Материалдар / оқу сауаттылығы 10-cынып

оқу сауаттылығы 10-cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқу сауаттылығына арналған материал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмек құрал ретінде ұсынамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
3059
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:


Сыныбы 10

Сабақтың

тақырыбы

Мәтіндермен оқу сауаттылығы бойынша жұмыс

Мақсаты

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасау барысында негізгі элементтерді, негізгі ойды анықтап, идеясын ашады, логикалық қорытынды жасайды

Жұмыс нәтижесі

Мәтіннің мазмұнын түсінумен ғана шектелмей, идеясын, тақырыбын ашады, сұрақтарға жауап беруде дұрыс жауапты табу үшін жұмыстанады, мәтін мазмұнын бағалайды.

Сілтеме

«Ғибратты әңгімелер» жинағы

Ресурстар

Интерактивті тақта, таратпа материалдар т.б.

Қолданылған модульдер

Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ қолдану,

жас ерекшелігіне сәйкес оқыту т.б.

Өтілу уақыты

35-40 минут

Іс-шара жоспары

Ұйымдастыру:

І Оқушылармен амандасу

Түрлі түсті бейджик арқылы топқа бөлу


ІІ психологиялық жағымды ахуал туғызу

(«Ең үздік, ең ақылды» тәсілі )

Жұмыс барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

  1. Оқушыларға мәтін тарату.

«Суға кеткен ғұмыр», «Тесік шелек»


Оқушыларға тапсырма мен сұрақтар барысын түсіндіру.


1.Бірінші мәтін бойынша мәтінді түсініп оқу.

1-тапсырма.

Мәтінді мұқият оқып, негізгі тақырыпты анықта, мәтінге тақырып қой. Мәтіндегі негізгі ой бойынша қандай түйін жасайсың,  автордың айтпақ ойын анықтау арқылы мәтіннің идеясына көз жеткіз.

1-сұрақ. Мәтін бойынша ашық сұрақ

2 – сұрақ. Мәтіндегі басқа тілден енген, термин сөздерді тауып, қай тілден енгенін анықтау

3-сұрақ  Осы оқиға қалай аяқталады және (тірі қалса) философ балықшыға не айтады деп ойлайсың? Өз пікіріңді дәлелде.

4-сұрақ Сөйлемдердің ретімен келген нұсқасын табу

2-тапсырма Мәтіннің идеясын анықта және сюжеті осыған ұқсас қандай шығармаларды білесің? Сол шығармадағы кейіпкермен немесе сюжетпен салыстыра талдау жасай отырып, мәтіннің идеясына баға бер.

2-мәтін бойынша

1-тапсырма

Мәтінді ары қарай жалғастыр, бес сөйлемнен кем болмау керек және мәтінге ат қой.

1-сұрақ

Септелген зат есімдерді ретімен қой

2-сұрақ

Мәтінде кездеспейтін сөйлемді анықта

3-сұрақ Су тасушы әйел тесік шелекті неліктен лақтырып жібермеді?

4-сұрақ

Мәтін қандай үлгіде жазылған?


2-тапсырма

Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне мәлім кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алайда кемшіліктен қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне кажетті үлгі ала білсе, оның да басқалардың қуанышына жарамасына кім кепіл?!

Берілген ойды өз сөзіңмен жалғастыр.



Кері байланыс



Іс-шараны аяқтау

«Бес конверт» әдісі

Сары конверт – Не үйрендім?

Қызыл конверт - Не ұнады/ұнамады?

Көк конверт – Не қиын болды?

Жасыл конверт – нені жақсартамын?

Гүлді конверт – Нені өзгерткім келеді?

Сабақты қорытындылап, оқушыларға алғыс білдіру, қосымша тапсырмалар беру.



Сабақта қолданылған тапсырмалар мен мәтіндер

1-әңгіме
Оқыған, тоқығаны көп философ кісі бір балықшымен теңізге шығыпты. Философ балықшыдан сұрайды: «Сіз осы  математика  деген ғылымның барын білесіз бе?»-деп. 
Балықшы балығын қалай саудалауды, онға онды қосса неше боларын біледі, бірақ оның «математика ғылымы» деп аталатынын қайдан білсін? «Жоқ!»-дейді. «Онда сіздің өміріңіздің он пайызы суға кетіп қалыпты», дейді ғалым өкінген рай танытып. 
Екеуінің әңгімесі жалғасады. Ғалым: «Сіз физика деген ғылымның барын білесіз бе?»-деп сұрайды. Балықшы табиғаттың тартылыс заңын,физикалық құбылыстарды біледі, бірақ оның «физика» деп аталатынын қайдан білсін? Тағы да «Жоқ!»-деп жауап береді. Ғалым ауыр күрсініп: «Демек, өміріңіздің жиырма пайызы суға кетіпті»,-дейді. 
Екеуінің әңгімесі қайта өрбиді. Теңіздің ортасына барған кезде ғалым: «Сіз философия деген ғылымның барын білесіз бе ?»-деп сұрайды. Балықшы өмір мен өлім туралы, адамгершілік, ақ пен қара туралы ойлайды, бірақ оның «философия ғылымы» деп аталатынын қайдан біледі? «Естімеппін!»-депті жылы ғана жымиып. «Әттеген-ай , онда сіздің өміріңіздің тағы қырық пайызы суға кетіп қалыпты»,-дейді. Сөйтіп, әлгі ғалым балықшы өмірінің жетпіс пайызын «суға ағызып» жібереді. Осы сәтте дауыл тұрып, теңіз ортасында қайық аударылып, екеуі де суға құлайды. Сол сәтте балықшы философ-ғалымнан: «Жүзе білесіз бе?»-деп сұрайды. Ғалым жанұшыра: «Жоқ!»-дейді. «Онда сіздің өміріңіздің жүз пайызы суға кетті ғой»,-депті балықшы. 

