Материалдар / Оқушының дамуына әсер ететін факторлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушының дамуына әсер ететін факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материал мұғалімдерге, студенттерге пайдағасады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
2322
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орындаған: Сырым Ақнұр

ҚТӘ-43-тобының студенті



Эссе

Оқушының дамуына әсер ететін факторлар

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» – деп бес арысымыздың бірі Ж. Аймауытов айтқандай, ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп, түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Сонда оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады. Сондай оқушының өз ізденісін тудыру соңғы кездері қатты қолға алынды, үлкен өзгерістерге ие болды.

Білімділік - оқытуда қол жеткізген нәтиже, ал білім алуға даярлық - оқушының оқытудағы әлеуеттік мүмкіндіктерін сипаттайды. Сонымен бірге білімділік диагностикалау жүрген кездегі қол жеткізген мақсаттардың жүзеге асырылу деңгейін де сипаттайды. Дидактикалық диагностикалау мақсаты оку ұдерісті тиімділігіне байланысты жүру барысын дер кезінде анықтау, бағалау, талдау болып табылады.Бақылауды іс жузіне асыру үшін онда қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Мұндай ұғымдарға «бағалау», «бақылау», «тексеру» «есепке алу» т.с.с. жатады. Бақылау - оқушылардың білім, біліктерін анықтауды, өлшеуді және бағалауды сипаттайтын жалпы ұғым.

Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды. Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Оқушылардың оқуына ықпал ететін факторлардың әсері қандай? Біріншіден, әлеуметтік және физикалық фактор. Әлеуметтік факторлар - әр адам үшін әлеуметтік жағдайлардың көрінісі: еңбек және демалыс жағдайы, үй тұрмысы, тамақтануы, білімі, тәрбиесі және т.б. Қоғамдық денсаулық сақтаудың қол жеткізген жетістіктерінің ішінде медициналық-әлеуметтік және зпидемиологиялық зерттеулерді айта кету керек, осы зерттеулер нәтижесінде халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары) тобы және олардың үлесі анықталады.

Оқушылардың оқуына оң әсер ететін факторлар:

-жақсы денсаулық;

-дұрыс тамақтану;

-қажетті ұйқы;

-тиісті киім;

-Талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй;

Ал,оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар мынадай:

-сырқаттану;

-аштық;

-шаршағандай;

-сәйкес келмейтін киім;

-нашар тұрғын үй жағдайлары;

Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлардың бірі – әлеуметтік қолдау.Адамның дамуына, тұлға болып қалыптасуына оның ортасы, елдегі экономикалық, саяси жағдай мен рухани даму процесі əсер етеді. Психологтардың айтуынша, кез келген тұлғаның қалыптасуында оның балалық шағы мен жасөспірім кезеңі маңызды рөл атқарады. Адам баласы материалдық жəне рухани ортада тіршілік ететіндіктен өзі өмір сүріп жатқан қоғамның, ұжымның, ұлттың мүшесі ретінде ерекшеленуге, үздік болуға тырысады. Осыдан барып бəсекелестік, салыстыру ұғымдары пайда болады.

Материалдық жағдай, əлеуметтік теңсіздік тек ересектерге ғана емес, мектеп оқушыларына да əсер етеді. Əсіресе бастауыш сыныпты бітіріп, орта мектепке ауысқан оқушылар арасында əлеуметтік жағдайға немесе қызығушылығына байланысты топқа бөліну пайда болады. Кейде бұған бірыңғай мектеп формасының, ішкі тəртіптің, бақылаудың болмауы да себеп болады. Бір сыныпта біреудің əлпештеген жалғыз баласы да, көпбалалы отбасынан шыққан балалар да, толық емес отбасында тəрбиеленген ұл-қыз немесе жетім балалар да бірге оқиды. Соған сəйкес, оқу құрал-жабдықтарының түр-түсі мен сапасы, мектеп оқушыларының киіну стилі, өзін-өзі ұстауы, тіпті оқу үлгерімі де əртүрлі болуы мүмкін.

Әлеуметтік орта сол орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

Әлеуметтік фактордың оң әсері бар.Олар:

-отбасының белсенді қолдау көрсетуі және жоғары нәтижелер күтуі;

-тетелес топтардың оң бәсекелестігі мен қолдауы;

-әлеуметтік және отбасылық қолдау жүйесі, рөлдік үлгілер мен тиісті тәжірибе.

Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие арқылы түзетіледі.Тәрбиенің тиімділігі оның мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде.Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан - ақ тақта сияқты тап таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.

Жеке тұлғаны дамытушы қоғамдық факторлардың жеке тұлға өмірінде алатын орнын барлық ғылым саласы зерттейді. Бұл пікірімізді Б. Г. Ананьев зерттеулері дәлелдей түседі. В.В.Давыдов әлеуметтік факторлардың оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы қоршаған ортадағы орнынн айтатын болса, М.Коул мұны бала бір үйренген тәсілін өзге, бұған қатысы жоқ жағдайға қолдана білу деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың қоршаған ортадағы орынын жатады.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына қоғамдық-көпшілік жұмыстарының ықпалы? Қоғам қашан да қабілетті адамдарға мұқтаж. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемдеп қана қоймай, оқушыны неге қабілеттілігін анықтайды. Білім беру процесінде оқушылардың оқуына әсер ететін фактор – оқушының жеке факторлары.

«Жеке тұлғаның үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қабілеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,-деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттері деп қояды.

Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін оқушылар ұжымы арқылы тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын бастауыш сатыдан басталатын процесс.

Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М.В.Блонскийдің, Л.С. Выгатскийдің, Л.В. Рубенштейннің, Д.Б. Элкониннің еңбектерінің негізгі арқау болып табылады.Оқушылардың жеке тұлғасы ретінде қалыптасуына ұжымның үлкен ықпалы бар.

Тұлғаның шығармашылығында үш түрлі қарым -қатынас орын алады:

1.Тұлғаның өзіне тән қарым-қатынасы.

2.Тұлғаның басқалармен қарым – қатынасы.

3.Тұлғаның айналамен қарым – қатынасы.

Осы қатынастар арқылы адам тәрбиесі жетіледі.

Оқушының жеке факторының оң әсерлері:

-неменеге күш жұмсауға болатынын анықтау;

-өз табысына сенімділік;

-маңызды марапаттар;

-оқу үдерісі туралы хабардар болу;

-шеберлік сезімі;

-ол үшін беделді болып табылатын адамдардан алған марапаттар;

-бай тәжірибе және тіл;

Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет. Бұл жаңа қажеттіліктер баланың мотивациялық сферасын толықтырады және қиындатады. Осы жерде екі негізгі жолды атап көрсетуге болады. Біріншіден, баланың өмірдегі және оның қоршаған ортамен өзара қатынастарындағы орнын өзгерту жолы. Бұл әрбір жас кезеңіне сай келетін қажеттіліктерді тудырады. Осылайша, бастауыш мектеп жасындағы балаларда - оқушының жаңа жағдайда болуына байланысты; жеткіншектерде - құрдастар ұжымындағы орындарына байланысты; жоғары сынып оқушыларында - олардың келешектегі қоғам мүшелері ретіндегі орындарына қажеттіліктердің тұтас жүйесі пайда болады.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы жеке тұлғасы қалыптасып қана қоймай, білім алу мен оны шығармашылық тұрғыда өзгермелі өмір жағдайына дұрыс пайдалана білу, сондай-ақ болашақтағы бағдарын анықтауда өзін-өзі жетілдіруге көзқарасының қалыптасуына негіз болады. Демек, өзін-өзі бағалау – жеке тұлғаның келешектегі даму бағдары мен өмірлік мақсат-мұрат-тары, перспективалық ұстанымдарының қалыптасуына әсері мол.Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу оқушының даму факторы ретінде жеке, дербес күйде емес, оқыту және тәрбиелеумен өзара ықпалдастықта ғана жүзеге асады.

Оқушының жеке факторлары оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар:

-күш жұмсауға тұрмайтын әрекеттерді анықтау;

-сәтсіздікті мойындау,ұят;

-марапаттың болмауы;

-оқу үдерісін нашар түсіну;

-әлсіздігін сезіну;

-ілтипаттың не көтермелеудің жоқтығы;

-тәжірибенің және сөздік қордың шектеулігі;

Қазіргі психологиялық және педагогикалық зерттеуде бастауыш сынып оқушысына білім беру мен оны дамытудың әдістемелік принцпі оқу- танымдық әрекеті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді.

