Материалдар / Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
2018 – 2019 оқу жылының 0 1 – 14 маусым аралығында Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі жанынан ашылған «CASPIAN» тынығу лагері өтті. Лагерьде «Футбол» үйірмесіне 28 оқушы қатысты. Футбол үйірмесінің мақсаты: Футбол ойынында екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс-қабілетін көрсете білуге мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді. Лагерь барысында өткен футболдан «Былғары доп» жарысын өткізді. Жарысқа 4 топтың демалушылары қатысты.Жарыс қызықты өтіп, көптеген әсерлі мезеттер болды. Лагерьдің соңғы күні, яғни жабылуында спорттық шараларға белсене қатысқан оқушыларды мектеп директорының дипломдарымен марапатталды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2019
1120
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

Е. ӨМІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ






Авторы: Жақаева Лаура Мирамғалиқызы

9 - сынып оқушысы

Жоба атауы: Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына

тигізетін әсері


Секция: Биология, химия, валеология


Жетекшісі: Смайлова Дамира Темірәліқызы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі









2018 жыл

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Есбол Өмірбаев атындағы мектептің 9 - сынып оқушысы Жақаева Лаураның

«Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері» тақырыбындағы іздену жұмысына


Пікір

Жақаева Лаура «Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері » атты ғылыми зерттеу жұмысында бала денсаулығына ауыр сөмкенің тигізетін әсерін зерттеп, оның санитарлық талаптарға сай немесе сай еместігін анықтау.

Оқушы зерттеу жұмысы барысында көп ізденді. «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне сүйене отырып ауыр сөмкенің мектеп оқушыларына зияндығын анықтап, яғни болашақта заманауи технологияларын, әлемдік стандарттарға сәйкес оқулықтардың қажет екендігін зерттеп, танысып,олар туралы мәліметтер жинады.

Мектеп сөмкелері әдемі, сәнді, сыйымдылығы көп болғандықтан, сөмкенің ауырлығы оқушыларға ешқандай кедергі болып тұрған жоқ сияқты көрінеді. Лаура ауыр салмақты, жіңішке иінді сөмкелер балалардың жүрек соғу қозғалыстарын өзгертіп, бой сымбаттарының дамуын тежеп, олардың дамуына кедергі жасайтындығын нақтылады. Ол үшін оқушы санитарлық талаптарға сай ережелерді сақтау керек екендігін мектеп оқушыларына, ата-аналарға жеткізді. Сондықтанда елбасымыздың «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» деген сөзін қолдай отырып, отанымыздың келешегі, көркеюі, бүгінгі жастардың қолдарында екендігін айтты.

«Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері» ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі. Жақаева Лаураның жұмысына жақсы деген баға беремін.


Жұмыс жетекшісі: Д.Т.Смайлова



Зерттеудің өзектілігі: Оқушылардың санитарлық талаптарға сәйкес ауыр сөмкелері бой сымбаттары мен оқушылардың денсаулықтарына әсері барын нақтылау.

Зерттеу болжамы: «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне сүйене отырып ауыр сөмкенің мектеп оқушыларына зияндығын анықтау,яғни болашақта заманауи технологияларын ,әлемдік стандарттарға сәйкес оқулықтардың қажет екендігін ұғындыру.

Зерттеу обьектісі: оқушы сөмкесі

Зерттеу мақсаты: Оқушы сөмкесіне қойылатын санитарлық талаптарды анықтай отырып, мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағы туралы мәліметтерді жинап, ауыр сөмкенің бала денсаулығына тигізетін әсерін зерттеп, “Дені сау, білімді  ұрпақ жарқын,сенімді   болашағымыз”  демекші , бойы сымбатты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері: 1.Оқушы сөмкесінің тарихы туралы мәліметтер жинау.

2.Оқушы сөмкесіне қойылатын санитарлық талаптарды анықтау.

3.Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының санитарлық талаптарға сәйкес күйін зерттеп саралау.

