Материалдар / Оқушының музыкалық есту және орындаушылық қабілетін бағдарламаны орындау арқылы зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушының музыкалық есту және орындаушылық қабілетін бағдарламаны орындау арқылы зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім әр оқушының даму деңгейін әрбір сыныпта қойылатын талаптар арқылы бағдарламаны орындау арқылы зерттейді,яғри сатылап оқыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Тамыз 2021
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Мəдениет жəне өнер» институты
«Вокал жəне аспаптық өнер» кафедрасы
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
«Домбыра» мамандығы
(пəннің атауы)

ПƏННІҢ ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – 2
Семестр – 3,4
Практикалық сабақ – 60 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) –15сағат
СӨЖ – 15 сағат
Барлығы – 90 сағат

Орал 2011 ж.

Пəннің оқу əдістемелік-кешені __Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының __Алматы 2003ж.________________________________
(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)
типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Құрастырушы(лар):
Оқытушы ШакеноваА.Н.____________
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дəрежесі)

Кафедра меңгерушісі: _Бабенко О.А.___________________
(аты-жөні)

________________

(қолы )

Мəдениет жəне өнер_институттың оқу-əдістемелік кеңесінің отырысында
бекітілді.
«Вокал жəне аспапта орындау өнері» кафедрасының отырысында
қарастырылды.
06.09.2011 ж. № 1 хаттама.
Мəдениет жəне өнер факультетінің оқу-əдістемелік кеңесінің отырысында
бекітілді.
10.09.2011 ж. № 1 хаттама.

2.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
Оқытушы туралы мəлімет
Оқытушының аты-жөні: Шакенова А.Н.
Офис: «Вокал жəне аспаптық өнер» кафедрасы
Жұмыс мекен – жайы: Достық,162
Жұмыс телефоны: 51-27-39
E – mail:
Пəн туралы мəлімет
Мамандық(домбыра)
Кредиттің аптаға бөліну кестесі (2 кредит мысалында келтірілген):
Сабақтар
Байланыс сағаты 1
(1 практика)
Байланыс сағаты 2
(2 практика)

Өткізу
уақыты
50 мин.

Сабақтар

Өткізу уақыты

ОЖСӨЖ ,СӨЖ

50 + 50 мин.

50 мин.

ОЖСӨЖ ,СӨЖ

50 + 50 мин.

Өту орны: № 4 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме: (1 кредитке)
Курс

Семестр Кредит
саны

3

5,6

2

Практика
лық
сабақтар
60

СОӨЖ

30

Рейт
инг

Емтихан

Барлығы

90

Кіріспе
Пəн бойынша мағлұмат беріледі:
-пəннің мақсаты мен міндеттері,
-пререквизиттер (білім,дағдыларға негізделу үшін міндетті түрде алдын-ала
оқылуы тиіс пəндер),
-постреквизиттер (пəн соңында алатын білімі, дағдылар тізімі),
-оқыту əдістемесі.
Пəн бойынша мағлұмат:Қазақтың классикалық дəстүрлі музыкасы –
телегей-теңіз ғажайып рухани мұра. Ол ата-бабаларымыз жасаған көшпелі
мəдениеттің құндағында дүниеге келіп, біздің өмірімізбен біте қайнасып
келеді. Заманымызға Боғда мен Ұзақ, Дəулеткерей мен Құрманғазы, Қазанғап
пен Тəттімбет, Абыл мен Адай, Байсерке мен Мəмен, Түркеш пен Сейтек,
Дина мен Сүгір сынды кемеңгер күйшілер арқылы жеткен ұлттық
домбыралық классикамыз, бұл – бүкілəлемдік қазына. Күй өнерін XX
ғасырда қазақ жəне орыс ғалымдары зерттеп, өздерінің симфониялық жəне
опералық шығармаларында кеңінен пайдаланған. Қазақ күйі қазір өз отаны –
Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен Американың шырайлы салтанатты
сахналарынан да естілуде. Қазіргі заманғы музыкалық өмір күйлердің əртүрлі
нұсқадағы үндермен толған. Олардың кейбірі əдейі, белгілі бағыт-бағдармен
қолдан жасалған болса, кейбірі өмір ағымымен өзінен-өзі туындаған.Бүгінгі
таңдағы кəсіби домбырашыларды оқытып-үйрету, нота бойынша жүргізіледі.
Курс мақсаты: Кəсіби орындаушылық шеберлік негіздерін тəжірибеде
меңгеру. Шығарманың көркемдік деңгейін мазмұнын ашу. Дəстүрлі музыка
өнерін кəсіби орындаушылық жоғары деңгейде меңгеру.Ұлттық білім
бағдарламасының халықаралық дəрежеде танылуын қамтамасыз ету. Білім
сапасын əлемдік дəрежеге көтеру. Студенттің өз іс-əрекетін ұйымдастыра алу
жəне білімін жетілдіру қабілетін дамыту.
Курс міндеті: Домбыра аспабын ыңғайлы ұстап, дұрыс отырып үйренудің
мəні зор. Домбырашының жалпы музыка танымы аспапты игеру тəсілдерімен
тығыз байланыста қатар дамып отыруы керек.Оқытушы сабақ барысында
шəкіртінің ой-өрісі мен қабілетіне қарай күй өнерін жан-жақты талдап,
тереңдете түсіндіріп отыруы тиіс.
Пререквизиттер: қарапайым музыка теориясы, сольфеджио
Оқыту əдістемесі: практикалық түрде шығармаларды аспапта көрсете білу.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дəрістер мен практикалық
сабақтар
негізінде
жүргізіледі
жəне
алынған
практикалық
дағдылар,түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй
тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген
тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы
жүзеге асады.
Сабақ мазмұны мен кестесі

