Материалдар / Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде мемлекеттік тілді үйрету мақсатында ойын технологиясын пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде мемлекеттік тілді үйрету мақсатында ойын технологиясын пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі, Т2, ойын технологиясы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2018
224
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Масалимова Б.Е.,

КГУ «Гимназия №6 г.Семей»


Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде мемлекеттік тілді үйрету мақсатында ойын технологиясын пайдалану.

Қазақстандық білім беру тұжырымдамасында өмір талабы ретінде екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту міндеттері қойылады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Біріңғай жазу жұмыстары, жаттау оқушыларды жалықтырады. Қазақ тілі сабағындағы көзделген мақсат-оқушыларға әрбір сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде,сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету. Сондықтанорысмектептеріндегіқазақтіліпәнініңбілімділік, тәрбиелікмақсаттарыбасқапәндермен де, сыныптан тыс шаралармен де байланыстажүргізіледі. Олүшінүнемісыныптан тыс уақытта, сабақта сергітужаттығуларыменқатаржаңатақырыптымеңгерту, өткендіпысықтаумақсатындаойынтүрлерінкеңқолданукерек.Қазіргі кезде «ойын» ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бүгінгі күні ойын проблемасы психология әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану т.б. салалардың көкейтескі мәселесіне айналып отыр.
Күнделікті өмірде түрлі ойындар бала қиялын ғана дамытпай 
оқушылардың қызуғышылығын да арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.Тіл үйрену баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау дағдысын, сөйлеу дағдысын жан-жақты дамытып, кеңейтіп отыру қажет. 
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады,
Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Мысалы, адамдарға қандай да бір ойынды ойнау тапсырылса, онда олар "білмеймін", "ойнай алмаймын" — дейді. Бұл жағдай тіпті ең қарапайым ойындарды ойлаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді.
Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты мәселе байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі; екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Педагогтың балалар ойындарындағы ролі өте маңызды. Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойында ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге ойын барысында олардың серіктесі де бола алады.
Мұғалім балалардың ойын үстінде әр алуан сезімдер мен эмоциялық күйге бөленетінін (қуану, ренжу, мақтан ету, риза болу, қызғану, өкіну) және бұл сезімдердің ойында ұтысқа немесе ұтылысқа, көмек көрсетуге не көмек алуға байланысты болатынын есте ұстауы қажет. Әдетте ойын үстінде команда мүшелері арасындағы қарым-қатынастар қалыпқа істеледі: жеке табыстар кейінгі тұсқа ысырылады, талас-тартыс ұмытылады, бәрі де ортақ мүдде туралы ойлай бастайды. Дегенмен, ойын барысында қарым - қатынастың жағымсыз жағы да туындауы мүмкін. Мысалы, қарсыластары ұтқан жағдайда ыза, қызғаныш пайда болып кез — келген, тіпті әділетсіз әдістер арқылы өз тобын жеңіске жеткізудің жолдарын іздестіреді.
Балалардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолын,да өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, мынадай тәсілдер қолданамын.
- сөздік жұмысы (әңгімелеу,салыстыру,қайталау, сұрақ-жауап, жазу, оқу т.б.)
- көрнекі құралдар қолдану (сурет,ойыншық, муляж, бейне фильм т.б.)
- ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс,сюжеттік-рольдік, логикалық, ұлттық т.б.)
Сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл-ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін, зейінінойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тыңдап , тез ұғып алады.
Мысалы: «Кім көп айтады?» деген ойынды сөздер айту, сөз тіркестерін құрастыру, сөйлем, әңгіме айтқызу арқылы өткіземін. «Ойлан тап», «Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын.
Ауызекі сөйлеу тілінде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызып, жіберген қателеріп дер кезінде түзетіп отырамын. Сонымен қатар сергіту ойындарын кеңінен пайдаланамын. Сабақтың қай кезеңінде болса да, әсіресе, балалар шаршады-ау деген мезетте сергіту, бой жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындарында көктемгі, жазғы табиғат құбылыстарын т.б. айтумен қатар қимылдармен бейнелейді. 
Бұл дидактикалық сергіту ойындары балалардың сабақты зейін қойып тыңдауына, ақыл-ойын бір нәрсеге тұрақтандырып, саналы түрде білуге септігін тигізеді. Бір сәт көз алдарына елестетіп, дем алады. Осылай дидактикалық ойындардың сан алуанын өткізуге болады. Сюжеттік-рольдік ойындардың тәрбиелік мәні зор. «Отбасы», «Дүкенде», «Кітапханада» т.б. ойындар арқылы адамгершілік,кішіпейілділік қасиеттер қалыптасады. Түрлі тақырыптар бойынша «Саяхат» ойындарын ұйымдастыру-сөйлеп үйренуге мүмкіндік туғызатын ең ұтымды жол. 
Мысалы: «Туған жерге саяхат» ойынында бейнефильмге түсірілген жерлерді көре отырып, көрікті жерлерді, көше атауларын атайды, жүйелі сөйлеп, әңгіме құрастырады. Көше атаулары ұлы тұлғалар есімдерімен байланысты, түрлі сұрақтар қойып, мәлімет береміз.
Логикалық ойындар балалардың есте сақтау, ойлау қасиеттерін дамытады. Жарыс ойындарын көбінесе қорытынды сабақтарда пайдаланылады.
Қазақтың ұлттық ойындары балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулиды. Ертеңгіліктерде, ойын-сауықтарда, сынып сағаттарында, серуенде балалар қызығып ойнайды. «Сақина салмақ», «Тақия тастамақ», «Орамал» ойындары арқылы көркем сөз үлгілерін жаттатып, бекітеміз, есте сақтауға үйретеміз.Тақырыпқа сәйкес оқылған ертегілерді де рольдерге бөліп, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда қойылым көрсетеміз.
Осы жұмыстар жүргізіліп жатса да, қиындықтар бар. Соның бірі-сөздік ортаның жоқтығы, тіпті қазақ отбасында қазақша сөйлемейді. 
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгіру өзекті мәселе екені бәрімізге белгілі. Осыған орай қазақ тілін оқыту ісіне қойылар талап та жоғары. Тілді үйрету барысында біздің біліктілігіміз, педагогикалық шеберлігіміз, белсенділігіміз оқушылардың қазақ тіліне – мемлекеттік тілге деген ынтасын, сүйіспеншілігін ояту байқалады. Ойын барысында балалар тегіс қатысып белсенділін көрсетеді. Ойын элементерін екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Оныңбіріншісі – оқушыныңқызығушылығын, ынтасынарттыру, тіліндамыту, екіншісі – оқушылардытапқырлыққабаулып, зейінін, байқампаздығынарттыружәнеойлауқабілетіндамыту.

Ойын – балалардыңнегізгііс-әрекеттерініңбіртүрі. Бала өміріойынғабайланысты. Бала ойынсызөркендейалмайды. Бұл – өмірдіңзаңдылығы. Сондықтан да қазақтілісабағында, жалпы мектепте болған әр сәтіндеойынэлементтерінпайдаланудыңоқушылардың ой белсенділігінарттырудағымаңызызор. В.А. Сухомлинский айтқан «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясызтолықмәніндегіақыл-ой тәрбиесіболмайды».

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. (В.М. Сухомлинский)

Пайдаланылғанәдебиеттер:

    1. Бастауышмектеп, 3, 2003, А.Әбішева «Ойынэлементтерінпайдаланудыңпедагогикалықерекшеліктері»
      2. Оралбаева Н., Жақсылықова Қ., Орыстіліндегімектептердеқазақтіліноқытуәдістемесі, Алматы, 1996, «Қазақтілісабағындақолданылатынойындаржәнеолардыұйымдастыружолдары»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!