Материалдар / Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
мұқағали мақатаев өмірі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2018
667
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты поэзия кешіЖүргізуші:Армысыздар құрметті халайық.! Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым!Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты поэзия кешімізге хош келдіңіздер!Қуат алып Абайдың тіл күшінен,Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.Абай болып табынсам бір кісіге,Абай болып түңілем бір кісіден, — деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 81 жасқа толар еді.Тастемір Басұлан: «Арыз жазып кетейін»Жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.Ақынның өз даусын тыңдаймыз.Жүргізуші:Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,Ғасырыңды жырлап өткен данасың.Табындырып,, сағындырып біздерді.Хантәңірідей биіктеп сен барасың, — деп жырлап өткен  ақынның өлеңдеріне кезек берейін.Тәжібаева Ұлдамет: «Пай-пай өмір»Жүргізуші:Қазаққа тән қара өлеңге табынды,Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,Мұқағали – поэзия алыбы, — деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.Дербіс Майра: «Поэзия»Жүргізуші: Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали — өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан.Ол «Шыда,шыда»деп өз өлеңінде тектен-тек айтылмағанлай болса ақынның «Шыда,шыда» өлеңіне кезек берелік.Мылтықбай Ақмарал: «Шыдаыда»Жүргізуші:Қазынам бар  біреуге берсем бе екен?Өкпелейді –ау бермесем,Берсем бөтен.Бар байлықты қойныма тығып алып,Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?Мұқағали қазынасы — өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейік.Дәулет Аяжан: «Шәмілге»Мәлік Зәуре: «Кетер ме екем»Айдар Баян «Уақыт»Сартбаева Гүлнұр: «Жалғыз тілек»Мұсахан Балнұр: «Көшеде»Оразалы Дінмұхамед: «Көктем де келер»Тұяқбай Жазира: «Өкінбеймін»Қозыбақ Нышан: «Жырларым менің, жырларым»Әшірқұлова Айгерім: «Әке»Қожамұрат Арайлым «Еске алу»Момбекова Балгерім: «Бесік басында»Жүргізуші:Қазір Мұқағали Мақатаевтың жүрек сырын,жырын,өмірін білмейтін қазақ кемде-кем? Оқырман мен өлең ара қатысындағы уақыт табы осыдан да аңғарылады. Мұқағали ақын, көбінесе ұғымүсінік-таным арқылы сөйлейді. Сол арқылы аз сөзге көп мағына сыйғызады,әрі мағына байлығын экспрессивтік мән бояуын қалыңдатады.Түспесін десең,егер сезімге кір.Жанарыменің ылғи көзімде жүр!Жамандық көрсең қабағымнан,Жас болып төгіліп кет жанарымнан.  «Жанарым»Заманның тынысы мен ақынның мұңы ұштасып кеткендей. Бүгінгі күннің, бүгінгідәуірдің,яғниқын өмір сүрген кездің тынысы да осы.Ақынның өз даусын тыңдаймыз.Жүргізуші:М.Мақатаевтың ақын ретіндегі,азамат ретіндегі бөлекше мінез жаратылысына тән қасиеті-ештеңеден бейтарап қала алмайтыны. Көзімен көріп,көңілімен бағамдаған жайды басқаға да, өзіне де,оңаша да,көпшілік ортасында да бүкпесіз,жалтақсыз қолма-қол айтады. Өзгенің айыбын да,өзінің айыбын да жасырмай бетке баса біледі.Ән «Көнеміз ғой»  Жүргізуші:Табиғат!Жанымды алсаң, алшы меніңБір үзік жерге түскен тамшың едім.Мұқағали жоғалса не істер дейсің,Артымда қалсын елім, қалсын жерім.Осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңші. Сірә, ақын «Елім, маған не берді деп емес, мен еліме не бердім» деп өмір сүрген сияқты.Мылтықбай Ақмарал: «Елім барда»Жүргізуші:Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық болып өссе кереклдарыңызда ақынның жеріне деген өлеңдерінен үзінді.Дәуірхан Бек «Халқыма хат»Жүргізуші:Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ, әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.О, махаббат!Сен әлі тірі ме едің!?Көзімнен ғайып болған күнім едіңГүлім едіңЕлтіген түнім едің.О, махаббат!Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббаттақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз.Шын зергерлік өнермен өлшенетін ақындық жолында жүрекпен құлаш ұрған Мұқағали Мақатаев та өшпес мәңгілік тақырыпта махаббатқа қалам тартқан.Қалдыбек
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