4.1-6 сыныптар аралығындағы оқушылардың сөмкелерінің салмағы туралы мәліметтерді жинақтау.

5.Осы деректерге сәйкес оны бағалап, қорытындылау

Зерттеу жұмыста қолданылған зерттеу әдістері: Компьютерлік, энциклопедиялық оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.

Зерттеу кезеңдері:

Тақырып таңдау.

Ғылыми жобаға қажетті материалдар жинау.

Осы материалдарға сүйене отырып ғылыми жоба жазу кезеңі.

Жобаны тексеру және компьютерде теру


Мазмұны


І. Кіріспе

Мектеп сөмкесінің шығу тарихы _______________________________3 бет

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Сөмкенің түрлері ________________________________________4-6 бет

2.2. Омыртқа жотасының қисаюы ______________________________7-11 бет

2.3. Дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі оқушы денсаулығына тигізетін әсері және одан құтылу жолдары __________________________________12-14 бет

ІІІ. Практикалық бөлім

3.1. Мектеп оқушыларының сөмкелерін зерттеу _________________15-16 бет

3.2. Мектеп оқушыларынан алынған сауалнама және оның нәтижесі 17-18бет

IV.Қорытынды ____________________________________________19-20 бет

V.Пайдаланылған әдебиеттер _________________________________21 бет



























  1. Кіріспе

Ертеде қытайлықтар қағазды, ал европалықтар сөмке ойлап тапқан екен. Алғашында адамдар сөмкені итбалықтың терісінен жасаған. Ал ата-аналары балаларына қолдан бір иінді сөмке тігіп беретін. Оның баланың бір иығына, бой сымбатына тигізетін әсері бар екенін ойламаған. Уақыт өте келе біз білеміз мектеп сөмкесінің аспалы, иіні жалпақ, баланың бойына сәйкес болу керек екендігін. Бірақ заман талабына сай оқушы сөмкелері бірнеше өзгерді. Санитарлық талаптарға сәйкес ұстамайтын балалар көп. Ол бала денсаулығына әсері бар екені мәлім. Сөмкені балалар әдемі, сәнділігіне қарай таңдайды. Күнделікті оқу құралдарына толы мектеп оқушылары сөмкелерінің салмағы қазірде 7 - 8 келіден асатыны баршаға мәлім. Бастауыш сынып балдырғандары қоржынының өзі осы салмаққа сәйкес келмейді. Бұл олар үшін аз салмақ емес. Ауыр сөмке - мол қазына дегенмен, оның буыны бекімеген балдырғандардың денсаулығына тигізер зияны да жетерлік. Қызығы, бірінші сыныптың оқушыларының сөмкелерінде не жоқ десеңізші?! Олар оқулықтардың керегін де, керек емесін де таси береді екен. Сөмкелерінде тіпті ойыншық, үзілісте ішетін тамағына (бөлке, сусын) дейін бар. Ата-аналарына айтарымыз, бірінші сыныптың оқушыларына транспортир, циркуль, секілді жоғары сыныпта қолданатын құралдар әзірге қажет емес екендігі. Ең болмағанда, онсыз да ауыр сөмкені жеңілдетіп, керек емесін үйлеріне қалдырса екен. "Балаларым мектепке арқалап баратын сөмкелерді көргенде көңіліме қорқыныш ұялайды. Мынадай салмақ қайтсе де бүлдіршіндердің омыртқасына әсер етпей қоймайды. Ал қыз балалардың жас кезінде мұндай салмақ көтеруіне мүлде болмайды" деген ата-аналарымызда кездесті. Шындығында, оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек? Жалпы, елімізде осыны реттейтін нормативтік құжат бар ма? Сұрастырып көрсек, бар екен.




3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мектеп сөмкесінің түрлері


Ертеде адамдар жануарлар сүйегі мен терісіне жазған

Египедте папиросқа жазған Қытайлықтар қағаз, ал европалықтар сөмке

ойлап тапқан

Ол қалай пайда болды? Мүмкін кітаптармен және дәптерлермен бірге шығар. Көптеген жылдардан бері оқушының сөмкесі танымастай болып өзгерді. Соғысқа дейін кезеңдерде жай ғана қолдан тігілген формасыз дорбалар, теріден тігілген шағын қапшықтар болды. Сол кезде мектепке сөмкесіз барсада болар еді, өйткені оқу құралдарынан тек оқулық, соның өзінде тек ұстазда ғана болды.

Дәптерлер мен оқулықтар портфельдерде тек соғыстан кейінгі жылдары ғана салына бастады. Соның өзінде көбі әкелерінен қалған, соғыс алаңын көрген сөмкелер (полевые сумки) болды. Сол кездегі сөмкелерде арқабау деген атымен болмаған. Оқушының сымбаты туралы ойланатын шама да болған жоқ ол кезде. Бірақ өмір бір орында тұрмайды. Қажеттілік туындағасын мектеп сөмкесінің түрлері де шыға бастады.

Портфельдер 1960 - 1980 жылдар аралығында көп қолданылды. Совет үкіметінің тұсында барлық оқушылардың портфельдері біркелкі және түстерінің айырмашылықтары да аз болған. Ол кезде жасанды теріден, формалары мен көлемдері бірдей портфельдер тігілді. Өйткені совет балалары тең болу керек деген идея болды.

4


1981жылы Олимпиаданың өтуіне байланысты мектеп сөмкелерінің орнына жоғарғы сынып оқушылары спорттық сөмкелер ұстау сол кездің сәні деп санайтын. Әртүрлілік 90 –жылдарда төңкеріспен бірге ене бастады. Қазіргі таңда сөмкелердің түрлері өте көп.

Портфель сөзі француз сөзінен шыққан. «Носить лист» деген мағынаны білдіреді. Мектеп сөмкесінің түрлері жылдан - жылға көбейіп келеді. Оның себебі жаңа гаджеттердің пайда болуымен және жаңа пәндердің енгізілуімен түсіндіруге болады. Бүгінгі күні ең көп таралған түрлерге жататын мектеп сөмкелеріне тоқтала кетейін:

Арқасөмке (орысш. - рюкзак , ағылш. - backpack) - ең танымал мектеп сөмкесі. Ұзындығы реттелетін жалпақтығы әр түрлі баулары болады. Қаттылығы әр түрлі арқасөмкелер де бар. Мысалы, пішінін өзгертетін жұмсақ арқасөмке. Мұндай сөмке тек жеңіл әрі жұмсақ заттарды тасуға пайдаланған жөн.

Ранец. Өзінің формасын өзгертпейді. Мектеп портфеліне ұқсас түрлері де кездеседі. Өте ыңғайлы, бірнеше қалташықтары мен бөлімдері бар. Арқа баулары жалпақ, әрі ұзындығын баланың бойына ыңғайлы етіп келтіруге болады.

Тележка - (rolling bag). Сыртқы түрі чемодан немесе кофр, қосымша конструкциялары, жүк таситын сөмкелерге ұқсас жылжымалы ұстағышы мен дөңгелектері бар. Мектепке көп кітап таситын оқушыларға арналған. Кемшілігі - ондай сөмкелер қымбат, баспалдақтан көтерілу қиын және қоғамдық көліктерде тасу ыңғайсыз.

Tote. Сөмке Tote – үстіңгі бөлігі ашық, екі тұтқасы бар, көлемі жағынан үлкен сөмкелер, көп зат сияды. Соңғы уақытта үстіңгі бөлігі магнитпен немесе құлыппен жабылатын түрлері көп кездеседі. Бұл жоғарғы сыныптың қыздарына стильді түрі болып табылады. Оң жақтары - мұндай сөмкені мектептен тыс тасуға болады.

