Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Әуезов "Көксерек", 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көксерек» - адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қыр-сырын таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл ашық сабақ 7-сынып оқушыларына арнап құрастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұхтар Әуезов «Көксерек» повесіне талдау

«М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі аңыз сияқты басталады да реалистік баяндау түрінде аяқталады... М.Әуезов өзінің «Көксерек» әңгімесінде түрк аңыздарының ежелгі тақырыбын қозғаған. Автордың «Көксерек» әңгімесі «Абай жолы» романымен бірге венгр тіліне аударылды» (Йожеф Торма, Венгрия)  

«Көксерек» повесі 1929 жылы жазылған. Ал фильмы 1974 жылы жарыққа шыққан. «Көксерек» әңгімесі мажар, поляк, монғол, неміс, эстон, голланд тілдеріне аударылған.

М. Әуезовтің «Көксерек» повесі – өзінің проблемалық өзектілігі жағынан, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Әңгіме сол дәуірде үлкен бағыт алған адам-табиғат тақырыбына құрыла білген. Бұл, расымен де ұзын сонар тақырып екені белгілі. Және де дәл сол шығармаларды оқу арқылы да жазушы шабыт алғанын көреміз. Дж. Лондонның «Ақ азу» романындағы көптеген детальдың «Көксеректе» де кездесуі кездейсоқтық емес. Қасқырдың «өзінше ойлауы, өзіндік менінің» болуы да дәл сол «Ақ азудан» алынған бөліктер еді. Шығарманың көркемдік деңгейі аса жоғары болмаса да, типтік образ жасау, қазақтың қарапайым қойшы баласын – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал табиғаттың рөліне көшкен Көксерек ше? Көксерек десе кез келген қазақтың тітіренетінін, қозатынын жақсы білеміз. Мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Шығарма тақырыбы мен тематикалық проблематикасы және оның қазақы таным-ұғымға ыңғайлана құрылуы үлкен жетістік деп білеміз.

Шығармада тек табиғат-адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге әке мен баланың арасындағы текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы араздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер екенін белгілі. Қасқырлардың өз ішінде бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шаппауы мүмкін емес. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяғаны үшін де құрбан болып кетті. Дұшпанға аяушылық білдіру керектігі де байқалады бұл жерде. Әкенің, яғни Құрмаштың ағасы – Қасеннің де, әжесінің де ескертпелері еш әсер етпейді. Үлкендер қауымы мұның жаман іс екенін жақсы білді, себебі шынайы өмірдің қандай екенін түсінген жандар. Ал Құрмаштың барлық адамға, көпшікке, қарсы келуінің өзі ажалға қарсы келу болатын. Соңында ажал құшады, мұны шығарманы басыннан бастап аңғаруға болады.

Шығармада, сонымен қатар, Шығыстағы Шыңғыстаудың табиғаты жақсы суреттелген. Әсіресе, қасқыр мінезді бұл табиғаттың тылсым сипаты шығарманың көркемдік көрінісін одан әрі аша, айшықтай түсті. Шығармада шындық та жазушы Мұхтардың өз өмірінен алған, ал жазушының өмірдегі шындығы да дәл осы Шыңғыстауда болған оқиға болатын.

Жазушының «Көксерек» шығармасын ерекше шығармалар қатарына қоса отырып, іргелі, классикалық туынды ретінде қарастыруға болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2018
1077
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12