Материалдар / "Өміріңе немқұрайлы қарама"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өміріңе немқұрайлы қарама"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
1080
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өміріңе немқұрайлы қарама




Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Өтілу түрі: тренинг

Көрнекілігі: слайды, гүлдің суреті, батман қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Жоспары:

  1. «Мен өзімді таныстырғым келеді»

  2. Бейнебаян көрсету

3. Ситуациялық сұрақтар

4. «Топтас, ойлан, талқыла»

5. «Үкі тағу» өнер көрсету

6. «Менің жер шарым» тренинг

7. «Ән-көңілдің ажары»

8. Қорытынды. «Екі жұлдыз, бір тілек»


Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Жалғызтал ауылы, Тоқтар Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебіне қош келдіңіздер! Бүгінгі «Өміріңе немқұрайлы қарама» атты тренингімді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай. 

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі.
Өмір - сырға толы, қызық әлем. Бірде қуанасың, бірде жылайсың. Алайда өмір адамға 1-ақ рет беріледі..

Өмір - теңіз, тағдыр - кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек. Ал өзін-өзі тану пәні бізге мына өмірде ақ пен қараны ажырата білуге септігін тигізеді. Өз-өзіңді бақылап, көптеген жеңіске жетуге көмегін береді.


  1. «Мен өзімді таныстырғым келеді».

Мазмұны: тренинке қатысушылар аудиториямен амандасып, өздерінің есімдерінің бірінші әріппіне байланысты бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

  1. Бейнебаян қарау. Сол арқылы ойқозғау

  2. Жағдаяттарды шешу.

1. Сіздің досыңыздың отбасылық жағдайы төмен. Мектепке келгенде оқу құралдары болмайды. Сіз досыңызға қалай көмек берер едіңіз? 
2. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді.
  Осы балаға қандай кеңес бересіз?

3. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Сіздің досқа көмегіңіз?

4.«Топтас, ойлан, талқыла» постер қорғау.
Өмір дегеніміз не? 
Оның қандай құндылықтары бар. 
Мұғалім сөзі: Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады.  Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек. 
5. «Үкі тағу » жаттығуы. Мен сіздерге үкі таққымыз келіп отыр, яғни өз өнерлеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз. Қазақта «Өнерлі болсаң, өнерің тасысын» деген сөз бар. Сондай - ақ, қазіргі таңда жастардың бойынан біздер күтпеген, біздер білмейтін өнер түрлері кездесіп жатады. Сол сияқты сіздерден де сондай бір біздер көрмеген, білмейтін өнерлеріңіз болса, ортаға салсаңыздар .

6.«Менің жер шарым» тренингі. Болашақ - жастардікі. Алға үмітпен қарап, білімді, дені сау, бақытты өмір кешуге толық қақылымыз. Қазір сіздерге «Менің жер шарым» тренингін ұсынамын. Мазмұны : А4 форматқа күн суретінің ортаңғы нүктесіне «Мен» деп жазады. Осы күннің шашағының бойына келесідей сұрақтарға жауаптар жазылуы керек.

  1. Менің бойымда қандай қабілеттер бар?

  2. Мен қанадй кітаптар оқығанды ды ұнатамын?

  3. Мен нені армандаймын?

  4. Мен нені есіме түсіргенімді ұнатамын?

  5. Мен нені есіме түсіргенімді ұнатпаймын?

  6. Менің мінезім қандай?

  7. Басқаларға қарағанда, мен нені жасай аламын?

  8. Маған өмірде не көбірек тартымды болып көрінеді?

  1. Ән-көңілдің ажары. «Өміріңе немқұрайлы қарама»

  2. Қорытынды. «Екі жұлдыз, бір тілек».
























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!