Материалдар / Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудағы мектептегі әдістемелік жұмыстың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудағы мектептегі әдістемелік жұмыстың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2021
252
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖҚБАРИ

аға оқытушы, тренері

Комекова Сандугаш Оралхановна

КММ №103 мектеп-гиназиясы

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Батырханова Умит Коктеубаевна



Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудағы

мектептегі әдістемелік жұмыстың маңызы


Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мен үздіксіз білімін жетілдіру жүйесінің тұтас құрамдас бөлігі.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру дегеніміз – сабақ беру мен оқыту сапасын көтеру үшін жаңадан және бұрын алынған кәсіби білімін, білігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге немесе тереңдетуге, жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны. Ал, біліктілік дегеніміз – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік болып табылады [4].

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы оқыту мен оқудағы оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін дамыту біздің басты мақсатымыздың бірі болмақ. Сондықтан, педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру жұмысының негізгі мазмұны мұғалімнің ғылыми-теориялық, әдістемелік және жалпы мәдени дәрежесін көтерудің біртұтас жұмысы болып табылады. Бұл міндеттер ең алдымен мектепішілік әдістемелік жұмыс процесінде тиімді де нәтижелі шешілмек.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру мен халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу” – деп айтылуы білім беру жүйесін қарқынды дамытуда шығармашыл ізденісте, білімді, кәсіби білікті педагогтердің болуын міндеттейді [1].

Әдістемелік жұмыс – еліміздегі педагогтердің педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістігі және әрбір педагогтың кәсіби шеберлігінің жан-жақты артуына бағытталған әрекет пен іс шараларға негізделген, жалпы мектеп ұжымының шығармашылық потенциалын байыту мен дамыту жүйесі. Мектептегі әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі негізінде құрылады (қосымша №1) [2].

Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты – мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:
- Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену);

- Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық-психологиялық даярлық деңгейін көтеру;

- Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;

- Оқуты мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

- Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері және психолог, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету; мұғалімдерге педагогикалық білімін өздігінен көтеруге үйрету;

- Оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өндеуге ұсыныстар беру;

- Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар мен онкүндіктер ұйымдастырып, олардың мектептегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;

- Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;

- Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.

Әдістемелік қызметтің басты бағыттары:

1. Ақпараттық қызмет:

- білім мазмұны мен әдістемесі жағдайында педагогтардың теориялық мәселелерінің негіздері, шығармашылық қызметінің нәтижелері бойынша мәлімет жүйесін құру;

- білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша проблемалық –бағдарлы мәлімет қорын жасау;

- медиатека, ғылыми - әдістемелік әдебиеттер қоры бойынша кітапхананың жұмысы;

2. Диагностикалық болжау қызметі:

- біліктілікті арттыруға деген педагогтардың, соның ішінде басшы кадрлар сұранысының диагностикасы;

- педагогикалық шеберлік пен білім сапасы деңгейінің диагностикасы;

- басшының, мұғалімнің ақпараттық қажеттілігінің диагностикасы;

3. Білім мазмұнын жаңарту қызметі:

- берудің жаңа мазмұнын енгізуге дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз ету;

- бейіндік оқыту бойынша базистік оқу жоспарын игеруде әдістемелік көмек беру;

- білім ұйымдарының даму жағдайына көшуде басшыларға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету;

4. Инновациялық және эксперимент жүргізу қызметі:

- жаңару үрдістеріне сараптама жасау, эксперименттік іс-әрекетке ғылыми жетекшілік жасау;

- тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру;

- ақпараттық білім беру қорларын жасау;

- білім беру үрдісіне ақпараттық-телекоммуникациялық жобаларды енгізу;

- жергілікті жердегі білім беру жүйесінде кіріктірілген-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

- қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.

5. Біліктілікті арттыру қызметі:

- педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды жоспарлау жүйесін реттеу;

- педагогтың өз дамуын саналы басқару үшін жүйелі-кіріктірілген базаны қамтамасыз ету арқылы біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

- өздігінен дамуына ықпал ететін ұзақ мерзімді және жедел бағдарламалардың пайда болуына әкелетін педагогтың рефлексивті іс-әрекетін ұйымдастыру;

- 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты педагог кадрларды қайта даярлау;

- әдістемелік құрылымдар мен базалық білім ұйымдарының бірлескен жұмысын ұйымдастыру;

- әдістемелік қызмет мамандарының біліктілігін арттыру.

6. Аттестаттау қызметі:

- педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау;

- білім ұйымдарын аттестаттау.

7. Коммерциялық қызметі:

- әдістемелік жұмысты тиімді және орнықты дамытуға ықпалы.

8. Басқару қызметі:

- әдістемелік құрылымды басқару: құрылымы, мазмұны, функцияларын жасау және жүзеге асыру;

- әдістемелік қызмет нәтижелерін құзырлылық тәсіл негізінде бақылау-бағалаудың жүйесін жасау;

- әдістемелік кеңестер жұмысын ұйымдастыру;

- құжаттарды жүргізу: әдістемелік қызметте басшылыққа алатын нормативті-құқықтық құжаттар, жұмыс бағдарламасы, жоспарлар (ұзақ мерзімдік, жылдық, тоқсандық, т.б.);

- әдістемелік құрылымның материалдық-техникалық базасы, қажет құрал жабдықтар, жиһазбен қамту [4].

Қазіргі оқыту жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану қажеттілігі әдістемелік жұмыстың ролін едәуір арттыруда.

Біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ ББЖҚБАРИ ұйымдастырған цифрлық білім беру мен «Blended Learning» аралас оқу режиміндегі курстар тыңдаушыларға өндірістен қол үзбей өз бетімен білімін жетілдіруге, сандық технологиялар мен жаңаша көзқараста жұмысты ұйымдастыруда және жоспарлауда, білім алуда және талдауда, ақпаратты іздеуде және іріктеуде, шешімдер қабылдауда, жобаларды таныстыру дағдысын қалыптастыруға көптеген мүмкіндіктер берді.

Аралас оқу («Blended Learning») – дәстүрлі күндізгі оқу нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы. Аралас оқу режиміндегі курс үш кезеңнен тұрады: күндізгі оқу, қашықтықтан оқу (онлайн-online), өз бетімен оқу (офлайн-off-line). Курс бағдарламасы біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағытталып, заманауи білім беру технологиялары мен интерактивті оқыту формаларын пайдалану арқылы қол жеткізілген іс-әрекет тәсілдерін көздеді.

Мұғалімдердің үздіксіз білімін жетілдіру мен кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыруда әдістемелік жұмыстың ролі зор. Ұстаздарымыз тиімді ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстар арқылы өз бетінше үздіксіз білім алуға, еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім мен ғылым саласында жаңалықтарымен танысып, өзара тәжірибе алмасуға кеңінен мүмкіндіктер алуда.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы (2021.16.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

  2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
    және жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 Бұйрығы).

  3. Сатбекова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі жаңа парадигма: жаңаша көзқарас және үздіксіз кәсіби өсу/ «Білімді ел» республикалық білім беру, қоғамдық-саяси газеті, 09.01.2020ж.

  4. Интернет: https://melimde.com/mekteptegi-edistemelik-jmisti-mazmni-men-oni-josparlau.html.






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!