Материалдар / Өнер - таусылмас азық

Өнер - таусылмас азық

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қосымша мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
259
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ тақырыбы:

Өнер таусылмас азық

Бөлім:

12. Қазақ ұлттық қолөнері. Ф. Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі (үзінді)

Оқу мақсаттары:

6.1.3.1 - тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің

мағынасын түсіну

Оқушы:

  • тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің

мағынасын түсінеді.

Ақпарат көзі:

Ссылка на видео по теме урока: https://www.youtube.com/watch?v=wSD-EHeJXAQ

Ссылка на урок в bilimland.kz: https://bilimland.kz/ru/subject/kazah-tili/6-synyp/qazaq-ulttyq-qoloneri?mid=300:expressions



Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Зертте


Ө нер таусылмас азық


1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, пікір алмасыңдар. Мәтінді өздерің аяқтаңдар. Кітап, 150 – бет.

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деген халық дана-лығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның дүниетанымына, эстетикалық сезіміне, алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етеді...

«Тәрбие құралы» кітабынан


4-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Керекті мәліметті есте сақтаңдар. Кітап, 151-бет.

Ою-өрнек – тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қол-данылатын нақыш өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әр-түрлі тәсілді қолданады.

Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтық кел-беті айқын танылады. Бізге жеткен ою-өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына. Қазақ қолөнерінде ою-өрнек өте кеңінен қолданылады.

Б.Әбілдаұлы

Орында

6 -тапсырма. Жону, басу, әшекейлеу етістіктерін қатыстырып, шеберлер туралы үш сөйлем жазыңдар. Кітап, 151-бет.



3 тапсырма. Бос орнынға қажетті сөздерді қойып жаз. https://bilimland.kz/ru/subject/kazah-tili/6-synyp/ zergerlik-oner-ashekejlik-bujymdar?mid=07e50da4-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

VI ғ – IX ғ бірінші жартысында жақсы дамыған. Зергерлер әшекейлерді жасауда алтын , балқытып , салу, металға өрнек салу әдістерін қолданды. Айна, күміс және қола -тер, тарақ, , жасау кең тараған.

Адамзат алғаш игерген, зергерлер қолданатын негізгі металдардың бірі – . Бұл металдың жақсы қасиеттері – , төзімділігі, тозбайтындығы.

Алтыннан білезіктер, сақина, жүзіктер, , ілгектер, кеуде әшекейлері – өңіржиек, тұмарша, алқа және шашқа тағатын , шашбау жасаған.

Қажетті сөздер: қолөнер, қапсырмалар, шолпы, жалату, құю, нақыш, білезік, сырға, алқа, алтын, иілгіштігі.


Үй жұмысы

7 -тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.

  1. Ер қадірін ел білер,

Зер қадірін зергер білер.

  1. Ана көрген тон пішер,

Ата көрген оқ жонар.

  1. Өнершінің қолы алтын,

Қолөнер – сырлы өнер.

  1. Өлеңшінің сөзі алтын.

Дескриптор. Мақал- мәтелдерді жаттап айта алады. Айту барысында сөздерді дұрыс және анық айтады.

Жасалған жұмысты мұғалімнің почтасына немесе WhatsApp номеріне жазыңыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