Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Оқушылардың логикалық ойлауын түрлі тапсырмалар арқылы дамыту жолдары».
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нурлибаева Айдана Умирузоковна, Железин №3 жалпы орта білім беру мектебі, Физика пәнінің мұғалімі.
«Оқушылардың логикалық ойлауын түрлі тапсырмалар арқылы дамыту жолдары».
Менталды арифметика.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде, оқушыларды интеллектік, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады.
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кету керек. Логика – (грек тілінен алынған logic- сөз ой, ойлау, ақыл-ой ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.
Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім оқушыларға міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындап отыруы тиіс. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:
-
есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
-
сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
-
есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
-
пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
-
сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлғаретінде жан-жақты дами алады. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелікіс-әрекеттерді игеруменбірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады. Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасату керек.Оқытуда ойын әдістерін рөлдік, іскерлік және өзге де оқыту ойындарын қолдану аясында есептеудегі қазіргі әдістердің бірі – менталды арифметика. Бұдан жалпы бұл әдісті қолдану арқылы жүргізген тәжірибе талдауын ұсынамын.4-16 жастағы балалардың ақыл-ой қабілетін ойда санақ жүргізу арқылы дамытатын әдістеме. Осы әдістеменің көмегімен бала күрделі арифметикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу, санның түбірін табу) бірнеше секундта ойда немесе арнайы “абак” деп аталатын шоттың көмегімен есептеп шыға алады. Біздің миымыз 2 жартышардан құралады: оң жақ және сол жақ. Ұшқыр қиялға мидың оң жақ бөлігі жауап берсе, сол жақ бөлігі логикаға жауапты. Мидың оң жақ бөлігінің потенциалы айтарлықтай жоғары. Мидың екі жартышарын дамыту үшін менталды арифметиканы жаңа үйреніп келе жатқан балалар шотпен есептеген кезде екі қолының саусақтарын бірдей пайдаланады. Сөйтіп, арифметикалық амалдарды есептеп үйренеді. Бұл кезеңнен сәтті өткен бала амалдарды ойда есептеп үйренеді. Ойда әр есеп жүргізген сайын баланың шоттан тәуелсіздігі қалыптасып, біраз уақыттан кейін ол шотты тек ойында елестету арқылы үлкен разрядты сандарды бірнеше секунд ішінде есептейді. Бірақ, отандастарымыздың пікірі екіге бөлінді: біреулері бұл оқу әдістемесі баланың есте сақтау, креативті ойлауын, шығармашылық ойын дамытуға көмектеседі десе, басқалары механикалық есептеудің жағымсыз жақтарын байқап қалды.Менталды арифметика деген не? Ментальды арифметика – ғылым емес, математикалық тәсіл. Менталды арифметикада бала ойша есептеуді үйренеді. Барынша тез әрі сауатты есептеуге дағдыланады. Тіпті қолыңызда тұрған есептегіш калькулятор да менталды арифметиканы меңгерген баладан қалып қоюы мүмкін. Сонымен бұл әдіс қайдан келген бізге? Бұл Азияда 1993 жылдан бастау алыпты. Оның негізін қалаған Малайзия елінің профессоры Дино Вонг екен. Еліміздің бірнеше облысында менталды арифметиканы үйрететін арнайы үйірмелер жұмыс жасауда. Осы әдіс бойынша жұмыс барысында жұптардың үш түрі қолданылады: статистикалық, динамикалық және вариациялық. Статистикалық жұп мұнда қалауы бойынша екі оқушы біріктіріледі, олар рөлдермен алмасады: «мұғалім» мен «оқушы». Осылай өзара психологиялық үйлесімділік жағдайында екі әлсіз, екі мықты, мықты және әлсіз оқушы жаттыға алады. Динамикалық жұп төрт оқушы таңдалады және оларға төрт бөліктен тұратын тапсырма беріледі; оқушы тапсырманың өзіне берілген бөлігін орындағаннан және өзіндік бақылаудан кейін тапсырманы үш рет талқылайды, яғни әрбір әріптесімен, әр кезде оның баяндау логикасын, екпінін, қарқынын және т. б. ауыстыру керек, яғни жолдастарының жеке ерекшеліктеріне бейімделу тетігін іске қосу керек. Вариациялық жұп мұнда топтың төрт мүшесінің әрқайсысы өз тапсырмасын алады, оны орындайды, мұғаліммен бірге талдайды, қалған үш жолдастарымен сызба бойынша өзара оқытуды жүргізеді, нәтижесінде әрқайсысы оқу мазмұнының төрт үлесін меңгереді. Ұжымдық өзара оқыту технологиясының басымдықтары: үнемі қайталанып отыратын жаттығулардың нәтижесінде логикалық ойлау және түсіну дағдылары жетіледі; өзара араласу барысында жадысы іске қосылады, алдыңғы тәжірибе мен білімді жұмылдыру мен өзектендіру жүреді; әрбір оқушы өзін емін-еркін сезінеді, жеке қарқында жұмыс істейді; тек өзінің жетістіктері үшін ғана емес, сонымен бірге ұжымдық еңбектің нәтижелері үшін жауаптылығы артады; сабақ қарқынын ұстап тұру қажеттілігі жойылады, бұл ұжымдағы шағын ортаға оң әсерін тигізеді; тұлғаның адекватты өзіндік бағасы, өз мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін, артықшылықтары мен шектеулерін бағалауы қалыптасады. Бір ақпаратты бірнеше ауыспалы әріптестермен талқылау ассоциациялық байланыстар санын арттырады, сәйкесінше, барынша мықты меңгеруді қамтамасыз етеді.Тұлғалық бағдарланған бұл сабақтың ерекшеліктері типі, түрі мен нысаны әртүрлі дидактикалық материалды құрылымдау, оны сабақта қолдану мақсатын, орнын және уақытын белгілеу. Мұғалімнің оқушыға өзін іс жүзінде таныту мүмкіндіктерін ойластыру. Оларға сұрақ қою, бірегей идеялары мен болжамдарымен бөлісу мүмкіндігін беру. Ой, пікір, бағамен алмасуды ұйымдастыру. Оқушыларды жолдастарының жауаптарын толықтыруға және талдауға ынталандыру. Әр оқушының субъектілік тәжірибесін қолдану және түйсігіне сүйену. Сабақ барысында туындайтын қиын жағдайларды білімді қолдану саласы ретінде қолдану. Әр оқушы үшін сәттілік жағдайын жасауға ұмтылуы.
Қорытындылай келе, бұл бағдарламамен оқыған баланың зейіні артып, есту қабілеті жақсара түседі. Баланы жылдамдыққа, тез ойлануға және тапқырлыққа тәрбиелейтін білімнің артықтығы болмайды. Бастысы, болашағы үшін үлкен жол ашса болғаны.
Әдебиеттер
-
Менталды арифметика оқулықтары