Материалдар / Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінде қазақтың мұзбалағы атанып отырған ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туылғанына 83 жыл туылып отыр. Қазақ халқының мәдениетінің, әдебиетінің дамуында жазушы есімі ерекше орын алады. Мұқағали – бар халықты талантына бас идірген ақын, біртуар азамат.Қазақ әдебиетінде поэзия жанрында Қаратаудың шертпесіндей майда қоңыр нақыштармен із қалдырған кәнігі сөз зергері Мұқағали Мақатаев поэзия жанрына ерекше ден қойып, құрыш қаламы әдебиеттің басқа жанрларында да өрнек салып, алаштың мерейін өсірді, мәртебесін асқақтатқан зор тұлға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
646
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғасыр ақыны – Мұқағали»

«Мұқағали дауысы. «Бостандық берші, анасы» өлеңі оқылады.»

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2- жүргізуші:

Болашақтың бастауы болған жалынды көрермендер! Жырымен елінің сусынын қандырған ақиық ақын Мұқағалидың рухына арналған «Поэзия алыбына мың тағзым» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

1- жүргізуші:

Бүгінде қазақтың мұзбалағы атанып отырған ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туылғанына 83 жыл туылып отыр. Қазақ халқының мәдениетінің, әдебиетінің дамуында жазушы есімі ерекше орын алады. Мұқағали – бар халықты талантына бас идірген ақын, біртуар азамат.

2- жүргізуші:

Қазақ әдебиетінде поэзия жанрында Қаратаудың шертпесіндей майда қоңыр нақыштармен із қалдырған кәнігі сөз зергері Мұқағали Мақатаев поэзия жанрына ерекше ден қойып, құрыш қаламы әдебиеттің басқа жанрларында да өрнек салып, алаштың мерейін өсірді, мәртебесін асқақтатқан зор тұлға.

1- жүргізуші:

Қара орман халқының көкейіндегі ойын айтып, жоғын іздеуден танбаған, қаламы мен қазақ сөзін қатар ұстап, ел жадында ерекше еленген әйгілі ақын, әдеби орта мен жалпы оқырман ықыласына бөленген шығармалардың авторы ММұқаметқали Мақатаев Алматы облысы, Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Өзінің «Менің анкетам» өлеңінде өзі туралы былай өрнектейді.

«Менің анкетам»(А.А.9б) – Құдайберген

«Автограф»-Нұрсұлтан

2- жүргізуші:

Ана-өмір сыйлаушысы. Ана – бала бағбаншысы. Оларға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі ақын жырының алтын арқауына айналды. Балдай тәтті балалық шағы жаралы жылдарға дәл келген болашақ ақын ерте есейген. Әкесі майданға аттанарда бала Мұқаметқали 10 жаста еді. Балғын шағынан әкеден айырылған жас талант анасы Нағиман мен әжесі Тиынның қолында тәрбиеленеді.

«Көзің нұрсыз дейсің сен» (2т. 124б.) - Нұралы

«Неге ертерек суалдың» (2т. 34б.) - Жанаргүл

«Шеше, сен бақыттысың» (2т.162б)-Айдана

Ән: «Бақыт деген» (3т.8б)

1- жүргізуші:

Хафиздің Ширазы, Пушкиннің Балдинасы, Абайдың Шыңғыс тауындай, Мұқағали атымен Қарасаз жері еріксіз ауызға ілінеді.

Сонымен қатар, туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті, тумысынан ерекше дараланған ақиық ақын Отанға, еліне деген сүйіспеншілігін ерекше толғаныспен жырлайды.

«Қайран Қарасазым-ай» (3т,251б)-Әмір

«Отан» (3т. 279б.)-Искандер

«Үш бақытым» (3т. 274б.)-Ермұхан

«Қазақ жері» (3т.120б)-Біржан

Ән: «Фариза» Малика

1-жүргізуші: Ақынның елеулі туындыларының бірі – «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Ол туралы тұлға өз күнделігінде «Қарт, Ғабит Мүсірепов, “Аққулар ұйықтағандаға” тебіреніп пікір айтты, сүйсініп қалды, мен ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя қойды. Өлеңді оқыдым. Кетерде маған алтын қалам сыйлады” деп естелік қалдырған. Көрініс, «Аққулар ұйықтағанда»:

«Аққулар ұйықтағанда»

2- жүргізуші:

Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кеткен ақын жоқ десек, артық айтқандық емес. Махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің жан-дүниесін әрқалай шығарады. Мұқағалидың сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта ол үшін бір қуаныш – бір үміт, бір өкініш – бір күдік болғандығы жасырын емес.

«Ғашықпын, шын ғашықпын...»-Арман

«Лашынға»-Құдайберген

«Жүр, қалқам»-Нұрсұлтан

«Махаббат диалогы» -Арман, Наргиза

Ән: «Есіңе мені алғайсың»-Айша

1- жүргізуші:

«Өз өзімнен өзегім өртенгенде,

Өз өзімнен түңіліп жеркенгенде,

Сары ауру сарғайтқан науқастайын,

Үміт күтем бүгіннен, ертеңнен де. »

2-жүргізуші:

«Өмір деген осынау майданда бұл,

Қолбасы да, қорқақ та сайраңдап жүр.

Өмір менен өлімнің ортасында

Кетер ме екем келе алмай байламға бір»

Мұқағали жыры – өмір атты нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке, жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынышқа толы. Өмірдің сырын түсіне алмай кеткен мұзбалақ ақынның өмірге деген пікірін өлеңдерінен іздесек.

«Өмір деген »(2т. 152 б)-Диляра

«Ей, өмір» (3т. 192б)-Аманжол

«Қазынам бар»-Райымбек

Арнаулар оқылады...

2-Жүргізуші:

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, саған жұртым елеңдестім.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда, өлеңді ешкім!

1-жүргізуші.

Мұқағали – туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мейірленген ұлы перзенті, Жаратушы иесі тумысынан бөлекше дарынмен дараланған ақиық ақын. Елім деп еміреніп, жұртым жырлаған ақын, қазақтың кең даласы мен асқар тауларын ерекше бейнелеп, қазағым деп, елім деп, жұртым деп соққан жүрегін жырымен жеткізе белді.

Ән: «Саржайлау» (2т.273б)

1-Жүргізуші:

Иә, Мұқағали жырлары мәңгі жасамақ. Өз заманының Хантәңірі атанған жыр алыбы елінің сүйіспеншілігіне бөленді де, халқы үшін мәңгі жасамақ, мәңгі поэзия мұзбалағы болып аталып қалмақ та!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!