Материалдар / Музыка арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

Музыка арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы жеке жұмыс бағыты туралы тақырып
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі:Абуева Г.А

«Музыка арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру»

Мазмұны:

Кіріспе.

1.Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түсінік

2.Эстетикалық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері

3.Эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдары

Қорытынды.

Кіріспе

Бүгінгі таңда еліміздің дағдарыстан дамуға өтіп, даму жолының бастамасы білім саласында мектепке дейінгі мекемеден басталмақ. Сондықтан, балабақшаға оның ішінде музыка ұйымдастырылған іс-әрекетіне көбірек көңіл бөлу керек деген ойды жүзеге асыру үшін мен тақырыбымды «Музыка арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру» деп алдым.

Егеменді еліміздің болашағы бүлдіршіндердің білім дәрежесінің тереңдігімен  өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу – біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түсінік

Эстетикалық тәрбиені бала кезеңнен бастау жан — жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеудің алғы шарты.  Әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе. Эстетикалық тәрбие — дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Әсемдікті сезіну балалардың өмірін  жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбие дегеніміз — еңбектегі, тұрмыстағы, өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуінге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие — сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, дамытады. Эстетикалық тәрбие — кең ұғым.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
• музыка арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие — сұлулық пен дүниенің әсемдігін сезіну — әдемілікті, бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы, бала әлем сұлулығын көре және сезіне алады, сонымен қатар баланың көркем-шығармашылық қабілеттері  мектеп  жасына дейінгі балалаға эстетикалық тәрбие берудің маңызын анықтау.

Мектеп жасына дейінгі балалардың  қабілетін дамыту — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі, ұйымдастырылған іс-әрекетіне енгізудің маңызы зор. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады.

Мұндағы мақсат – баланы  дамыту. Шығармашылық іс — әрекеттерге қатыстыру, сол арқылы әсемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Әсемдікті сезіну балалардың өмірін байытып, бір – біріне  жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. 

Эстетикалық тәрбие — дегеніміз баланың ақыл-ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы мен тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын, көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, ес біле бастағаннан  өзі жете түсінбесе де жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтар қызығушылық сезімін туғызады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан бірлігі ретінде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты. Музыка жетекшісі баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оған баға беру өмірге қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балаларға тән ерекшелік- бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін заттың ойын кезінде  әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне музыка жетекшісі үнемі көмектесіп отыруы керек. Мазмұнды- рөлді ойындарға тақырыпты, мазмұнды таңдап  қана қоймай  ізденіс қажет. Мектепке дейінгі балаларда шығармашылық нышандары байқала бастайды, ол өз білімін, ұғымын құрастыра білуінен өзінің ойын, сезімін, шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл- кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Олар өздігінен сөз, ән,  би қимылдарын жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды қабілетін дамытуда, музыка жетекшісінің жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.

Эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдары

Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста азық  болатын кең ұғым: ол өнердің терең мағынасын ұғынып, тамаша шығармаларды түсінуді  қамтиды. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Олар ұйымдастырылған іс-әрекет үстінде балалар көркем әдебиетті, музыкалық, шығармаларымен толық игеруді үйренеді. Балалардың бойында эстетикалык талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және оның жұртқа қуаныш сыйлауы үшін оны мәпелеп күту керек. Балалардың да көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдерін ескере  отырып, музыка жетекшісі рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді.

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде балалар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.

Оның негізгі компонентері:
• Эстетикалық қабылдау.
• Эстетикалық сезім.
• Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады.

Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары дара тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, өсімдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие тәрбие беру үшін балабақшадағы мерекелік, ойын-сауықтардың және музыканың алатын орны да ерекше. Мысалы: Біз балаларды «Алтын күз», «Жаңа жыл», 8 наурыз, 22 наурыз, балабақшамен қоштасу ертеңгіліктерінде қатыстыру арқылы бала бойында әсемдікті, сұлулықты дамытамыз. Балалар музыканы, әнді айту арқылы, бала бойында қуаныш сезімі, сол әнге, музыкаға деген қызығу сезімі қалыптасады. Сонымен қатар, жазғы уақыттарда біз балалармен ертегілер, сайыстар, спорттық ойын-сауықтар өткіземіз. Балаларды осындай іс-шараларға қатыстыру арқылы достыққа тәрбиеледік. Бұндай балабақшадағы мерекелер бала есінде көпке дейін қалады да, эстетикалық талғамын қалыптасуына жақсы, оң әсерін тигізеді. Балаларды жаңа қырларын табу арқылы, қуанта отырып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады, әсемдікті сезінеді. Өз ойын жеткізе біледі, қиялын дамытады, мінез құлық мәдениеттілігін қалыптастырады, шығармашылығы дамиды.

Қорыта айтқанда, "Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек" деген белгілі педагог К.Д.Ушинский көрегендігі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық, эстетикалық талғамын тығыз қарым - қатынасты екендігін дәлелдеді. Эстетикалық талғамын мектеп жасына дейінгі балаларды әсемдікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, сыпайлыққа үйретеді. Ал осы жоғарыда аталғандарды біз музыка ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде жүзеге асыра аламыз. Балаланың күнделікті өмірінде осы аталғандарды жүзеге асырып отыру қажет сонда ғана, бала әсемдікті көре білетін, адамгершілігі мол, ұқыпты болады. Балабақша музыка жетекшілері эстетикалық талғамын кітап оқу, ән тыңдау, би өнері мен музыкалық аспаптар өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Музыка жетекшісі эстетикалық талғамын балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.

 














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