Сабақтың кез- келген түріне қолданылатын материалдардың тізімі мен атауы
көрсетілген «техникалық оқу құралдары» (немесе демонстрациялық жəне
қосалқы материалдар) деген бөлім енгізуге болады.
Мысал ретінде 1.2 бөліміндегідей аптасына 1 кредит сағат жəңе СОӨЖ (1
аптадан кейін) көрсетілген.
№1 практикалық сабақ
Тақырып ; Кіріспе сабақ. Дəстүрлі орындаушылық төкпе жəне шертпе
мектептері. халық күйі «Түрікпен»
Практикалық сабақ мазмұны ;қағысы ,əдісі,орындалу ерекшелігі.
(қарастырылатын мəселелер)
Əдебиет;Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы
«Өлке» - 1997 ж.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану,үнтаспа.
ОЖСӨЖ мазмұны : Қазақ пен түркімен мал сүмесімен күн көрген халық.
Сол себепті сахарада үзеңгі қағыстырып, малдарын қатар жайып қоңсы
болып өткен. Ал, көрші жатқан елдер бір-біріне рухани ықпал етпей
қоймайды. Қазақ күй қазынасында түркімен əуендес немесе түркімен
сарындарының əсерлерінен туған күйлер көптеп кездеседі.Бұл күйлердің
ішінде ең шоқтығы биік тұрғандары Дəулеткерейдің «Көрұғлысымен» ( Н.
Бөкейхановтың жеткізуімен ), М. Өскенбаевтың жеткізуіндегі халық күйі
«Көрұғлы». «Түрікпен» атты шағын күйді Самиғолла Андарбаев жеткізген.
СӨЖ мазмұны: отырыс,оң қол мен сол қол қойылымымен жаттығу,
қағыспен жаттығу, күйді орындап жаттығу Студенттің денесін отырған кезде
тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шашырамауын қадағалау
керек. Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы
«Өлке» - 1997 ж.77-бет.
№ 2 практикалық сабақ
Тақырып: Сақбике «Керілме»
Практикалық сабақ мазмұны : Бұл күй орта ғасырларда өмір сүрген
белгілі қазақ домбырашысы Сақбикенің күйі. Əр кезде тұтқынға түскен
қырғыздардан рулы ел құрылып, уақыт өте келе Найман руының қырғыз
аталығы болып қалыптасады. Сақбике осы Найманның қырғыз аталығынан
шыққан.Аңызда жылқы алуға келе жатқан жаудың сарынын сезіп қалып
хабарлап отырған көрегендігі үшін Сақбике атанған деседі. Сақбикенің ұлы
Қайдауыл батыр бір жылы қырғызды шабамын деп əскер жинайды. Сол кезде
Сақбике «балам, ер жігіттің үш жұрты болады. Соның бірі – нағашы жұрт.
Есіңде болсын, сені туған менің асыл тегім – қырғыз. Сен өзіңнің нағашы
жұртыңды шабуға бара жатырсың» дейді.Дейді де бір қамырықты күй
тартады. Сонда қатты толқыған Қайдауыл сарбаздарына «аттарыңды
қаңтарыңдар, жорық болмайды» дейді.Күйде қазақ пен қырғыз əуені
жымдаса бітіскен. Сондай-ақ , қобыз күйлерінің сарындары бар. Студенттің
денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының
шашырамауын қадағалау керек. Аспап құрылымымен , күтімімен танысу
керек .

Əдебиет: Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы
«Өлке» - 1997 ж.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : Студентті үйрету бағытын анықтау – нота сауаты
қолдан алу. Себебі есте сақтау , есту , таза дыбыс мəдениетін қалыптастыру ,
қабылдауы тез студенттерге қолдан үйренген тиімді. Бүгін үйренгенін
келесіде ұмытып отырған студентке сан жүйесінен , нота сауатынан
қолайлысы жоқ. Бірақ қысқа , қысқа əуендерді , қарапайым қимыл ,
қағыстардан бұлармен де жеміске жетуге болады. Бастапқы сабақтарда үйге
көп тапсырма берілмейді , кластағы сабақты да бірнеше бөліммен өткізген
дұрыс. Арасында аспап құрылымын сұрап , нота жазғызып , əр алуан
бағытта, студентті демалғызып өзі күй орындап ойластырған ұстазға шексіз
амалдар баршылық. Бір сабақты бірнеше бөлікке бөлу. Осындай шараларды
іске асырғаннан кейін , отырып аспапты ұстап үйренгеннен кейін , оң қолға
төмен қағыс үйретуден басталады. Жаттығуды тиексіз бастайды. Себебі
қағыстың бағытын , қолының салмағын сезінуі үшін студенттің қолына
кедергі болмағаны жөн. Жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз
салмағымен оңай түседі. Жоғары қағысқа кейде жұлқи күш салады, болмаса
қолды түскен бағытынан бұра тартады.Буындарға жаттығу, қолдың ішекке
жанасуына жаттығу. Жоғары қағыстың дыбыс бояуы, əлді , əлсіз үлес ,
өлшем түрлері студент үлгеріміне қарай өзгертіліп отырады.
СӨЖ мазмұны: астыңғы ішектегі бір дыбысты бірінші саусақпен басып
тұрып, үстіңгі ішектегі күй тақырыбын секундаға дейін ойнағанда,
кварта,квинта интервалдарының негізгі дыбыстары тек бармақты жылжыту
арқылы басылуына жаттығу.
Сол құрылымын таңбаланбауы , домбыра мойынында орналасуын қадағалап
жаттығу. Айтжан Есенұлы , Гүлперизат Елеусізқызы « Күй керуені » Алматы
«Өлке» - 1997 ж.93-бет.
№3 практикалық сабақ
Тақырып:Көне аңыз-күйлер. Халық күйі «Нар идірген»
Практикалық сабақ мазмұны :Халықтың өткені,тұрмыс-тіршілігі,
болмыс-бітімі мен ой-арманы туралы небір деректерді көне аңыз-күйлерден
танып білуге болады. Олар аққудың сұңқылы, нардың боздауы, құланның
дүбірі, жорғаның жүрісі сияқты небір суреттерді көз алдыңа əкеледі.Күй
сарындары аңызда айтылатын оқиғаны бейнелейтін шағын эпизодтардан
немесе формасы жағынан кіші-гірім күйлер тобынан құралады. Күй формасы
шағын əуендік формуланы қайталап орындау арқылы қалыптасқан. Күйлер
теріс бұрауда орындалып, көбінесе екі дауыс болып келеді. Аңыз күйлердің
ең көне үлгілеріне аң-құстардың атымен аталатын, сонымен қатар, аң аулауда
болған сəтсіздіктер мен жан-жануарлар туралы күйлерді жатқызуға болады.
Мəселен, «Аққу», «Қаз», «Нар» сияқты күйлер халқымыздың жанжануарларды киелі санаған тотемдік ой-сенімдерінетбайланысты туған.
Əдебиет: А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,80-бет.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.

ОЖСӨЖ мазмұны :Күйлердің шығу тегі өнердің əлеуметтік
функциялардың бірі тұрмыстық магия болған тарихи кезеңдерді қамтиды.
Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттердің
кейбір жұрнақтары сақталған.Қазіргі уақытта аңыз-күйлердің көпшілігі
ертегі-əңгіме тəрізді болып қалды. Алайда, уақыт сағымының құрдымына
кеткен өткен ғасырлардың сырлы үнін біздің заманымызға сақтап жеткізген
осы аңыз-күйлер екенін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.
СӨЖ мазмұны: «Ақсақ қыз», «Ақсақ құлан», «Ақсақ аю», «Ақсақ қаз»,
«Ақсақ киік», «Ақсақ қой» атты күйлер халық ұғымындағы ақсақ аруақтар
культімен тығыз байланысты екенін байқау. «Қос келіншектің зары», «Жетім
қыз», «Арбиян қоңыр» сияқты жоқтау күйлерде халықтың өзен суларының
екі дүниені бөліп тұратындығы жайындағы діни ұғым түсінігі сақталған. :
А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,94-бет.
№4 практикалық сабақ
Тақырып: Боғда «Жем суының тасқыны»
Практикалық сабақ мазмұны :Боғданың кең тараған «Жем суының
тасқыны», «Боғда», «Қара жаяу» күйлері – терең философиялық толғауға
толы лирикалық туындылар. Оның бізге жеткен шығармаларының ішінде,
əсіресе дəстүрлі жанрда шығарылған «Сегіз лақ» (ортеке жанрында) «Кербез
Ақжелең» мен «Кербез керік» (ақжелең жанрында) тəрізді күйлері жақсы
сақталған. Боғда күйлеріне стильдік жəне жанрлық əркелкіліктер тəн. Бұл
ерекшеліктер Боғда күйлерінің Батыс Қазақстанның əр облыстарында
тұратын домбырашылардан жазылып алынғандығына байланысты болса
керек. Əр түрлі орындаушылық мектептің өкілдері оның күйлерін өздеріне
тəн дəстүрге салып орындағаны белгілі. Соған қарамастан, Боғда күйлеріне
ортақ бірқатар ерекшеліктерді анық аңғаруға болады. Осы өңірдің дəстүрлі
формасында шығарылған бұл күйлерге байсалдылық, екпін ұстамдылығы тəн
болып келеді. Сонымен қатар, олардан музыка тақырыптарының
интонациялық жақындығы байқалады. Боғданың Жем өзенінің бойын мекен
еткені белгілі.
Əдебиет: : А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,121-бет.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : Арқасында домбырасы бар Боғда Жем өзені тасып
жатқан кезде, бергі беттегі ауылға өтейін деп атын салады.Өзеннің ортасына
жеткенде дарияның асау ағысы Боғданы атымен бірге ағызып əкетеді. Бір
жарға соғылған аты суға кетеді де, өзі əрең дегенде домбырасын арқалап ,
жиекке шығады. Боғда демін алып, киімін кептіріп отырып: «Япырмай,
мынау табиғаттың күші керемет құдірет екен-ау. Бұл менің атымды ағызып
алып кетті, өзім өлім аузынан қалдым. Өмірдің өзі де осы қатты ағыс сияқты
емес пе»,-деп, Жем өзенінің тасқынын, оның дүлей күшін, күймен
бейнелепті. А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,126бет.
СӨЖ мазмұны: : сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу,
дыбыс күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу.
«Боғда» күйі күйшінің атымен аталатын күй.Қазіргі Ақтөбе, Атырау, Орал