В.Г. Белинский тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен жазы құралына және сол тақтаның өз саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін аса дәріптеді.

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой - талғамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Оқушылардың тиімді оқуына әсер ететін факторлардың бірегейі – тапсырмалар мен берілген есептердің сапасы. Сапалы тапсырма құрастыруда оқу мақсаттарын үнемі есте ұстау өте маңызды, себебі оқу мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді тапсырма әзірленеді. Кез-келген. бағалауға арналған тапсырманың басты мақсаты оқушылардың алған білімдерін өмірде. қолдана алу құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Білім берудегі тапсырмалар мен берілген есептердің сапасының оқушыларға тигізер оң әсері:

-ойлау деңгейіне сәйкес;

-эмоционалдық тұрғыдан қанағаттандырады;

-жеке тұлға үшін маңызды болып қабылданады;

-белсенді педагогика арқылы еліктіреді;

-пән бойынша қызықты тапсырмаларды енгізеді.

Балалардың білім сапасын көтеру мақсатында әрбір оқу үдерісінде қолданатын оқытудың жаңа формалары мен техникалары балалардың пәнге деген қызығушылығы ізденімпаздығын байқау қабілеттерін жетілдіруге, мүмкіндік береді. Тапсырма түрлері: көп таңдауы бар сұрақтар, толық жауапты қажет ететін сұрақтар. Сонымен қатар, деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы оқушы білімін әділ әрі дұрыс бағалауға, оқушының оқу белсенділігі, білім алуға деген ынтасы, ойлау қабілеті арттырылады. Әр деңгейден өткен сайын оқушы бойындағы мүмкіндіктер мен қабілеттері ашыла түсіп, меңгерген білім мазмұны жағынан, тапсырма көлемі мен сапасы жағынан жоғарылана береді.

Тапсырмалардың сапасы оқушылар үшін оқу үдерісін айтарлықтай қиындататын факторлар:

-өте жеңіл немесе өте ауыр;

-эмоционалдық тұрғыдан алаңдататын,орынсыз және мән-мағынасыз сияқты қабылданатын;

-оңтайлы емес оқыту әдістерінің негізіндегі немқұрайлылық;

-қызықсыз тапсырмалар немесе пән.

Бұл факторлардың бәрі жайдан-жай айтылып қана қойған жоқ. Себебі, аталған факторлардың барлығы оқушылардың оқуға деген ынтасын дамыту, қызығушылығын ояту болып табылады.

Білім берудегі мұғалімнің әрекеті қандай? Мұғалім – жаңалық енгізудің негізгі субъектісі. Оқушы болса обьект ретінде қаралады. Қазіргі заманғы мұғалімнің ролі - бұл толығымен жаңартылған қоғамдағы таратушы рөл. Тек қана мұғалім балалар мен жастардың ақылойы мен танымына әсер етіп оларды өмірге, мемлекетке, қоғамдық қарымқатынасқа қалыптастырады. Қазіргі заманғы үздіксіз педагогикалық білім беру стратегиясы мұғалімнің өзін - өзі жеке және кәсіби дамытудан тұрады. Қазіргі заманғы мұғалім бейнесі - күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайда еркін бағыт алатын өзекті білім беру міндеттерін шешуде жауапкершілік пен және кәсіби әрекет жасайтын үлгілі педагог ретінде көрінеді. Мұғалімнің заманауи кәсіби жұмысының сипаты жаңа педагогикалық ойлауды талап етеді, құндылықтары бір ауыздан ойлаудың жеке басымдығы жеке тұлғаның білім беру мүдделері стандартты оқу жоспарынан тыс, оқушыны бірыңғай ассимиляциялау, білім беру туралы өзін-өзі дамытуға ұмтылу болып табылады.

Мектеп мұғалімінің еңбегінің ең маңыздылығы бойынша ешқандай басқа еңбекпен салыстыруға болмайды; оның нәтижесі адамның өзі болып келеді. Оған- ең білімдіге, ең жауапкершілікті, ең басты мұғалімге –отбасы мен қоғам ең қымбатын: өз болашағының, өз Отанының тағдырын тапсырды. Бүгін мұғалімнің нәтижесі қандай болса, ертең біздің болашағымыз сондай болмақшы. Соншалықты адам тағдырына және халыққа жауапкершілігі мол басқа мамандықты елестету мүмкін емес. Ең бұрыңғы заманннан –ақ қатаң заңдылық байқалған: қандай мүғалімдер- сондай қоғам. Даму тарихында ең мықты мектеп пен мұғалімдері бар мемлекеттер алдыға озып шығатын. Педагогикалық іс-әрекетінің мақсаты әр адамға, оның табиғи рухани қабілетін, және де негізгі қоғамдық дамудың бағыттарын ескеріп отыру, арнайы талаптар қоюмен байланыс ретінде қалыптасады және қарастырылады, мақсаттың құрамы бір жағынан жеке түлғаның қажеттіліктерімен ұмтылушылығы болса,ол басқа жағынан әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы және болжамы. Пайда болған қиыншылықтың шешілуін табуға бағытталған іс-әрекетте ғана мақсатқа жету жүзеге асырылады. Қиыншылықтың шешуін табу мақсаттың бөлігі болып ,ал иақсатқа жетудің баспалдағы –мақсатқа бағытталған іс-әрекетін аралас нәтижесі болып қарастырылады.

Мұғалімнің іс-әрекетінің мазмұны мыналар болып табылады:

  • ғылыми білім;

  • Оқулықтар білімді «Тасушы» ретінде  танылады немесе оқушылардың бақылау барысындағы әрекеттері  танылады.

Одан басқа, мұғалім мыналарды атқара білуі керек:

1. адам әрекетінің шығармашылығын ескере отырып әрекетін жоспарлау, оның нысандары мен негізін жас ерекшелігіне байланысты және жасөспірімнің  жеке тұлғалық ерекшелікке байланыстыжоспарлау;

2. мотивацияны қалыптастыру және әрекетті ынталандыру;

3. балалардың әрекет етудің негізгі компаненттерін игеруін қамтамасыз ету, олар: ептіліктер, дағды, мақсатты анықтау, жоспарлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау.

 Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері:

1. Оқу материалын іске асыру бойынша оқытушылық жұмыстары;

2. Тәрбие беру жұмыстары;

3. Оқытушылардың өздігінен білім алулары мен өзін-өзі тәрбиелеуі;

4. Басқарушылық әрекет;

5. Ғылыми-зерттеу  жұмыстары;

6. Мектептен тыс жұмыстар;

7. Әдістемелік жұмыстар;

8. Ұйымдатырушылық жұмыстар.

Оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер де байқалады. Мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар береді. Оқушыларды оқуға бағыттайды.

Бүгінгі мектептің ең маңызды міндеті адамның өмірінің қалған уақытында қалатын білімі мен дағдыларының тұрақты жиынтығын қалыптастыру емес, ең алдымен өмір бойы жаңа білім алу және алу қабілеттілігін тәрбиелеу болып табылады. Демек, мұғалімдердің өздері тиісті дағдыға ие болуы керек. Шын мәнінде, қоғамды модернизациялау деген ол оның санасын жаңғырту, оған жаңа көзқарас, жаңа қағидалар мен жаңа идеология - жаңа ұрпақты тәрбиелеу үшін қажет. Мұғалімнің құндылықтары оның ісәрекетінің қозғаушы күші болып табылады және білім берудегі өз жұмысынан маңызды тапсырмаларды және үміттерді анықтауға мүмкіндік береді. Олар стратегияны, басымдықтарды және оларды жүзеге асыру дәрежесін таңдауды анықтайды.

Мұғалімнің алдында тұрған үлкен миссия - адам іс-әрекетінің мәдениетін - эстетикалық қабылдау мен түсіну мәдениетін, сөйлеу мәдениеті, ойлау және мінез-құлық мәдениеті, табиғатты сақтау мәдениеті және мәдени құндылықтардың өздері, әлеуметтік құбылыстарды саяси және экономикалық талдаудың гуманитарлық пәндерді зерттеу арқылы қалыптастыру болып табылады. Тарих, әдебиет, биология және география сабақтарында өз білімін жеке қабылдау үшін қажетті мұғалім тұжырымдамалық базаны ғана жасай алады.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!