Материалдар / «Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетінде алатын орны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетінде алатын орны»

Материал туралы қысқаша түсінік
М.О. Әуезовтің шығармашылығы арқылы қазақ әдебеті бүкіл әлемдік мәдениет пен әдебиеттің арнасымен тоғысу арқылы шырқаушегіне жетті. Жазушының «Абай жолы» эпопеясы және басқа әңгіме, повестері бүкіл әлемдік екі жүз томдық «Дүние жүзі әдебиетінің кітапханасы» сияқты ғажайып туындыда - М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы 134,135 том болып басылуы қазақ халқының мәртебесін биікке көтерді. Әрине, қазақ қаламгерінің қаламынан туған қазақ эпопеясының халықаралық беделінің сыры өте тереңде жатыр. Оның бұл шығармасы әлем халықтардың жанына жағатын, маңызды мәселелер мен идеяларды, барлық ойшыл адамзат баласына қымбат асыл ой, сезімдерді қамтуында жатыр. Сонымен бірге осылардың бәріне шебер суреткердің шығармашылық күшпен айта, жеткізе алуында, ең бастысы жазушының жаратылысында, дарынды тәжірибесінде, кемелденг қайталанбас шеберлігінде. Мұхтар Әуезовті күллі адамзаттық арнада, әлем әдебиетімен тоғыстырар болсақ, атақты ғалымның Шығыс пен батыстың мәдениетін, әдебиетін жетік білгендігін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
176
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетінде алатын орны»

Туған халқын бүкіл дүниеге әйгілі еткен қазақ даласының ұлы суреткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел сөздің кеніші, кенен ойдың өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына қалам тартып, жүйелі игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын кіргізген мықты қаламгер, дарынды тұлға. Әлем есігін қазақ перзенті болып ашып, адамзат перзенті атанған Мұхтар Әуезовтің ғұмыры -тағылым мектебі болып табылады. Қазақ халқын Абай Құнанбаев секілді хас данышпан арқылы әлемге таныта білді. Абай мұрасы ұлттық санамызды кемелдендіріп, жаңа рухани өзгерістерге жігерлендірді. М.О. Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын уақыт өте келе тарихтың өзі дәлелдеп келеді. «Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтің атын да,қазақ халқын да әлемге әйгілі еткен роман-эпопеясы."Абай жолы "- қазақтың көркем прозасын классикалық дәрежеге көтеріп,әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген дара туынды. Мұхтар Әуезов өзінің шығармасында қазақ халқын,ұлттық салт-дәстүрін әр қырынан жоғары деңгейде жан-жақты ашып көрсете білген-керемет қыл қалам иегері. «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде-ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі деп жоғары бағаланды.Сонымен қатар бұл шығарма қазақ халқын,керек десең бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы туынды ретінде табылды.Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы әлем халықтарының 116 тіліне аударылып қана қоймай,шығармаларының бірқатары көптеген әлемнің тіліне аударылған . Осы айғақтың өзі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің-бір ғана қазақ әдебиетінің ғана емес,бүкіл әлем әдебиетінде өзіндік орны бар,қайталанбас дара тұлға екендігін дәлелдейді.

  М.О. Әуезовтің шығармашылығы арқылы қазақ әдебеті бүкіл әлемдік мәдениет пен әдебиеттің арнасымен тоғысу арқылы шырқаушегіне жетті. Жазушының «Абай жолы» эпопеясы және басқа әңгіме, повестері бүкіл әлемдік екі жүз томдық «Дүние жүзі әдебиетінің кітапханасы» сияқты ғажайып туындыда - М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы 134,135 том болып басылуы қазақ халқының мәртебесін биікке көтерді. Әрине, қазақ қаламгерінің қаламынан туған қазақ эпопеясының халықаралық беделінің сыры өте тереңде жатыр. Оның бұл шығармасы әлем халықтардың жанына жағатын, маңызды мәселелер мен идеяларды, барлық ойшыл адамзат баласына қымбат асыл ой, сезімдерді қамтуында жатыр. Сонымен бірге осылардың бәріне шебер суреткердің шығармашылық күшпен айта, жеткізе алуында, ең бастысы жазушының жаратылысында, дарынды тәжірибесінде, кемелденг қайталанбас шеберлігінде. Мұхтар Әуезовті күллі адамзаттық арнада, әлем әдебиетімен тоғыстырар болсақ, атақты ғалымның Шығыс пен батыстың мәдениетін, әдебиетін жетік білгендігін байқаймыз. Шет ел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, терең мазмұнын жеткізе білді. Мұхтарды алғаш шет ел әдебиетімен табыстырған Абай болды. Жастайынан Абай үлгісімен сусындаған , Шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Низами және т.б. шайырлардың туындыларын үйреніп,араб әдебиетінің асыл мұралары «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты көркем шығармалармен нәрленген. Абай ең әуелі біздің қазақ халқымыздың ақыны болғандықтан, ауыз әдебиетінен нәр алып сусындап, тек ұлттық әдебиеттің шеңберінде ғана қалып қоймай, адамзаттық игіліктер тұрғысында асқаралы биік шыңға көтеріліп, өнер көгіне өрледі. Ұлы Абай ауыз әдебиетін балалық шағынан үлгі тұтып, халық ауыз әдебиетімен ғана шектеліп қалмай, одан ары білім іздеді. Абай-қазақ халқының ұлы ақыны, асыл перзенті болғандықтан бала Мұхтар бала кезінен Абай атасына еліктеп өсті. Шын мәніндегі жазба қазақ әдебиеті мен мәдениетінің басты өкіліне айналды.

