Материалдар / ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚҚА ЕНДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚҚА ЕНДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚҚА ЕНДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚҚА ЕНДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ


Жалпы мұғалімнің оқыту тәжірибесіне қарай сабақта қолданылатын әдістерді екі топқа бөлуге болады:

  1. Мұғалімнің оқыту әдістері;

  2. Оқушылардың білімді үйренуіне бағытталған әдістері.

Оқушылардың дүниетанымы мен қабілетін дамытуға, оларға білім, білік және дағды қалыптастыруға бағытталған әдістерді сабақта қолданудың мақсаты мен барысын сипатталады.

«



Бұлақ» әдісі


Бұл жұптық жұмыс жылдам орындауға бағытталған тиімді әдіс. Қызметтің бұл түрі қысқа уақыт ішінде оқушыларға аса маңызды сәттерін есте сақтауға, пысықтауға мүмкіндік береді, сұрақ қою, қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырады және дамытады.

Алгоритм:

1. Оқушылар екі топқа бірігеді. Әр-бір оқушы А4 парағын алып, өткен тақырыптың мазмұнына байланысты 2-3 сұрақтан дайындайды.

2. Екі топтың оқушылары бір-біріне қарап тұрады. Бірінші топтағы оқушы сұрақ қояды да, екінші топқа ауысады. Бірінші сұрақ қойған оқушы қайта өз орнына барғаны осылай қайталанады. Сонан кейін екінші топ сұрақ қояды және оқушылар алдыңғы топ оқушылары сияқты ауысып отырады.

3. Оқушылар өз еріктерімен жаттығу барысында туындаған сезімдерімен бөліседі.

4. Оқушылар жаттығу барысындағы есте қалған тақырыптарын айтады.

Сұхбат (Интервью) әдісі


Мақсаты: Бұл стратегия оқу мазмұнын терең меңгеруге, оны түсінуге көмектеседі. Оқылған мәтін бойынша оқушылардың сұрақ құрастыру және сұрақ қою дағдысы дамиды, бірін-бірі тыңдау қабілеті қалыптасады.

Барысы:

1. Оқушылар өз еріктерімен жұбын табады және алдағы интервьюге кім сұрақ қоятынын, кім жауап беретінін анықтайды.

2. Оқушылар оқулықтан мақаланы оқиды, бір бөлігі интервьюге сұрақтар (10 сұрақтан көп емес) құрастырады, оқушылардың екінші бөлігі сұрақтарға жауап беруге дайындалады.

3. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Сұрақ құрастырған оқушы өзінің жұбына сұрақ қояды және жауабын тыңдайды. Қажет жағдайда дұрыс жауап беруіне көмектеседі.

4. Топ кеңесшінің көмегімен берілген тапсырманы орындайды.

5. Көмекші және мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды.


«Желпуіш» (Веер) әдісі


Мақсаты: Бұл әдіс өткен тақырыптан алған білімін пысықтау, оқушылардың шығармашылығын, әр оқушының белсенділік қабілеттерін арттырады. Жұмысты орындау барысында жауапкершілік сезімдері, оқушылардың өзіне, біліміне деген сенімділігі артады, топтық жұмысты ұйымдастырады, өз іс-тәжірибесімен бөлісу дағдысы қалыптасады, өзін және өзгені тыңдау қабілеті артып, жолдасының ой-пікіріне жүгіну икемділігі артады.

Барысы:

1. Оқушылар түске байланысты үш топқа бірігеді.

2. Әр топта кеңесші таңдалады.

3. Кеңесші тапсырмалар жазылған карточканы алады..

4. Топ кеңесшінің көмегімен алынған тапсырманы орындайды.

5. Кеңесші мен мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды.

6. Орындалған жұмыстың дұрыстығына салыстырмалы тексеру жүргізіп (карточканың артқы жағына) қатесін түзету.

7. Бірінші топтың оқушыларын бір-бірден басқа топтарға бөледі. Олар өз тапсырмаларын қалай орындағаны туралы айтады және көрсетеді, сосын әр топта осы жұмысты қайта орындайды.

8. Екінші топтың оқушылары да осылай топтарға бөлініп, бірінші топтың әрекектін қайталайды.

9. Үшінші топ та осы әрекетке түседі.





«Венн диаграммасы»


Мақсаты: Венн диаграммасы нысандар, фактілер, құбылыстардың, оқиғалардың, идеялардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Барысы: Диаграмма екі немесе бірнеше қиылысатын шеңберден құрылады. Әр шеңбердегі бос орындарға айырмашылықтарын, ортадағы қиылысқан жеріне ұқсастықтарын жазуға пайдаланылады. Бұл әдіс ағылшын ойшылы Джон Веннің атымен аталған.

