Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда тиімді кері байланыс ұйымдастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда тиімді кері байланыс ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Кері байланыс оқушының оқы¬ту үрдісі қалай өткені және қан¬дай нәтижеге қол жет¬кіз¬ген¬¬д¬ігі туралы ой-пікірін тыңдауға не¬гізделеді. Кері байланыс са¬бақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тап¬сыр¬¬маларының соңында жүр¬гі¬зі¬л¬іп отыруы керек. Рефлексия мақ¬сат¬ы – еске түсіру, өзінің сабақ ба-рысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің ше¬шу жолдарын іздестіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда тиімді кері байланыс ұйымдастыру

Талдықорған қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Калдыбаева Алмагүл





«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов

Болашақтың бүгіннен де нұр­лы болуына ықпал етіп, адамзат қо­ғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік ор­нын алуы сол мемлекеттің бі­лім­дегі жетістігіне байланысты. Білім бе­рудегі басты мақсат – жан-жақты дамыған, өмір сүруге бей­ім, өзіндік ой-толғамы бар, адам­гершілігі жоғары, бәсекеге қа­бі­летті жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын те­рең игертудің тиімді жолдарын із­дес­тіріп, шығармашылыққа же­те­лейтін қазіргі заман талабы­на сай ғылыми-әдістемелік бі­лім­мен қаруланған, шебер мұғалім дайындау қажет. Жа­ңа формация мұғалімі – оқыту технологиясының жүйе­сі­мен оқушыларды өмірге дағ­ды­лан­дыру бағытындағы әдіс-тә­сіл­дерді жетік меңгерген тұлға. Осы ба­ғытта педагог-кадрлардың бі­лік­т­ілігін арттырудың деңгейлік бағ­дарламалар бойынша курс­тан өтіп, оның бағдарламасы не­гі­зінде жеті модулді сабақта қа­лай ықпалдастырып пайдалану жол­дарын және оқушылармен ке­рі байланыс жүргізе отырып, са­бақтың өтілу барысына талдау ж­асауды үйрендік. Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. 

Кері байланыс оқушының оқы­ту үрдісі қалай өткені және қан­дай нәтижеге қол жет­кіз­ген­­д­ігі туралы ой-пікірін тыңдауға не­гізделеді. Кері байланыс са­бақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тап­сыр­­маларының соңында жүр­гі­зі­л­іп отыруы керек. Рефлексия мақ­сат­ы – еске түсіру, өзінің сабақ ба­рысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің ше­шу жолдарын іздестіру. Мұ­ға­лім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қа­да­мын, ендігі іс-әрекетін қа­лай жақсартуға болатынын ал­дын ала біледі. Сонымен қатар, ке­рі байланыс парағы арқылы оқу­шының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін ке­дергілерді айқындап, келесі оқы­ту­ға бұдан да жақсырақ дайын­да­луы­на түрткі болады. Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. Бірінші – көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байла­ныс. Көңіл күйді әртүрлі сурет­тер, смайликтер және бояу түс­те­рімен анықтау.

Екінші, сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс. Мысалы, «Табыс сатысы» әдісінде кә­дім­гі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен ... білемін, 2-ші баспалдағы Мен ... түсінемін, 3-ші баспалдағы Мен ... жасай аламын.

Үшінші, оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. «Бұрын мен білмеуші едім. Енді білемін» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру болып табылады. Мысалы, «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

Со­ны­мен бірге, кері байланыс оқу­мен оқы­тудың қалай жүріп жат­қан­ды­ғын, оның сапасын анық­тау­ға мүмкіндік береді.

Дэвид Колбтың оқу циклі. Яғни осы Дэвид Колбтың оқу циклі: Теория – Эксперимент – Тәжірибе – Рефлексия бірі-бірімен тығыз байланыста.

Кері байланыстың тиімділігі – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; өз оқуына жауапкершілік алады, болған жағдайға рефлексия жасап үйренеді,оқушының қажеттілігін біле аламыз; оқушының өзіндік көз­­қарасы қалыптасады; бі­лім беру барысының сапасын жақ­сартуға болады және бастысы оқу­шы­ның сыни көзқарасы қа­лып­та­сады, өз-өзіне баға бере алады. Демек, оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Ұстаздар үшін тиімді жа­ғы: оқытудағы кемшілік тұстарын анық­тайды; келесі сабақтың жос­­п­арына өзгерістер енгізуге, тү­­зетуге, яғни оқытудың тиім­ді әдіс-тәсілдерін таңдауға мү­м­кін­дік және уақытты үнемді пай­да­лануға мүмкіндіктер береді.

Жалпы, кері байланыс – мұғалімнің әр оқушыны өз ортасында өмірге дайындауы, айналасында болып жатқан құбылыстарды түсінуге жетелеуі, өзіндік көзқарасын қалыптастыруы, сабақта алған білімін қоғамда пайдалана білуге, шешім қабылдауға үйретуі десек, бұл әр мұғалімнен ізденіс пен табандылықты, өзіне деген шынайылықты талап ететін қашанда түрлену, даму үстінде болатын үдеріс. 

Сондықтан да кері бай­ланыстың тиімділігі арқылы оқы­ту мен оқу сапасын жақсартуға сондай-ақ оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға бо­ла­ды деп есептеймін.











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2024
310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі