Материалдар / Нысанаға дейін еңбектеу.Таяқшалардан қос аяқпен секіру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нысанаға дейін еңбектеу.Таяқшалардан қос аяқпен секіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесінің нұсқаушыларына ұйымдастырылған оқу қызметіне көмегі бар деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2018
2140
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.

11 «Балапан» бөбекжай – балабақшасы

Исмамбетов Берик Жолдасович

ІІ – санатты

Білім беру саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: 1. Нысанаға дейін еңбектеу.2. Таяқшалардан қос аяқпен секіру.

Мақсаты: 1 Балаларды еңбектеу және қос аяқпен секіру жаттығуларының тәртібін толық, дұрыс орындауға үйрету.2. Бір – біріне кедергі жасамауларын, арақашықтықты сақтауларын қадағалау.3. Қимыл – қозғалыстарды орындаған кезде сигналға жауап қайтаруға жаттықтыру. Қимылды ойындарға қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекілігі: Гүлдер, таяқшалар, жалаушалар және ойынға қажетті заттар.

Сөздік жұмыс: Қос аяқпен секіру, еңбектеу, гүлдер.

Методикалық әдісі: түсіндіру, көрсету.

Әрекет кезеңдері

Жаттықтырушының қызметі

Балалардың қызметі





Мотивациялық

қозғаушы

1 Балаларды бір қатар сапқа тұрғызу.

2 Сәлемдесу.

(Нұсқауларды орындау.)

Бір тізбекпен жүру.

Күндей болып күлейік,

Гүлдей болып өсейік.

(Қол белде, күліп, көңілді жүру).

Таң атқанда күн шығып,

Гүл ашады қауызын.

(Қолды жоғары көтеріп жүру).

Желмен бірге тербеліп,

Теңселеді ақырын

(Қолды екі жаққа созып, тербелу).

Отырайық жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

(Тізені сәл бүгіп, қолды алға созып, алақанды жұмып- ашу)

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық.

( Баяу жүгіру).

Балаларға әр түсті екі гүлден беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.

Бір тізбекпен кіріп, бір қатарға сапқа тұрады.

Сәлемдеседі.


Өлең мазмұнына сәйкес бірінің соңынан бірі жүріп, қимылдарды орындайды.








Гүлдерді қолдарына алып, шеңберге тұрады.









Іздену

Ұйымдас-

тырушы


1.Жан жақты дамыту жаттығулары.

(Гүлдер)

Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ: Н.т: Аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде

1.Гүлді алға созу.

2.Жоғары көтеру

3.Алға созу

4.Б.қ келу

Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ : Аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, қол төменде.

1. Қос қолдағы гүлді кеуде тұсында.

2. Қолды екі жанға созу.

3.Қос қолдағы гүлді кеуде тұсына әкелу.

4.Б.қ келу.

Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ:Отыру, аяқ арасы алшақ.

1.Гүлдерді жоғары көтеру.

2.Гүлдерді аяқ ұшына жеткізу.

3.Б.қ келу.

Тыныс алу:

«Әдемі гүлдің иісі»

(Қолдарындағы гүлдерді иіскеу)

«Гүл ашады қауызын»

(Екі қолдағы гүлдерді кеуде тұсына әкеліп, иіскеп, жоғары көтеру)

Негізгі қимыл жаттығулары Негізгі қимыл жаттығулары

-Нысанаға дейін еңбектеу.

(Белгіленген жерге дейін еңбектеу)

-Таяқшалардан қос аяқпен секіру.

(Арасы 25 – 30 см қатар қойылған таяқшалардан секіру)

«Сылдырмаққа дейін еңбектеп жету» ойыны:

Шарты:Балалар бөлменің бір жағына қойылған орындықтарға отырады.3-4 м қашықтыққа еденнің үстінде сылдырмақ қойылады.Жаттықтырушы балалардың ішінен біреуін атын атайды. Ол бала сылдырмаққа дейін еңбектеп барады, сылдырмақты алып сылдырлатады, қайтадан еденге қойып өз орына қайтады.

1.Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірге ойнау.

Шеңбер болып тұрады.


Гүлдерді алға созып, жоғары көтереді.

3-4 рет


Гүлдерді кеуде тұсына әкеп, екі жанға созады.

3-4рет



Гүлдерді жоғары көтеріп, аяқ ұшына жеткізеді.

3-4рет



Гүлдерді орындарына жинастырады.






Белгіленген жерден нысанаға дейін еңбектейді.

Қатар қойылған таяқшаларды қозғамай, қос аяқпен секіреді.


Іс – қимыладрын келтіріп ойнайды.


Қорыту, рефлексия

1.Балалардың көңіл күйлерін бақылау.

2.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

3.Қолданылған заттарды жинасуға ұсыныс жасау.

4.Балаларды мақтап, қолпаштау.

Заттарды жылдам жинауға дағдыланады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Нысанаға дейін еңбектеуді.

Қандай түсініктерді игерді: Таяқшалардан қос аяқпен қалай секіру керектігін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Гүлдермен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!