1. Оқушылар жұптасып шеңбердегі бос орындарды толтырады.

2. Оқушылар 4 адамнан тұратын шағын топқа бірігіп, өз диаграммаларын салыстырады және толықтырады.

3. Шағын топта оқушылар өздерінің ортақ көзқарасы бойынша сипаттамалар мен тұжырымдамалар тізімін жасайды.

Диаграмма талдау және жинақтау дағдыларын дамытуға және бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл объектілер мен санаттарды салыстыруда өте тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Бұл жүйе бойынша жұмыс жасау қисынды ой түзу, өз талқылауы бойынша дәлелді қорытынды шығару қабілетін дамытады .


«Венн диаграммасының» сызбасы


Прямоугольник 62 Прямоугольник 61



«Айналмалы бекет» (Карусель) әдісі


Мақсаты: Бұл әдіс оқушылардың есте (жады) сақтауын, ойлау қабілетін, бірлесіп жұмыс жасауын, математикалық сауаттылығын дамытады және уақытты тиімді пайдалану оны бағалай білу дағдысын қалыптастырады.


Барысы:

1. Сыныптағы оқушылар 4 топқа бірігеді.

2. Әр топ С 4 ватманына жазылған тапсырманы алады.

3. Әр топтағы оқушылар өз парақтарындағы тек бірінші сұраққа ғана жауап береді.

4. Мұғалімнің берген белгісі бойынша ватман келесі топтарға шеңбер бойымен көшеді.

5. Нәтижесінде бір парақта (ватманда) 4 топ 4 тапсырманы орындайды. Әр топ өзінің бастапқы парағын алып, жіберілген қателіктерін анықтап, түзету жұмыстарын жүргізеді.

6. Барлық парақтар (4 топтың 4 ватманы) тақтаға ілінеді және әр топтың спикерлері жіберілген қателіктерді түсіндіреді.


«Кластер» әдісі


«Кластер» әдісі – қандай да бір белгілі тақырыпты оқушылардың еркін және ашық ойлауына көмектесетін педагогикалық стратегия.

Мақсаты: Өткен тақырыпты қорытындылауға, мұқият оқып, білуде пайдалануға болады. Тек қана кейбір құрылымдарды, сипаттамаларды, бағыттардың бөлінуін талап етеді, ал олар идеялар арасындағы ойларды байланыстыруға мүмкіндік береді. Тез ұмытылатын ойларды есте сақтауға және оларды қағазға графикалық бейне түрінде түсіруге көмектеседі. Сондықтан да кластерді графикалық ұйымдастырушы деп атайды. Кластердің мысалында көрсетілім (демонстрация) үлгісі қолданылады. Ол, біздің логикалық ойлау жүйемізбен тығыз байланысты.

Барысы:

1. Флипчарт ортасына кілтсөз жазылады.

2. Ойлау үдерісінде берілген тақырыпқа байланысты топ мүшелерінің пайымдауы бойынша туындаған сөз, түсінік, сөйлем, пікірлері талдаусыз, сынаусыз жазылады.

3. Олардың арасындағы байланыстар орнықтырылады (мұны жазу кезінде де жасауға болады, себебі байланыстарды орнықтыру кезінде жаңадан қауымдастық пайда болады).

4. Жұмыс жұмысқа бөлінген уақыт ішінде барлық бастапқы идеялар талқыланғанға дейін жүргізіледі.

5. Қатысушылар өздері жеке құрған кластерді жұп болып талқылауға болады, сонан соң бүкіл топқа жариялайды.

6. Кластерді бұдан кейінгі жұмыстарды жасағанда қалай пайдалануға болатыны туралы ойлану.

7. Кластер ауызша таныстырылым (презентация) жасаудың негізі немесе басқа жұмыс түрлерінің тақырыптары бойынша қызмет етеді.

Кластерді қолданудың негізгі ережелері:

Сіз тақырып аясында ойыңызға келгеннің бәрін жазыңыз. Бұл ойлардың сапасына мән бермеңіз, тек жазыңыз.

Хатты тежейтін орфографиясына және басқа да факторларға көңіл аудармаңыз.

Уақыт біткенше жазуды тоқтатпаңыз. Егер Сіздің ойыңызға идеялар келу бірден тоқтап қалған жағдайда жаңа идеялар туындағанша қағазға сурет салыңыз.

Мүмкіндігінше, байланыстарды көбірек құруға тырысыңыз. Идеялар санына, легіне және олардың өзара байланысына шек қоймаңыз.

