Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы орта білім беретін мектептің ұстаздарына әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
4955
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия













Баяндама тақырыбы:

«Оқушылардың тілдің құзыреттілігін дамыту жолдары»











Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Жаппаспаева Жанаркуль Сагинтаевна





















Арқалық қаласы

Оқушылардың тілдік құрызеттілігін дамыту жолдары

Құрметті қатысушылар!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы білім беру саласындағы өзгерістерге қозғаушы күш болды. Мемлекет басшысы адам капиталының дамуына көп көңіл бөлді. Отандық білім беру жүйесі жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кезеңінде тұр, білім беру мазмұнымен қатар оқыту тәсілдерін, бағалау жүйесін ұйымдастыруда жаңашыл көзқараспен қарайды. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңартылған білім мазмұнына сай тілдік құзыреттілігін дамытуда жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану басты міндетіміз.

«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Ноам Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді.

Саденова А.Е. филол.ғыл. докторы «Тілді меңгертуде дискурстық құзыреттіліктің маңыздылығы» мақаласында «Тілге, тіл үйренуге, тілдік қатынас жасай білуге байланысты «тілдік құзыреттілік», «сөйлей білу құзыреттілігі» және «тілдік қатынас құзыреттілігі» немесе «қатысымдық құзыреттілік» деген бірнеше ұғымдар қалыптасқан. Біріншіден, тілдік құзыреттілікті, басқаша айтқанда, лингвистикалық құзыреттілікті тілдің теориялық мәселелерін жақсы білу және оны түсіну, дұрыс пайдалана білу деп қарауға болады; екіншіден, сөйлей білу құзыреттілігі өзінің ойын сөз арқылы дұрыс құра білу қабілетінің болуы; үшіншіден, тілдік қатынас құзыреттілігі немесе қатысымдық құзыреттілік әртүрлі адамдармен әртүрлі жағдайларда үйренген тілде сөйлесе білу қабілетінің болуы деген бірнеше түсінік бар. Мұнда басты назар қатысымдық мақсаттарды дұрыс шеше білуге аударылады. Ол тілдесімді қажет етпейтін жердің өзінде мәселені сөзбен шешуге тырыса білу дағдысының болуымен байланысты. Сөйлеу қызметінің 4 түрі (айту, тыңдау, оқу, жазу) жалпы коммуникативтік әдіс арқылы қазақ тілін меңгерудің мақсаты болып табылады. Бұл мақсаттарға жету инофонның тілдік құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты болып келеді. Тілдік құзыреттілік деп тілдің барлық деңгей бірлігін білу (тілдік жүйе) және кез келген сөйлеу құрылымын түсіну және құрастыру үшін қолданатын ережелерді айтуға болады. Тілдік (коммуникативтік) құзыреттілік деп адамның өмірдегі шынайы жағдайда тіл арқылы қатынаса алу қабілетін түсінуге болады.

Тілдік құзыреттілік білім алушының тілдік дағдыларды, яғни, айтылым, тыңдалым, оқылым мен жазылым дағдыларын толыққанды игеруі. Жаңартылған білім беру бағдарламасына білім алушы жаңа технологиямен және тілдік құзыреттілік ұғымын жақсы түсінеді. Өйткені педагог оқушының бойында біліммен қатар білік пен дағдыны қалыптастыруға бағытталған жұмысты тұрақты түрде жүргізеді. Ол оқушылардың әр сабақтағы шығармашылық іс-әрекетінің тәжірибесі тілдік құзыреттілікпен тікелей байланысты. Педагог оқу үрдісінде үнемі оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жұмысын оқу мақсаттарымен қатар жүретін әрекет екендігін естен шығармайды. Ал құзыреттілік – бұл оқу үрдісінде белгілі бір тақырып аясында алынған білім мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Сол арқылы оқушының жасаған жұмыс арқылы қаншалықты білім алғанын және оның білімінің жетілгенін, түрлі жағдаятқа сай өзін көрсете білуін аңғаруға болады.

Тілдік (коммуникативтік) құзыреттілік деп адамның өмірдегі шынайы жағдайда тіл арқылы қатынаса алу қабілетін түсінуге болады. Қандай да бір тілді оқытуда коммуникативтік құзыреттілік әдістемелік тұрғыдан арқа сүйейтін және дамытылуға тиісті басты категориялардың бірі болып табылатын және бірнеше құрамдас бөліктен тұратын күрделі ұғым.

