400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мұғалім мәртебесі - мемлекет мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер қауымына арналған. "Педагог мәртебесі туралы" Заңға байланысты ұсыныстар мен пікірлер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім мәртебесі – мемлекет мәртебесі

Өзінің кезекті Жолдауындағы Елбасының «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын» деп айтқан сөзі ұстаздар қауымын қуантты. «Алты алаштың ардақтылары бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөзін қаперге алмайтын қоғамға «Педагог мәртебесі туралы» заң керек-ақ. Мұғалім мәртебесі баспасөз беттерінде, әлеметтік желілерде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың біріне айналды. Ең бірінші мәселе, әрине, мұғалімдердің зейнет жасы. Мұғалімдер үшін зейнет жасына өзгерістер енгізу қажет деп санаймын немесе кеңестік кезеңдегі секілді 25-30 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар ұстаздарды зейнетке шығару жөн болар.

«Педагог мәртебесі туралы» заң мұғалімдер қауымын оның міндетіне кірмейтін жұмыстардан да (сенбіліктер мен көше аралау, әр түрлі жиналыстар мен концерттердегі бос орындарды толтыру, баспасөзге жазылу ісі сияқты т.б.) арашалар деген үміт бар.

Білім беру саласындағы жаңа реформалардан кейін қағазбастылықтан құтылмақ тұрмақ, ол жұмысты екі есеге көбейтіп алғанымыз жасырын емес. «Дамыған елдерден үлгі алуымыз керек, білім саласындағы реформалар да сол үшін қажет» дегендер сол дамыған елдердегі мұғалімдерге деген құрмет пен мұғалімдерге жасалған жағдайларды неге көрмейді екен?! Мысалы, Жапонияда кеудесіне «Оқытушы» деген төсбелгісі бар мұғалімдер қоғамдық көліктерде, дүкендерде ерекше жеңілдіктерге ие. Финляндияда мұғалімдік мамандықтың мәртебесінің жоғарылығы сонша, мұғалімдік жұмысқа тұру үшін байқау жарияланады. Байқау болғанда да, бір орынға 10-15 адамнан келетін байқау. Кореялықтардың «Сенсейдің (мұғалімнің) көлеңкесін баспа» деген мақалдары да көп нәрсені аңғартса керек. Сол Кореяда мұғалім қызға үйленудің өзі жігітттер үшін үлкен мәртебе көрінеді. Кореялық мұғалімдердің жалақысы министрлердікінен кем емес екен. Жалақы демекші, ғаламтор деректеріне сүйенсек, АҚШ, Корея, Швейцарияда­ ұстаздың жылдық табысы 51 мың АҚШ долларын құрайды. Ал Германияда 1 жылда 52 мың доллар­ға қол жеткізеді екен. Араб елдерінен ағартушылар жалақы­сын ең көп беретін Катар мемлекеті болып шықты. Ұстаздың жылдық табысы 80 мың долла­рға жетеді. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде мұғалімнің маңдай тері 60 мың долларға бағалан­са, Кувейтте 55 мың доллар­ шамасында. Сауд Ара­биясында 50 мың доллар көле­мінде табыс табады. Сонымен қатар кейбір елдерде мұғалім, дәрігерлердің жалақысы ең жоғар­ғы табыс көзі саналады екен. Мысалы, Солтүстік Корея мемлекетінде ұстаздың айлық жалақысы 3-4 мың АҚШ дол­ларына жетеді. Әлемнің көп­теген елдерінде мұғалім мәртебесі айтарлықтай биік. Мәселен, Германияда мұғалімдер мем­лекеттік қызметкерлер қатары­на кіріп, салықтағы жеңілд­іктер мен жоғары зейнет­ақыға ие болады. Бір ерекшелігі, Германияда мұғалім бірнеше пәнді қатар бере алу құқығына ие. Педагогикалық университеттің студенттеріне мемлекет­тік мәдениет орындарына тегін, ал жекеменшік мәдени орын­дарға 50 пайыздық жеңілдіктер ұсынылады. Жылдық еңбек­ақысы 21000 долларға жететін Түркия еліндегі мұғалімнің апта­л­ық сағаты – минимум 15 сағат­. 18 сағаттан асып жатса, қосымша сабақ ретінде саналып, қосымша жалақы да төленеді.

Ал бізде мұғалімнің көп уақытын алатын сынып жетекшілік үшін төленетін ақшаның аздығынан көп мұғалімнің сынып жетекші болуға құлқы жоқ. «Жас маман тәлімгері» деген ақысық қосымша жұмыс тағы бар.

Мұғалімдердің апталық оқу жүктемесін азайту да бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Апталық жүктемені 14-16 сағатқа дейін азайтса, мұғалім жүгі біршама жеңілдер еді. 18 сағаттық апталық жүктеменің сыртында мұғалім мойнында сабақ жоспарын дайындау (А4 үлгісіндегі 3-4 бет – 1 сабаққа ғана), дәптер тексеру (оған коментарий жазу), түннің бір уағына дейін kundelik.kz толтыру (электронды күнделікке кірмейтін немесе кіруге мүмкіндігі жоқ ата-ана үшін түсіндірме жазу), тәрбие сағатын дайындау, өткізу, мектепте өтетін іс-шараларға қатысу, жиналыстарға қатысу (ата-аналар жиналысы, педкеңес, директор жанындағы мәжіліс ) сияқты жұмыстар жетерлік.

Мұғалім мәртебесін айқындайтын арнайы төсбелгі дайындалса да артық емес. Қорыта айтқанда, «Педагог мәртебесі» туралы Заң мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталса ғана пайдалы болмақ.

Медет Адылханов

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

ШҚО, Катонқарағай ауданы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
960
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі