Материалдар / Ойын арқылы бала тілін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы бала тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын - балалар үшін шындық.Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді.Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады.» Дидактикалық ойындарға лото, домино, «Қуыршақты киіндір», т.б. Арнайы таңдалып алынған ойындар ( «Не жоқ?», «Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы сандық», «Ғажайып қонжық» т.б) ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойын арқылы бала тілін дамыту

К.Д.Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын - балалар үшін шындық.Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді.Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады.»

Дидактикалық ойындарға лото, домино, «Қуыршақты киіндір», т.б. Арнайы таңдалып алынған ойындар ( «Не жоқ?», «Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы сандық», «Ғажайып қонжық» т.б) ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады.

Балаларды сөйлеуге үйретуге арнайы оқу-құрал ретінде ойыншықтар да қолданылады. Бір жағынан ойыншықтар балалардың өз бетінше сөйлеуін қалыптастырады. Ойыншықтар белгілі тапсырмаға лайық таңдалып алынуы тиіс.Ойыншықтар қатарына: ойыншық жиһаз, ойыншық ыдыс ойыншық аңдар мен көлік түрлері кіреді.

Ата-ана мен балабақшаның өзара ынтымақтастықта болуы, әсерлі ойын-сауықтар, байқаулар баланы сенімділік пен белсенділікке шақырады және жақсылыққа баулиды.

Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.

Ойынның негізгі ерекшелегі – Балалар үн-түнсіз ойнамайды.Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлеу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады.Сөйлесіп жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен маңызын анықтайды.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойлайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Қонақта», «Шаштараз», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с болып ойнайды.

Ойынның сюжеті, мазмұны – бқл оның жанды тқлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойынға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез – құлқы мен өзара қарым-қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір.Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білуі қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс.

Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнайы құрылыстар, ғимараттар, көптеген құрылыс материалдар күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс.Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті- рольдік, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті- рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-рольді ойында бейнелеу құрылы роль мен ойын әрекеттері болып табылады.Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекетіне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.

Драматизациялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті-рольді ойынға ұқсас. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Құрылыс ойыны- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті-рольді ойынға ұқсас келеді, және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар, цирктер .б ірі құрылыстар салады.Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады.Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі.

Дидактикалық ойынның нәтижесә қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.Дидактикалық ойындарда да балалардың алдында қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б.Олар балалардың түсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі.Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі.Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған құыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектіледі болуы керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар ( «Қайда не өседі?», «Бұл кімге керек?»т.б )пазлдар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар ( «Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанға тигіз» т.б) мозайка итптес ойындар жатады.

Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүргізу, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға жәнне жетілдіругемүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке- психологиялық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйлілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өзкізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтаының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Қимылды ойындарды ұлттық ойындар желісінде ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Соқыр тек», «Көкпар», «Асық» ,«Бәйге», «Тақия тастамақ» т.б ойындар жатады.Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетілеі.

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де оәын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезінде өтеді.

Өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауьосы ойын үстінде көрініс табады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Отбасы және балабақша» 2015 ж

  2. Аймағанбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А 1991 ж

  3. Бала тәрбиесі 2016-2018 ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!