«Қазақ әдебиеті» газетінен. 

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі тақырыпты анықта, мәтінге тақырып қой. Мәтіндегі негізгі ой бойынша қандай түйін жасайсың,  автордың айтпақ ойын анықтау арқылы мәтіннің идеясына көз жеткіз.

1-сұрақ: Балықшы біледі:

А) математика деген ғылымның барын

Б) балығын қалай саудалауды, онға онды қосса неше боларын біледі және оның «математика ғылымы» деп аталатынын

В) табиғаттың тартылыс заңын, физикалық құбылыстарды біледі

Г)дауыл тұрғанға дейін ғалымның жүзу білмейтіндігін

Д) философия деген ғылымның барын

Е) өмір мен өлім туралы, адамгершілік, ақ пен қара туралы біледі

2 – сұрақ. Мәтіндегі басқа тілден енген, термин сөздерді тауып, қай тілден енгенін анықта

3-сұрақ  Осы оқиға қалай аяқталады және (тірі қалса) философ балықшыға не айтады деп ойлайсың? Өз пікіріңді дәлелде.

4-сұрақ Сөйлемдердің ретімен келген нұсқасын тап:

А) «Әттеген-ай , онда сіздің өміріңіздің тағы қырық пайызы суға кетіп қалыпты»,-дейді.

В)«Онда сіздің өміріңіздің он пайызы суға кетіп қалыпты», дейді ғалым өкінген рай танытып. 

С)Сөйтіп, әлгі ғалым балықшы өмірінің жетпіс пайызын «суға ағызып» жібереді.

Д) Сол сәтте балықшы философ-ғалымнан: «Жүзе білесіз бе?» - деп сұрайды.

Е) Ғалым ауыр күрсініп: «Демек, өміріңіздің жиырма пайызы суға кетіпті»,-дейді. 

А) 1-А, 2-В, 3-С, 4-Д, Е-5

В) 1-В, 2-Е, 3-Д, 4-А, 5-С

С) 1-В, 2-Е, 3-А, 4-С, 5-Д

Д)1-А, 2-Д, 3-С, 4-Е, 5-В

Е)1-С, 2-А, 3-Е, 4-В, 5-Д



2-тапсырма  Мәтіннің идеясын анықта және сюжеті осыған ұқсас қандай шығармаларды білесің? Сол шығармадағы кейіпкермен немесе сюжетпен салыстыра талдау жасай отырып, мәтіннің идеясына баға бер.

2-әңгіме

көрген сайын, тесік шелек іштей мұңға батып, жерге кірердей ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.
Бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушы әйелге кысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз, ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын» депті назарын төмен салған күйі.


1-тапсырма

Мәтінді ары қарай жалғастыр, бес сөйлемнен кем болмау керек және мәтінге ат қой.


Су тасушы әйел таңырқап:

- Неге? –деп сұрайды.Шелек:

- Өйткені менің бір бүйірім тесілген, ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей катты қысылам,- дегенде, су тасушы:

- Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да үйге баратын жолдың сен жақ жиегіндегі гүлдерді бір байқашы», — депті жай ғана.
Тесік шелек байқаса, үйге жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе?» деп сұрапты,бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, - деп сөзінжалғастырыпты.Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдерден қиып апарып, столымды жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда үйімде мұндай әдемілік болмас еді»,- деп түсіндірген екен.

1-сұрақ

Септелген зат есімдерді ретімен қой

Қытайда, иін ағашпен, шелектің, суды, үйге, жерге, гүлдерді, жолдың, гүлдерге, күнді, гүлдер, өзеннен

2-сұрақ

Мәтінде кездеспейтін сөйлемді анықта

А) Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты.

В)Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да үйге баратын жолдың сен жақ жиегіндегі гүлдерді бір байқашы», — депті жай ғана.

С)Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек іштей мұңға батып, басқа жерге кетіп қалғысы келеді екен.

Д)Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың.

Е)Тесік шелек байқаса, үйге жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен.

3-сұрақ Су тасушы әйел тесік шелекті неліктен лақтырып жібермеді?

А) Ескі шелектің кемшілігін көре тұра лақтыруға көзі қимағандықтан

В) Тесік шелектің кемшілігін көрсе де жаңа шелек алуға ақшасы болмады

С)Өзен жиегіне гүл өсіру үшін шелектегі кемшілікті байқаса да өз жөнін тауып, орайластырғандықтан

Д) Тесік шелектің кемшілігін байқап әрі оның өз жөнін тауып, орайластыра білгендіктен

Е) Үйіндегі столға сәндеп жасалған гүлшоғын қойып, әдемілеу үшін


4-сұрақ Мәтін қандай үлгіде жазылғанын анықта

А)Драмалық шығарма

В)Өсиет әңгіме

С)Аңыз әңгіме

Д)Шешендік сөз

Е)Тарихи дерек


2-тапсырма
Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне мәлім кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алайда кемшіліктен қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне қажетті үлгі ала білсе, оның да басқалардың қуанышына жарамасына кім кепіл?!

Берілген ойды өз сөзіңмен жалғастыр.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