Почтальон сөмкесі, – «почтальонка» (messenger bag). Көп зат сиятын, бірақ көлемі ондай үлкен емес жұмсақ сөмке. Бір жалпақ тұтқасы (ұзартып

5

немесе қысқартуға болатын) және үлкен клапаны бар.

Мұндай сөмкеге стандартты мөлшерлі оқулықтар мен дәптерлер және А4 форматты қағаздар мен құжаттар, сонымен қатар ноутбук, iPad, мобильді телефон, жазу құралдары салуға ыңғайлы, жоғарғы сынып оқушыларының арасында кеңінен қолданылады.

Портфель, дипломат. Классикалық стильдегі үлкенлердің құжаттар салатын іскерлік сөмкесіне ұқсатып жасалған. Совет үкіметі кезіндегі ең танымал сөмке. Қазір- ескі модельдер түріне жатады.

Ноутбукке арналған сөмке. (laptop bag), IPod –дың пайда болуымен сөмкенің IPod bag түрлерінің шығуына себепші болды. (сумка для IPod). Мұның ұзын иыққа асатын және жай ғана қолға ұстайтын тұтқасы бар. Негізгісі бұл сөмке ноутбукті сынудан сақтайтын бөлімдері бар.





















6

2.2.Омыртқа жотасының қисаюы.

Барлық омыртқа бір-бірімен шеміршектер, бұлшық еттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу болады, иілімдер білінбейді. Сәбидің мойны қатқанда мойын, отыра бастағанда арқа иілімі біліне бастайды. Ал қаз-қаз жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасады. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы – «сколиоз ауруы» деп аталады.

Сонымен сколио́з (грек. σκολιός — «қисық», «бүкір», лат. scoliōsis) — омыртқаның түзу қалпынан бүйір жағына қисаюы, яғни тіндердің өзгерістерімен, омыртқалардың ығысуымен және қисаюымен сипатталатын ауру.

Сколиоз былай жіктеледі:
• пайда болуына байланысты,
• омыртқа бағанасының қисаюына байланысты,
• қисаюдың орнығуы бойынша,
• рентгендік жіктеу,
• омыртқаға түскен салмақтан болған қисаю,
• клиникалық ағымы бойынша.

Омыртқаның қисаюы, негізінен бала күннен пайда болады. Сондықтан ауруға шалдыққандардың 70-80 пайызы оның нақты қашан және неден туындағанын білмейді, яғни себебі белгісіз, оны идиопатиялық деп атайды. Мұндай сколиоз ер балаларға қарағанда қыздарда 4-7 есе жиі кездеседі екен. Омыртқаның қисаюын дер кезінде анықтау қиын. Себебі ауырмайды, тек баланың тез өсетін шағында, яғни жауырыны немесе қабырғасы қисая бастағанда ғана білінеді екен. 20 % сколиоз туабітті омыртқалардың өзгеруі салдарынан болады.

7

Сколиоздың түрлері

Адамның түр-тұлғасының сымбаттылығы көбіне омыртқаға байланысты, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйекті біріктіріп тұрған негізгі буын. Омыртқалардың қисаюы қауіпті дерттердің бірі. Себебі омыртқалардың иіле қисаюымен сипатталып, кеуде қуысы қызметінің және дене бітімінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Әлемдік тәжіриде аурудың диагностикасын көбіне науқастың жас ерекшелігіне қарап жіктейді.

Жетілмеген (шала дамыған) идиопатиялық сколиоз– 1-2 жас аралығында болған сколиоз;
• 4-6 жас аралығында болған сколиоз
• 10-14 жас, яғни жасөспірім кезде болған сколиоз

Кейбір зерттеулерде сколиозды «бірінші кезең — 8 жасқа, екінші кезең – 8 - ден 14 жасқа және үшінші кезең — 15 - тен 17 жасқа дейін» деп қарастырылған.

Қисаю пішініне қарай:
• Омыртқа жотасының тек кеуде бөлігінің қисаюы
• Омыртқа жотасының бел бөлігінің қисаюы
• Кеудеден белге өтетін жердің қисаюы
немесе
• С-тәрізді сколиоз, яғни бір доғалы қисаю
• S-тәрізді сколиоз, яғни екі доғалы қисаю
• Z- тәрізді сколиоз, яғни үш доғалы қисаю

Туа біткен сколиозға омыртқалардың тұтасып бітуі, қосымша жарты омыртқалардың болуы, қабырғалардың тұтасып бітуі сынды факторлар әсер етеді. Қисаюдың негізгі доғасы бел бөлігінде орын алады, Жалпы омыртқа жотасының бір жаққа қарай қисаюы –иықтың ассиметриялық жағдайы, яғни, екі иықтың бір деңгейде тең тұрмауынан, омыртқалар жотасының майысып кетуінен аңғарамыз. Омыртқалардың қисаюын ауру дәрежесіне қарай үш түрге бөліп қарастырылады:

Алғашқы түрінде омыртқаның қисаюы сырт көзге байқала бермейді. Бұлшық еттерге күш түскенде түзеліп кетеді. Бұл оңай жазылып кететін кезеңі;

8

Келесі түрі – омыртқа жотасы қисаюының орныққан, қалыптасып кеткен кезеңі. Бұл түрінде иықтың бір жағына салбырап тұрғаны байқалады, кемістік көзге көрінеді. Бірақ омыртқаның бұл ауытқуын да емдеп жазуға болады.

Үшінші түрі – асқынған кезеңі. Бұл кезеңде омыртқаның ауытқуы анық көрінеді, яғни қабырғалар шодырайып тұрады. Дене бітімін түзету қиынға соғады.

Қисаюдың ең ауыр түрі –диспластикалық сколиоз. 8-10 жас аралығында жиі байқалып, тез дамитын ауру омыртқа жотасының бел-сегізкөз бөлігінің дамымауы салдарынан болады.

Мектеп жасындағы балалардың омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:
• Орындықта түзу отырмау, бір бүйіріне қарай қисайып отыру немесе үй тапсырмасын орындағанда басын үстелдің үстіне қойып отыру;
• Жазу үстелі мен орындықтың биіктігінің сәйкес келмеуі;

Көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;
• Сүйектер мен бұлшық еттердің дұрыс дамымауы т.б.

Диагностика

Сколиозды ерте сатысында еңкею арқылы білуге болады. Баланың қолын төмен түсіріп, еркін қойып, еңкейтіп қарасаңыз, желкеден белге дейінгі омыртқа жоталары түзулігі немесе қисайғандығы айқын көрінеді. Омыртқалардың қисаюының көлемін рентген суреттері арқылы көреді. Омыртқалардың өзгеруі туабітті болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған зерттеулік әдістермен бірге қосымша мыналарды тексерген қажет:

Бой ұзындығын отырғызып және тұрғызып өлшеу;
• Салмағын өлшеу; өкпе көлемін өлшеу, өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау, өкпе қызметін зерттеу (спирометрия)

Бұл шаралар қисаюдың ауырлығын анықтау, ем-домды соған сай жүргізу үшін қажет.

Сколиоздың асқынуы өте қауіпті, яғни кеуде қуысының қисаюына,

9

жүрек қызметінің жетіспеушілігіне, өкпе қызметінің нашарлауына, полицетемия, өкпе гипертензиясына әкелуі мүмкін. Сколиоз асқынған жағдайда хирургиялық араласу жүреді. Жалпы омыртқаны түзету – ең күрделі операциялардың бірі. Қазақстанда бұл операция тек Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында жасалады екен. Бүгінде мұндай операция сколиотикалық қисаюы немесе пішіннің өзгеру бұрышы 40-45 градустан асқан жағдайда жасалады. Сондай-ақ ауру косметикалық кемшілік байқалған жағдайда ота жасауы мүмкін. Өйткені ол науқастың жүйке жүйесіне

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!