Материалдар / «Музыкалық дидактикалық ойындар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Музыкалық дидактикалық ойындар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка жетекшісі ретінде музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізу барысында балаларды өзбетімен әрекет етуге мүмкіндік беру керек. Балаға неғұрлым сенім артсаң, олар жұмысты еркін, дәл орындауға талпынады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Музыкалық дидактикалық ойындар»

Орындаған: музыка жетекшісі А.Әбуев

Талдықорған қаласы №6 бақшасы

Музыка – адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Балалардың бойындағы ашылмай жатқан асыл қасиеттерін ояту, менің басты міндетім болып саналады. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың музыкалық қабілеттерін түрлі тәсілдермен дамытудамын. Бала музыканы ойын арқылы қабылдайды. Сондай-ақ балада музыка өнеріне деген қызығушылық пайда бола бастайды. Осы арқылы бүлдіршіндерде шығармашылық қасиеттер оянады. Ең ұтымды да тиімді тәсілмен музыкалық ойындарды жеткізу арқылы жас баланы өнер әлеміне сапар шеккіземін. Музыкалық тәрбие баланың міңез-құлқына әсерін тигізеді. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып адамгершілік бейнесі қалыптасады. Баланы эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, ой-қиялын ояту. Кішкентай да болса шығармашылық көріністермен барынша болса да ой-сезімдерін тәрбиелеу менің үлкен міндетім.

Музыка жетекшісі ретінде музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізу барысында балаларды өзбетімен әрекет етуге мүмкіндік беру керек. Балаға неғұрлым сенім артсаң, олар жұмысты еркін, дәл орындауға талпынады.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Бүгінгі заманның талабына сай зерделі, ой- өрісі жоғары, дамыған азаматты қалыптастыру жөніндегі мемлекетіміздің стратегиясын жүзеге асыру- біздің ең басты міндетіміз болып саналады.

Музыкалық дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің ұйымдастырылған іс-әрекеттерін түрлендіріп, мазмұнын байыта, көркемдей түседі. Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды әдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды.

Қазіргі білім беретін ошақтарда оқытудың мазмұны мен құрылымы өзгеріп отырған кезеңде тұлғаларға бағдарланған ойын технологиясының алар орны ерекше. «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек!»-деп жазады Ж.Аймауытов. Музыка ұйымдастырылған іс-әрекетінде ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады. Музыка іс-әрекетінде ойынның маңызы зор.

Музыкалық дидактикалық ойындардың мақсаты:

Балаға музыканың күшін, биіктігін, тембірін ұзақтығын, сипатын саралату. Музыкалық дыбыстарды тыңдату арқылы музыканы дұрыс қабылдау және сезіну қабілеттерін ояту. Балаларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу.

Музыкалық дидактикалық ойындардың міндеті

Баланың қызығушылығын туғызу, белсенділігін арттыру.

Музыкалық-дидактикалық ойындардың маңызы:

1. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсінігін нақтылайды.

2. Әрбір қолданған дидактикалық ойын балаларды ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеуде үнемі қызмет атқарады.

Балалар балабақшада музыка өнерімен таныса отырып, эстетикалық тұрғыда тәрбие алады. Саналы оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде балалар жеке тұлға ретінде қалыптасады. Бұл туралы МЖМББС-да (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) айқын жазылған.

Баланың өз бетімен әрекет ету жолдары жан-жақты да алуан түрлі, соның ең негізгілерінің бірі-музыкалық дидактикалық ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар баланың музыка сауаттылығын жете меңгертуде, есту қабілетін, ырғақ сезімін, шығарма сипатын, тембрлік, динамикалық өзгерістерін терең ұғына білуге жетелейді. Музыкалық ойындар баланы жаңа сезімдер мен әсерлерге бөлей отырып, өзбетімен әрекет етуіне, музыканы қабылдай білу қабілеттері мен бала белсенділігін арттыра отырып, музыкалық дыбыстардың негізгі қасиеттерін айыра білуге үйретеді.

Балалардың ән салу кезіндегі музыкалық-дидактикалық ойындар әнді мәнерлеп еркін орындауға, бірге бастап, бірге аяқтауға, фраза аралығында тыныс ала білуге үйретеді. Балалар үйренген ән репертуарларын шын көңілдерімен, шығармашылықпен, музыкалық-дидактикалық ойындар барысында көрсете алады.

Музыка ұйымдастырылған іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды балаларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай, музыка іс-әрекетінде дидактикалық ойындар арқылы балаларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі: а)дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерінен оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану; б)дидактикалық ойын түрінде беру арқылы балалардың ұлттық мәдениет, ұлттық аспаптарға дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Ойын мектепке дейінгі музыка жетекшілердің бірден – бір көмекшісі болуы керек деген. Дидактика – термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді. Музыка іс-әрекетінде әрбір баланың жеке тұлғалық (психологиялық, мінез-құлық, қабілет, мүмкіндік т.б.) ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі музыкалық-дидактикалық ойындар қатарын таңдап алған жөн. Бұл ойындар баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында негіз болатын оның өзін-өзі сезінуі, психикалық процестерінің дамуына бағытталып, іс-әрекетін ұйымдастыру үстінде, сергіту сәттерінде және сабақтан тыс кездерде жүргізілді.

Музыкалық-дидактикалық ойындардың мәні

Музыкалық-дидактикалық ойындар баланы қимыл-қозғалысқа бейімдеуге арналған іс-әрекетін үнемі дамытып отырады. Ойынға негізделген әрекеттер бүлдіршіннің кейбір музыкалық дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін, нақты айтқанда, музыкалық жиіліктерінің екпінін, жоғарлығын, ұзақтығын үн ерекшеліктерін (тембр) естумен қатар, салыстырып, ажырата білу дағдыларын қалыптастырады.

Музыка іс-әрекетінде ән мен музыкалық іс-қимыл бөліміне сәйкестендірілген музыкалық-дидактикалық жаттығулар көп уақытты алмайды. Ал музыкалық-дидактикалық ойындардың жөні бөлек. Олар неғұрлым күрделілеу, сонымен бірге оларды өткізуді ұйымдастыру балалардың музыканы қабылдап, түсінетіндей тәжірибесі бола бастаған кезде ғана мүмкін болмақ. Ойындардың құрылымы музыка мен іс-қимылдардың бірлігін қамтиды.

Дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің іс-әрекетін түрлендіріп, мазмұнын байыта, көркемдей түседі. Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі. Балалардың шығармашылық қабілетерін дамытып, оларды әдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды.

Музыкалық-дидактикалық ойындар барысында бала бойында төмендегідей қабілеттіліктер қалыптасады: шығармашылығы, қызығушылығы, ұйымшылдығы, қабылдаушылығы, музыкалық сауаттылығы. Мен музыка іс-әрекетімде балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында көптеген музыкалық-дидактикалық ойындар түрлерін пайдаланамын.

Қорыта келгенде, музыкалық-дидактикалық ойындарды қолдану барысында музыка ұйымдастырылған іс-әрекетінің ең тиімді тәсілдері болып саналады. Бұл тәсілдер баланың дербес уақыттарының дұрыс өтуіне көп көмегін тигізеді. «Бұлақ көрсең-көзін аш» демекші бүлдіршіндіердің бойындағы ашылмай жатқан асыл қасиеттерін ояту менің басты міндетім болып саналады. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың музыкалық қабілеттерін түрлі тәсілдермен дамытудамын.

-Музыканы бала ойын арқылы қабылдайды. Сондай-ақ балада музыка өнеріне деген қызығушылық пайда бола бастайды. Осы арқылы бүлдіршіндерде шығармашылық қасиеттер оянады.

-ең ұтымды да тиімді тәсілмен музыкалық ойындарды жеткізу арқылы жас баланы өнер әлеміне сапар шеккіземін.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Музыка әдістемелік құрал Г.А.Жақанова, Қ.Е.Еңсебаева 2014 жыл.

  2. Музыкалық-дидактикалық ойындар Г.Г.Корчевская, Т.Л.Гончарова 2013 жыл.

  3. «Дидактикалық ойындар» Т.Т.Сарыбаева, Г.А.Абдрахманова Алматы кітап баспасы 2013 жыл






Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 21.05.2018ж «Күншуақ» тобы

Білім беру саласы: шығармашылық______________________________

Оқу қызметі: музыка__________________________________________

Тақырыбы: «Көңілді-көңілсіз әуендер»__________________________

Мақсаты: Көңілді-көңілсіз әуенді ажырата білуге баулу. Музыка әуеніне сай қимылдарын көрсете білу. Музыкалық қабілетін дамыту.

Көрнекілік: үлестірмелі карточкалар, нота таңбалары, скрипка кілті, домбыра, қобыз, күй сандық карточкалары.

Әрекеттің кезеңдері

Музыка жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


Ұйымдасты-рушылық –оятушылық кезеңі



Балалар залға марш екпінімен кіреді. Шеңбер бойымен жүреді, музыка ауысқанда, сол музыкаға сай қимылдар жасайды.

Марш екпінімен орындарына отырады. Сәлеметсіңдерме балалар!

(до-ре-ми-фа-соль-соль, ля-ля-соль).

Марш екпінімен кіреді. Аяқтарын нық басып жүреді, жүгіреді, жай қолдарын жоғары көтеріп жүреді. Сәлеметсізбе апай.

(Соль-фа-ми-ре-до).





Ұйымдасты-

рушылық –

денушілік кезеңі


Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Өте жақсы.


Ақырын, баяу музыка ойнап тұрады.

Балалар, музыка дегенді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс, музыка адамның көңіл-күйін, сезімін баурап алатын ғажайып дыбыс. Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?

Керемет, ендеше музыкада көңілді-көңілсіз болып бөлінеді. Бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Көңілді-көңілсіз әуендер» деп аталады.

Әуен тыңдау: «Көңілді-көңілсіз». Сендер қазір екі әуен тыңдайсыңдар. Көңілді әуенге күлеміз, қол шапалақтаймыз, ал көңілсіз әуенге қабақ шытамыз. Жақсы. Жарайсыңдар!

Бірінші рет біз қимылмен көрсеттік, ал екінші рет көңілді, көңілсіз карточканы музыка әуеніне байланысты көтереміз.

(2 рет қайталау). Жарайсыңдар!


Жұмбақ:

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер сол жұмбақтың шешуін табыңдар:

Құлыптың аузын ашатын да,

Құлыптың аузын жабатын да құралмын

Бірақ, бірақ бұл жерде

Музыка әлемін ашамын.

Дұрыс, жарайсыңдар.

(тақтаға скрипка кілтін ілу).

Балалар скрипка кілтінің орналасатын «үйі» бар. Ол музыка сызықтары немесе желісі деп аталады. Нота деп әуенді жазатын таңбаны айтамыз.

Олар: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

(тақтаға жеке айтып ілу).

Әуенмен балаларға айтқызу. Өте жақсы.



Дауыс жаттығуы: «Ән саламыз».

«Біз бақытты баламыз

Шырқап әнге саламыз». Өте жақсы.


Дауыс жаттығуы: «Еркем-ай».

Еркем, еркем, еркем-ай

Еркелеген еркем-ай.

Еркелеген еркемді

Еркелетсем екен-ай.

Домбыра аспабымен айтылады.


Өткенде біз қандай ән үйрендік? Кәне орнымыздан тұрып әнді қайталайық.

Өткен әнді қайталау: «Әнші құстар».

Әні: Қ.Жұмағалиевтікі

Балалардың дұрыс дем алуын қадағалау.

Қимылды-қозғалысты ойын: «Көңілді ырғақ».

Мақсаты: балаларды ойынға қызықтыра отырып ойлау, есту қабілеттерін дамыту. Шарты:

1 түрі: әуен ойналғанда балалар қолдарын шапалақтайды, әуен тоқталғанда қолдарын жасырады.

2 түрі: әуен ойналғанда балалар аяқтарын топылдатады, әуен тоқталғанда аяқтарын жасырып отыра қалады.


Музыкалық-әуенді ойын: «Қай аспаптың үні?»

Мақсаты: балаларға музыкалық аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету.

Шарты: балаларға суретті карточкалар беріледі. Домбыра үні естілгенде-домбыраның, қобыз үні естілгенде-қобыздың, күй сандық үні естілгенде-күй сандықтың суреті көрсетулуі шарт. Жарайсыңдар, балалар!


Би: «Көбелектер» әуенімен барлық бала билейді.

Мақсаты: Билеуге қызығушылықтарын дамыту. Меңгерген дағдыларын бекіту. Балалар сендер биді өте жақсы билейді екенсіндір.


Енді бәріміз орнымызға отырайық.

Балалар сендер ән-күй бөлмесіне келген сайын көңіл-күйлерін көтеріледі. Ендеше ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізді құрастырумен бекітейік.

Құрастыру: «Домбыра».

(Музыка әуені ойналып тұрады). Балалар үш топқа бөлінеді. Үстел үстінде алдын-ала дайындалған қиынды суреттерден балалар аспаптарды құрастырады. Домбыра- бұл қандай аспап, неше құлағы бар, кәне бәріміз бірге санайықшы? Неше тегі бар? Неше шегі бар?

Өте тамаша. Сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Әрқашанда көңілдерің жарқын, жүздерің қуаныш пен нұрға толсын деген тілекпен бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Көктем мезгілі.



Балалар шамасы келгенше жауап беруге тырысады.




Жақсы.






Балалар көңілді, көңілсіз музыка әуеніне үлестірмелі карточкалар көрсетуге тырысады.






Балалар жұмбақты мұқият тыңдайды. Шешуін табуға тырысады.




Скрипка кілті.



Балалар мұқият, зейін қойып тыңдайды.




Балалар таңбаны бірге қайталайды.



Жаттығудың сөзін анық айтуға тырысады.


Балалар ойнақы жаттығуды көңілдене айтады.





Әннің сөзін анық, нақты айтуға тырысады.



Балалар ойынның шартын мұқият тыңдайды.

Қолдарын шапалақтайды, жасырады.

Аяқтарын топылдатады, жасырады.




Балалар ойын шартын мұқият тыңдайды. Ойын шартын сақтап, тиісті карточкалар көрсетеді.








Балалардың биге деген ынтасын ояту.











Шертпелі аспап, екі құлағы бар.

Бір тегі бар.



Рефлекстік-

түзету кезеңі

Біз қандай әуен тыңдадық?

Көңілді әуен естігенде не істейміз?

Көңілсіз әуен естігенде не істейміз?

Өте жақсы балалар. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Сау болыңдар. Сапқа тұрып марш екпінімен залдан шығып кетеді.


Көңілді, көңілсіз әуен

Күлеміз, қол шапалақтаймыз.

Қабақ шытамыз.

Сау болыңыз апай.

Сапқа тұрып музыка әуенімен залдан шығып кетті.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуен сипатын ажыратуды, әнді әуенмен айтуды.

Игереді: музыка сызықтары немесе желісі сөздерінің мағынасын.

Меңгереді: музыканы тыңдап, әуен қимылдарын бірге жасауды, құрастыруды.

Тех. картаны толтырған музыка жетекшісі: Абуева Г.А












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!