Материалдар / Мұхтар Шаханов
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұхтар Шаханов

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2018
620
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

(Ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш) Сценарий тақырыбы: Ұлт тілін ұлықтаған Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашы лығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау; Кештің көрнекілігі: ақын портреті, ақын туралы лебіздер Кештің барысы: Музыка ойнап тұрады. 1– жүргізуші: Даласындай дарқан халық ел, Білгің келсе бізге досым, жақын кел, Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел. 2 – жүргізуші: Кім еліне Мұқанша сыр ағытты, Кім Мұқанша бағындырар бағытты Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты. 1-жүргізуші: XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М Шаханов –қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Ұлт тілін ұлықтаған» атты кешімізге қош келдіңіздер. 2-жүргізуші: Өз елінің намысын ту қып ұстаған ақын өмірбаянына сөз берсек... Туған жылы: 1942 жыл 2 шілде Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылы Қызмет жолы: – трактордың тіркеушісі; Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер; «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші; 1-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы; Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы; КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты; Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994ж.) Қазақстанның халық жазушысы (1996ж.) 2-жүргізуші: Мұхтар Шахановтың сынып жетекшісі болған Әбдіқұл Қошанов ақынның мектептегі кезеңін былай деп суреттейді: «Мұхтардың әкесінің аты Шахан еді, ауыл тұрғындары оны «Шахан молда» деп атайтын. Анасының есімі – Ұмсын. Мен ол кезде «Жұлдыз» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтінмін. 1954 жылы Мұхтар біздің мектептің 4-ші сыныбына оқуға келді. Келесі жылы мен сынып жетекшісі болдым. Мұхтар сол кезде-ақ кітапқа құмар болып өсті. Әдебиетті көп оқитын, өлеңдерді жатқа айтатын. Сол кездегі атақты ақындардың кітабын қолынан тастамайтын. Сабағы жақсы, момын болатын, ешкіммен ұрысып-төбелескенін көрмеппін. Ол велосипедпен келе жатса да ойына өлең шумақтары түссе болды, дереу жерге отыра қалып, оны дереу қойын дәптеріне жазып алатын. Сондайда оны түсінбейтін кейбіреулер «Шаханның баласына бірдеңенің шалығы тиген бедесіп жататын». 1-жүргізуші: Ақын аға есімінің Мұқтар болуының да өзіндік сыры бар. Өз есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде былай деп жырлайды... «Мені неге Мұхтар қойған» Мұрат Әуезовке өлеңі оқылады. 2-жүргізуші: Я, өкінішке қарай ұлының Абай, Мұхтар бастаған ұлы көштің соңына ергендігін әкесі көре алмай кетті. Ақын әкесі туралы былай сыр шертеді. Анам он үш құрсақ көтеріпті. Менен басқаларының барлығы көз жұмды. Мен үйдің он екінші баласымын. Анам 1912жылғы еді. Мені 1942 жылы, яғни 30 жасында дүниеге әкеліпті.Ал менен екі жас кіші інім Махамбет ата-анамның кенжесі болды. Мен мектепке барғанда ол да «барам» деп ұмтылды. Бірақ жасы жетпегенсоң қайдан алсын? Махамбет сол кездің өзінде өте ерекше қабілетті, мықты бала еді. 6 жасында абайсызда құлап, сан сүйегі жарылған екен. Ол уақытта ауылда дәрігер деген атымен жоқ. Кейін ауруы асқынып, ақыры содан о дүниелік боп кетті. Әкем Досболов Шахан 9 жасымда қайтыс болды. Арғы-бергі тарихтан үлкен деңгейде хабардар, білімді, ескіше оқыған, молдалығы бар адам еді. Небір дастандарды, ертегілерді құлағыма құйып отырды. Бастысы өте таза адам еді. Әкемнің де, менің де туған жерімОтырар ауданы Шілік ауылы. Бірақ ол жерден біз ерте қоныс аударып кеттік. Кейін 11 жасыма дейін Төлеби ауданының Қасқасу ауылында өстім. Негізі менің бет-әлпетім әкеме келеді. Ол кезде біздің ауылда суретке түсіретін адам жоқ еді ғой. Әкемнің суреті де калмапты. Ән «Әке туралы жыр». Орындайтын: Наурызғалиева Сымбат 1-жүргізуші : осы «Бақыт» деген не өзі ? 2-жүргізуші : Бақыт деген –сенің бала күндерің Бақытсыз –ақ бақытты боп жүргенің Бақытын да, басқасын да білмеуің Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің- деп Мұқағали атамыз айтқандай, осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе ? Ал Мұхтар ағаның бақыты неде екен ? «Бақыт геометриясы» Әлішерексұлтан 1-жүргізуші : «Достық- шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талантл ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Өйткені досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген» ақын. «Достық өлкесінің заңы» өлеңі Інжу, Әйгерім 2-жүргізуші: «Олжас Сүлейменов іздің халқымыздың дара перзенті, ұлы ақыны. Кеңестік - тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде ол ядролық сынақтарға қарсы батыл үн қосып, «Невада- Семей» қозғалысын құрды. Оның алдында «АЗ и Я» ктабымен ұлтымыз дың рухын көтерді, ол еңбектерін ешкім де жоққа шығара алмайды-дейді Мұхтар Шаханов. Олжас Сүлейменовке арнаған мына өлең ақынның достықты қадірлей білетіндігіннің айғағы іспеттес. «Біз қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз» өлеңі Жұлдызай 1- жүргізуші: Ақын поэзиясына алтын арқау болған тақырыптардың ізгі махаббат, шынайы сүйіспеншілік. Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72-келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті, екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше, қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын, ұлы сезімін кішкен жүзігіне сидырған қайран Қорланым-ай!» - деп ағыл-тегіл жылапты. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кезек берейік. Ақтентек, Тұрсынгүл, Нұрсәуле 2-жүргізуші: Мына ән шумақтары бәрімізге де таныс болар, Өзің едім тірегім де, Жыр боп тұндың жүрегімде Мені сендей түсінетін Кім бар екен бұл өмірде? Бұл әннің өлеңін жазған Мұхтар Шаханов екенін көбіміз біле бермеуіміз мүмкін. Әр өлең жолынан сүйген жардың ерке назы мен сүйгеніне деген адал сезімі шуақ болып есіп тұрғандай.... Ән «Айналайын» орындайтын Сүтеева Ақтентек 1-жүргізуші : Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті. Өзі айтқандай: Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ, Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ. Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жаны
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!