Материалдар / Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибедегі рефлексия курсын тәмәмдау барысында жазылған есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
2285
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.

Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау


XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаhандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөль атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз білім – ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады», - деген болатын. Ал қазақтың заңгер жазушысы Мұқтар Әуезоа былай деген екен «Халық пен халықты теңеретін - білім» деп айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімгің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.

Сонымен, жаhандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық деңгейде биікке көтеру кезек күттірмейтін мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті – ұстаздардың қолында.

Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеру мақсатында республикамыздың ұстаздарын қайта даярлауға үлкен көңіл бөлуде.

Соған байланысты қазіргі таңда біздің мектепте «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша курс өткізілуде. Курс жалпы 100 сағаттан тұрады. Жетекшіміз өзіміздің әріптесіміз, биология пәнінің мұғалімі Утешова Кульсара Алимжановна. Курстың негізгі мақсаты – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыда ойлауға үйрету.

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Курс барысында осы жеті модуль бойынша сабақтарды қызықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияларды, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдануды үйрендік.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы».

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы – ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім – әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе – теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі бұл философия, адамдарға көптеп жолдар мен шешімдер ішінен маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылдың қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, «миға шабуыл» логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін – өзі таныған, ақыл – ойын жан – жақты дамытқан өзіндік «Мендік» пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсекте, тереңіне үңіліп , олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістердіде жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Курс барысында сыни тұрғысынан ойлау тақырыбын «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы өттік. Себебі, бұл әдіс пен тақырып бірін-бірі толықтыра түседі. Екеуіде бір тақырыпты жан – жақты ойлауға, жан – жақты қарастыруға толық мүмкіндік береді.



XXI ғасырда өмір сүруге лайықты өзіндік ой – пікірі бар тұлғаларды тәрбиелеп шығару, өскелең ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беру – әрбір ұстаздың басты мақсаты. Өзіндік ой – пікір қалай қалыптасады? Ойдан ой қозғап, пікір алмасып, өз пікірін дәлелдеу барысында, оқушының бойында өзіндік ой – пікір қалыптасып, дербес қадамдарды жасай алады. Сондықтан да бүгінгі таңда заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беруде мектептерде сыни тұрғыдан үйрету модулін қолданудың маңызы зор.

Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын қамтамасыз етуде сабақ барысында ұстаз тарапынан қойылатын сұрақтар да маңызды. Яғни, қойылған сұрақ тек қана берілетін жауаппен шектелмей, оқушылардың танымдық деңгейін дамытуға бағытталуы шарт. Сұрақтар төмен және жоғары дәрежелі болуы мүмкін. Жоғары дәрежелі сұрақтар оқушылардың алынған ақпаратты кеңейтуге, қайта құруға және талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоғары деңгейлі сұрақтар оқушылардың сыни тұрғыдан пікір білдіруіне септігін тигізеді. Ал төмен деңгейдегі сұрақтар оқушылардың тақырыпты жаттап алуына бағытталған. Сондықтанда мен сабақта жоғары деңгейлі сұрақтар қоюға талпынамын. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру бағытталған сұрақтарды қолданғанда олардың жас ерекшеліктерін ескеру тиімді. Сабақ барысында ұстаз тарапынан дұрыс қойылған сұрақ оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытып, оларды сындарлы сөйлеуге ынталандырады. Сонымен қатар, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқушы мен мұғалім арасында оқушы мен мұғалім арасында диалогтік оқыту орын алып, нәтижесінде оқушылар мұғаліммен және өз сыныптастарымен пікіп алмасады. Бұл өз кезегінде әр оқушының өзіндік пікірін қалыптастырады.

Негізі сұрақ қоюдың келесі техникалары бар: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау. Бұл сұрақ қою техникаларын мен өз тәжірибемде кеңінен қолданамын.

Түрткі болу: түрткі болуға бағытталған сұрақтар оқушыдан алғашқы жауап алып, оның жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Әдетте бұл сұрақтар өтілген материалға жалпы шолу жасау үшін қолданылады. Мысалы: «Жердің су қабығы қалай аталады? Дүниежүзілік мұхитты нелер құрайды?.

Сынақтан өткізу – бұл сұрақтар оқушының анағұрлым толық жауап бере алатындай етіп құрылуы қажет, сондай – ақ «Сіз мысал келтіре аласызба?, Картадан көрсете аласызба?», - деген сұрақтар оқушыға тапсырма орындау барысында бағыт – бағдар беріп отырады.

Қайта бағыттау сұрақтары – сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, көмектесе алатындарың барма? және т.б. Мен өз тәжірибемде қайта бағыттау сұрақтарын көп қолданамын. Себебі осы сұрақтар түрі оқушының өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді.

Сабақ барысында ойын элементтерін кіріктіру арқылы да сыни тұрңыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін сұрақтарды қолдауға болады. Бұл тұрғыда мен «Көңілді жәрменке» ойынын қолданамын. Ол үшін сабаққа қатысты түрлі суреттерге сұрақтарды жазамын. Балалар түрлі суреттерді таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді. Мысалы, Еуразия материгінің картасы болса, материкке қатысты сұрақ қойылды. Еуразия материгінің шеткі нүктелерін ата немесе Еуразия материгінің ең биік нүктесі, т.с.с.