. • Сіз бірінші рет кластерге бөлуді енгізгенде, таңдалған тақырып бүкіл топқа таныс болуы керек.


«Жаңғақ» әдісі


Мақсаты: Оқушының оқыған мәтінді түсіну деңгейін тексеруге, сұрақтар құру және олардың жауаптарын табу дағдысын пысықтауға, оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігі мен бірін-бірі тыңдай білу мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Барысы:

1. Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді .

2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

3. Әрбір оқушы кесілген қағазға өткен тақырыптың мазмұны бойынша 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.

«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.

5. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.


«Нүкте» әдісі


Мақсаты: Оқушылардың сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталауға, пысықтауға көмектеседі. Оқушылар топта ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасаудың нәтижесінде оның сапалы болып шығатынына сенімді.

Барысы:

Әрбір оқушының төсіне (көкірегіне) сөздер жазылған жасыл, көк, қызыл карточка жапсырылады.

2. Түске сәйкес оқушылар (қызыл, көк, жасыл) 3 топқа бірігеді.

3. Топтың ішінде (бір түсті карточкалар) оқушылар тобы басқа топтарға берілген тапсырмалардың негізінде шағын топтарға бөлінеді

4. Содан соң 3 негізгі топтың оқушылары (карточка түстеріне қарай), карточкаға жазылған сөздерді пайдаланып, өздерінің білімдерін қоса отырып, берілген тақырып бойынша дидактикалық ертегілерді түзеді немесе құрайды, оларды қағазға жазып, суреттер салады.


Тұжырымдамалық карта


Мақсаты: Оқушылар өздерінің білімдерін жүйелендіруге және үлгілеуге оқуды үйренеді. Осыған байланысты теориялық материал есте жақсы сақталынады. Әрбір оқушы өзінің көзқарасын айтуға, дәлелдеуге және басқалардан үйренуге мүмкіндік береді.

Барысы:

1. Оқушылар түрлі-түсті квадраттар көмегімен 5 топқа 6 адамнан бірігеді, квадраттарды төстеріне тағады.

2. Бір түстегі оқушылар бір топқа бірігеді. Әр топтың өзінің тақырыпшасы болады.

3. Оқушылар өзінің парақ қағаздарына нақты берілген сабақтың тақырыбы (мысалы, етістіктің морфологиялық белгілері) бойынша сұрақтарды жазады, өз орындарына отырып ережелерді естеріне түсіреді, оқиды.

4. Әр топтың бір өкілі шығып, тақырып бойынша дайындаған постерді тақтаға іледі және қорғайды.

5. Сабақтың жалпы тақырыбы бойынша тақтада тұжырымдамалық картасы пайда болады.


«Айналдыру» (Ротация) әдісі


Мақсаты: Бұл стратегия топта жалпы мәселелер бойынша жұмыс жасау қабілетін дамытады.

Барысы:

1. Сыныптағы оқушылар 5 топқа бірігеді, қабырғаға 5 флипчарт ілінеді.

2. Әр топ тақырып жазылған қағазы мен флипчартқа барады.

3. Әр топ өз парағына ұсынылған тақырып бойынша 3-4 минутта тақырыпты ашатын 2 (екі) сөйлем жазады.

4. Мұғалімнің белгі беруімен топтар жаңа параққа (флипчартқа) ауысады да өз топтарына қайта келгенше осы әрекет қайталанады.

5. Топтағы таңдалған тақырыптағы жұмыс: қағаздағы берілген жауаптардың барлығын талдау, артығын іріктеу, түзету, таныстырылым дайындау.

6. Дайындалған жауаптың таныстырылымы.

7. Таныстырылым бойынша топтан берілген сұрақтардың берілуі, нәтижелерін бағалау.


«Өрмекшінің өрнегі» әдісі


Бұл әдіс, балалардың бірін-бірі жақсы білуіне көмектеседі, топқа бірігуіне ықпал етеді. Оқушылар пайдалану дағдыларын бекітеді, мысалы, терминдерді немесе пәннің теориясын ендіруде көңілді және жағымды қарым-қатынас орнатуды нығайтады.

Алгоритм:

1. Оқушылар мен мұғалім үлкен бір шеңберге отырады.

2. Мұғалім қолына оралған жіпті алады, жіптің бос ұшын өзіне ұстап, оралған жіпті алдында қарсы отырған оқушыға берілген тақырып бойынша сұрақ қояды.

3. Шеңберде отырған оқушылар толық қамтылғанша сұрақ қойып, жауап беріп, оралған жіпті әрі-бері бір-біріне лақтырады, осылайша өрмекшінің торы түзіледі.

