Материалдар / М.Өтемісұлы "Тарланым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Өтемісұлы "Тарланым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмында дүниеге келген. Ескіше де, орысша да сауатты Махамбет туралық- әділдігімен аты жайылып, халық арасына ерекше беделге ие болған. Оның ақындық, батырлық даңқының көпшілікке айрықша мәшһүр болуы сол кезеңнің ұлы оқиғасы- Исатайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне (1836-1838) тікелей байланысты болды. Махамбет жырларының басты тақырыптары да, айтпақ идеясы да өзі өмірін арнаған осы көтеріліс шындығымен тығыз байланысып жатыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2018
660
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы,

«Тарланым » өлеңі.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.


Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, ұлыларды қастерлеуге тәрбиелеу.


Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу мәдениетін дамыту.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.


Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі:


  • Сәлематсыздар ма ?

  • Отырыңыздар.

  • Кезекші кім жоғын айта ғой.



Балалар біз бүгінгі сабағымызда қазақтың біртуар ұлдарының бірі, жалынды жырларымен танылған ақын Махамбет Өтемісұлының «Тарланым » өлеңін өтетін боламыз. Жалпы Махамбет Өтемісұлының өмірбаянына тоқталатын боламыз.


Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмында дүниеге келген. Ескіше де, орысша да сауатты Махамбет туралық- әділдігімен аты жайылып, халық арасына ерекше беделге ие болған. Оның ақындық, батырлық даңқының көпшілікке айрықша мәшһүр болуы сол кезеңнің ұлы оқиғасы- Исатайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне (1836-1838) тікелей байланысты болды. Махамбет жырларының басты тақырыптары да, айтпақ идеясы да өзі өмірін арнаған осы көтеріліс шындығымен тығыз байланысып жатыр. Ендеше Махамбет Өтемісұлының «Тарланым » өлеңіне тоқталайық.



Тарланым.


Таудан мұнартып ұшқан тарланым,

Саған ұсынсам қолым жетер ме?

Арызым айтсам өтер ме?

Арыстаным көп болды-ау,

Саған да менің арманым !

Кермиығым, кербезім!

Керіскедей шандозым.

Құландай ащы дауыстым.

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым!

Хиуадай базарлым!

Теңіздей терең ақылдым!

Тебіренбес ауыр мінездім!

Садағына сары жебені салдырған.

Садағының кірісін,

Сары алтынға малдырған

Тереңнен көзін ойдырған

Сұр жебелі оғына

Тауықтың жүнін қойдырған.

Маңдайын сары сусар бөрік басқан

Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан

Айғаласа белдік байланған,

Астана жұртын айналған

Атына тұрман болсам деп

Жұртына құрбан болсам деп

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен.

Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен,

Атқаннын қардай боратқан

Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,

Арыстан еді-ау Исатай!

Бұл фәнидің жүзінде,

Арыстан одан кім өткен?!



«Тапқыр достар» ойыны.


І Кезең:

«Сөз тапқанға...»


(Екі топқа бөлініп, берілген әріптер арқылы жауап беру).

І Топ.


1. Махамбетті кім деп танимыз?

2. Махамбет батыр болған ба?

3. Таудан мұнартып ұшатын не?

4. Тарланға қолымыз жету үшін не істеуіміз керек?

5. Айтқан арызыңды тыңдату үшін қандай әрекетке барасыз?

6. Адамда арман көп пе?

7. Құлжадай теңеуге жата ма?

8 Дауысы ащы шығатын не?

9. Адамның ақыл- ойы қаншалықты терең болады?

10. Садағына сары жебені салдырған кім?


ІІ Топ


  1. Исатай қырмызыдай ажарлы ма?

  2. Тебіренбейтін қандай мінез?

  3. «паң, сұлу » деген сөздің баламасы бар.

  4. Адамның арыстанға телінуі мүмкін бе?

  5. Сұр жебелі оққа тауықтың жүнін қойдырған кім?

  6. Ақынның жұртына құрбан болсам деген арманы орындалды ма?

  7. Атқан оғы Еділ- Жайық тең өтетіндей мергендер бар ма?

  8. Атқан оқтың қардай борауы мүмкін бе?

  9. Исатай көк шыбықты қанды ауыздан жалатқан ба?

  10. Бұл фәнидің жүзінде Исатайдан асқан арыстан жүректі батыр өткен бе?


ІІ Кезең: «Сен білесің бе?»


Оң жақтағы бес.


Керіскедей шандозым

Құландай ащы дауыстым!

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым!

Хиуадай базарлым!


Ортадағы бес


Сусар деген не?


Сол жақтағы бес

Өлеңнен метафораны тап?


Оң жақтағы он


Омофонды тап?


Ортадағы он


«Шандоз» сөзінің мағынасын табыңыз.


Оң жақтағы он бес


Садағына сары жебені салдырған

Садағының кірісін

Сары алтынға малдырған

(Қандай көркемдегіш құралдар қорлданылған).


Ортадағы он бес


Айғайласа белдік байланған

Астана жұртын айналған

Атына тұрман болсам деп

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен

Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен

Атқанын қардай боратқан

(қандай көркемдегіш құралдар қолданылған).


Сол жақтағы он бес


Садақ, адырна, жебе сөздері қандай сөздерге жатады?


ІІІ кезең: «Ойлан, тап!»

(екі топ бір-біріне сұрақ қояды).


ІY Кезең: «Ой жарыс» (Дебат)

Тақырыбы: Бүгінгінің Махамбеті мен болсам...


Бекіту сұрақтары:


  1. «Тарланым» өлеңінің тақырыбы?

  2. Өлең арқылы ақын не айтқысы келген?

  3. Өлеңде Исатай бейнесі қалай суреттеледі?


Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!