Диалог бойынша оқыту

Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді. Зерттеушілік әңгіме барысында бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, бірлескен түсінік қалыптасады.

Өз идеясын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдайтын болады. Топтық тапсырмаларда постерді орындауға белсенді қатысатын болады.

Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады. Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-конференция өткізгенде «көшбасшы анықталады».

Сабақ барысында оқушының ізденіп, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік туындатуда миға шабуыл әдісімен ой қозғау сұрақтарын қолданудың да тиімділігі зор. Бұл сұрақтар оқушының танымдық деңгейін дамытып, сөйлеуіне мүмкіндік береді.



Мен география пәнінің мұғалімі ретінде «География сабақтарын диалогтық оқыту арқылы сын тұрғысынан дамытудың тиімділігі» деген тақырып таңдап алып, сол тақырыпты басшылыққа ала отырып, алдыма мынандай мақсат қойдым:

Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне, басқалардың идеяларын түсінуде, өз ойларын еркін жеткізіп, көмектеседі.

Іс – әрекеттегі зерттеудің міндеті:

  • Оқу ынтымақтастығын, ұжыммен, топпен, жұмыс жасай білу, бір – бірін сыни көзқараспен бағалау;

  • Тұжырымдар жасау, ой қорытуда шешендік қырларын дамыту;

  • Оқытудың жаңа тәсілдерін қолданып, оқушының білім алуға деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Шағын топтарда жұмыс жасап, салыстырады.

  • Өздігінен шешім шығарады.

  • Теориялық білімді практикамен ұштастырады.

Болжам:

  • Егер, география пәнінің сабақтарын диалогтық оқытуға бейімдесем, онда жеті модуль мәтініндегі оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданамын, өйткені оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуінде ынтымақтастық қарым – қатынаста болып, сөздік қоры молаяды. Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту – оқыту процесін тиімді етудің бір әдісі. Сондықтанда сабақты жоспарлауда диалогтік әдісті көбірек пайдалануға тырыстым және оның тиімділігіне тәжірибе жүргізуде көзім жетті. Әңгімелесу әдісі, оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар мұғалімдерде) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында оқушылар тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. (МАН 98 бет).

Сын тұрғысынан ойлау, бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау, синтездеуге қолданылатын әдіс болып табылады. (МАН 42 бет). Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын моделі «Блум таксономиясы» негізінде қолдандым.

Сыныпта қолданылатын тәжірибені жан – жақты ойластыруға берілген уақыт көлемін анықтап алу қажет, іс – әрекетті зерттеуге мен 6 сыныпты алдым.

Осы сыныпта тіздектелген сабақтар өткізе отырып, сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмысқа жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы, оқушы бойында метасананы қалыптастыруды көздедім. Тізбектелген сабақтарымды өткізудегі алғашқы қадамымды оқушыларды топқа бөлуден бастадым. Онда оқушылар бірлесе жұмыс жасап, ынтымақтастыққа үйренеді. Бірлесіп жұмыс жасаудың өзінде де диалогтық оқыту: бірін – бірі бағалау, сыни сұрақтар қою, танымдық тапсырмалардың орындалғанын, тілдік қорының молайғанын, ойлау қабілетінің артуын сырттай аңықтауға болады.



Оқытуда Кембридж университетінің жаңа тәсілдерін қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың оқуға деген ынталарын артыратынын байқадым. Бұл жайында зерттеуге алынған сынып арасынан озат оқушылардың сабақта белсенділік танытып, өз ойларын еркін айтып, мұ,алімнің әр сұрағын мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындап отырады. Ал үлгерімі төмен оқушы басында жан – жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отыр еді, кейіннен топ мүшелерінің көрсеткен көмектері арқылы олда сыныпқа ілесіп, белсенділік таныта бастады. Ең алғашқыда жауабым дұрыс болмайды – ау деген қорқыныш сезімі болғанды. Бірақ топта оқушылар тарапынан қолдау көріп «сенікі дұрыс емес» дегенді естімегеннен кейін, ойын еркін айтуға, ізденуге қызығушылығы арта бастады.


Picture 2


Зерттеу барысында әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданып, оқушылардың топпен жұмыс, жұппен жұмыс әрекеттерін сырттай бақылап көрдім. Зерттеу барысында алынған сауалнамалар, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың қаншалықты өзгергенін тізбектелген сабақтар барысынан байқау қиынға түспеді. Берілген тақырыптар бойынша әр топ постер қорғап, сыни тұрғыдан ойланды, ынтымақтастыұта бірлескен жұмыс жасады, сөйлеу мәдениеті қалыптасты.

Рефлексия жасау арқылы сабақ қорытындыланды. Осы сабақта көшбасшы оқушыда көріне бастады. Оқушының диалогқа түсіру арқылы сөздік қоры молайды, сөйлеу тілі дамыды, шығармашылық қабілеті артты. Сыни тұрғыда ойлауға үйренді, өмірмен байланыстыра алып, өз кезегінде жарату болса, бұның алғышарттары жүзеге асқандай болды. Осы ретте олардың қызығушылығы арта бастады, жауапкершілікті сезінгендігіне көзім жетті.



Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеретін біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.



Қорытындылай келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасы артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақта сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!