Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым Министрлігі
№96 Жалпы білім беретін
мектеп
АШЫҚ тәрбие
САБАҒЫ
Тақырыбы: «Мұхтар Әуезов- көркем
сөздің пірі»
Мұғалімі: А.Уразова.
4- сынып
оқушыларына сыныптан тыс өткізген
тәрбие сабағы.
Алматы
2022ж
Күні:
22.09.2022ж
Тақырыбы: «Мұхтар Әуезов- көркем
сөздің пірі»
1.Мұғалімдері:Уразова
А.Г.
Сабақтың
мақсаты:
Мұхтар Әуезовтың өмірі мен
шығармашылығына шолу жасау.
Оқушыларды адамгершілікке, саналы білім алуға, әділ, болуға
тәрбиелеу; Сұрақтар, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз
бетімен орындауға дағдыландыру, бірін-бірі тыңдау, сыпайы және
сенімді, әдеби тілде сөйлеуге
үйрету.
Жүргізушілер
;
1. Қуанышқызы Томирис
2. Сейтқан
Ғалым
1 Жүргізуші:
-Балалар мен сіздерге бүгін
сабағымды сұрақтан бастағым келіп отыр.
Кәне балалар Мұхтар Әуезов кім
?Кім айтады?
2
Жүргізуші:
Мұхтар Әуезов - қыры мен сыры
мейлінше мол адам. Оқушылар кім Мұхтар атамыздың қандай өнегелі
көркем сөз пікірін білісіңдер ?
1-оқушы:
Кімде –кім қазіргі уақытта ана
тілін,әдебиетін сыйламаса,оны сауатты мәдениетті адам деп санауға
болмайды.
(Мұхтар
Әуезов)
2-оқушы:
Адам баласының жасан құлқы
жаратылысынан емес,өскен ортасында көрген үлгі-
өнегесінен
(Мұхтар
Әуезов)
1 Жүргізуші:
Оқу
орындары;
1908 жылы Семейдегі 5 сыныптық
орыс гимназиясына оқуға түседі
1922жылы Ташкент мемлекеттік
университетінде тыңдаушы болады.
1923 жылы Санкт-Петербург
университетіне ауысты.
1928жылы Санкт-Петербург
университетіндегі филогогия факультетін бітіріп
шығады.
1930 жылы Ташкенттегі Орта
Азия мемлекеттік университеті Шығыс факультетінің аспирантурасын
аяқтайды.
2 Жүргізуші:
Мұхтар Әуезовке арналған
өлеңдер
Мұхтар Әуезовты қазақ халқының
алып тұлғасы ретінде сипаттап, өлең жолдарымен өрнек өрген Қадыр
Мырза Әли ағамыз Мұхтар ағамыз жайында былай деп
жырлайды
3-оқушы:
Даласындай дархан халық, батыр
ел,
Білгің келсе , бізді, досым
жақын кел.
Қазақ халқы – Мұхтарымен
жазушы,
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын
ел.
4-оқушы:
Кім еліне Мұқаңша сыр
ағытты,
Кім Мұқаңша бағындырды
уақытты.
Қазақ халқы Мұхтарымен
Алатау,
Қазақ халқы Мұхтарымен
ба
Мұхтарға
арнау
5-оқушы:
Тұлғасынан шұғыла құт
дарыған,
Асқар таудай алыбым- Мұхтар
ағам.
Абай жанын түсінген- Абай
ғана,
Сонан соң сіз шығарсыз ұққан
адам.
6-оқушы:
Мол қазына еңбегің , алтын
-басың,
Бас иіп құрметтейді халқың да
шын.
Әлемге шеберлікпен сомдап
бердің,
Абайдың баға жетпес нар
тұлғасын.
7-оқушы:
Бұл күндері қалыпсыз жүзден
асып,
Буын қатып келеміз, біз де
бекіп.
Талай қыспақ көрдіңіз, Абай
жүрген,
Соқтықпалы , соқпақпыз ізбен
өтіп.
2.Жүргізуші: Мұхтар
Әуезовтың шығармалары;
1917 жылы «Еңілік -Кебек»
пьесасы жазылған
1930 жылдары «Қарагөз»,
«Айман-Шолпан», «Қобыланды», «Тастүлек» сынды озық драматургиялық
шығарлмалары жазылды
1936 жылы «Абай»песасы
жазылды.
1951 жылы 4 кітаптан тұратын
әлемге әйгілі «Абай жолы»роман-эпопеясы дүниеге
келді.
20-30 жылдары «Қараш-қараш
оқиғасы», «Көксерек», «Қилы
заман»повестері
30-40 жылдары «Іздер»,
«Білікке-білек», «Шатқалаң», «Бүркітші» әңлімесі,тағыда басқа
шығармалары бар.
8-оқушы:
Даңқыңыз таудан асып, өтсе
көкке,
Халқыңызды сүйдіңіз
өкпелетпей.
Партиядан «Қорғансыз күнін»
көріп,
Таланып та қалдыңыз
«Көксерекке»
9-оқушы:
Есіміңіз асқармен
таласады,
Қатар айтсақ Абаймен
жарасады.
Сонау қилы заманнан алып
шыққан,
Парасатың жер қылды
аласаны.
10-оқушы:
Кім ұстап құшақтапты
арман-бақты,
Соңыңыздан мөлдіреп бұлақ
ақты.
Халқыңыздай биіксіз пір
тұтатын,
Ұлтыңыздай ұстазсыз
ұлағатты.
1.Жүргізуші:
«Абай жол –ұлы
шығарма»
Мұхтар Әуезовтің «Абай
жолы»роман-эпопеясы- әлемдік сөз өнеріне өеріне қосылған асыл
мұра.Роман-эпопея Абай жайлы болғанмен,ол бүкіл қазақ қоғамының
жарты ғасырлық даму жолымен бірлікте алынып
көрсетіледі.
2.Жүргізуші:
Төрт томдық эпопеясының әр
тарауы Абай өмірінің әр кезеңін суреттейді.Бірінші кітап –бала
Абай,жас Абайдың адамдық,адамгершілік,ақындық негізінің қалауын
ашады.
1.Жүргізуші:
Екінші кітап- біз ақын
Абайды,бүкіл поэзиясынан адамгершілік рухын себуге арналған азамат
Абайды танимыз.ұлы ақын өзінің адамгершілік және ағартушылық
идеяларын халықына өнеге етіп шашады.
Қорытынды:
2.Жүргізуші: Мұхтар Әуезовтың өмірі
мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Мұхтар рухына тағзым ете отырып, бүгінгі сыныптан тыс сабағымызды
осымен аяқтайыз!
1.Мұғалім:Уразова
А.Г.
Жүргізушілер
: 1. Қуанышқызы Томирис
2. Сейтқан
Ғалым
1 – оқушы : Тусунбаева
Эльнара
2 – оқушы: Али
Қалдыбай
Ақынға арналған өлеңдерді
оқыды:
3 – оқушы: Серік
Айнар
4 – оқушы: Қурбанова
Милана
5- оқушы :Әділбек
Дияс
6- оқушы: Амангелді
Алима
7- оқушы:Бортникова
Ева
8- оқушы :Оглы
Вероника
9- оқушы :Саяхакова
Маликаханум
10-оқушы :Изотов
Марк
Көркемсөз пікірін оқыған
оқушылар:
1-Оқушы;
Джаскалиев
Алихан
2- оқушы :Оглы
Вероника