Тіл үйретуге қатысты әдістемелік әдебиеттерде коммуникативтік құзыреттіліктің құрамдас бөліктері – тілдік құзыреттілік пен дискурстық құзыреттіліктің жоғары деңгейін қалыптастырып, дамыту тіл меңгертудің басты мақсаты ретінде көрсетіледі. Тілді қатысым арқылы меңгертуде дискурстық құзыреттілікті қамтамасыз ету – ерекше назар аударылатын мәселе. Мысалы: тұрмыс, мәдениет, білім тақырыбындағы хабарламалар бойынша өтініш жасау; әрекет, құбылыс, фактіге түсініктеме беру; заттар, оқиғалар, құбылыстарды суреттеу, әңгімелеу; оқиға құбылыстарды талдау, бағалау; құптау немесе жоққа шығару, жауап беруден жалтару; көзін жеткізу; кеңес беру т.б. Бұл жағдаяттар мынадай болуы мүмкін: тұрмыстық салада – үйде, отбасында; достармен кездесу – дүкенге (азықтүлік, өнеркәсіп тауарлары) бару; көлікпен (метро, автобус, такси, пойыз, ұшақ) жүру; қалада (бейтаныс) қыдыру, болу; оқу орнында (мектепте, институтта т.б.); үзілісте, демалыста; ауылдық жерде болу; кітапханада т.б. мәдени орындарда болу; үй шаруасымен айналысу т.б.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында төмендегі жаңа әдіс-тәсілдерді жиі қолданамын:

«Мен кіммін?» тренингі.

  1. Мен әдемі адаммын, себебі ...

  2. Менде керемет мынандай екі қасиет бар, олар...

  3. Менің өз өмірімде жасаған ең бір жақсы ісімнің бірі ...

«4/3/2» әдісі

  • Заманауи әдістің бір түрі. Жаңа Зиландиялық Пауль Нейшин ойлап тапқан.

  • Мақсаты: оқушының тез сөйлеуіне, ойын түйіндеуге арналған.

Топты төрт адамнан бөліп, алдарына төрт сөйлемді көрсетеді. Әр топ мүшесі сол сөйлемдердің біреуін таңдап алулары қажет.

Мысалы:

  • Менің бірінші пәтерім

  • Менің алғашқы сабағым

  • Менің ұзаққа созылған бірінші саяхатым

  • Менің алғашқы ұстазым

Бірінші шеңберде екеуара жұмыс жасайды, бір -біріне таңдаған

тақырыптары бойынша 3 минуттан әңгімелеседі. Содан соң екеуара

жұп болып, бір –бірімен ауысып, 2 минут әңгімелеседі. Келесі айналымда келесі жұп жұмыс жасайды, яғни 1минут бір –бірімен әңгімелеседі.

«1х2х4» әдісі

  • Мақсаты: оқушылардың пікір алысуы арқылы, жалпы ортақ анықтама шығару
    Кезеңдері:

  • Бірінші кезеңде әр оқушы берілген сөйлем бойынша ойланып, сөйлемді жалғастырып, аяқтауы керек.  (5-7 мин).

  • Екінші кезеңде жұппен бірігіп, ортақ анықтама шығарулары тиіс. (5-10 мин).

  • Үшінші кезеңде төрт адамнан құралған шағын топ құрап, екі ұсынылған анықтамалардан жалпы бір ортақ нәтижие шығарып, таныстырулары тиіс. 10-15 мин).

Мысалы: бағалау дегеніміз не? Жақын отыру деген ұғымды білдіреді. Себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауы, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Жүгіріп оқу диктанты

Сыныптың әр жеріне шағын диктант қойылады. Балалар жүгіріп жүріп әр жерден бір-бір сөйлемнен жазып алады.

Тілдік қатынастық құзыреттілік тілді меңгерумен тығыз байланысты.

Бұл – қарым-қатынастық мәселелерді сөйлеу құралдары арқылы шешу деген сөз. Тілдік және сөйлей алушылық құзыреттіліктерінің болуы, тілдік қатынастық құзыреттілікке алып баратын аралық жол, баспалдақ іспетті. Тіл меңгеру үдерісіндегі диалогтық дискурстарды қолдануда елтану ұғымдарын енгізу, қарым-қатынас үйреніп жатқан тілде жүргізіледі. Мысалы, қазақ халқы дарқандықты, жомарттықты, қонақжайлықты, жинақылықты, тәртіптілікті, алдағы өмірді болжаушылықты жақсы көреді. Бұл аталған халықтың мінез-құлқын айқындайтын жекеленген қасиеттер, әдебіне, өздерін қоршаған ортаға қатынасына да өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Мәдениетаралық тілдесімді жүзеге асыруда дискурсты ұйымдастыру, жағдаяттарды, проблемаларды анықтап, коммуникативтік мақсатқа жетудің құралдарын белгілеудің, қатысымға байланысты әрқайсысының мәртебесі, функциясын көрсетудің, сондай-ақ ресми және бейресми түрдегі диалогтық тілдесім әрекетін ұйымдастырудың жолдары қарастырылды.




Әдебиеттер:

1.Ажниязова М.Ж. Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарында, №6, 2015 ж.

2.Қоянбаев Н.Шетел тілі сабақтарында жобалау технологиясын пайдалану. Білім технологиялары, №4,2014ж.

3.Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы,2007.

4.Орунбаева Ш. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебіндк, №2, 2016 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!