Материалдар / М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1525
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2-бөлім:

Адамгершілік –асыл касиет 3-сабақ М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі


Бейнеу ауданы

Төлеп селосы

Мектеп: «Ә.Махутов атындағы мектеп бала-бақша кешені» КММ

Күні: 20.05.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмағазина Маржан Бектұрғанқызы


Сынып : 5 сынып

Қатысқандар: 20


Қатыспағандар : 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

5Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, эссе жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады :

Берілген әңгімедегі кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстырады. Мінез, іс- әрекеттерін салыстырып бағалайды. Кейіпкерлерді құндылығын бағамдайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады :

Әдеби шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлін талдайды. Туындыдағы кейіпкерлердің өзіндік құндылығына талдау жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады :

Шығармадағы кейіпкерлерге өз көзқарасын білдіреді.

Кейіпкерлер бейнесін өмірмен байланыстырып, эссе жазады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:


ааа

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Балалар үйі, іні, аға, костюм, бокс, әскери ұшқыш

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер :


Талқылауға арналғансұрақтар;

Қазіргі заманда жетімдер үйінде балалардың көп болуына не себеп?

ишара



Алдыңғы оқу

Білім алушылар нені біледі және осы сабақтың алдында нені білулері керек ?(негізгі түсініктер,деректер,форму-

лалар,теориялар)

Сіз тақырыпқа қатысты ілгеріден білетін біліміңізді қалай тиімді пайдалана аласыз?


А.Байтұрсынов «Адамдық диқаншысы» өлеңіндегі автордың негізгі идеясы неде деп ойлайсыз?


Жоспар Бағалау және салыстыру мақсатында жасалды.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Сабақ басында төмендегілерге назар аудару керек;

Оқушы назарын шоғырландыру мақсатында мынадай сұрақтар қоямын:

  • Бауыр деген кім?

  • Бауыр бойында болуға тиісті қасиеттерді атаңыз?

  • Сіздің бауырларыңыз бар ма?

  • Сіз оларды қаншалықты іздейсіз?









Ортасы

Оқушылардың сөйлеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «үш қадамды» сұхбат әдісін пайдаланамын.

1-тапсырма.

Ойлау дағдыларының деңгейі:қолдану

Бағалау критерийі:

1.Әңгімені сюжеттік желісі бойынша баяндайды.

2.Әңгімедегі негізгі мәселені анықтайды.

3.Көтерілген негізгі мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

4.Ойын айтады.

Тапсырма. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен берілген сұрақтар арқылы салыстырып бағалаңыз.

1.Әңгімені сюжеттік желісі бойынша баяндаңыз?

2.Әңгімедегі негізгі мәселені анықтаңыз?

3.Көтерілген негізгі мәселеге өз көзқарасыңды білдіріп, түйінді ойыңызды айтыңыз?

Дескриптор:

1.Әңгімені сюжеттік желісі бойынша баяндады.

2.Әңгімедегі негізгі мәселені анықтады.

3.Көтерілген негізгі мәселеге өз көзқарасын білдірді.

4.Ойын берілген сұрақтарға салыстырып айтты.

5.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстырып салыстырды.

6.Кейіпкерлерді бағалады.

Қалыптастырушы бағалау

Бастапқы, қалыптасу, қалыптасқан, жетілген деңгейі «Баспалдақ» арқылы бағаладым.

Кері байланыс

2-тапсырма.

Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей

Бағалау критерийі

Шығармадағы кейіпкерлерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдайды.

Кейіпкерлерді саралайды.

Тезис жасайды.

Нақыл сөздерді қолданады.

Эссе жазады.


Тапсырма.

Берілген сызбаға әңгімеден мысалдар келтіріңіз. Басты кейіпкердің образын қалай сипаттап жазар едіңіз. (Мұндағы мақсатым- кейіпкер образын ашу)

Қали образы

Сыртқы бейнесі

Сөзі

Пікірі

Мінезі

Іс- әрекеті

Көңіл- күйі

Дескриптор:

Берілген сызбаға әңгімеден мысалдар келтірді. Басты кейіпкерді жазды.

Образын сипаттап жазды.

Қалидың сыртқы келбетін суреттеді.

Мінезін іс- әрекет арқылы ашты.

Кейіпкердің көңіл- күйін бағамдады.

