400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚЫШЫЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық технологияның дамуына сәйкес білім жүйесіне де біршама өзгерістер еніп,педагогтар мен оқушыларға “ жаңашаландырылған” жүйеге төселу міндеттелінді. Автоматтандыру жүйесінің қарқын алуы халықтың біраз жұмысын оңтайландырып,қағаз басшылықтан арылу міндеті іске қосылды.Білім алушының алдында технологияны жетік меңгеріп,айтар ойы мен керек сұранысын сауатты жазуды үйрену болса,білім берушілерге осы қажеттілікті игерту,үйрету,машықтандыру тұр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚЫШЫЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Аннотация

Инновациялық технологияның дамуына сәйкес білім жүйесіне де біршама өзгерістер еніп,педагогтар мен оқушыларға “ жаңашаландырылған” жүйеге төселу міндеттелінді.

Автоматтандыру жүйесінің қарқын алуы халықтың біраз жұмысын оңтайландырып,қағаз басшылықтан арылу міндеті іске қосылды.Білім алушының алдында технологияны жетік меңгеріп,айтар ойы мен керек сұранысын сауатты жазуды үйрену болса,білім берушілерге осы қажеттілікті игерту,үйрету,машықтандыру тұр.

Кілт сөз: инновациялық технология,автоматтандырылған жүйе,сауатты жазу,жазылым дағдысы.

Білім алудың сан алуан түрі дамығандықтан,онлайн форматта ақпарат алу қазіргі таңда өте оңай.Кез-келген білім беруші инновациялық технологияны кеңінен пайдалануды үлкен істің бастамасы ретінде қабылдады. Қазіргі таңда оқушыға, студентке, курс қатысушысына ақпарат легі оқылым, айтылым, көрсетілім ретінде ұсынылатыны жасырын емес. Бірақ цифрлы технологияның мүмкіндіктері өте зор. Оқушының алған ақпаратын қорту мақсатында сан алуан тәсілмен суреттерді,анимациялық көрсетілімдерді көрсету арқылы дұрыс сөйлеуге,ойын толық жеткізуге дағдылайтын функциялары да,мүмкіндіктері де бар.

Инновациялық даму -жаңалық ашу,жаңашылдыққа бойлау,заманауи ,креативті ойлау және соны үйретудің әдісін үздік технологиялар арқылы жүзеге асыру. Осы тәсілді игерген білім берушілер мынандай нәтижені сараптаған. Олар оқушының есте сақтауы өздері оқып айтса 80%,жазып өзі істесе 90%ға жеткендігін аңғарған.

Жаңашылдыққа өтпес бұрын дәстүрлі білім беру жүйесіндегі көркем жазу пәнінің осы форматқа қалай ауысатыны ойландырды. Интеллектуалды тақтаны оқушының игеруі, қолдануы, пайдасы мен зияны жайындағы мәселелермен де біраз істер атқарылып,жүйелендірудегі қиындықтардың да шешімі табылды.

Цифрлы технология арқылы берген ақпаратты қорыту,сіңдіру мақсатында оқытушылар эссе,шығарма,диктант,мазмұндама жазса,курсқа қатысушылар күнделік толтырып,тыңдалымдарды конспектілеу үрдіске айналған.

Оқушының ойы анық,жазар дүниесі мағыналы болу үшін түрлі слайдтар,тың деректер экраннан көрініп тұру міндеттелді. Бұл жылдам ойлап, пікірін қортуға өзіндік үлесін қосып келеді. Көзбен көріп отырған қосымша көмектің арқасында оқушыға суретті сөйлетіп,жасырынған сурет-жұмбақ пен мақалды табу оңай.

Жазылым дағдысын арттыру мақсаты - көшіру мен жазу үлгісін әдемілеу емес,”жаза білу”,”ойын сауатты жазу”.

Жаңа технологияның пайдасы:

▪️танымдық қабілетті арттырады.

▪️мәдениеттілікке бейімдейді.

▪️шығармашылыққа баулиды

Білім беруші қызығушылықты ояту мақсатында өзінің әдістемелік құралдарын кеңінен қолдана алады.

Жазылым дағдысын арттыру үшін топтық ойласу,қызықты шеңбер, “кім тапқыр?” сияқты тез түсінетін,ойын қағазға жылдам түсіруге көмегін тигізетін әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. Бұл қызығушылығын оятады.Сабақ барысында мағынаны тану кезеңінде «түртіп ал», «сен білесің бе», «маған ақыл қос» тәсілдерін қолданған тиімді. Ой толғанысын анықтау үшін сұхбат,түйін сөз, эссе жаздыру стратегиясына көшкен абзал.

Өркениеттің дамуы тез қарқын алғанымен оны игеру,оқытушының меңгеруі бәсең. Алайда білім беру жүйесінің мамандары бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін қайта даярлау курстары мен аттестациялаудан өткізуді басты міндеттер қатарына енгізді.

«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуге балаға» демекші,әр ұстаз ұстамдылық танытып,ынта-жігерімен оқушыға үйретіп,ойын дамытуға,жылдам жазуға машықтандырса кез-келген оқушы жаза алады. Бірден жазылым дағдысы толық дамымаса да,сауатты жазуды,қатесіз жазуды үйренері хақ.

Онсызда шұбарланған тілді одан ары құрметін түсірмей, қадірлеу әр азаматтың міндеті. Жасалып жатқан бар мүмкіндік пайдаланып, білімді құнсыздандырмауды мақсат етсек болғаны.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.09.2023
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі