Материалдар / Ойындар арқылы балалардың тілдік қорын , ойлау қабілетін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойындар арқылы балалардың тілдік қорын , ойлау қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбынң тәрбиешілеріне керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2020
314
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығармашылық есеп

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы

«Новокаменка орта мектебі» КММ

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Аубакирова Тахмина Кощербаевна


Ойындар арқылы балалардың тілдік қорын , ойлау қабілетін дамыту


«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық
қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес»
В.А Сухомлинский


Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие, сапасын жақсарту қажет. Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану – баланы жан− жақты терең ашуға, оған бағыт бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгеріп отырып олардың ой− өрісін, білім дағдысы деңгейін,кеңейту, сана сезімін, таным қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет. Осындай мақсатта қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі- ақпараттану болғандықтан, бүгінгі адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесі компьютердің де маңызы зор. Оқу іс-әрекеттерінде интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызықты өткізуге тырысамын.
Инновациялық технологиялардың ерекшелігі – білімді жатқа меңгерту емес, балалардың өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығында. Ол есту, көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту арқылы балаларды мынадай жетістіктерге қол жеткіздім.
Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды, әр баланың жеке қабілеті анықталды;
Бір−бірімен бәсекеге түсе алады, өзін – өзі бағалай алады, қорытынды жасай алады.
Білім саласындағы өзгерістерді нәтижелі шешу үшін, оқыту үрдісінде инновациялық технологияларын, соның ішінде шет елдік тәжірибелерді, З. А Михайлова, Мария Монтессори мектебінің элементтерін біз пайдаланып келеміз. Себебі, осы авторлардың педагогикасының негізі әдіс тәсілі дамытушы ортадағы балалардың еркін іс-қимылы, ойыны мен қызығушылығын дамытады. 
Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды; өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып, бала одан әрі нәтижелі дамиды. Бала ұқыптылыққа үйренеді, өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді, тез әрі тереңнен ойлау қабілетін дамытады.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Мектепалды даярлық сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.

Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.Сондықтан кез - келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек.Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалардың өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.

Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдарының бірі. Осы бір ерекшеліктерді ескере отырып мен өзімнің ізденіс тақырыбым « Ойындар арқылы балалардың тілдік қорын , ойлау қабілетін дамыту» деп алдым. Осы тақырып бойынша ашық сабақтар , тәрбиешілерге кеңестер оқып , ата – аналар арасында кеңестер беріп тұрамын. (Сурет №1)


















Сурет №1 Оқушылармен ойын барысы


Picture 12 Еліміздің өсіп –өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім мен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде, таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу білім беру ұйымдарына жүктеледі. 
“Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады ”деп ұлы Абай атамыз айтқандай оқушылардың жетістікке жетуін де мұғалімнің ролі ерекше. Осы әдістемелік тақырыппен жұмыс істеу барысында оқушылармен көптеген халықаралық деңгейде өткізілген байқауларда жетістіктерге жетудеміз. (Сурет №2)



Picture 11



















Сурет №2 Халықаралық Пони байқауының жеңімпазы.



«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» − деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген ынтасы, қарым− қатынасы, мінез- құлық көріністері − олар өсіп есейгенде де жалғаса беретіні сөзсіз. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны, ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрлері: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,қоршаған ортамен таныстыру,экология негіздері, құрастыру арқылы жүзеге асады. Осы сала бойыншада оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамыту мақсатында әр түрлі республикалық байқауларға қатысып жүлделі жеңістерге жетудеміз.(Сурет №3)



























Сурет №3 Республикалық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары


Психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Дидактикалық ойын – балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Оның нәтижесі – балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Әрбір сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға, түрлендіріп ұйымдастыруға тырысуымыз қажет. Сөздік-қимылды ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, тақпақтар, ертегілер және суретті кітапшалар қолдану балалардың қиялын шарықтатып, дамытады.(Сурет №4)






















Сурет №4 Оқушылардың шығрамашылығы


Мектепалды даярлық сыныптарында адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек
. Мектепалды даярлық сыныбының балаларын оқытқан кезде, дидактикалық ойыншықтар мен материалдарға көбірек көңіл бөлу арқылы балалар белсенділігін арттыруға болады. Балаларға ойындардың мәнділігін, оларды өткізудің әдістерін ойластыра отырып балаларға әсер ете білу, дидактикалық тапсырмаларға барлық балаларды қамтуға тырысу, ойын-сабақтар арқылы тиімді білім беріп, «қабылдау, ойлану, сөйлеу» психикалық процестерін жетілдіру, баланың ойлау және қиялдау қасиеттерін дамыту. (Сурет №5)









Сурет №5 Республикалық байқаулардың жеңімпаздары


Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген оқушы үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз. Осы бір үдерісті жалғ

Picture 39 ай отырып мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі ретінде көптеген жетістіктерге жетудемін. Соның бірі Қызылжар аудандық білім бөлімінің алғыс хаты. (Сурет №6)









Сурет №6 Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты


Ойын –бір жағынан баланы бірден қуаышқа бөлесе, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған. Өйткені ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік сезім, қасиеттер мен дағдылар, икем қалыптасады. Сонымен бала өмірінен маңызды орын алатын оқытудың бір түрі-ойын, жаттығулар екені анық. Олай болса «оқыта отырып ойнайық, ойната отырып оқытайық» деген пікірді ұстана отырып, балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптасытыра алатын, адамгершілік жоғары , мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын , әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек. Өз тәжірибемді бөлісу мақсатында мектептегі, аудандық семинарға қатыстым. Сонымен қатар түрлі қашықтықтан өткізілген байқаулардын Алғыс хаттарға ие болдым. (Сурет №7)














Сурет №7 Мұғалімнің жетістіктері


Мен өз тәжірибемде оқу іс әрекетерді ойын түрінде өткізгенді жөн көрем. Себебі, ойын арқылы бала материалды тез ұғынады.Балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытады. Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады . Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді, дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Жас ұрпаққа сапалы білім , саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді одан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол.Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен , күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті , әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестерінежоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!