облыстарының түйіскен тұсындағы Ойыл, Қызылқоға өңірінде Бозтөбе деген
биік бар.Бұл Бозтөбе ертеректе Боғда деп аталған. Күй – қайратты, жігерлі,
сабырлы. Күйді орындап жаттығу. Күйді басынан аяғына дейін бірнеше рет
орындап шығу (бұл орайда бірден оқу сауаттылық ашылады). Бұл кезеңде
күйдің жалпы болмысымен танысады. Өте жай орындап, əрбір сөйлемді
талдау.Қиын жерлерді көбірек ойнау, қол қимылына жаттығулар жасау,
қағыстарын игеру. Күйдің ноталарын дұрыс үйрену, аса ұқыптылықпен
қарау. Күйдің əуенін жəне ырғағын бұзбау. Күйді үйренгенде саусақ кестесін
дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Аппликатурасын өзі қойып үйренуге
дағдылану.
№5 практикалық сабақ
Тақырып: Домбырашылық өнердегі оң қол қағыстарының дəстүрлі
атаулары. Домбырашылық өнердегі сол қолдың саусақ кестесінің аймақ
аралық ерекшеліктері. Есбай «Ақжелең»
Практикалық сабақ мазмұны : Орындаушылық – терминологияға көптеген
қағыс əдістерінің аттарынан басқа, домбырашының сол қолының аспап
мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы, осыған
байланысты сол қол саусақтарының қозғалыс тəртібінің өзгерістері жəне де
музыканың мінездемесімен əр түрлі жағдайда қойылған халықтық тұрақты
жылдамдық белгілері жатады. Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын
түсіндірудегі ең басты құрал,яғни домбыраның қағысы – күйдің
тілі.Орындаушылық ұстаздық шеберлікке, ептілікке, көрегенділікке,
ұңғыттыққа дағдыланады. Домбырашылық өнердегі үйрету əдісі болжамдық
жəне тəжірибелік елеулі мəселелерді шоғырландырады. Əдіспен тəжірибенің
іске асуына қайшылықтар кездесуі мүмкін. Теориялық дұрыс деп шешілген
үлгілер шын мəнінде істің болмысымен ұшырасқанда əлсіздік көрсетіп,
мойып қалмайтындай етіп түсіндіру, ұғындыру үйретуші үшін оңай жұмыс
емес, орындаушылар айтылатын ойын сөзбен қалай болса, аспаппен солай
жеткізуі керек.
Əдебиет : Айтжан Есенұлы «Күй – тəңірдің күбірі» «Дайк – Пресс» Алматы1996ж. 23-37 беттер.
К. Сахарбаева «Домбыра үйрету əдістері» Алматы «ИздатМаркет»,2006ж.,90бет.
Техникалық оқу құралдары : оқулық пайдалану, күй - табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны :Орындаушылық өнердің негізгі арқауы шығармаға
табиғи берілу, дене қимылы, орындау шеберлігі, сезу, ойлау қабілеті өзара
қатынастарынан тұрады. Осы қасиеттер орынды əсер бергенде, орындаушы
деңгейі қақында сөз етуге болады. Автор тыңдаушы мен орындаушы
арасынан өз ойын ұқса, керісінше орындаушы шығарма болмысын толық
жеткізе алса – онда ол жоғары деңгейде болғаны. Себебі əр шығармада
автордың өскен ортасы, заманы, стилі, ойы, əдістемелік қыр-сырлары, екпіні,
ырғағы, музыкалық тілі сан-салалы екені даусыз. Орындаушы өзінен еш
нəрсе қоспайды деу қате түсінік, кейде ол автор ойынан да үздік шығып
жатады. Бұл автор ойын өз өн бойынан өткізе білгендігі, əдіс тəсілінің кең,
білімінің тереңдігін көрсетеді, өзінше үн қосады, өзгеріс енгізеді, өз

қолтаңбасын түсіреді. Орындаушылық деңгей осы қолтаңбамен өлшенеді.
Күй өнерінде халық таныған орындаушыларға бас иген, бірнеше ұрпақ
арқылы жеткендіктен шебер орындаушылар үлгісі биікте қала алған, слоай
бола бермек.
СӨЖ мазмұны : Қағыс атауларын жаттау. Ақжелең күйі ықшам, қабылдауы
жеңіл. Форшлагтың қысқа жəне ұзақ түрлеріне жаттығу. Күйді орындап
жаттығу.Сол қол қойылымының дұрыс қалыппен орналасуын қадағалау,қол
саусақ буындарының жеке-жеке сезініп дайындалу керек. Керек дыбысқа
байланысты қозғалыс жүйесін қалыптастыру, таза дыбыстың күшін (қатты,
жай) сезініп естуге талпыныс жасау. Дыбыс əуезіне (қоңыр,ашық) жұмыс. əр
саусақ қойылымына жаттығулар (өткен тақырып) жасау. Оң қол
қойылымына , төмен қағыс тың дұрыс қозғалысына көңіл бөлу. Ішекке
жанасу жүйесін, тек қолды төмен түсірмей жаттығу керек.
№6 практикалық сабақ
Тақырып:Сүгір «Жолаушының қоңыр күйі»
Практикалық сабақ мазмұны :Арқаның, Жетісудың, Батыстың, Сырдың,
Алтай Тарбағатайдың саз-сарындарының Сүгір күйлерінде көрініс тапқан.
Қазақ музыка мəдениетіндегі жетістіктердің барлығын бойына жинаған Сүгір
күйлерінің бітім болмысы, құрылымы ерекше болып келеді. Əрине жергілікті
Қаратау аймағының əуен-саздары Сүгі күйлерінің негізгі өзегі. Қазақ күй
өнерінде Сүгір өзіндік орындаушылық, стильдік ерекшеліктерімен
дараланып тұрады. Қара шертіс, іліп қағу, төгіп қағу, тұтып алу, лига,
флажолет, форшлаг сияқты түрлі əдіс амалдарды Сүгір өз күйлерінде сарқа
пайдаланған. Күйшінің бүгінгі күнге дейін жетіп отырған 30-ға тарта
күйлерінен біз осыны көреміз.
Əдебиет: А.Тоқтаған, Г.Ұлтарахова, М.Əбуғазы «Қаратау шертпесі»
Алматы, 2006 ж.3-5-беттер.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : Сүгір күйшінің орындаушылық өнерін, күйшілік
мұрасын жалғастырушылар Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков,Генерал
Асқаров, Сейітқан Əлімбеков, Ергентай Борсабаев, Атабек Асылбеков,
Əкелі-балалы Əлімхан, Жанғали, Сəрсенғали Жүзбаевтар т. б. Сүгір күйлерін
алғаш республика жұртшылығына танытқан қобызшы, əрі домбырашы
Жаппас Қаламбев болды. Жаппастың орындауында «Ыңғай төк», «Аққу»,
«Кертолғау», «Тоғыз тарау», «Ілме», «Шалқыма» т.б. күйлер қазақ күйлері
антологиясына еніп, жеке күйтабақ болып шығып мəңгі сақталып қалды.
Төлеген Момбековтың орындауындағы «Телқоңыр», «Жолаушының жолды
қоңыры» (I-II-ші түрлері) «Бозінген», «Бесжорға», «Шалқыма»,»Қосбасар»
т.б. күйлері баға жетпес туындылар, қазақ күй мəдениетіне қосылған үлес
А.Тоқтаған, Г.Ұлтарахова, М.Əбуғазы «Қаратау шертпесі» Алматы, 2006
ж.36-бет.
СӨЖ мазмұны: «Жолаушының қоңыр күйі» жеткізуші қаратаулық күйші
Əлімхан Жүзбаев. «Шежірелі Қаратау» күйтабағынан нотаға түсірілген.
«Жолаушының қоңыр күйі» - сарыны жағынан қобыз күйлеріне жақын.
№7 практикалық сабақ

Тақырып : Күйсандық сүйемелдеуімен домбырада шығарма орындау. И.
Брамс «Бесінші венгер биі»
Практикалық сабақ мазмұны : Шығарма - болашақ күйші-домбырашының
шыңдалып сауатты əрі білікті маман атанып, өрісті дүние таным иесі болуы
үшін бірден-бір керек дүние.Халқымыздың дəстүрлі өнер жүйесін сақтай
отырып, студент танымының орындаушылық шеберлігінің өсуіне зор ықпал
етеді.шығарманы үйреткенде жеңіл əндерден бастау керек. Себебі əндердің
мазмұны түсінікті, əр қағысқа бөлгенде əріптен, буыннан келеді.
Шығармамен жұмыс – мамандық сабағының негізі, əдістер мен əдістемелік
шаралардың бір арнаға топтасуы. Міндетті түрде шығарма жөнінде мағлұмат
беру. Яғни шығарманың жанры, стилі, композитор қақында түсініктеме;
өмірі, өмір сүрген уақыты шығарманың қағидасы. Шығарманың қиын
тұстарына алдын-ала жаттығулар, жай екпінде нотадан оқу керек. Нотадан
оқығанда, көзбен жобалау, алыс перне аралықты тұстарын анықтап алу,
динамикалық жобаларын анықтау, саусақ кестесі мен қағыс қарымын
жобалау керек. Сабақ өту барысында бірден практикалық жүйеде іске
асырылады.
Əдебиет: М. Айтқалиев. Домбыраға арналған хрестоматия. «Өнер», Алматы1980ж.46-50-беттер.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны :Шығарманы музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрету
үшін бірден оның нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеру,
автордың ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн.
Шығарма мазмұнына байланысты орындау əдістерін талдау, дамыту деген
сөз. Сабақта жаңа шығарманы үйренгенде оны бөлшектеу қателікке
соқтырады. Тұтас басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп
саралау қажет, ал оның орындау əдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын ,
қиын тұстарын дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау
керек.Осылайша қолға алынса ғана шығарманы белгілі бір иезгілде үйреніп
меңгеруге болады. Əрбір шығарманың техникалық қиын жерлері
кездеседі.Мұндай жағдайда ұстаз шəкіртке осы іспеттес жаттығулар береді.
Бұл жаттығулар шығарманың қиын жерлерін игеруге көмегін тигізетіндей
болғаны абзал.
СӨЖ мазмұны: шығармамен танысу, шығармада кездесетін əдіс-амалдарды
меңгеру,
шығарманың
көркемдік
мəнін
ашу.Тербеліс
əдісіне
жаттығу.Шығарманың музыкалық көркемдік тұрғысынан үйрену үшін оның
нотасын толық саралау қиын жерлерін барынша игеруге жаттығу. Автордың
ойын, шығарманың мазмұнын дұрыс түсіне білуге тырысқан жөн. Шығарма
мазмұнына байланысты орындау əдістерін талдау,дамытуға көңіл бөлу керек.
Сабақта үйренген нəрселерін еске сақтап қайталап пысықтау. Шығарманы
тұтастай басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап барып, бөлшектеп саралау
қажет. Оның орындау əдістерін, саусақ кестесін, қағыстарын, қиын тұстарын
дұрыс игеріп болғаннан кейін түгелмен орындау керек.Осылайша қолға
алынса ғана шығарманы белгілі бір мезгілде үйреніп меңгеруге болады.
№8 практикалық сабақ