4. Оқушылар жіпті қайта орайды


«Фишбoyн» («Бaлық сүйегi») әдiсi


Мақсаты: Өзекті мәселелерді игеру мен меңгерудің теориялық мәселелерін қарастырту. Тақырып аясындағы өзекті мәселелерді айқындата отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануына мүмкіндік беру. Сын тұрғысынан ойлау үдерісінің бастапқы деңгейінде жұмыс жасату.

Барысы: Тақырып бойынша өзекті мәселелер мен олардың шешу жорлдарын балық қаңқасына жаздыртады. Бaлықтың бaсынa тaқырыпты, жoғaрғы сүйектерiне – тaқырыптың негiзгi сұрaқтaры, төменгi сүйектерiне жayaп, құйрығынa қoрытынды oй жaзылaды. Oқyшылaр бұл тaпсырмaны белсендi oрындaды.

Бұл модель мәселелерді анықтауға, сипаттауға, сұрақ құру және шешуін табуға мүмкіндік береді. Жұмыс (зерттеу) жеке-жеке немесе топтарда жүзеге асырылуы мүмкiн.

1. Балықтың қаңқасы сызылады.

2. Қаңқаның жоғарғы жағына проблемалар, ал, төменгі жағына сол проблемаларды айқындайтын фактілер келтіріледі.

3. Аяқталған схемаларын көрсетудің тұсаукесері маңызды болып саналады. Себебі, туындаған жағдаяттар мен оларды шешу жолдарының арасында байланысын көрсете білуі керек.

4. Сіз алдағы жұмыстың барысын өзбетіңізше анықтай аласыз. Бұл Сізге келесі зерттеу жұмысын жүргізуге немесе мәселені шешуге жол таба білуге көмектеседі.

Группа 128 Өзекті мәселелер







Шешу жолдары мен дәлелдемелері

«Көремін-естимін-сеземін» әдісі


Бұл әдіс табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді сезініп және түсінуіне дүниетанымын кеңейтеді, бірін- бірі тыңдау, сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Алгоритм:

1. Оқушылар тақтаға ілінген суреттерді қарайды, көреді.

2. Әрбір оқушы А4 парағына кесте сызады (естимін, көремін, сеземін) және тақтадан ілінген суреттерден көріп, есіне сақтағанын қағазға жазады (толтырады).

3. Оқушылар 4 адамнан бірігіп топтасады және әрбір жолаққа жазғандарын оқиды (суретте нені көрді, қандай дауысты естіді, нені сезді), жалпы талқылаудан өздерінің жазғандарын толықтыруларына болады.

4. Әрбір топ өздерінің топпен құрған сызба нұсқасын оқиды, қалған оқушылар тыңдайды, толықтырады.

Нұсқалар: Оқушылар 3 топқа бірігеді және «Көремін» немесе «Естимін» немесе «Сеземін» сызбасының тек бір ғана қырын қарайды, содан кейін әр топ өздерінің жұмыстарына таныстырылым жасайды

«Көремін-естимін-сеземін» сызбасы


көремін естимін

Группа 46


сеземін



SWOT-талдау


Бүгінгі таңда бұл әдіс өте танымал әдіс. Мұның атауы ағылшын сөзінің алғашқы әріптерінен құралған:

«Strengtns» (күшті тарап, ұйымның қолда бар ішкі ресурстарын білдіреді),

«Weaknesses» (ішкі мәселелері бар немесе әлсіз жақтары), «Opportunities» (мүмкіндіктер, ұйымнан тыс оның дамуы) және «Threats» (мекеменің табыстылығын арттыруға қоршаған ортадан келетін қауіп, қатерлер)

Бұл әдіс өте жиі қолданылады, оның атауын орыс тіліне аударудың қажеті жоқ, ол көпшілігіне SWOT-талдау деген атпен белгілі.

Алгоритм:

1. Сыныптағы оқушылар 4 шағын топтарға бірігеді, оның әрқайсысына төменде көрсетілгендей 4 бөлімнен тұратын кесте беріледі.

2. Шағын топтағы қатысушылар әр тармақтағы мәселелі сұрақты талдайды, бірмезгілде кестенің сәйкес келетін тиісті торкөзін толтырады.

3. Талдаудың қорытындысы жалпы SWOT-кестесіне енгізіледі.

4. Жалпы кестенің талдауынан кейін нақты ұсыныстар мен жобалар пайда болады.


1 кесте. SWOT-талдау сипаттамасы.

S


Басым жақтары (мекеменің ішкі ресурстары)

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!