«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық
колледжі»
Реферат
Тақырыбы:
«Музыка сабағында оқушылардың
дәстүрлі ән айту дағдыларын
қалыптастыру»
Пән: Педагогика
Орындаған: Нурмухаметова А.Б
Тексерген: Нурланова А.Қ
2020
Мазмұны:
Кіріспе
1. Қазақтың ұлттық музыка өнері
арқылы оқушыларға тәрбие берудің теориялық
негіздері
2. Мектептегі тәрбие құралы-
музыка
3. Қазақтың ұлттық музыка өнерінің тәрбиелік
ерекшеліктерін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану
мүмкіндіктері
4. Музыка өнерінің тәрбиелік ерекшеліктерін
қазақтың ұлттық музыка өнері арқылы оқушыларға тәрбие берудің
педагогикалық негіздері
5. Музыкалық тәрбие — бұл музыкантты тәрбиелеу
емес, ең алдымен адамды
тәрбиелеу
6. Аспаптық
музыканың тәрбиелік сипаты
7.
Қорытынды
8. Пайдланылған
әдебиеттер:
«Музыка сабағында
оқушылардың дәстүрлі ән айту дағдыларын
қалыптастыру»
Кіріспе:
Мектепте
музыкалық тәрбие берудің басты міндеті-оқушылардың музыканы дұрыс
тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу.Орындаушылық
шеберлікті шыңдау ән айту дағдыларын жүйелі түрде жолға қоя білумен
тығыз байланысты. Сабақта ән салу дағдыларын жүйелі түрде жолға
айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап
қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз .Ән салу –музыка
сабағындағы іс-әрекеттің бір түрі. Ән салуға үйретуде оқушылардың
музыкалық қабылдау дағдысы басты рөл атқарады.Алдымен, «әннің өзі
не?» дегенге тоқталайық.. Ән –музыка мен сөздің бірлігі ғана емес,
осылар арқылы орындаушының өз сезімін білдіруі.Өз сезімін орындаушы
ән арқылы бере алғанда ғана орындалған ән тындаушының сезіміне әсер
етіп, музыка мазмұнын түсінуге жол ашады . Сабақтағы ән салу –
сыныптағы әрбір оқушының өз сезімін музыка арқылы бере білуі
үйренуі, сол арқылы музыканы тереңірек қабылдау процесі. Осы
орындаушылық шеберлікті меңгере отырып, оқушының музыкалық
–теориялық білімі артады. Нотамен ән айта отырып, лад басқыштарын
сезіне білу қабілеті дамиды. Бала музыканың ішкі сырын қаныға
отырып, кейбір нашар әдеттерден (қысылу, ұяңдық, сылбырлық , т,б.)
арылуға мүмкіндік алады. Әнді көпшілікке қосылып орындау баланың
өзіне деген сенімін оятады, оны жеке орындауға психологиялық
жағынан біртіндеп төселеді . Оқушының орындаушылық шеберлікке
жеткізетін көрсеткіштің бірі -ән репертуары. Ән репертуарына
қызықса ғана баланың әнді жақсы орындауға деген ықыласы артады.
Оқушыны ән сала білу шеберлігіне үйретуші басты тұлға – мұғалім. Ол
оқушылардың дамуын, жас ерекшелігін ескере отырып, соған сай
репертуар таңдап, жүйелі жұмыс жүргізсе, балалар әнді толғана
сезініп, шығарма мазмұнына үңіле отырып, сол мазмұнын өз
дауысы арқылы
бере біліуге жаттығады. Әуенде дыбыс жасау дыбыс аппараттарының
құрлысына байланысты. Балалар дауысының ересектер дауысынан
ерекшелігінің өзі де осында. Бала дауысы жоғары болғанымен,
дипазоны шектеулі. Көмекейдің (дыбыс апараттарының) жоғары
орналасуы, қысқалығы мен майысқақ, жұмсақтығы дауыс сипатын
анықтайды. Он жасқа дейін балалардың вакальдық еттері біртіндеп
дамиды. Сондықтан да дауыс дипазоны да біртіндеп кеңейеді. 9-10
жастан бастап обертондармен байиды, дипазоны да біртіндеп кеңейеді.
