Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ойыншықтарды қалай таңдаймыз?

Материал туралы қысқаша түсінік
ойыншыктар туралы кенес мектеп жасына дейинги балаларга арналган ОЙЫНШЫКТАР ТУРАЛЫ ЖЕТИ МАНЫЗДЫ ЕРЕЖЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы

31 «Күншуақ» МДҰ тәрбиешісі

Онкалбаева Салтанат Жалгасовна

Ойыншықтарды қалай таңдаймыз?

«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да болмайды және болуы да мүмкін емес .Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті , ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып , өзін қоршаған , дүние туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз –ұшқын ,білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты»

В.А.Сухомлинский

Ойыншық , баланың өз сезімдерін көрсетуге , өзін қоршаған дүниені зерттеуге мүмкіндік беретін ортасы болып табылады.Ойыншық баланы қарым- қатынас жасауға және өзін –өзі тануға үйретеді. Сондықтан ойыншықтар әр түрлі т үсінікті , жарасымды болу керек.

Баланың психикалық және денесінің дамуының түрлі аспектілеріне ойыншықтардың көп түрлілігін құрылымдауға болады.

-моторлы –спорттық ойыншықтар – доп , сақина , секіргіш , кегли волейбол , мозаика –ірі және ұсақ қол қимылдарын , көзмөлшерді дамытуға мүмкіндік жасайды;

-сюжеттік ойыншықтар -адамдар , жануарлар , көлік , жиһаз шығармашылық еліктеу ойынын дамытуға мүмкіндік жасайды , ал ол арқылы бала өзінің әлеуметтік тәжірибесін анықтайды , бекітеді және тереңдетеді;

-шығармашылық еңбек ойыншықтары -әр түрлі модельдер –құрастырушылық қабілет пен ойлап табушылықты дамытады;

-техникалық ойыншықтар- машиналардың әр түрлі түрлері ойыншық фотоаппараттар , колейдоскоптар – бұларда конструкторлық қабілетті дамытады , техникалық ой - өрісті кеңейтеді , құрылыс пен техника деген қызығушылықты тудырады;

-үстел үстілік ойындар- тапқырлықтың , зейіннің дамуына түрлі түсті көлемді жылдам аңғаруға , сауаттылықты , санауды меңгеруге мүмкіндік жасайды , ережелері бар ойын бала ұжымын ұйымдастырады.

-көңілді ойыншықтар- секіретін қоян , қарқылдайтын үйрек , құйрығы айналатын құс- баланы әзіл –оспаққа тәрбиелейді.

- музыкалық ойыншықтар – өлең айтатын құстар , ойынщық музыка аспаптары , музыка әуендері бар ойыншықтар –музыкалық қабілеттің дамуы үшін қызмет етеді;

-Театралдық ойыншықтар- көлеңкелі театр , ойыншықтар , қуыршақтар театры –жеке театр ойындарына жақындатып , баланың көркемдік қабылдауын байытады.

Баланың өмірінде жұмсақ ойыншықтардың алатын орны ерекше , себебі бұл ойыншықтардың жасалған материалының фактурасы ойыншыққа деген эмоционалдық қарым-қатынасқа көп ықпал етеді .Қабылдау заңына сәйкес , балалар бір жануарды бейнелейтін ғ бірақ түрлі фактурадағы ойыншықтарға әр түрлі қарым-қатынаспен қарайды.

Ағаш ойыншықтар өз түстері мен өрнектерін бірнеше рет өзгертті.Бірақ бұл өзгерістерге қарамастан , бұл ойыншықтардың үйретушілік функциясы өз мәнін жоғалтқан жоқ.Олардың биіктігі , ені көлемі түсі бойынша салыстыруға үйренеді.

Әртүрлі алмалы-салмалы ойыншықтар құрылымының өзі балаға зін-өзі бақылауға мүмкіндік береді:мәселен матрешканы дұрыс жинамау мүмкін емес –тек үлкеннің ішіне ретпен сала алады.Сондықтанда мұндай ойыншықтарды көбіне автодидактикалық деп атайды.

Барлық қуыршақтарды да өзінің сыртқы түрі бойынша ерекшелендіретін бірнеше топтарға бөлуге болады , бұл баланың ойыншықтармен қарым-қатынасын анықтайды.

Егерде баланың эмоционалдық күйін үйлестіруге ойыншықтың қандай көмек көрсететіндігін туралы білу үшін ,онда барлық ойыншықтарды үш үлкен топқа бөлу керек:

А)шынайы өмірден алынған ойыншықтар.Бұл топқа қуыршақтар отбасы қуыршақтар үйі , баланың шынайы отбасының мүшелерін бейнелейтін кейіпкерлер мен қуыршақтар жатады. Осылайша бұл ойыншықтар бала үшін өзінің сезімдерін тікелей көрсетуге мүмкіндік жасайды.

Б) агрессияға назар аударуға көмектесетін ойыншықтар.Бұл топқа қару-жарақ , резинадан жасалған пышақ , қолтырауын , оцыншық жауынгерлер жатады; яғни бұл ойыншықтардың көмегімен балалар ашу ,өшпенділік және фрустрацияны көрсете алады.Агрессиялық сезімдерді меңгеретін материалсазбалшық болып табылады. : оларды илеуге ,соққылауға , лақтыруға , бар күш –жігерімен жаюға , күшін салып , бөлшектеуге болады.

В) шығармашылық өзін-өзі көрсету және эмоцияларды әлсіретуге арналған ойыншықтар. Ойыншықтардың бұл тобына құм және су , паоитра және бояу ,текшелер жатады. Құм мен судың құрылымы жоқ және баланың қалауынша кез келген нәрсеге айнала алады, бұл жерде мүмкіндіктер щексіз.

Ойыншықтарды таңдаудағы жеті маңызды белгі осыдан шығады.Ойыншық:

1.Қарапайым және қол жетімді;

2.Баланың белсенді қызметін ынталандыруы;

3.Баланың қызығушылығының талаптарына сай;

4.Оның бойындағы этика , эстетика ,мәдениетті ұстауы;

5.Эстетикалық үйлесімді;

6.Ұлттық салт-дәстүрмен байланысты;

7.Берік және қауіпсіз болу керек.




Пайдаланылған әдебиеттер:

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасында тәрбиеленуі»

Евдокимова С.Л Цветкова Н.А 2014



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.08.2021
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12