Материалдар / "Ойна да, ойлан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ойна да, ойлан"

Материал туралы қысқаша түсінік
эстафеталық сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2018
660
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ойна да, ойлан» тапқырлар ойын - сауығы.


Білім  саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене тәрбиесі
Тақырыбы:  «Ойна да ойлан» тапқырлар ойын сауығы.
Мақсаты: 1. Балалардың танымдық білімдерін және  спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау.Жан – жақты сауатты,дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу.Ойын арқылы логикалық қабілетін, танымын дамыту.Жылдамдылыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.


Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.стакан, қап, газет, шығыршық.
Барысы: 1. Кіріспе сөз:
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, тәрбиешілер және бүлдіршіндер! Бүгінгі «Ойна да ойлан »тапқырлар ойын сауығы атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін зерек топ балалары арасында сайыс өткізгелі отырмыз. 
Жүргізуші:        Ал, құрметті халайық,
                          Жарысты енді көріңдер.
                          Әділ қазы алқасы,
                          Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Балабақша меңгерушісі

3. Балабақша психологі

Спорттық сайысымыздың әр кезеңі 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы «Жауқазын» және «Балапан» ортаңғы топ балалары «Жас қыран» «Жұлдыз» деген екі топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

Екі топ ортағы шығып өздерін таныстырады.



«Жас қыран» тобы оң иықпен оңға бұрыл! Алға бас.

«Жұлдыз» тобы сол иықпен солға бұрыл! Алға бас.

Бүгін балалар 2топқа бөлініп бақ сынайды. Қай топтың балаларының күші басым, епті жылдам екенін жарыс барысында байқайтын боламыз.

Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
1. Кедергі жолақтар.

2. «Сылдыр, сылдыр, сылдыр су».
3. Кенгуру

4. «Кім жылдам».

5. «Тәтті жұптар».

6. «Газетпен жүгіру».

7. Арқан тартыс.
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.


Жүргізуші:
Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға көшейік.                    
   1
. «Кедергі жолақтары» эстафетасы.

Шарты: Гимнастикалық орындық үстімен ішімен еңбектеу, сақинадан өтіп, жалауға жүгіру.


«Артық болмас білгенің» таным саласы бойынша сұрақ:

1.Қыс мезгілінде неше ай бар? (үш)

2.Төрт бұрышта неше бұрыш бар ?(төрт)

3.Бір аптада неше күн бар? (жеті)

4. Бір жылда қанша мезгіл бар ? (Төрт)

5. 8 бен 10 арасында қандай сан бар? (Тоғыз)

6. 5 пен 7 арасында қандай сан бар? (алты)


Жүргізуші:
 Денің сауда күштісің бұл әлемде,
 Денің сауда сұлусың жер бетінде.
 Сол мықты денсаулықтың арқасында,
 Жетерсің әлі талай бақыттарға.




2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Сылдыр, сылдыр, сылдыр су».
Шарты:Әрбір қатысушы қолдарына стаканға құйылған суды алады. Сол қолдағы сумен жарыстың соңғы нүктесіне дейін жүгіріп, қайтып жарыстың бастау сәтіне келіп тоқталады. Қолындағы стаканды келесі қатысушыға береді.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреудің қатты істейтін миы бар.
5. «Ойлы болсаң, озып көр  » сайысы. Мақал – мәтелдерді аяқтау. Катынас саласы

1. Денсаулық -........................ (зор байлық)
2. Тәні саудың -....................... (жаны сау)
3. Емнің алды -................................ (еңбек)
4. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)
       Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.


3.
Келесі ойынымыз «Кенгуру» деп аталады.
Ойын шарты: Әр топтан бір бір оқушыдан шығып, қаппен секіреді. Ойын осылайша жалғасады.

«Зерек болсаң, шешіп көр» «Таным» саласы бойынша жұмбақ

8. «Жұмбақ сайысы».
1. Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың
Бұл не?(сабын)


2. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не?( тарақ)
3.Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай шу (Түлкі)


4. Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім
Домалап шықты алдымнан.
(Бауырсақ)

5.Адамға серік,
Күзетке берік (Ит)


6.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
(Қой)


Жүргізуші:          Жатып ішер боп жалқау,
                             Бойкүйез болма, еріншек.
                             Айналысып спортпен,
                             Талаптан, жаттық еңбекпен.


4.Сайысымыздың келесі бөлімі:«Кім жылдам».

Төрт тағандап тунелдің ішінен өтіп, шарды себетке салу межеден айналып өту.Қайтадан тунельден өту.


5. Сайысымыздың келесі бөлімі :«Тәтті жұптар».
Қолдың ұшын тигізбей, иыққа допты қойып, басымызбен қыса отырып жалауға дейін жүреміз.


6. Сайысымыздың келесі бөлімі :«Газетпен жүгіру».
Әрбір қатысушы қолдарына екі газет алады. Екі газетті қатар, яғни алдына қояды. Бірінші газетті басып, екінші газетті басады. Одан әрі артына айналып, қайтадан бірінші газетті алып қояды. Сөйтіп, соңына дейін осылай жасай отырып, қасына газетті алып қайтадан орнына жүгіріп, өзінің қарсыласына беріп кетеді.


7. Сайысымыздың келесі бөлімі :«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен жарысады.

Әділ қазылар әділ бағасын шығарып болғанша әнге кезек берейік
Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,
                          Жақсы ән мен тәтті күй.
                          Көңілге түрлі ой салар,
                          Әнді сүйсең менше сүй» дей келе

Ән: «Жауқазын» тобының бүлдіршіндерінің орындауында: «Сәл саған туған ел» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:  Өнерге биік сеніңіз,
                          Думанға қызық келіңіз.       
                          Әділ қазы ел сенген,
                          Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші:  Құрметті сайысқа қатысушы балалар, жүлделеріңіз құтты болсын! 
Бүгінгі «Ойна да ойлан » тапқырлар ойын сауығы атты спорттық жарысымыз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!