400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Қабанбаев "Бауыр" әңгімесі Шынайы Өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Қабанбаев "Бауыр" әңгімесі Шынайы Өмір
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: №26 негізгі орта мектебі

Тақырыбы:

М.Қабанбаев “Бауыр” әңгімесі. Шынайы өмір. 5-сабақ

Күні:

Абенов Думан Муратович

Сынып: 5


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

А/И4.Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат,өлең жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Кейіпкерлерді анықтап образын аша алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Кейіпкерлердің бейнесін шынайы өмірмен салыстыра алады.

Кейбір оқушылар: Нақты ақпараттар бойынша авторға пікірін хат, өлең арқылы жазады.

Бағалау критерийлері

*Шығармадағы кейіпкерлерді көрсетеді, шынайы өмірмен салыстыра алады.

*Шығарма бойынша өзіндік пікірін мәтін арқылы көрсетеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Жақсы мен жаман,аға-іні туралы мақал-мәтелдерді мағынасына қарай қолдана отырып, шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін сипаттай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Бұйымтай, өліара, мысқал, дипломат, жасамыс.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

-Неліктен Қали өзін жетімдер үйіне іздеп келген ағасын бөтен адамдай суық қабылдады?

-«Уақыттан ұтылсам, жарыстан ұтылғаным» деген Қали сөзімен келісесіңдер ме?

-Біреуі бауырын, екіншісі ағасын тапқан сәттегі Қали мен Манап қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Мәлімдеугеарналғанжазбастиліндұрысқолдану

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды адами қасиеттерге, мейірімділікке, бір-біріне қамқор болуға баулу.

Алдыңғы оқу

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді таба алады.

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланғанжаттығулар

Ресурстар

Басы

10 минут












5 минут

Ұйымдастыру

Сәлемдесу


1.Психологиялық ахуал

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Жүрубарысы:

Жүргізуші «атомдар» дегенкездеойыншыларжеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» дегенкезде, бес немесеүшадамнан тез арадатоптасады. Кімтопқақосылаалмайқалса, айыптөлейді: өзөнерінкөрсетедінемесекөпшіліктіңтілегінорындайды. Осы әдіс барысында оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ «Манап», екінші топ «Қали».


Үй тапсырмасын пысықтау

Әр оқушыға жеке кесте ұсынылады

Манап

Іс-әрекеті

Мінездеме

Манаптайадамдар бар ма?

(3 сөйлем)






ҚБ1. Мадақтау

















Қосымша 1

Кесте






Ортасы

10 минут
















15 минут



























Аяқталуы

5 минут

ТЖ. 1-тапсырма«Графикалық органайзер» толтыру

Берілген сызба негізінде әңгімеден мысалдар жинақтай отырып, негізгі кейіпкерлердің образын сипаттаңдар.

Іс-әрекеті



Сыртқы бейнесі




Кейіпкер образы





Сөзі, пікірі



Көңіл күйі





Мінезі





Дескрипторлар:

-Әңгімені оқи отырып, кейіпкерлердің образын сипаттай алады.

- Толтырылған«Графикалық органайзер» бойынша өз пікірлерін айта алады.

ҚБ2«Бас бармақ»



ТЖ. 2-тапсырма.«Венн диаграммасы» арқылы Манап пен Қалидың қасиеттерін жазып, салыстырып, осындай қасиеттегі адамның өмірдегі орыны қандай екенін түсіндіреді.

Манап



Қали










Дескрипторлар:

1.Шығармадағы кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерін атап, салыстыра алады

2.Өмірмен байланыстыра алады

ҚБ3 «2 жұлдыз, 1 тілек»


Ж.3-тапсырма.

Оқушыларға көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат,өлең жазу ұсынылады.

Дескрипторлар:

1. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттай алады.

2.Өмірмен байланыстыра алады.

ҚБ4. «Смайлик» арқылы бағалау


Рефлексия.

«Қосу, алу,қызықты»

Жазбаша орындағанда үш бағанды кестені  толтыру ұсынылады.  

«Қ» - "қосу" - бағанына сабақтағы ұнағанын ,ақпарат және жұмыс пішінін яғни мұғалімнің өзіне жағымды әсер ететін немесе жалпы мақсатқа жетуге тиімді болады деп есептелгені жазылады.

«А»  - «алу» бағанына сабақта ұнамағанын,түсінбегенін, жағымсыз әсер еткенін немесе мұғалім алған ақпаратты керек емес деп есептегені жазылады.

 «Қ»- «қызықты» бағананы оқушылар сабақта алған деректерді және тағы да нені білгісі келетінін сұрақ түрінде береді.


Үй тапсырмасы:

«Іні-тас, аға-бос болады» тақырыбында ойтолғау жазу.

Қосымша2

кесте


















Қосымша3

«Венн диаграммасы»




Ватман, фломастер



















Қосымша ақпарат

Қосымша 1

Манап – еңбекқор, қарапайым,ағасы

Қали – балалар үйінің тәрбиеленушісі


Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қазіргі заманда жетімдер үйі бар ма? Сұрақ төңірегінде

«Бармысың бауырым» тақырыбында кейіпкерге хат, өлең, толғау жаз

Бағалау


ҚБ1 – «Мадақтау» арқылы бағалау

ҚБ2- «Бас бармақ» арқылы бағалау

ҚБ3 – «2 жұлдыз 1 тілек» арқылы бағалау

ҚБ4 – «смайлик» арқылы бағалау



Пәнаралықбайланыс

-Қазақтілі

-Тарих

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
2489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі