Материалдар / "Өнеркәсіп әлемінде" туристік маршрут
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өнеркәсіп әлемінде" туристік маршрут

Материал туралы қысқаша түсінік
"Өнеркәсіп әлемінде" туристік маршрутында тек Ақтөбе облысындағы өндіріс орындары қамтылған. Зауыттарға эксурсия жасауға таптырмас көмекші құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2023
131
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫ»МКҚК









«Өнеркәсіп әлемінде»

атты өндірістік бағыттағы экскурсия



























Дайындаған: Мерекеева А.Б.











Ақтөбе – 2022 жыл

Маршрут бағыттары:




  • СНПС-Ақтөбемұнайгаз

  • Ақтөбе Ферроқорытпа Зауыты

  • Ақтөбе Хром Қосындылары Зауыты

  • Ақтөберентген акционерлік қоғамы

  • Ақтөбе химия зауыты

  • Ақтөбе металл құрастыру зауыты

  • Ақтөбе облысында қант зауыты

  • «Айс» сүт өнімдері компаниясы

  • «Ақтөбе тәттілері» АҚ

  • «Рамазан» ЖШС



































СНПС-Ақтөбемұнайгаз

Ақтөбе өңірінде мұнай мен газ кендерін барлау және мұнай-газ өнімдерін өндірумен айналысатын акционерлік қоғам. Ақтөбе облысында мұнайдың алғашқы өнеркәсіптік көзі 1931 жылы Шұбарқұдық тұз күмбезіндегі перм және триас дәуірінің тұз үстіндегі шөгінділерінен ашылды. 1937 жылы Шұбарқұдық кенін, кейін Жақсымай кенін өнеркәсіптік өңдеуге беруге байланысты Темір қ-ндағы Солт. мұнай барлау басқармасы негізінде “Ақтөбемұнай” тресі құрылды. Ол Ақтөбе облысында мұнай мен газды іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. 1953 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында екі дербес ұйым — “Ақтөбемұнайгазбарлау” тресі мен “Қазақстанмұнай” бірлестігі құрылды. Шұбарқұдық мұнай өндіру басқармасы осылардың құрамына кірді.

Дала геофизикасының, сейсмиканың дамуы мен бұрғылаудың техникасы жақсы жабдықталуы 1960 жылы Ақтөбе облысы жерінің геологиялық құрылымын егжей-тегжейлі зерттеуді кең көлемде жүргізуге жол ашты. Бұл өңірде 1959 жылы Кеңқияқ мұнайлы ауданы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Осы аймақта басталған кең көлемді параметрлік бұрғылау 1971 жылы Кеңқияқта шөгінділердің тұз астындағы кешенінен мол мұнай қорын ашты. Осы кезден бастап барлық жұмыс мұнай көздерін тұз астындағы шөгінділерден іздестіруге жұмылдырылып, 1978 жылы Жаңажол мұнай конденсаты кені ашылды. Мұнда мұнай мен газ қоры таскөмір қыртысының қуатты корбонат қабатынан табылды. Ақтөбе облысындағы мұнай кендерін өндіруді жеделдету мақсатында 1981 жылы құрылған “Ақтөбемұнай” өндірістік бірлестігі 1993 жылы “Ақтөбемұнайгаз” акцион. қоғамына айналды. Мұнда мұнай өндіру жұмыстарын “Октябрьмұнай” және “Кеңқияқмұнай” мұнай өндіру басқармалары жүргізеді. Ал бұрғылау жұмыстарын жүргізетін Октябрь бұрғылау жұмыстары басқармасы 1997 жылы ТМД елдері арасында тұңғыш рет тереңдігі 4080 м көлденең скважинаны бұрғылады. Мұндағы аса маңызды объект — Жаңажол газ өңдеу зауыты. “Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғам 1997 жылдан өзінің бақылау пакетін (60,3%) алған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірге жұмыс істей бастады.









Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

Бүгінде – өндіріс көлемі жылына 740 мың тонна ферроқорытпа құрайтын тұрақты дамып келе жатқан заманауи кәсіпорын. Кәсіпорын жоғары, орта және төмен көміртекті феррохром, ферросилиций, сондай-ақ металл концентратын өндіреді. Қазақстандағы қара металлургия өнеркәсібінің тұңғыш зауыты болып табылады. Зауыттың іске қосылуы алғашқы ферроқорытпаларды пеште балқытумен атап өтілді және ол сол 1943 жылы да, бүгін де «Комсомолка» деп аталып келеді.

  • Жылына 700 мың тоннадан астам ферроқорытпа — зауыттың өндірістік қуаты

  • Қазақстандағы алғашқы қара металлургия кәсіпорны

  • Зауыттың құрамында 2 балқыту цехы, қождарды қайта өңдеу цехы және қосалқы цехтар бар.

  • 2009 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа зауыт бөлімшесі құрылысының іргетасына символдық капсуланы орнатты. 2014 жылғы 23 маусымда Елбасы іске қосу-баптау жұмыстарын іске қосты.

  • Кәсіпорынның ең жаңа бөлімшесі - №4 балқыту цехы. Мұнда Қазақстан ғана емес, әлемдік ферроқорытпа саласы үшін тұрақты ток пештерінде балқытудың инновациялы, бірегей технология қолданылады. Цех жоғары көміртекті феррохром өндіретін әлемдегі ең қуатты (72 МВт) тұрақты ток пештерімен жабдықталған. Барлық өндірістік процес автоматтандырылған. Тың технологиялар ферроқорытпа газы мен шаңды жоюға мүмкіндік береді. Пештерде отандық шикізат — ұсақ кен және көміртекті қалпына келтіргіштер қолданылады.

  • Ақтөбе ферроқорытпа зауытында техникалық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударылады. Қызметкерлерді емдеу-профилактикалық тағамдармен және сүтпен қамтамасыз етуге, жеке қорғану құралдарын сатып алуға, әлеуметтік және емдеу-профилактикалық іс-шаралар мен медициналық тексерулер өткізуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп тұрады.

  • Ақтөбелік металлургтер компанияның корпоративтік өміріне, қалалық және өңірлік іс-шараларға белсенді ат салысып тұрады. Балалар үйіне қамқорлық жасайды, Ақтөбе су қоймаларының балық балансын толтырады, қалалық сенбіліктерге шығып, ағаш отырғызу науқандарына қатысады, облыстық және республикалық жүгіру марафондарында біріншілер легінде мәреге жетіп, әртүрлі деңгейдегі зияткерлік және спорт жарыстарында жеңіс тұғырынан көрініп жатады.






Picture 7



Дөң тау-кен байыту комбинаты

Дөң КБК 1938 жылы Оңтүстік-Кемпірсай хром кен орны базасында хром кенін өндіру және байыту кәсіпорны ретінде Ақтөбе облысы Хромтау қаласында құрылды. Бұл дәлелденген қорлар бойынша әлемдегі екінші кенорын болып табылады. Дөң комбинатында өндірілетін және қайта өңделетін хром кенінің әлемде сапасы жағынан теңдесі жоқ.

  • Дөң КБК-да өндірілетін кеннің басым бөлігі Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарына жеткізіледі.

  • Құрамында жоғары оксидті хромы бар кендер (Cr2O3 62%-ға дейін) металлургияда ферроқорытпаларды балқыту үшін, оттөзімділер жасау үшін және химия өнеркәсібінде хром қосылыстарының өндірісі үшін қолданылады.

  • Дөң КБК-ның құрамында 27 құрылымдық бөлімше бар, қызметкерлер саны — 7500-ден аса адам. Оның бесеуі — тауар өндіруші цехтар: «Молодежная» шахтасы мен «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасы, «Дөң» кеніші, Кен байыту және кесектеу фабрикасы мен № 1 ұсату-байыту фабрикасы.

  • Көлік, жөндеу, автоматтандыру және байланыс, энергетика, электр және басқа да цехтар кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

  • Дәлелденген қорлар бойынша әлемдегі 2-ші кенорын

  • 7500-ден аса қызметкер кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз етеді

  • Кәсіпорында қауіпсіздік бағытына барынша көп көңіл бөлінеді. Нөлдік жарақатқа қол жеткізуге ықпалды әлемдік әдістер негізіндегі ауқымды іс-шаралар бағдарламасы септігін тигізеді. Кәсіпорынның әлеуметтік пакетіне қызметкерлердің денсаулықтарына қамқорлық көрсету кіреді.

  • Табиғатты қорғау іс-шараларына жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Су мен ауаның жай-күйіне бақылауды қоршаған ортаны қорғау зертханасының мамандары жүргізеді. Табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарының негізгі тармақтары — бұзылған жерлерді қалпына келтіру, шахталық және карьерлік суды қайта пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу, өнеркәсіп алаңдарын және Дөң КБК цехтарының санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру.

  • Дөң КБК-ның қызметкерлері үшін Тұрғын үй бағдарламасы бойынша сегіз үй тұрғызылды және тоғызыншы үй пайдалануға берілді.

