МУЗЫКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МУЗЫКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

МУЗЫКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Қансейтов Амангелді

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы №194 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі


Музыка адамның жеке тұлғалық қасиеттерін білдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді құрал мен қарым-қатынас тілі. «Музыка» пəні оқушының шығармашылық қабілеттерін, музыкалық мəдениетін, эмоционалды-сезімдік аясын, музыкалық-есту жəне бейнелі көркем қиял-елестерін қалыптастыруға бағытталған. «Музыка» пəнінің мазмұны халық музыкасы (қазақ халық музыкасы жəне өзге халықтардың музыкалық фольклоры), классикалық жəне эстрадалық музыка, музыкалық сауаттылық, музыкалық аспаптарда ойнау сияқты шығармашылық əрекеттерден тұрады.

Бағдарлама қазақ халқының музыкалық фольклорының жауһарларымен, қазіргі қазақстандық өнерімен таныстыра отырып, ұлттық сана-сезімді, патриоттық сезімді, өз ұлтының мəдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тəрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақта оқушылар адами құндылықтарды қазақ халқының дəстүрлі музыкалық өнерін, еліміздегі халықтар музыкасын, жəне əлемдік классикалық музыка арқылы білетін болады.

«Музыка» пəнін оқыту:

Музыканың ролін коммуникативті тілдердің бірі ретінде, ұлттық музыканың маңыздылығын, Қазақстан композиторларының музыкалық шығармаларының жəне өзге əлемдік мəдениеттің маңыздылығын түсінуіне ықпал етеді;

Оқушылардың рухани-адамгершілік жəне эстетикалық мəдениетін қалыптастырады;

Оқушының тұлға ретінде одан əрі дамуына, өзінің музыкалық шығармалары мен жобаларындағы басты идея мен ой-пікірлер арқылы қоршаған ортадағы өзінің рөлі мен өзін-өзі түсінуіне көмектеседі;

Музыкалық қабілеттерін білімі мен дағдыларын дамыту арқылы қалыптастырады;

Жеке тəжірибесін түрлі тəсілдер арқылы шығармашылықпен көрсетуіне жəне жасампаздық іс-əрекет жасауына мүмкіндік туғызады;

Шығармашыл тұлғаның маңызды қалыптастырушысы ретінде өзінің жеке қасиеттерін, ойын білдіруге жəне өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін дамытады;

Оқушылардың ой-өрісін жан-жақты кеңейтуге ықпал етеді;

Өзіндік бағалауын арттыру арқылы жағымды дүниетанымын қалыптастырады;

Пəнаралық дағдылардың кең ауқымын дамытып, жаңа шығармашылық
шешімдер мен өзара оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндігін тудырады.

«Музыка» пəнінің мақсаты

«Музыка» пəнінің мақсаты–жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыда өзін-өзі таныту құралы ретінде музыкалық білімінің негізін қалау жəне қарапайым орындаушылық дағдыларын дамыту, жəне оқушылардың музыкалық мəдениетін дамыта отырыпқ алыптастыру.

Міндеттері:

Қазақ қалқының дəстүрлі мəдениетімен, ұлттық композиторлардың шығармаларымен жəне əлемдік музыка мəдениетімен таныстыру арқылы құндылықтарды бағдарлау, көркемдік талғамды қалыптастыру;

Рухани бай, шығармашылық белсенді, музыканы өмірдің айнасындай сүйетін жəне қабылдайтын, қазақ халқының салт-дəстүрін құрметтейтін, өзге ұлттардың өнеріне құрметпен қарайтын, музыкалық дамыған тұлғаны тəрбиелеу;

Қарапайым орындаушылық жəне негізгі вокалды-хор мен əн айту дағдыларын жəне оларды түрлі музыкалық-шығармашылық іс-əрекеттерде қолдануын дамытуға жəне қалыптастыруға;

Oқушылардың шығармашылық, жеке даралық жəне сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін түрлі музыкалық іс-əрекеттер (музыканы тыңдау, əндету,

Музыкалық аспаптарда ойнау, суырып-салмалықжəне т.б.) арқылы дамытуға;

Oқушылардың өмірлік тəжірибесі негізінде эмоционалдық кеңістігін, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, ассоциативтік жəне бейнелі түйсінуін, дыбыс тілі арқылы қоршаған ортаға деген өз көзқарасын жеткізуге бағытталған.

«Музыка» пəнін оқу арқылы оқушылар:

Қазақ халқының жəне əлем халықтары музыкасының негізгі жанрларын, өнер туындыларындағы сезімдер мен эмоцияларын, бейнелігі мен көңіл-күйін зерттеп, ажырата отырып талдайды;

Музыкалық аспаптарда орындау, əндету, сонымен қатар музыкалық суырып - салмалықтар мен өңдеулерді жазу үшін музыкалық сауаттылықтың негізін біледі;

Музыка адамның жеке тұлғалық қасиеттерін білдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді құрал мен қарым-қатынас тілі. «Музыка» пəні оқушының шығармашылық қабілеттерін, музыкалық мəдениетін, эмоционалды-сезімдік аясын, музыкалық-есту жəне бейнелі көркем қиял-елестерін қалыптастыруға бағытталған. «Музыка» пəнінің мазмұны халық музыкасы (қазақ халық музыкасы жəне өзге халықтардың музыкалық фольклоры), классикалық жəне эстрадалық музыка, музыкалық сауаттылық, музыкалық аспаптарда ойнау сияқты шығармашылық əрекеттерден тұрады.

Бағдарлама қазақ халқының музыкалық фольклорының жауһарларымен, қазіргі қазақстандық өнерімен таныстыра отырып, ұлттық сана-сезімді, патриоттық сезімді, өз ұлтының мəдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тəрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақта оқушылар адами құндылықтарды қазақ халқының дəстүрлі музыкалық өнерін, еліміздегі халықтар музыкасын, жəне əлемдік классикалық музыка арқылы білетін болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2024
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі