Материалдар / Өлкені сипаттау өнері. Б. Момышұлы шығармаларындағы туған өлке . Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып. Қазақ әдебиеті

Өлкені сипаттау өнері. Б. Момышұлы шығармаларындағы туған өлке . Сабақ жоспары. ҚМЖ 6-сынып. Қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарында жазушының "Ұшқан ұя" шығармасы және туған жер, ел туралы нақыл сөздері қамтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2024
127
2 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

6

Сабақтың тақырыбы:

Өлкені сипаттау өнері. Б. Момышұлы шығармаларындағы туған өлке

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6. 1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.2.2.1 эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаты

- әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды;

- эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал


Үй тапсырмасын сұрау

Мұғалім тақтаға «Қарым-қатынас қандай болу керек?» деген сұрақты жазып қояды. Оқушылар кезекпен-кезек шығып бір сөзбен ойын жазып кетеді.

Мысалы:  - Сыйластықта  - Жақсы  - Бір-бірін қорғау керек 

- Жақсылық жасау керек  - Дос болу керек 

- Қайырымды болу керек  Жазғандарын сынып оқушылары оқып болғаннан кейін мұғалім қойған сұраққа жұпта сөйлеседі


Б.Момышұлына қатысты 3 сурет арқылы 3 топқа бөлінеді.


Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады




Сабақтың басы


«Ойқозғау»

Мұғалім сөзі

Әр адамға өзінің туған жері ыстық. Өзінің кіндік қаны тамған жері, ата-бабасының ең алғашқысынан бастап қоныс теуіп, барлық үрім-бұтағының өсіп, көркеюіне куә болып табылатын қасиетті жер әркімнің жүрегінің төрінен орын тебері айқын. 

Жамбыл облысы Жуалы ауданы небір мықты тұлғаларды елге сыйлаған қасиет ті өлке. Әрбір туған елдің туын желбіретіп, танымал еткен қайсар ұлдары бар болатыны анық, сол секілді менің де туған өлкемде бірнеше тарихи азаматтардың туылғаны мен үшін үлкен мақтаныш. 

Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылығымен танысу.

Бейнеролик көрсетіледі.

«Түртіп алу» әдісі бойынша ролик көре отырып маңызды ақпаратты түртіп алып отырады.


https://youtu.be/L3FPolTaFX0?si=e5XCZuLLdJKXh-DA

Жаңа білім



1-тапсырма

Жұптық жұмыс

































2-тапсырма.

Сынып

«Кезбе шолу»әдісі


Өлең мазмұнымен жұмыс

  1. Махмуд Қалидың орындауындағы Мырзахан Ахметтің сөзіне жазылған «Жуалы» әнін тыңдайды.

  2. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан алынған үзіндіні оқиды.

Аспанмен тілдескен ақбас шоқылар есімде. Күн шығып келе жатса керек. Ақ шоқылар алаулап көз қарығар алмастай жарқырап ала жөнелді. Күнде бұл уақытта киіз үйде пырылдап ұйықтап жататын бала, әлдеқалай оянып кетсем керек, әлгі күннің, тау шоқыға

асыла шығып келе жатқанын көргенде, дүниенің бұл кереметіне түсіне алмай тұрып қалған болармын. Тау бөктерінің таңғы самалы тіс сақылдатады. Мына күннің шығып келе жатқан суретіне қадала қарап қалған қалпымды салқын самал да бұза алмаған болар.


Ойпаңда қазатар киіз үйлер. Бөкте 225 ₸ - Сатып алу

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!