Он жастан бастап қыз балалардың
дауысы-
«сопрано», ұл балалардың даусы –«дисконт» деп сипатталады. Музыка
сабағына берілетін уақыт көлемі қаншалықты тығыз болғанымен,
мұғалім әр баланың дауыс мүмкіншілігін жылма –жыл зерттеп, бақылап
отырған жөн. Баланың әнді жай болса да орнықты, дыбысты толқытпай
айтуы табиғи жеңілдік пен дыбыс бояуын сақтауға көмегін тигізеді.
Сонымен, мектептің бастауыш сыныптарында балаларға ән айтқызуда
олардың даусының әлсіздігін, нерв жүйесінің тез шаршап, дауыс
апараттарының жетілмегендігін үнемі естен шығармаған жөн. Әнді таза
айта алмайтын оқушылармен жұмыс жасау. Мұндай балалардың барлығы
бірдей ән айтуға шамасы жетпейді немесе музыкалық есту қабілеті жоқ
деп қарауға болмайды.Олармен жұмыс жасауды әнді таза айта алмау
себебін анықтаудан бастаған жөн.Балалардың кейбірі әнді
қысылып,ұялшақтықтан яғни психологиялық дайындығының жоқтығынан
айта алмаса,енді біреулер естіген дыбыс биіктігін даусымен бере
алмайды.Екінші біреулерінің вокальдық дағдысының төмен болуы
мүмкін.Алайда бұл екі топтағылар да дыбыс биіктігін анық сезе
алатын оқушылар болып келеді.
Негізгі
бөлім:
Қазақстан Республикасындағы
барлық жалпы білім беретін ұлттық мектептерге арналған ортақ тұжырымдамада:
Мектептің басты мақсаты –
жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту,
тәрбиелеу және әр бірін жеке тұлға деп санап,
оны жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау —
делінген.
Оқушылар тәрбиесiнде қазақтың ұлттық музыка өнерінің алатын орны зор.
Оқушылардың ұлттық музыка өнерiмен айналысуы,
жеке тұлғаның эстетикалық талғамын және эмоционалдық мүмкiндiгiн көтередi.
Сондықтан бүгінгі таңда ұлттық музыка өнерінің түрлерін (ән,
күй,
терме,
жыр,
айтыс,
толғау,
т.б.)
олардың әрқайсысының жалпы ерекшеліктерін жаңаша технологияға салу –
бүгінгі күн талабы.
Осы қойылған талаптарға сай,
музыкалық білімді жүйелі түрде дамыту барысында ұлттық сана иірімдерін айқындай түсу және оны тереңірек меңгеру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Қазақ
халқының
мәдениеті
мен әдебиетін
жан-жақты
зерттеп,
ұлттық
ағарту
ісінің
негізіне
ғылыми
еңбектерімен
үлес қосқан
дарынды
ғалым
Шоқан
Уалиханов
(1835-1865) –
“Қазақ
даласындағы
тәлім-тәрбиенің
басты
құралы
–
жыр,
айтыс,
өлең,
терме
т.б.
деп,
олардың
түрлеріне
талдау
жасап
дүниетанымдық,
тәрбиелік
мәнін
жоғары
бағалады”.
Дарынды
ғалымның
данышпандық
ой-мақсаттары
қазақ
халқының
ұлттық
өнеріне
бір арна болып
қосылған
асыл мұра болып
табылады.
Жас өспірімдегі музыка әлемін түсініп қабылдауға,
талғампаздығын тәрбиелеуде,
эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда,
білімді,
мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка өнерінің алатын орны ерекше.
Музыка — жасөспірімге дүниені жан-жақты
танып-білуге көмектеседі, баланың ойына азық беріп, кеңінен және
әдеттен тыс ойлауға үйретеді, халықтың рухани мәдениетіне
жақындастыра отырып, патриотизм сезімін тәрбиелеп, адамгершілік
және азаматтық белсенділігін оятады. Сөйтіп, осының нәтижесінде
қоғам үшін қажетті жеке адамның үйлесімді дамуына
жәрдемдеседі.
