Материалдар / Ойындардағы қиялды дамыту 4 сынып қмж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойындардағы қиялды дамыту 4 сынып қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
4.2.3.1 Әділ ойында нәтижеге қол жеткізу үшін стратегия мен тактикалар құру. 4.2.1.1 Қозғалыс қызметінде міндеттерді және рөлдерді талдау. Бірлескенқиялды дамыту ойындарында стратегия мен тактикаларды құру, әділ ойын шарттарын ұстану жәнетапсырмаларда міндеттерді және рөлдерді бөліп алып орындау. Бірлескен тапсырмаларда ұтымды стратегия мен тактикаларды пайдаланады,ойында әділ нәтижеге қол жеткізеді және бірлескен ойындарда міндеттерді және рөлдерді анықтайды, орындалуын талдайды. Топтық әрекет аясында бірігуді түсінуді талқылау, оқиғаға негізделген әрекеттердің, ізіне түсу әрекетінің мәнін түсіндіру үшін: • ереже, қатер, қауіпсіздік; • оқиға, стратегия; • талқылау, жоспарлау, қарау, бағалау, есептеу; • үңгір, көзді жапқыш; • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2024
524
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Бірлескен және шытырман тапсырмалар арқылы оқыту.

Ортақ тақырып:Қоршаған ортаны қорғау.

Мектеп: Ұзын ата жалпы білім беретін мектеп

Күні:11.03.2024ж

Мұғалімнің аты-жөні: Таңжаров М

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ойындардағы қиялды дамыту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 Әділ ойында нәтижеге қол жеткізу үшін стратегия мен тактикалар құру.

4.2.1.1 Қозғалыс қызметінде міндеттерді және рөлдерді талдау.

Сабақ мақсаттары

Бірлескенқиялды дамыту ойындарында стратегия мен тактикаларды құру, әділ ойын шарттарын ұстану жәнетапсырмаларда міндеттерді және рөлдерді бөліп алып орындау.

Жетістік критерийі

Бірлескен тапсырмаларда ұтымды стратегия мен тактикаларды пайдаланады,ойында әділ нәтижеге қол жеткізеді және бірлескен ойындарда міндеттерді және рөлдерді анықтайды, орындалуын талдайды.

Тілдік мақсаттар

Топтық әрекет аясында бірігуді түсінуді талқылау, оқиғаға негізделген әрекеттердің, ізіне түсу әрекетінің мәнін түсіндіру үшін:

  • ереже, қатер, қауіпсіздік;

  • оқиға, стратегия;

  • талқылау, жоспарлау, қарау, бағалау, есептеу;

  • үңгір, көзді жапқыш;

  • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

Құдылықты ұластыру

Оқушылар өзінің және өзгелердің физикалық қасиеті мен жетістіктеріне құрмет пен әділдік сезімін дамыту және әлеуметтік жауапты азамат болуға дағдыландыру, білім мен түсінік қалыптастыруға бірегей мүмкіндік беру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану.

Ақпараттық технологияны қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;Көшбасшылық, ынтымақтастықhttps://summercamp.ru/%D0%98%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%BD%D0%B0_%D0%BB%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE

Ұсынылатын алдын ала білімдер

Осы бөлімде оқушылар көшбасшылық дағдыларын, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді, ойын оқиғалар арқылы біріккен тапсырмаларды орындайды, елестетуді дамыту ойындарында тактикалық әрі стратегиялық шешімдерді құруды үйренеді.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барыс

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Арақашықтықты сақтау.

Жаттығуларды біркелкі, үйлесімді, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен жиі-жиі, тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу, демді ретке келтіру. Кең шеңбер жасап тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді негізгі бөлім тапсырмаларына дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.


Сабақтың ортасы











(Б, Т) Барлық ойыншылар 5 адамнан топтарға бөлінеді. Әр бестікке төрт алаң беріледі. Өз алаңының арғы жағына шығып кетуге болмайды. Әр бестіктің ішінде ойыншылар екі командаға бөлінеді: біреуінде 3 ойыншы – шабуылдаушы, басқасында 2 – қорғаушы. Шабуылдаушылар бір-біріне беріп, оны қолынан келгенше ұзағырақ ұстап тұруға тырысады, ал қорғаушылар допты ұстап алуға тырысады. Допты беруде қателік жіберген шабуылдаушы қорғаушылармен рөлдерін ауыстырады.

(Б, К, Т, Тәж,ф) Барлық сыныпқа «шабуыл жолағынан» (кедергі жолағы) өтуді айтыңыз. Гимнастикалық, спорттық құралдары арқылы кедергілерден өту топтамасын құрастыру. Оқушыларға құрал мен объектілер керек. Олар арқылы, төбесінен, төменнен, үстінен өтеді және ол физикалық тапсырма саналатын болады. Барлық оқушылар тапсырманы орындау амалын түсінген соң, олардан өтеді және алдын ала 3-4 топтарға бөлініп, кімнің жылдам екенін анықтайды.

Рефлексия. басқа оқушыларды бағыттаған көшбасшы тобыңызда болды ма? Әлде, идеялармен бөлісіп, бірге жұмыс істедіңіз бе? Команда ретінде шабуылдаушы жолағын тезірек аяқтау үшін қандай стратегияны жасадыңыз?

Үлкен бос кеңістік. Өрмелеп шығуға арналған жіп сияқты гимнастикалық құрал, үстелдер, қораптар, өрмелеп шығуға арналған өрмек жібі. Автомашина шиналары, пластмассалы бөтелке немесе ескі жіптер сияқты ағаштардың арасында байланған өңделген материал.

Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Бірлескен жұмыста стратегия мен тактикаларға назар аударады, міндеттермен, рөлдерге анықтамалар береді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.



Бірлескен және шытырман тапсырмалардаәділ ойын шарттарына, стратегия мен тактикаларға мән беру. Физикалық жүктемелер барысында күшті дұрыс жұмсауды ұстану, барынша тапсырманың мағынасын ашу, төзімділікті дамыту.Әділ ойын нәтижелері бойынша жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар міндеттерді және рөлдерді, сынып алдында дағдыларын өз бетінше көрсету, дене белсенділігіне көңіл бөлу. Тапсырмалардың деңгейлерін күрделендіру, орындалу нұсқаларын ұсыну.

Оқушылардың өз бетінше әр-түрлі қозғалыс,қиялды дамыту тапсырмаларын дамытуға жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу, өзіне тән тәсілдерін байқап көру, орындау амалдары. Бірлескен жұмыста ойынның баламалы нұсқаларын әзірлеу, анықтау, қолдану амалдары. Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру амалдарын қолдана білу. Бірлескен жұмыс барысында күшті дұрыс жұмсауына, дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Физикалық жүктемелер барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Бірлескен жұмысқа бағытталған тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға жете назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, ойынның баламалы нұсқаларын әзірлеу, қателерді түзету, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізу.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға төзімділігін, дағдысын қалыптастыруға, дағдылануға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жүйелі жаттығулар жинағына, қозғалыс әрекеттерінің шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар.Тапсырмалардың, жаттығулардың айырмашылығы.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі стратегия мен тактикаларды ұсыну әдістерін қарастыру. Әділ ойын нәтижелеріне байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!