Тақырып: Қазанғап «Ақжелең»
Практикалық сабақ мазмұны : Қазанғап «Ақжелең» деп аталатын
күйлердің негізін салушылардың бірі жəне оны дамытушы. Ол адам жанын
тебірентерлік назға, қуаныш пен махабат лирикасына толы, терең мағыналы,
əуен жағынан құбылып, құлпырып тұратын Ақжелеңнің алпыс екі түрін
шығарған. Күйдің əрқайсысының атына, мазмұнына сəйкес екпінін,
өлшемдерін, əуенін өзгертіп дамытады. Өзінің стильдік ерекшеліктерін осы
күйлерінің өн бойында сақтап отырады.
Əдебиет: С. Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап»,Алматы,
А.Райымбергенов «Күй қайнары»,Алматы «Өнер»,1990ж.,
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : Қазанғап «Ақжелең» - деп аталатын күйлерінің негізін
салушылардың бірі жəне оны дамытушы. Ақжелең дегеніміздің өзі шат
көңілді, жеңіл сырғағымен тартылатын күй жанры. Міне Қазанғап басқа
күйлерін былай қойғанда осындай бір тақырыпқа арнап Ақжелеңнің 62 түрін
шығарған. Күйдің əрқайсының атына, оқиғасына сəйкес қағыстарын,
өлшемдерін, əуенжасаған СССР суретшілер одағының мүшесі Ш.
Мұхамеджанов. Ол, арнайы Алматыдан барып күйшінің бейнесін көнекөз
қариялардың айтуы бойынша жасап шыққан.
Қазанғаптың күйлері басқа халық композиторларының күйлерімен қатар
консерваторияның оқу программасына енгізілді, көптеген майталман
орындаушылардың репертуарынан берік орын алып, үлкен сахналарда
тартылып жүр. Бұның барлығы күйші мұрасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізу бағытында істеліп жатқан игі істер деп білеміз.
СӨЖ мазмұны: сол қол саусақтарының пернеге басуына көңіл бөлу, дыбыс
күшін жобалауда шынтақты ашып, жабудың өзіндік ретімен жаттығу.
Күй – қайратты, жігерлі, сабырлы. Күйді орындап жаттығу. Күйді басынан
аяғына дейін бірнеше рет орындап шығу (бұл орайда бірден оқу сауаттылық
ашылады). Бұл кезеңде күйдің жалпы болмысымен танысады. Өте жай
орындап, əрбір сөйлемді талдау.Қиын жерлерді көбірек ойнау, қол қимылына
жаттығулар жасау, қағыстарын игеру. Күйдің ноталарын дұрыс үйрену, аса
ұқыптылықпен қарау. Күйдің əуенін жəне ырғағын бұзбау. Күйді үйренгенде
саусақ кестесін дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Аппликатурасын өзі қойып
үйренуге дағдылану.
№9 практикалық сабақ
Тақырып:Құрманғазы «Бұлбұл»
Практикалық сабақ мазмұны : Бұл күйді Есен Қазиевтің баласы Ермек
Қазиевтан домбырашы-ұстаз Айтжан Тоқтағанов жазып алған. Құрманғазы
бұлбұлдың сайрауын тельдер арқылы бере білген. Динаның «Бұлбұлы»
ұстазының шалықтауы деп айтсақ артық болмайды. Ермек Қазиев 1946 ж.
туған. Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында тұрады. Қазақстанда өткен
көптеген күй сайыстардың жүлдегері. Шебер дəстүрлі орындаушылардың
бірі. Айтжан Тоқтағанов 1946 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жəнібек
ауданында дүниеге келген. Алматы консерваториясының доценті.

Əдебиет: Қ. Ахмедияров. Құрманғазы Сарыарқа, Алматы «Өнер» 1995 ж.,
51-бет
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : . Күйді орындап жаттығу. Күйді басынан аяғына дейін
бірнеше рет орындап шығу (бұл орайда бірден оқу сауаттылық ашылады).
Бұл кезеңде күйдің жалпы болмысымен танысады. Өте жай орындап, əрбір
сөйлемді талдау.Қиын жерлерді көбірек ойнау, қол қимылына жаттығулар
жасау, қағыстарын игеру. Күйдің ноталарын дұрыс үйрену, аса
ұқыптылықпен қарау. Күйдің əуенін жəне ырғағын бұзбау. Күйді үйренгенде
саусақ кестесін дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Аппликатурасын өзі қойып
үйренуге дағдылану.
№10 практикалық сабақ
Тақырып : Тəттімбет «Сарыжайлау»
Практикалық сабақ мазмұны : Төкпе күйлерге қарағанда, шертпе
күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы əр
ішекте кезектесе жүреді.Шертпе мектебінде тиектің кейінгі жағына оң қол
алақан түбін тигізу арқылы да тербеліс алынады.Санап ойнағанда студенттің
ырғақтық қасиеті қалыптасады. Оң қолда сұқ саусақпен төмен қағыстарға
үйренгеннен кейін, бас бармақпен жоғары қағыстарға көшу керек. Екі
бағыттағы қағыстарды бірден бастауға болмайды. Оң қол бас бармағының
домбыра ішегін жұлқа тартуға жол берілмегені жөн. Білезік буыны арқылы
ішекті қаққаннан кейін сыртқа қарай бұрылады да, бас бармақтың бірінші
буыны сұқ саусақ 1-ші буынын жанай жаймен бүгіледі. Осы жаттығуды
қағыс бастамас бұрын қолға алған дұрыс. Сол қол саусақтары бас буынға
қойылғаннан кейін негізгі буынға көшеді. Жоғары қағысқа қарағанда төмен
бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейін
қай буын арқылы жаттығу керектігін жадында сақтау.
Əдебиет: А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов, «Домбыра үйрену мектебі»,
Алматы, «Өнер», 1992 ж., 55-59 беттер,
А.Тоқтаған «Тəттімбет жəне Арқа күйлері», Алматы «Білім», 2005 ж., 11-бет.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны :Бұл күйді бізге жеткізуші, орындаушы, дүлдүл күйші
Əбікен Хасенов. «Сарыжайлау» күйінің шығу тарихы бізге белгісіз. Бұл күй
табиғат қоршаған орта көрінісінен гөрі адам өмір белестерін суреттейтін
дүниетанымдық ойға құрылған туындыға ұқсайды. «Сарыжайлау» күйінде
көрініс тапқан, яғни күй адам өмірін ешқашан тоқтамас ұлыкөшке теңеп,
оның жайлауға жеткен тұсын дыбыс тілімен өрнектейді. Немесе таратып
айтатын болсақ бұл күй азаматтың кемеліне келген шағын, ақыл тоқтатқан
парасатты кезеңін кейде баяу, кейде буырқана аққан сезім толғаныстарын
сипаттайды.
«Сарыжайлау»
күйші
шығармашылығының
шыңы,
халқымыздың күй өнеріндегі айшықты туындылардың бірі.
СӨЖ мазмұны:
1-2-3-саусақтарды жиі қолдануға жаттығу. 3-4саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басумен жаттығу. Күйлерді орындап
жаттығу.Саусақтар үлгідегі көрсетілгенінен ауытқымауы керек. Жай екпінде
жаттығулар ойнау.Музыкалық дыбыстың ұзақ болуы , болмаса паузамен

