қым-қуат араласып, астасып жатқан кәдімгі теке тіркесті тірліктің элементтері салтанат құрып, оқырманмен бірге тыныста жатады. Оның жырлары сонысымнен де құнды болса керек – ті.

Жалпы Мұқағали ақындық өнердің, жыр-дарияның ғаламат айдынында кең құлаш ұрды. Шапқан сайын үдей түсетін тұлпардай тынысы ашыла түсті. Тақырыбы тереңдеп, ішкі мазмұны байыды. Жан шыңырауынан шымырқанып шыққан жауһар жырлар ыстық жүрекке тынымсыз жол тауып жатты. Мұқағали лирикасы азды-көпті сөз болып жүргенмен, эпикалық туындылары қазақ поэзиясы сыны үшін әлі зерттелмей жатыр. Табиғат талақ еткен жанның трагедиясына құрылған «Аққулар ұйықтағанда» мен өмір сүргіштік рухтың өрнегіндей «Өмірдастын» поэмалары, тарихи сезім мен бүгінгі таным ұштасқан «Шолпан» мен от жүректің ордасындай «Отаным, саған айтам» толғаулары жеке-жеке пікір пайымдатып, арнайы қадалып сөз айтуды керек етеді. Тарихи суретке құрылған «Райымбек, Райымбек» поэмасының ақын шығармашылығындағы орны тіптен бөлек.

Поэмаларында төрт аяғын тең басқан жорға лирик алқынбай, кең құлашты эпиктікке ұласып, қалам қарымын көрсеті, шабыттана шалқар айдын аша түседі. Ұлы тұлғаларды суреттеген «Ильич» пен «Мавр» поэмаларының бар көркемдік ерекшеліктері де, шеберлік шеңбері де әлі ашыла қойған жоқ.

«Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» ақын мұратында тумысынан тәңір текті, өмірі мен өнері кіндіктес халықтың қыл жұқпас құндылығынан қанып ішіп, шәрбат-шырынын жан жүрегінің сүзгісінен өткізіп, сосын оны қайтадан даласындай дархан жұрттың көңіліне құйып берген асқақ адалдық бар.

Мұқағали жырлары тақырып ауқымының кеңдігі, көркемдік қуатының өзгешелігі жағынан оқшауланады. Ақындық табиғаты күрделі, шығармашылығының қыры да, сыры да мол. Ақындық болмысы мен ерекшелігіне, бейнелеу шеберлігіне көз жіберер болсақ, күшті ағысы мол, тау суындай тасқынды. Сан тармақтан табысып, дала төсіне бауырын жазып жөңкіле аққанда иірімі мол, жылым дарияға айналады да сусап, сұраныс жасағандарды қуатты ағыс құшағына алып, бауырына басады. Жыр дариясы жиһан кездіріп, қилы-қилы тағдырлармен табыстырып, сан – сан қиырға саяхат құрғызады. Табиғи дарын, өмір тәжірибесі, білім-білік дәрежесі мен дүниетаным кеңдігі түйіскен жерде жақсы да тартымды, көңілге қонысмды әрі сұлу жырдың туатыны анық. Мұқағали Мақатаев ақын әрқашан оқырман талғамынан шыға білді.

Мұқағали Мақатаевтың философиялық тұрғыдан өмірге көзқарастары, оның ішінде өмір, қоғам, адам, басқа да тақырыптар тоғысын бір арнаға тоғыстырылды.

Дипломдық жұмыста Мұқағали поэзиясының ұлттық құндылықтары, философиялық ой-түйіндері, ақынның туған жер, адам, сүйіспеншілік туралы, шығарманың көркемдік ерекшеліктері туралы жүйелі қарастырылады.

Қарасазындай бұйра қоңыр, Хан Тәңірісіндей шалқақ дарын туындыларының талғам төрінен түспей, керісінше, уақыт жалына жармасқан қалпы заман ағымына үн қосып, ел игілігіне жарап келе жатқаны ақын бойындағы келелі көрегендік пен салиқалы парасаттың жарқын көрінісі іспетті.

Кең құлашты эпикалық туындыларында ақын өзінің ұлы талантын тағы бір қырынан танытады. Көркемдік ерекшелігі тұрғысынан болсын, не идеялық мазмұны жағынан болсын Мұқағали поэмалары қазақ әдебиеті тарихының жаңа бір белесін танытады. Жалпы Мұқағали мұрасы азды-көпті сөз етіліп, оның ақындық талантына берілген бағалаулар көп болғанымен, ақынның поэмалары әлі де толық зерттеуді қажет етеді. Дипломдық жұмыстың мақсаты да – сол, ақын поэмаларындағы тарих суретінің, халық өмірінің бейнеленуін, көркемдік танымды барынша нақты көрсету болып табылады.

Мұқағали 43 жасында күнделігіне. «Ей, безгелдектер! Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда, жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: XXI ғасыр ұрпақтарының туысымын да...»,- деп жазған екен. Міне, ақын өзіне, өлеңіне осылай баға береді. Бұл өз кезегінде оның поэмаларына да қатысты:

Бықсып жанған қоламта емес,

Артымызда шоқ қалсын.