Өнерді, оның ішінде, атап айтқанда музыканы
мектепке “ендіру” процесі бірнеше бағыттар бойынша жүреді. Қоғамның
барған сайын өсе түскен мәдени сұранысы мен талаптары, мектептің
жаңа реформасының қабылдануы мектепте ұлттық өнерді, соның ішінде
ұлттық музыка мұрасын меңгерту туралы мәселені қоюдың және сол
арқылы тәрбиеге нәтижелі ықпал етуге мүмкіндігін
тудырады.
Музыка тілі — өнердің басқа салаларымен
салыстырғанда күрделі тіл. Музыка айтылатын ой мен оқиға сазды
дыбыстар арқылы береді, осыған байланысты музыканы қабылдауды
оқушылардың бойында қалыптастыру елеулі қиындықтар тудырып,
жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Музыка өнерінің ерекшелігі –
адамның жан дүниесіндегі сөз бен тіл жеткізіп алмайтын
құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік
тудыруында.
Қазақстанда ұлттық музыка өнерінің дәстүрін
зерттеп жалғастырушы композиторлар А.Жұбанов, М.Төлебаев,
А.Затаевич, Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов,
т.б.
Композиторлардың шығармаларындағы ұлттық музыка
өнері адамның қиялына қанат бітіріп, ойлау қабілетін дамытады,
туған елін, жерін сүюге, мәдениетін, әдебиетін, өнерін эстетикалық
тұрғыда қабылдап сезіне білуге үйретеді, имандылық, ізеттілік,
парасаттылық тәрізді қасиеттерге тәрбиелеп, рухани азығын
молайтады.
Бүгінгі қоғам құрылысының аса маңызды мәселелерін
шешуде мектептің оқу — тәрбие үдерісін адамзаттың бүкіл тарих бойы
жинақтаған білімі, тәжірибесі мен өнерін меңгерту арқылы жетілдіру,
халық педагогикасының тәрбиелік мазмұнымен таныстыру қажеттігі
туындап отыр.
Музыка құндылығын сақтау және оны ұрпаққа
жеткізу, балаларды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының
сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, оның жан-жақты
дамуына мүмкіншілік жасау -жалпы білім беретін мектептің негізгі
мақсаты болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы барлық білім беретін
ұлттық мектептерге арналған ортақ тұжырымдама жасалды. Ол
тұжырымдамада мектепті жаңартудың көкейкесті бағдарламаларын (оны
ұлттық және дүниежүзілік өркениеттің диалектикалық бірлігін сақтай
отырып дамытуға, ізгілендіруге), сондай-ақ мектептің ұлттық мәдени
жасампаздық қызметін қалпына келтіруге
негізделген.
Музыка аспабына үйрету сабағы білімгерлерге жеңіл
музыка шығармаларын өздігінен талдап, үйреніп, оны орындап беруге
дағдырландыруы керек. Мұндай, өздігінен үйренетін материалды
бастауыш мектеп оқушыларына арналған оқу құралындағы әндерді
алуға болады. Музыка сабағына жұмыс жоспарын жасағанда кейбір
ерекше жақсы үлгеруші оқушымен жоғарлатылған, яғни қосымша материал
өтуіне де болады.
Уақыт озған сайын тәрбие беру, білім беру
реформалары қоғамның дамуына қарай үнемі жаңғырып
отырады.
Жалпы білім беретін қазақ
орта мектебінде жүргізілетін өнер сабақтары қоғамда болып жатқан
құбылысты, жаңа ойды бала санасына басқа сабақтардан бұрын
жеткізуші болып табылады. Өйткені өнер-өмір шындығы. Өмір шындығы
мектеп табалдырығын аттаған балаға білім беру, тәрбиелеуде
жан-жақты қарастырылады. Сондықтан музыка сабағының әдіс-тәсілдері
үнемі жылма-жыл өзгеріп, бала тәрбиесі ісіне жаңа нышандар жаңа
бағдарламалар тудырады. Мысал ретінде
1 сынып оқушыларына өтілетін мына сабақты ұсынамын:
Пәні: Музыка
Сынып: 1
Сабақтың
тақырыбы: «Музыкалық көңіл күй», «Дыбыс әлеміне
саяхат» модулінің сабақ жоспары.
Сабақтың
мақсаты: балаларды «Музыкалық көңіл күй» өнеріне баулудың
бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну
қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер,
ноталар
Сабақ
түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен
ба