келуіне көңіл бөлу.Сол қол иық, шынтақ буындарының табиғи қалыпта
тұруының, кеудемен арадағы бұрыш қатысының үлкен маңызы бар. Бас
бармақ қойылымына арналған жаттығуларды ойнап жаттығу. Бас бармақ ең
əуелі жеке, сонан соң бас бармақ пен 1-ші, бас бармақ пен 4-ші саусақтар
қойылады. əр буынның, əр саусақтың қасиетін ұғынықты бағытпен,
талғаммен үйрену.
№11 практикалық сабақ
Тақырып
:Ұлы
күйші
Құрманғазы
Сағырбайұлы
(1823-1896)
шығармашылығы. Құрманғазы «Адай», «Серпер»
Практикалық
сабақ
мазмұны:
Құрманғазы
күрескер-күйші.
Құрманғазының өршіл рухы заманалық құбылыстармен үндес. «Адай» рухы
биік , аса жігерлі күй жəне күйші шығармашылығында ерекше орын алатын
бірегей туынды. «Серпер » - өте қайратты, батырлық рухты білдіретін,
құрылымы аса күрделі туынды.
Əдебиет: А.Тоқтаған, М.Əбуғазы «Құрманғазы-күйлер»,Алматы «Білім»
2005ж.,13 -185 - беттер.
А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері»Астана «Күлтегін»2002ж.,435-441-беттер.
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : Бас буындағы ля-си-до дыбыстарын (пернелерді) 1,2,3саусақтармен алу. Терция интервалдарын бас бармақпен 1-саусақты
жылжыту арқылы алу. Күй тақырыбы ре ішегінде жүргенде соль ішегінде бір
дыбысты 2-саусақпен басып тұрып, квинта, кварта интервалдарын бас бармақ
пен 2-саусақ арқылы алу. Кварта интервалын 3 жəне 4-саусақтармен қатар
басу. Бір интервалды əр саусақтармен кезектестіре алу.
СӨЖ мазмұны: Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығымен
танысу.Күйлерді орындап жаттау. Жəй темпте жаттығу.Өткен сабақтағы
тақырыптарды қайталау . Мысалы ; домбырашының сол қолының аспап
мойынындағы белгілі бір мөлшерде берілген атаумен орналасуы , Тербеліс –
сол қол саусағымен ішекті басып тұрып, дыбысты тербелту əдісі.Ол
орындаушылық дəстүрге орай сол қолдағы саусақ , буын немесе білек
көмегімен орындалады. Кейде шертпе дəстүрінде оң қолды тиек артына
қойып, ішектерді тербелте қағу əдісімен дыбысты тербелту барысында оны
ширек тонға дейін көтеру де (сол қол саусағымен ) кездеседі.Тербеліс
дыбысқа əуездік бояу береді. Жалаң , қатаң , өмірсіз дыбыс тербеліспен
тіріледі , жаңаша бояу табады. Тербеліс жиілігі , пəрмені шығарма мазмұны ,
болмысына екпініне , ырғағына тəуелді екенін пысықтап оқу жəне жаттығу.
№12 практикалық сабақ
Тақырып:Тоқа «Саржайлау»
Практикалық сабақ мазмұны :Тоқа Шоңманұлы 1830 жылы Жаңаарқа
ауданындағы Көктал өзенінің бойында дүниеге келіп , 1904 жылы март
айында өзінің туған жері Қаратұмсықтағы қыстауында жерленеді.Тоқа көп
күй шығарған дарынды домбырашы адам болған. Тоқа күйлерінің халықтың
арасына таралып , оның сақталуына оның туысы əрі шəкірті Ұлмағамбет
домбырашының зор үлесі болған. Ұлмағамбет – домбырашы Тоқа күйлерін

тегіс тартқан.Тоқаның «Саржайлау» , «Ерке қыз» , «Белшешер» , «Қосбасар»
(үш нұсқасы) , «Боз торғай» «Аққу» , «Сары өзен» т.б. күйлері бар.
Əдебиет: Уəли Бекенов «Шертпе күй шеберлері» «Жалын» баспасы Алматы
– 1977 , 53 – бет .
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : Күй өзінің идеялық көркемдік мазмұны жағынан
эстетикалық талғамға сай терең ойлы болып келеді.Тоқаның «Саржайлау»
күйі өз құрылысы жағынан онша күрделі емес ойнақы , ұғымға жеңіл ,
шертуге оңай түседі.Күйдің саз – сарыны Тəттімбет «Саржайлауынан» бөлек.
Композиторларын анықтау үшін ең алдымен домбырада шерте біліп , күй
табиғатын терең түсінген жөн.
СӨЖ мазмұны: Жəй темпте жаттығу.Өткен сабақтағы тақырыптарды
қайталау .Күйді жатқа ойнау.
№13 практикалық сабақ
Тақырып : Ладтар. Тоника. Пентатоника.Домбырадағы позициялардың
схемасы. Оң қолдағы пиццикато штрихы. Екі октавалық натуралды ,
гармониялық жəне мелодиялық гаммалардың аппликатуралары.(соль минор)
Практикалық сабақ мазмұны: Музыкалық дыбыстардың белгілі бір
жүйедегі байланысы, олардың реттік заңдылығы мен жүріс тəртібі лад деп
аталады. Музыкада мажорлық (ашық үнді) жəне минорлық (ұяң) деп
аталатын екі негізгі лад бар. Позиция дегеніміз – берілген дыбыс қатарын
саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол
саусақтарының перне үстінде орналасуы. Домбыра мойнындағы бір
позицияның көлемі ( 1-4 саусақтар аралығы ) терция интервалына тең
болады. Қос ішектегі тербеліс əдісіне жаттығу. Шығармада пунктирлі ырғақ
кездеседі. Тактідегі ұзартылған əлді үлес пен қысқартылған əлсіз үлестің
кезектесіп келуіне негізделген ырғақты пунктирлі ырғақ деп атайды.
Əдебиет: А.Жайымов,С.Бүркітов, Б.Ысқақов. «Домбыра үйрену мектебі»
Алматы «Өнер» 1992ж., 36-бет., 66-бет., 163-бет. А. Тоқтағанов, Т. Бəділов
«Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар»
Техникалық оқу құралдары: оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ мазмұны : Домбыра аспабының саусақ кестесінің қағидалары ;
қол қойылымын бастағаннан-ақ аспап мойнында саусақ қойылымы табиғи
орналасуын қалыптастыру, сөйлем, иірімді орындағанда алғашқы
аппликатуралық үлгіні сақтау, əр саусақтың перне басуда тепе-тең күшін
реттеу, саусақтардың жеке сезінуін қолға алу, алақан, білезік, білек, иық –
буындарының көмегін саралау, дəстүрлі қалыптасқан саусақ кестесі
заңдылықтарын сақтау.
Аппликатураны меңгергенде пернелердің ара қашықтығына байланысты
бірінші екі нотаға 1 – саусақпен жылжиды , сондықтан бірінші саусақты өте
қалқыта (плавно) , домбыра пернесінің бойымен сырғытып жылжыту
керек.Сол сияқты ноталарының араларын да осы тəртіппен ойнау керек.
Домбыра құрылымы, дене мүшелерімен таныстықтан кейін қол
қойылымдары бастауында халықтық мектепке, дəстүрде қалыптасқан
домбыра мойын бөліктері атауларын əр домбырашы үйренуі де баршаға

ортақ заңдылық. Бұл негіз күй өнерімізге байланысты ертеден қалыптасқан.
Бас буын, орта буын, саға (кіші саға), үлкен саға. Позиция қалып орналасу
деген мағынада. Сол қол саусақтарының домбыра мойнында орналасу қалпы.
Домбыра аспабында позиция европалық классикалық аспаптар негізінде
жүйеленген. Саусақтарды қозғамай орындау, болиаса басу қалпы. Домбыра
мойнындағы позиция (1,2,3,4) саусақ басылымына байланысты терция
интервалына тең төменгі ішек – (g ) соль .Ре ішегінде – D
СӨЖ мазмұны: Позициядан позицияға көшудің негізгі əдістері: бір
саусақты жылжыту арқылы ауысу, қатар тұрған саусақтарды өзара
алмастыру арқылы ауысу, ашық ішек арқылы ауысу, бір дыбысты əр
саусақпен басу арқылы, саусақтардың арасын тарылту арқылы жəне кеңейту
арқылы жаттығу. Аппликатура – шығарма болмысын ашу кілті, дұрыс
аппликатуралық дағды жоғары орындаушылыққа бағыт. Аппликатураны
нақты мақсатпен таңдау домбырада қиындықтарды жеңуге, шығпрманың
көркемдік мазмұнын ашуға жеткізеді. Оңтайлы табылған аппликатура тез
арада белгілі көздеген мақсатқа жеткізеді.
№14 практикалық сабақ
Тақырып:Қ . Ахмедияров «Шынар»
Практикалық сабақ мазмұны: Құрылымы бас буын , тақырып , орта буын
саға кода жаңаша байланыстарымен ерекшеленеді . Бас буын қысқа
болғанмен жоғарғы ішектегі бір дауысты үстемені бірде қағыспен , бір
лигалы төрт дыбыспен күрделендіріп , түрлендіріп отырады. Оң қолда түбек
мектебіне тəн қағыстық құбылулар мен тақырып күрделене түседі. Автордың
өзіндік ерекшелігі тақырып элементтерін қайталап , бас буынға
құяды.Тақырып жоғарғы ішекте ойналып төменге ауысады.
Əдебиет: Қ . Ахмедияров «Шынар» , Дайк – Пресс , Алматы – 1999 жыл.74 –
бет.
Техникалық оқу құралдары:оқулық пайдалану, күй-табақ тыңдау.
ОЖСӨЖ
мазмұны
:
Қ
Ахмедияровтың
композиторлық
шығармашылығымен танысу. Қ . Ахмедияров Қазақстан халық əртісі ,
Мемлекеттік сыйлық пен «Парасат» орденінің иегері. Қ . Ахмедияровтың
күйлерінің ішінде өзгеше бітімді , шоқтығы биік туындылар бар. Автордың
дəстүр аясында туындаған күй желі
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!