«Бақанас аграрлы –
индустриалдық колледжі» МКҚК
ОЙ МЕН БОЙ ТӘРБИЕСІ
ЕГІЗ
Дене тәрбиесі пәнінің
оқытушысы
Курманбеков Айбол
Казыбекович
ОЙ МЕН БОЙ ТӘРБИЕСІ ЕГІЗ.
Баланың
дене жағынан қалыптасуы оның интелектуалдық және моральдық еріктік
жетілуімен , барлық психикалық қызметтерінің дамуымен тығыз
байланысты. Акселерацияның дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде
қазіргі балалар тез (бойлары бұрынғы ұрпақтарға қарағанда орта
есеппен екі жыл бұрын) өседі.
Қазіргі
таңда қоғам мүшелері балалардың дені сау, ойлы, әдемі, күшті болып
өсуін тілейді. Баланың жетілуі дені сау болуы үшін күрес оның
өмірінің алғашқы күнінен басталады. Бала организмін шынықтыру, күн
тәртібін дұрыс ұстану – дене тәрбиесінің алғашқы
қадамдары.
Таңертеңгі денешынықтыру балалардың терең тамыр жайған
әдетіне айналуы тиіс. Күннің көзі, ауа, су – табиғаттың мұндай
күштері денені шынықтыруға үлкен септігін тигізеді. Баланың ой -
өрісінің жетілуі, дененің өсуіне көбіне қимыл - қозғалыстар көп
әсер етеді. Мысалы: секіру,өрмелеу,жүгіру, кермеге тартылу, доп
тебу. Ол баланың денесіне кұш түсіреді; тыныс алуын, қан айналымын
жаттықтыру, жылдамдық пен төзімділікке тәрбиелеудің жақсы құралы
болып табылады.
Өсу – бұл анатомиялық және
марфологиялық көрсеткіштердің , яғни дененің ұзындығы мен
салмағының өзгеруі.
Бала
организмдерінің өсуі мен жетілу процестері бір – бірімен белгілі
тәуелділікте болады. Қалыпты жағдайларда екі процессте үздіксіз
жүреді , бірақ әруақытта бірдей бола бермейді: өсу мен жетілудің
күшею кезеңдері баяулау кезеңдерімен алмасады.
Жалпы білім беретін оқу
орындарында жастардың денсаулығын сақтау , дене тәрбиесі мен
спортты жетілдіру міндеті қойылып отыр. Бұл рухани бай , ой
еңбегіне – бой еңбегі сай, азаматтарды тәрбиелеу. Мұндай жан –
жақты
үйлесімді жетілген жастарды тәрбиелеу, кәсіби мамандар
үлесіне тиетіні анық. Дене тәрбиесі көлеміндегі қимыл – қозғалыс
пен жаттығулар жастарды батылдыққа бастап , сымбатты сомдап, денені
ептілікке баулу, сонымен қатар тазалық, бой, ой еңбек барысындағы
жұмсалған күш қайратты толықтыра білу.
Еліміз
жас ұрпақты жас кезінен дене күші рухани күшіне сай жетіліп,шынығып
өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қаматамасыз етуді дене тәрбиесі
саласының аса маңызды міндеттерінің бірі деп санайды.Жан-жақты
үйлесімді дамыған азамат тәрбиелеудің негізі мектеп қабырғасында
,әртүрлі оқу орындарында дене тәрбие ісін жақсартудан,маңызын
халықтық тәрбиемен ұштастырудан қаланады.Халықтық тәрбие ,ол ұлт
болып қалыптасуымен қатар бірге туып,бірге дамып келе жатқан тарихи
көне процеске жатады.
Ондай
тәрбие жүйесінің халықтық педагогикамен тығыз жүргізілуі тиіс.