Қыл қалам суреткерлігінің хас шебері  М.Әуезовтің өзіне ғана тән  ерекше стилі, бейнелі құрылысы, көркем өрнекке толы бай тілі өзі нәр алған қайнар көздерінің ең негізі болған халқымыздың рухани – әдеби қазыналарынан бастау алатындығы белгілі. Проза жазу қаншама білімді зиялы адам болса да, әрбір жұмыр басты пенденің қолынан келе бермейтін сөз саны мен сапасына мән беріледі.Әуезов прозасының тілі өте күрделі, оқырманның қатты назар аударуын және мұқият оқып, көп білуін қажет етеді. Оның «сиқыры» сөздік қорының көптігінде, Әуезов тілінің көркемдік ерекшелігінде, оған тән эстетикалық және мағыналық ассосациялардың қыр-сырында. Әуезов  оқырманның ығына қарай жығылуға асықпайды. Оның прозасының тілі – жоғары талғамның тілі. Оның тілі соншалықты жағымды, оқырманның жұта беруін, әсем әлемге ене білуін тілейді. Дәмін алғандар ешқандай өкінбейді. Әуезов прозасы -астарлы, көбінесе ирониялық, адамды әрдайым толғантып, тебірентіп, ойға шомдырып отыратын лирикалық проза. Әуезовтің жиырмасыншы-отызыншы жылдарында жазған “Қорғансыздың күні”,“Қаралы сұлу”, “Кім кінәлі”,“Ескілік көлең­кесінде”,“Бүркітші, “Барымта”, “Қи­лы заман”, “Қараш - Қараш оқиғасы”, “Көксерек”сияқты ауқымды шығармаларына шолу жасай келе, Мұхтар Әуезовке даланың ұлы жыршы­сы деген теңеудің өзіде аз болады ма деп ойлаймын. Ең әуелі, Мұхтар Әуезов әлем әдебие­тіндегі Дж.Голсуорси, Р.Роллан, У.Фолкнер, Э.Хемингуэй сияқты алыптар дәрежесінде бағаланып, сол биіктен ойып тұрып орын алғандығы. Тәуелсіз еліміз­дің бүгінгі ұрпағының мойнындағы ең үлкен парызы – ұлы жазушыны өзімен теңдес, тұлғалас, иықтас таланттармен қатар өз тұғы­рына қондыру еді, сол парыз сәтімен орындалғаны айқын.

Бір сөзбен айтқанда, Мұхтар Омарханұлы Әуезов Абай арқылы қазақты әлем әдебиетінің биігіне көтерді, ал біз еліміздің несібесіне бұйырған осы ұлттық нақышты халқымыздың бүгінгі ұрпа­ғының игілігіне барынша жарата білуіміз керек. Ал Әуезов туындылары – қазақтың әлі талай шөлі қанып ішер рух азаттығының мәңгі сарқылмас қайнар бұлағы болып қала бермек.

Мұхтар Әуезов жасаған керемет туындылар қазақ әдебиетін үздік әдебиеттер қатарына қосып қана қоймай, қазақ халқының тарихын,  өмірін,  мәдениетін,  талантын,  ұлттық қырларын жер жүзі оқушыларына таныта отырып, кемеңгер жазушы тек қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл әлем әдебиетінің мақтанышына айналды. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің адами табиғаты мен туындылары жаңарған адамзат өмірімен бірге мәңгі үндесіп, ғасырдан ғасырға жасай береді. «Дана да Дара» Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі ғана емес, дүние жүзі әдебиетіндегі алып тұлғалардың бірі болып қала бермек. Әлем әдебиетінде ойып тұрып орын алған Әуезов-әр бір қазақтың жүрегіннен де мәңгі сақталмақ.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Әуезов М., Әдебиет тарихы. А., 1987 жыл

2. Әуезов М. , Абайды білмек парыз, ойлы жасқа. А., 1997 ж.

3. Сыздықов К., Мұхтартанудың беймәлім беттері. А., 1997 ж.

4.Мұхтар Әуезов тағлымы . А., 1987 ж.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!