Болашақтың ошағында,

Біз тұтатқан от қалсын, -

деген ақын пайымының бүгін де өлең өлкесіндегі биік мінберден шұғыла шашып тұрғаны анық.

«Мұқағали жыры XXI ғасырға еркін аттанады. Бұл ғасыр ақын өлеңдерінің уақыт пен кеңістікке баянды сапарының басы ғана боларына сенеміз»,- деп Батық Мәжитұлы айтқандай, Мұқағалидың өлең өлкесіндегі орны ешқашан аласармақ емес. Оның ішінде ақын шығармашылығында өзіндік орны бар поэмаларының бізге берері мол деп ойлаймыз.








Әдебиеттер тізімі


1. Мақатаев М. Аққудың қанатына жазылған жыр. – Алматы: «Шартарап»,

2001.- 349 б.

2. Мақатаев М. Жылап қайттым өмірдің базарынан. – Алматы: «Жалын»,

1994.255 б.

3. Мақатаев М. Өмір өзен: Өлеңдер мен толғаулар. – Алматы: - 1979.

4. Мақатаев М. Соғады жүрек. I том. – Алматы: «Жазушы», 1982.

5. Мақатаев М. Өмір өзен. – Алматы: 1985

6. Мақатаев М. Жылап қайттым өмірдің базарынан. Жыр кітабы. – Алматы:

1994.

7. Мақатаев М. Аманат. Жыр жинағы. – Алматы: Атамұра, 2002.

8. Мақатаев М. Жырлайды жүрек. Алматы: «Жазушы», 1989.

9. Мұқағали шығармалары. Алматы: «Жалын», 2006.

10. Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек» поэмасы // Қонысбайқызы Т. Қазақ

тілі мен әдебиеті, 1998.№ 7-8

11. Ұлт ұраны – Райымбек // Жанбаева М. Ұлағат, 2005.№4.

12. Есімі ұран болған даңқты қолбасшы // Нұрқожаев Ж. Қазақ әдебиеті, 2005.

32.

13. Жұмабеков С. Адамға және адамзатқа // Сөзстан. – Алматы: «Жалын», 1986.

14. Ақын тағдыры // Сейілжанова Г. Жұлдыз, 1991. №7.

15. Мұзарт шолған мұзбалақ // Нысаналин А. Жұлдыз. 1991, №7.

16. Мұқағали поэзиясының көркемдік қуаты // Оңғарова Г. Қазақ тілі мен

әдебиеті, 2006. №10.

17. Қазақ совет энцикопедиясы // Құрастырушы: Қаратаев М. – Алматы, 1973.

18. Если кто ищет меня я есть в этом мире // Абишева С. Казахстанская правда,

10.02. 2005.

19. Құдіретті жырдың құндағы // Егемен Қазақстан, 09. 02. 2001.

20. Әбдіраш Ж. Парыз. Парасат. Пайым. – Алматы: «Өнер», 2001.

21. Поэма жанрының ерекшелігі туралы // Балтоғаева Ж. Ізденіс, 2002, №1.

22. Әдебиеттану терминдер сөздігі // Құрастырғандар: Ахметов З., Шаңбаев Т. –

Алматы: «Ана тілі», 1998.

23. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: «Санат», 2002.

24. Қазақ батырларының тарихи тағылымы және көркем әдебиет // Әбдезұлы Қ.

Ұлт тағылымы, 2004. №3.

25. Сағат Әшімбаев қазақ поэзиясы туралы // Қалыбекова Қ. Ізденіс, 1999. №2.

26. Мұқағали өлеңдеріндегі антоним сөздер // Қазанбаева А. Ізденіс, 1999. №3.

27. Өлең көшіп барады болашаққа // Мәжитұлы Б. Егемен Қазақстан, 18.08.

2001.

28. Монолог // Мәжитұлы Б. Егемен Қазақстан, 31.05.2000.

29. Мақатаев М. Қош, махаббат. – Алматы: «Жазушы», 1988.

30. Қарасаздан ұшқан қарылғаш. – Алматы: «Жалын», 1999.

31. Носкова А.М. Мақатаев өлеңдеріндегі анафора мен эпифораның

қолданылуы // Автореферат. – Астана, 2005.

32. Хамидуллаев К.М. Мақатаевтың ақындық шеберлігі // Автореферат.– 10.01.

2002.

33. Бегманова М. Мақатаев лирикасының ұлттық сипаты // Автореферат. –10.

01. 2002.

34. Қабдолов

35. Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғаты.-

Алматы:Рауан, 1994.

36. Бердібаев Р.Қазақ тарихи романы.-Алматы: Ғылым, 1979.

37. Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғаты.-

Алматы:Рауан, 1994.

38. Бердібаев Р.Қазақ тарихи романы.-Алматы: Ғылым, 1979.

39. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. – Алматы: 1988.

40. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 6-том. Алматы: 2004.





















60


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