Халықтық педагогика депұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға
созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени
ойлау процесінің озық үлгілерінің жиынтығы деп түсінеміз.Бүкіл
дүниенің табиғи тұтастығы бүгінгі күні апат-алқымға жетіп тұр.Ол
табиғи тұтастықтың бұзылуы,адам бойындағы тұтастықты қалыптастыруға
қатысты деп санаймыз.Сонда ғана адамзаттың өз бойында ішкі және
сыртқы күш қасиеті толықтырып,қанағаттандырып отырса,керісінше
сыртқы күшті ішкі қасиеттер қуаттайтындай үйлесімдік болса,жеке
тұлғаның нағыз толық тұтастығы сонда қалыптасатын болады.Ішкі
күшке:ақыл-ой,жүрек,қайрат,қуат,тазалық тағы басқалар
жатады.Ал,сыртқы күшке жататындар –ол бүкіл дененің
қимыл-қозғалысы,бұлшық ет күші,қол,аяқ,иық,бас.
Дене
тәрбиесі функциясын кеңірек қарағанымызда да, дене тәрбиесі мен
спорт қозғалысының түрлерін таңдағанымыз да,сол мамандарды тек
белгілі бір бағытта ғана,белгілі бір модельдің сапасы сияқты.Дене
тәрбиесіндегі дене тәрбиесін
насихаттау,оның рухани мәдениетпен өзара әрекет етуі басым
бағыттатардың бірі болып қала береді.Дене тәрбиесін насихаттауды
дамытып,жетілдіруді тікелей адамға бағыттап,сырқаттың алдын
алудағы,ұзақ жасаудағы дене тәрбиесінің ролін адам иланатындай
түрдк көрсету керек.Басты міндет өз ағзасын танып-білуге
қызығушылықты арттыру,сырқаттанудың алдын –алудағы дене тәрбиесі
құралдарының мүмкіндігін көрсету,дене жаттығуларымен дербес
шұғылдануды кең түрде тарату.Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер мен
жаңалықтардың нәтижелеріне сүйене отырып,дене тәрбиесін
насихаттаудың тартымдылығын, сенімділігін,нақтылығын қамтамасыз
ету,бұл ретте қазіргі уақытта барлық ақпарат құралдарын пайдалана
отырып,оған ағартушылық сипат беру,
Балалар мен оқушы жастардың
дене тәрбиесі саласындағы мектеп пен отбасының бірігіп атқаратын
жұмыстарын тұрақты түрде дамытып,жетілдіріп отыру қажет.
Сөйтіп
алынған материалдар оқушы жастардың әскери қызметке және дене
қасиеттерін қалыптастырудың тұжырымдамалық моделі бойынша
жүргізілетін дене тәрбиесінің қазіргі жағдайға сәйкес келетінін
дәлелдейді.
Бұл
ретте оқушы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға жататын
негізгі мәселелері шешіледі.Жеке тұлғаның дене тәрбиесі нақты
тарихи құбылыс болып табылады.Оның теориялық қайнар көзі-халықтық
және классикалық педагогика.Жалпы адамзаттық және гуманизм
идеясының басымдылығына негізделген денсаулықты нығайту мен
салауатты өмір салтына ұстанған бағыт жеке тұлғаның жалпы
мәдениетінің құрамды бір бөлігі есебінде осы құбылыстың мәнін
түсіндіру арқылы оқушы жастар дене тәрбиесін қалыптастыруды жұзеге
асыруды талап етеді.Қозғалыс әрекеттеріне жағымды себептерді
қалыптастыруға және денсаулықты нығайтуға бағытталған педагогикалық
тұтас процесс арқылы қалыптасатын жеке адамның жалпы мәдениетінің
құрамдас бөлігі есебінде дене тәрбиесі жеке тұлғаның біріккен
қасиеттерін көрсетеді.Оған ойлау,байқағыштық,өзін-өзі ұстай білу,
тәртіп-тілік,адалдық,батылдық ,отансүйгіштік,әскери қызмет етуге
дайын болуы,шешімділік секілді зиялы қасиеттер енеді.
Баяндаманы мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп
отыр:
Денсаулықты сақта, түзу
өсесің
Күнәдан пәк жаннат өмір
кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой
дерт шалса,
Хараммен тәніңді улап не
етесің
Сақта өзіңді, жақсылыққа
жетесің, - деп қасиетті “Кұран кәрім” кітабында айтылған.
Қазіргі заманда салауатты
өмір салтын берік орнықтыру – бүкілхалықтық маңызды қозғалысқа
айналып отыр.