  • Комбинаттың әрбір жұмыскерінің мүддесі осы саланың үздігі атанған компанияның ұжымдық шартымен қорғалды. Қызметкерлердің спорттық және мәдени дамуы үшін Дөң КБК-ның дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Кеншілер мәдениет үйі жұмыс жасайды. «Мұғалжар» балалар жазғы сауықтыру орталығы балалардың демалысын өткізу үшін құрылды. Әр жаз сайын мұнда Дөң КБК мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қызметкерлерінің мыңнан астам балалары демалады.

  • Зейнеткерлерге барынша қолдау көрсетіледі. Комбинатта Ардагерлер кеңесі жұмысын жүргізіп келеді.

  • Picture 7 Дуальды білім беру жүйесі кәсіпорынға кадрлар дайындауға және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттеріне өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.


Ақтөберентген акционерлік қоғамы


Медициналық және өнеркәсіптік рентген аппараттары мен автоматты реттеу приборларын жасайтын кәсіпорын.

1941 жылы Ақтөбеге көшіп келген Мәскеу рентген зауыты негізінде іргесі қаланды. Ұлы Отан соғысы тұсында зауыт бірыңғай майданға қажетті өнімдер шығарды. Бейбіт өнім өндіруге 1945 жылдан бастап кірісті.

1945 — 50 жылы рентген аппараттарының 9 түрін жасау игерілді. Өнім өткізу екі есе артып, өнім сапасы жақсарды, рентген тех-сын шығару 3-4 есе ұлғайды.

1964 жылы бұл кәсіпорынға қосылған жергілікті өнеркәсіптің “Металлист” зауыты балалар үшін ойыншықтар шығаратын бөлімшесіне айналды.

1967 жылы жақсы жабдықталған конструкторлық және зерттеу секторлары бар арнаулы конструкторлық бюро ұйымдастырылды. Зауыт шығарған рентген аппараттары халықар. көрмелерге қатысып, алтын, күміс медальдармен марапатталды. Зауыттың рентген аппараттарын Болгария, Польша, Югославия, Түркия, Иран, Үндістан, Ливан, Швеция, Финляндия, Латын Америкасының елдері сатып алды.

1980 жылы жаңа өндірістік кешен енгізілген соң зауыт аса ірі мамандандырылған кәсіпорындардың қатарына қосылды.

1981 жылы “Актюбрентген” өнідірістік бірлестігіне айналған зауыт 1993 жылы ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды.





















Ақтөбе химия зауыты

Технологиялық контактілі күкірт қышқылы, технологиялық олеум, жай ұнтақталған және түйіршіктелген суперфосфат, кремний-фторлы, натрий, бор қышқылы, бура және т.б химиялық өнімдер өндіретін Ақтөбеде орналасқан зауыт. Қазіргі уақытта Ақтөбе хром қосылыстары заводы болып жұмыс жасайды.

Бұл зауыттың құрылысы 1929 жылы басталып, 1934 жылы алғашқы өнімін береді. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан және халық мұқтажы үшін химиялық өнімдер шығарды. Ал 1945 жылы негізгі және қосымша өнімдерді өндіру қуатын арттыру мақсатында зауыт қайта жабдықталды. Бұл жөндеу жұмыстарынан кейін бор қышқылы, суперфосфат, бура, бор магнийлі тыңайтқыштар цехтары салынды. 1953 жылы өндірістік бор қышқылы қалдықтарынан микротыңайтқыштар шығару ұйымдастырылды.





Ақтөбе облысында қант зауыты

06.12.2022 жылы Астанада VII Investment Aktobe-2022 халықаралық инвестициялық форумы барысында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Omtis Ortadoğu Makina құрылтайшысы Ибрагим Гүлтекин қант зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандумға қол қойды.

Әкімдіктің мәліметінше, күрделі инженерлік жобаларды салуда үлкен тәжірибесі бар Omtis Ortadoğu Makina компаниясы 550 миллион доллар инвестициялауға дайын. Зауыттың қуаттылығы жылына 330 мың тоннаны құрайды. Өндірісте 180 жұмыс орны құрылады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында үкімет қант саласын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Ол қант қызылшасының егіс алқаптарын жыл сайын орта есеппен 6,5 мың гектарға ұлғайту және 38 мың гектарға дейін жеткізу жолымен зауыттарды шикізатпен қамтамасыз етуді көздейді. Ол үшін суару желілерінің құрылысы мен қайта құрылуы жүргізілетін болады, ылғал үнемдейтін технологияларды қолдану кеңейтілетін болады. Айналымға 10 мың гектардан астам жаңа суармалы жерлер енгізу жоспарлануда.

Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыруға шамамен 297 млрд теңге жеке инвестициялар және 129 млрд теңге бюджеттік субсидиялар тарту қажет.

Ақтөбе Тәттілері акционерлік қоғамы

Кондитер бұйымдарын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Кондитер фабрикасы 1970 жылы пайдалануға берілген. 1993 жылы жекешелендіруге байланысты фабрика “Арай” акционерлік қоғамы болып аталды.

1998 жылы акционерлердің шешімімен “Ақтөбе тәттілері” ашық акционерлік қоғамы болды. Басты өндірістік жұмыстарды карамель, кәмпит-шоколад және ұн-кондитер цехтары атқарады. Кәсіпорын карамельдің шырын, науат, жаңғақ қосқан сорттарын, мармелад, печенье және вафли өндіреді. “'Ақтөбе Тәттілері” акционерлік қоғамы өз өнімдерін Қазақстанның 12 облысы мен Ресейге жөнелтеді.


ACE сүт өнімдері компаниясы

Компания 1999 жылы құрылған. Содан кейін оның алғашқы өнімі балмұздақ болды. Атау өздігінен пайда болды - «Мұз» компаниясы. Ашыған сүт өнімдерін өндіру игерілгенде оған «Сүт» сөзі қосылды. 2010 жылы жеке сүт фермасын салып, суармалы мал азығы өндірісі іске қосылды.

«Мұз» кәсіпорнының қызмет бағыттары:

  • сүт өңдеу,

  • сүт өнімдерін өндіру,

  • мал шаруашылығы,

  • дәнді және бұршақ дақылдарын өсіру,

  • мал азықтық дақылдарды өсіру,

  • сүт өнімдерінің көтерме саудасы.

«Айс» сүт компаниясы Ақтөбе облысындағы жалғыз сүт өндіруші және өңдеуші болып табылады. тұйық өндірістік циклмен «фермадан кассаға дейін».

2015 жыл – Мұз «Халық маркасы» сыйлығын алды.











Ramazan Qus фабрикасы

Ақтөбеде 2010 жылдың соңында Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы аясында жаңғыртылған «Рамазан» құс фабрикасы аймақтағы Индустрияландыру картасы бойынша іске асырылған алғашқы нысан болып отыр. Кәсіпорынды жаңғыртуға мемлекеттік қолдаудың көмегімен 425 миллион теңге инвестиция тартылды.

«Мұнда неміс және испан қондырғылары орнатылып, технологиялық процестердің бәрі автоматтандырылған.

Бүгінгі таңда жобаланған межеге қол жеткізілді. Атап айтқанда, жылына 104 миллион дана жұмыртқа шығарылады»,- дейді құс фабрикасының бас зоотехнигі Бақытжан Күзембаев.


«РАМАЗАН» ЖШС

Ақтөбе қаласы, Заводская 36 б

Компанияның тәжірибесі 1996 жылдан бастау алады.

ЖШС «РАМАЗАН» - Қазақстан нарығында ең ірі азық түлік өндірушілердің бірі . Мұнай өндіру өнеркәсібі дамыған Батыс Қазақстан өңірінде ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өндірісін кеңінен дамыту зор мүмкіндіктерге ие.

Ұйымдық құрылым қуатты өндірістік база кәсіпорындарын құрайды – элеваторлар, диірмен, макарон және крупоцех, нан зауыты мен наубайхана, құс фабрикасы, қосалқы цехтар, өз автопаркі, фирмалық дүкендер желісі.

ЖШС "РАМАЗАН шығарылатын өнімнің ассортиментінде барлық сұрыптағы ұн, макарон өнімдері, жармалар, нан-тоқаш, кондитерлік тағамдар, тоқаш өнімдері, тауық жұмыртқасы.

"РАМАЗАН" ЖШС барлық өнімі ГОСТ қа сәйкес келеді,, шығарылатын өнімнің жоғары сапасы үшін кәсіпорын бірнеше рет халқаралық көрмелердің алтын медалдарымен марапатталды.

Негізгі өнімдерді өткізу нарығы – Қазақстанның Батыс өңірінде соның ішінде Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында.

Ұнды ТМД елдеріне,соның ішінде Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сондай-ақ Ауғанстанға жеткізу бойынша компанияның тәжірибесі бар.

Қазіргі таңда бұл фирмада 1000 ға жуық қызметкер жұмыс жасайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!