Қалыптастырушы бағалау жүреді.

Кері байланыс

3. «Бір- бірімізге не айтқымыз келеді» әдісін қолданамын.Мұндағы мақсат- шынайы өмірмен байланыстыру.

А. Автор бізге...

Ә. Біз авторға...

Б.Соғыс уақытындағы балалар бізге...


Ойлау дағдыларының деңгейі:қолдану

Бағалау критерийі: Автордың бізге айтпақ ойын табады. Біздің авторға айтарымызды жеткізеді. Соғыс уақытындағы балалардың тілегін ұғады.

Дескриптор: Автордың бізге айтпақ ойын тапты. Біздің авторға айтарымызды жеткізді. Соғыс уақытындағы балалардың тілегін ұқты.


Қалыптастырушы бағалау

Қалыптасқан

Кері байланыс

4. Ойлау дағдыларының деңгейі:қолдану

Бағалау критерийі:

Кейіпкердің құндылығын анықтайды. Қалидың атынан Манапқа жауап ретінде эссе жазады.

Кейіпкер құндылығын анықтау мақсатында Қалидың атынан ағасы Манапқа жауап ретінде көңіл- күйін сипаттайтын эссе жазыңыз.

Дескриптор: Кейіпкердің құндылығын анықтады. Қалидың атынан Манапқа жауап ретінде эссе жазды.

Қалыптастырушы бағалау

Жетілген

Кері байланыс




«үш қадам» Шығармадағы кейіпкерлерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, эссе жазу.



































«Кейіпкерлер келбеті» әдісі

















«Бас бармақ»


«Бір- бірімізге не айтқымыз келеді» әдісі

Соңы

«Ыстық орындық» әдісі. Өтілген мәтіннің кейіпкерін сомдайтын оқушыға сыныптың қалған бөлігі кезек бойынша сұрақ қояды. Ал ол сол кейіпкер сияқты жауап береді. Мұндағы мақсат- оқушыға кейіпкердің жай- күйін сезіндіру.



Қосымша мәлімет

Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз ? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-

Денсаулық және қауіпсіздік ,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Білім алушыларға түсіну және жауап беруге және қолдануға арналған тапсырма үлгілерін қолдандым. Әрбір оқушының жеке қабілеттерін саралау барысында топтық, жеке тапсырмалар дайындап апарамын.Жеке қабілетін ескере отырып, кері байланыспен қолдау көрсетемін. Қабілетті оқушыға кейіпкер бейнесін сомдатамын.


«Кейіпкерлер келбеті» әдісі

«Ыстық орындық» әдісі.


«Бір- бірімізге не айтқымыз келеді»


«Бір минуттық эссе» әдісі


Бағалау критерийлерін оқу мақсатына сәйкес сабағыма қолдандым.


Дескркриторды тапсырма негізінде шығардым.


Дескриптор арқылы оқушы қалыптасқан деңгейге жетті.

Кері байланыс бас бармақ, смайликтермен бағаланды.




Сабағымды өзін- өзі тану пәнімен байланыстырдым. Ондағы мақсатым- шығармадағы кейіпкердің жан дүниесін білім алушыға сезіндіру,адамның ішкі жан дүниесі дегенді қалай түсінетіндерін білу. «Автор бізге ...

Біз авторға....

Кейіпкер бізге...» әдісін пайдаландым. Сонымен бірге тарих пәнімен байланыстырдым. Ондағы мақсатым- Ұлы Отан соғысының халыққа әкелген зардабын ұғындыру.Бұл байланыста «Ыстық орындық» әдісін пайдаландым.

Рефлесия

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма ?)

Уақытты қалай пайдаландым ?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру екенін білдім. Онда оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуғабағыттау қажеттілігі айтылады. Қазіргі кезде табысты болу үшін білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет. Жаңартылған оқу бағдарламасында білім алушылардың бойына бірнеше құндылықтар мен дағдылар қалыптастыру көзделген. Бұл бағдарламаның мазмұндық ерекшеліктері: пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, таным заңдылығы мен пәндік амал- тәсілдердің ойлау дағдыларына негізделуі, пәнаралық байланысты жүзеге асыруда ортақ тақырыптың болуы болып табылады. Оқу бағдарламасы, оқыту тәсілдері, бағалау үйлесім тапқанда ғана оқушылардың табысы артады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!