ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДЕ КОЛЛЕДЖ КОМАНДАСЫ І ОРЫН АЛДЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДЕ КОЛЛЕДЖ КОМАНДАСЫ І ОРЫН АЛДЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
28.09.2022ж. Ұстаздар күні мерекесіне орай Қызылорда Облысының Білім Басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында өткізілген шахмат ойынынан облыстық жарысқа «Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің командасы қатысып, жүлделі I орын алып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есеналиев Сакен Есеналиұлы "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" атанды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДЕ КОЛЛЕДЖ КОМАНДАСЫ

ШАХМАТТАН І ОРЫН АЛДЫ


28.09.2022ж. Ұстаздар күні мерекесіне орай Қызылорда Облысының Білім Басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында өткізілген шахмат ойынынан облыстық жарысқа «Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінің командасы қатысып, жүлделі I орын алып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есеналиев Сакен Есеналиұлы "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" атанды.

Жеңімпаздар тұғырынан көрінген әріптестерімізді басшымыз Дауленбаев Әнуар ағай бастаған колледж ұжымы мен білімгерлері зор қуанышпен қарсы алып, жеңістерімен құттықтап, ризашылықтарын білдірді.

Шахмат — ақыл-ой спорт түрі. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналатын бұл ойын 6-шы ғасырда ежелгі үнді ойыны кезінде шыққан. Оның атауы ежелгі және орта ғасырлардағы үнділердің әдеби тілінен аударғанда шахматтағы пешка, ат, піл және ладья ұсынылған жаяу әскер, атты әскер, піл және соғыс арбалары кіретін «әскердің төр бірлігі» деген мағына береді.

7-ші ғасырда бұл ойын Парсы жеріне келді және атауы шатранж деп өзгертілді. Шахмат сөзі дәл осы парсы тілінен шыққан. Ойыншылар «шахты» (парсы патшасы) жей отырып, қарсылас патшаға шабуыл жасаған. Ал «Шах мат» парсы тілінен «патша өлді» деген мағынаны білдіреді.

Танымал шахматшылар арасындағы шахматтан жарыс 1575 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Ең алғаш сайысқа шыққан ойыншылар – итальяндық Джованни Леонардо да Кутри мен испандық Рун Лапес арасында өткізілген. Бұл айқаста Джованни Кутри жеңіске жеткен екен. Ал алғашқы әлемдік біріншілік 1886 жылы өтеді. Онда бұл ойыннан әлем чемпионы атанған – Урага қаласының тұрғыны Вильгельм Стейниц болды. Сонымен бірге «Шахмат федерациясы» 1924 жылы ұйымдастырылған, бүгінгі күні оның 131 мүшесі бар. Атаулы ұйым 1927 жылдан бастап түрлі додалар өткізіп келеді.

Қазақ елінде шахмат шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болған деседі. Бұған археолог И.Копылов Алматы маңындағы Талғар қалашығына зерттеу жұмыстарын жүргізген кездегі табылған піл сүйектерінен жасалған шахмат фигуралары куә. 1991 жылы КСРО халықтарының Х спартакиадасының бағдарламасы бойынша шахматшылар турнирі Ресейдегі Азов қаласында өткен. Құрамында Э.Сахатова, Г.Сахатова, Л.Тәжиева болды. Сонымен бірге Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңіске жеткен Украина құрама командасынан небәрі 0,5 ұпайға ұтылып, күміс медальға ие болған.

Психологтар шахматты есте сақтаудың тиімді жолы деп атайды. Ол сондай-ақ күрделі мәселелерді шешуге және түрлі идеяларды ойлауға мүмкіндік береді. Сондықтан да болар, дәрігерлер альцгеймер ауруымен күресу үшін науқасқа шахмат ойнауды ұсынады.

Көптеген адамдар шахматты табиғатынан жоғары интеллектке ие адамдарға арналған ойын деп есептейді. Бұл шын мәнінде шындық. Бірақ әр адам шахмат ойнау арқылы ойлау қабілетін айтарлықтай жақсарта алады.

Сонымен қатар, зерттеулер нәтижесі шахматтың мидың екі жартышарын белсендіретінін, шығармашылықты, концентрацияны, сыни ойлауды және оқу дағдыларын жетілдіретінін көрсетті.

Иә, шахмат ойыны көп ойлану мен шыдамдылықты қажет етеді. Оны көбіне есте сақтау қабілеті жақсы жастар түгілі, ересек адамның өзі жадында сақтап қала алмай жатады. Себебі бұл – күрделі ойын. Тарихы тереңде жатқан шахматтың адамзат баласы үшін маңызы жетерлік. Бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай ескіден қалған есті ойынды жаңғыртып, Ұстаздар күні мерекесіне орай облыстық спорттық турнирді өткізуді ұйымдастырған Қызылорда Облысының Білім Басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына алғысымыз шексіз.

Олжас Кожантаев,

Академик С.А.Джиенкулов атындағы

Байқоңыр жоғары колледжінің

«Дене тәрбиесі» пәнінің оқытушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2022
266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі