ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН
АРТТЫРУДАҒЫ ОҚУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ
ПАЙДАСЫ.
Бижанова Динара
Сартайқызы
«Әулиекөл ауданы
әкімдігінің
білім бөлімінің Әулиекөл
кешкі
орта жалпы білім беретін
мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі.
«Еліміздің ертеңі-
бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың
тағдыры-ұстаздың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Еліміздің тәуелсіздік алған
жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және
де басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның
бірі –білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен
тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала
береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар
мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін
тигізуде.
Жаңа технологиялық әдіс -
тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы.
Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана, біз ұстаздар
сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Қазіргі кезде мектептің оқу
үрдісінде 50 - ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып
жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін
емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап,
іріктеу және оны іс - әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының
білім жетістіктерін арттыруға болады.
Жаңа технология әдістерін
қолдану - бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын,
қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау
қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан
жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң
да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың
білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз.
Жаңа технология - бұл
өзіңіздің әдістемелік жүйең. Яғни, әр мұғалімнің оқыту технологиясы
бойынша жылдар бойы жинақтаған іс - тәжірибесінің
нәтижесі.
Жаңа технологияларды
күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған
баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап
алады. Өзім сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің алдына
қоятын ең негізгі мақсаттарыныҢ бірі – оқушылардың рухани дүниесін
байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік,
адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; жазушы туындысында бейнеленген
дүниелерді эстетикалық тұрғыдан қабылдау білім және біліктілікпен
қаруландыру; Оқушының логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл
мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Оқушының оқу – танымдық
әрекетін қалыптастыруда оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісіне
енгізудің маңызы ерекше. Бұл әдістер арқылы өткізілген сабақтар
оқушылардың жаңа білімдерді меңгеруін ғана емес, сонымен бірге
жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынына мүмкіндік туғызады.
Топтарда зерттеу жүргізіліп, әдебиеттерді өз бетімен оқуға
үйренеді, талғап-талдап түсіндіре алады, жоғары дәрежеде
қарым-қатынас қалыптасып, ақын-жазушылар шығармаларын талдағанда
өмірмен байланыстырып өз пікірін жетік айта білуге және ойын
дәлелдеуге дағдыланады. «ЕліміздіҢ 2030 жылы барысқа айналдыратын
күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы
жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені қазақстанның бүгіні
мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең
білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың
бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді
әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Мен үшін тиімді
әдіс – жаңа технологияны барынша кеңінен қолдану. Қазақ тілі мен
әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды енгізу – оқушылардың білім
сапасын арттырудың негізгі кепілі.
Өз басым жаңа технологиялар
мен бағдарламалардың философиясын терең түсініп, әдістерін тиімді
пайдаланған кезде ұшан-теңіз жетістікке жеттім деп толық сеніммен
айта аламын.
Сабақ беретін 8-11 сынып
аралығындағы оқушыларымның бойынан мына төмендегідей өзгерістерді
байқадым:
- Оқушылар мәселенің ең
негізгі түйінін табуға дағдыланды.
- Өз бетінше ізденуге
үйренді.
- Сұрақ қойып, сұрақтарға
жауап беруге машықтанды.
-Ақпаратты саралауға, жүйелі
жүргізуге дағдыланды.
-Өздеріндегі ақпаратты жаңа
ақпаратпен салыстырып, тиімдісін қолдануға
дағдыланды.
Қандай да бір жаңа
технологияны пайдаланып жақсы нәтижеге жете қою мүмкін емес.
Таңдалған технология түрінің тиімділігі сынып оқушыларының игерген
білім деңгейі мен тақырыптың көлеміне, бәрінен де бұрын, мұғалімнің
сол технологияны орынды, ұғынықты, біліктілікпен қолдана білуіне
байланысты. Құрғақ сөз – білім де, білік те емес, сондықтан сабаққа
жаңа технологияны енгізуде мұғалімнің ойлы, жүйелі шығармашылығы
мен мақсатты ізденісі болуы керек.
Қорыта келе, Назипа
Сегізбайқызы Құлжанова былай деген: «Мұғалім бүгінгі заман талабына
сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты
терең білімді, сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдарлы
жүретін, қажырлы қайратты, жаңашыл, қатал талап қойып, оның
нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор
болуы керек. Қарым –қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін
сезініп, кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны
дұрыс» деп айтқан.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Назарбаев Н. «Қазақстан-2030»
Жолдау.
-
Республикалық педагогикалық
әдістемелік журнал. Салауатты өмір салты. №4, 2014
жыл.
-
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической
технологии. – М., 1989.