Құрметті «ҰСТАЗ ТІЛЕГІ» ҰЖЫМЫ Сіздерді, «Асар» мөлтекауданы №89 мектеп –лицей ұжымы, дүбірлетіп келе жатқан, КӨК БАЙРАҒЫ ЖЕЛБІРЕГЕН, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің кешегі өткен ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІМЕН, Жылыстаған жылдармен жылжып келе жатқан, 2018 ЖАҢА ЖЫЛ көңілдеріңізге қуаныш, мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейді. Еңбекте толағай табыстарға, МАҚСАТТА БИІК ШЫҢДАРҒА ЖЕТЕ БЕРІҢІЗДЕР, абырой-беделдеріңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, сіздер басқарған ұжым көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіңіздер. Осындай қиын әрі қызық қызмет-міндетіңізде ҰЖЫМДАРЫҢЫЗҒА қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын, шығармашылық табыс, қолдарыңыздағы қаламсаптарыңыз жақсылықтың жаршысы, келелі кеңестің, мәнді сөздің, шешен - көсем сөзбен көмкерілген, даланың даналығымен сусындаған асыл сөздердің иелері болсын демекпіз, сондай-ақ , сіздерге АТАЛЫҚ-АНАЛЫҚ, АҒАЛЫҚ-ІНІЛІК, МЕЙІРІМДІЛІК, ЕЛ ҚАМҚОРЫ БОЛА білген шығармашылық жұмыстарыңызға табандылық пен табыс тілейміз! Асулардан асып, берекеңіз тасып, АТА ЖОЛЫНАН айнымай, ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗ аман болып, балаларыңыздың қызығын көріңіздер. Әрдайым отбастарыңыз дін аман, жүздеріңіз жарқын, төңіректеріңіз түгел, іргелеріңіз әрдайым бүтін, мерейлеріңіз үстем болсын! ЖЫЛЫСТАП, ЖАҚЫНДАП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!
Ізгі ниетпен: №89 мектеп – лицей директоры Қасым Өмірбекұлы Атабаев, қазақ тілі мұғалімі Фарида Зәкірқызы Байрбекова