Материалдар / орта буын қмж тәрбие сағаттары 2024-2025 оқу жылы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

орта буын қмж тәрбие сағаттары 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
орта буын қмж тәрбие сағаттары 2024-2025 оқу жылы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
1435
38 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2023


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Мектебім мейірім мекенім»

Құндылық



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті







Оқушының әрекеті


Ресурстар


1.     Психологиялық дайындық.

Жан-жағына  нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

 Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

-         Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

-         Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

-         Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Әжем айтқан ертегі   айдарымен әңгіме, ертегілер тыңдау.

Жақсылық пен жамандық.

         Мысал ертегі.

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.  Иттердің біреуі – ақ, екіншісі – қара.  Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы.

-         Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі –ақ, екіншісі – қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі.

Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап:  «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!»

-         Ненің таңбасы, ата?

-         Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын.

Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді.  Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып:

-         Қайсысы дейсің, балам?..   Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді.

Біз қандай мейірімділік, қамқорлық жасай аламыз?

Оқушылардың ойларын тыңдау.  Мысалдар келтіру.

Бірде мектепке бір кішкене торғай кіріп кетіп, шыға алмады. Біз оған көмектеспек болсақ, ол бізден қорқып, ұстатпайды.  Ал, егерде ол мектепте жүре берсе, ашығып өліп қалуы мүмкін. Өйткені шошып тіптен тамақ берсең де ішпейді. Әр сыныптардан көптеген оқушылар келіп, зорға деген де аулаға шығарып жібердік.

Бөлме өсімдіктеріне қандай мейірімділікпен қарау керек. Неге?  Мысал келтіре отырып, әңгімеле.

Сергітейік жанымызды.

         Гүлдер әнін барлығы орындайды.

Біздің әсем аулада

Гүлдер көктеп келеді.

Күн сәулесі оларға

Алтын нұрын төгеді.

Гүлім менің өзімнен,

Айнымауын қарашы.

Гүлдер кімнің баласы,

Мен анамның баласы.

5 . Тапсырма орындау.

Құстарға жемсауыттар дайындап, мектеп ауласындағы ағаштарға ілейік. Ол үшін бізге мынадай заттар қажет:  шырынның бос ыдысы, қайшы, жіптер, салатын жемдер.

Жемсауыттың дайындалу жолдарын үйрете отырып, жасату. Техникалық қауіпсіздіктерді  еске түсіріп, қадағалау. Жасалған  жемсауытты аулаға апарып ілу.

6.     Жан-жануарларға да қамқорлық жасай біл!

Мейірім әңгімесін оқып беру.

Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Сабақ тстен кейін басталатын болғандықтан, асықпай келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенімде үрейлене жылаған баланың  дауысын естідім. Жалт қарасам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік 3-4 жасар қыздың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес.күшікті қуып жібердім. Қыз қатты қорқыпты. Денесі дірілдеп, өксігін баса алмай солқ-солқ етеді.

7.     Сабақты бекіту.

Мейірімді бол!  Кестесін толтыру.

Сұрақтарға жауап алу.

-         Талға мысық мініп түсе алмаса не істер едің?

-         Сырқат жанға сенің қолыңнан қандай жақсылық жасау келеді?

-         Үлкен кісіге қандай жақсылық жасау керек?






4.     Суреттерге қарап, жағдаяттар шешу.

1.     Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп келе жатқан  пошташыны кездестірдің..............

2.     Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ..........

3.     Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті........

 







Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Жол жүру ережелерін сақтаймыз

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.

Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға мән бере қарауға, байқағыштыққа, тәртіптілікке баулу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

Слайд

Үлестірмелі материалдар

Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)



І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.


Шаттық шеңберіне тұру.


Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.



Шеңбер ішінде балалар бір-біріне жылы лебіздерін арнап, бүгінгі сабақта сәттілік тілейді



презентация




Сабақ басы (13 мин)












Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.


- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?

- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?

- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?

- Ол үшін не істеуіміз керек?


1. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың

- жол бойында қалай болса солай жүріп,

- доп қуалайтыны,

- ролик тебетіні,

- жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

- қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.


- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?






Жолда жүру ережесі видеоролик



Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді


























Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала

презентация

 



































https://youtu.be/Bo7mgQwTbuw

Ортасы (14 мин)


Жұмбақтар шешу:


1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)


2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)


3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)


4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)


5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)


6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)


3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.


«Қасқыр мен Қоян»


Қоян: - Ой, Қасқыр саған не болған? Қасқыр: - Ештеңе болған жоқ. - Онда неге аяғың ақсаңдап қалған? - Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп... - Сен не көлікке жабысып жүрсің бе? - Иә


- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе? - Баратын жеріме тез жетейін деп... - Тез жетейін деп өзіңе не болғанын көрдің бе? - Көрдім - Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой. - Ал егер асығып тұрсам ше? - Қаншалықты асығып тұрсаң да, жол ережесін сақтау керек. - Жол ережесін? - Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек. - Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады? - Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады. - Қоян, жол ережесі деген не ол? - Ал сен оның не екенін білмейсің бе? - Жоқ. Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.






Оқушылар жұмбақтардың жауабын табады

































Оқушылар әңгімені мұқият тыңдайды

Презентация

Соңы (5 мин)






Қорытындылау
1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.

Ал енді сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.

- Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)

- Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)





Оқушылар сұрақтарға жауап береді







презентация
































Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Отбасы бақыт мекені

Құндылық


Құндылықты дарыту

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін      түсіндіру, бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу, ата- аналары балаларының бойына сіңірген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы  ұстаз ата-ана. Бала үшін үй-ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық  даналығы. Бала кішкентай кезінен –ақ нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан да әке де, ана да балаларының жан дүниесіне  үңіліп мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.  Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен санасып отырғаны орынды.


«Біздің жанұя»

    Қоғамда жанұяның төрт типі  болады екен. Соны өздеріңіз білгілеріңіз келе ме? Ендеше өз жанұяларыңызды қай типке жатқызасыздар?(ойлануға болады)

1.     Әмірлі (авторитарлық)

2.     Демократиялық (егемендік)

3.     Бетімен жіберушілік

4.     Рақымшыл жанұя

    Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұя сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме?… Қалай өзгертер едіңіз?…. Кімнің көмегі қажет?…. )

Тәрбиеге  байланысты айтылған сөйлемді аяқтап жазу.Оқушыларға бірге аяқтап жазуға болады. (Үш топқа парақшалар таратылады

1.     Егер баланы үнемі сынап отырса……….

(оқуға құлқы болмайды)

2.     Балаға үнемі күлсе……………………………

(бұйығы болып өседі)

3.     Баланы қолдап отырса……………………….

(білімге деген ынтасы артады)



1.     Балаға сенім артса………………………..

(өз ісіне сенімді болады)

2.     Бала төзімділікте өссе……………………

(адал болып жетіледі)

3.     Бала қауіпсіз жағдайда өссе……………

(ертеңіне сенімді болады)


1.     Бала кекшілдікте өссе……………………..

(ол қатыгез болып өседі)

2.     Бала адалдықта өссе………………………

(әділ болып жетіледі)

3.     Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе………..

(бұл әлемде махаббат табуға үйренеді)



Сабақтың ортасы

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді.
Әсіресе,”Түп қазығың

- Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)



Сабақтың соңы

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.




























































Ойынқұмарлық тәуелділік

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Лудомания ғасыр дерті

Мақсаттары


1. Оқушылардың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру;

2. Оқушыларға ойынның бар кемшіліктерін түсінуін дамыту;

3. Оқушыларды адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.




Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Негізгі бөлігі

Жаңа экономикалық жол біздің елімізді өмір сүру жағдайының өзгеруіне ғана емес, сонымен қатар жаңа психологиялық тәуелділіктің пайда болуына алып келді. Кейбір ойын автоматтары немесе лотереялар құлазуды басу үшін ойын-сауық орталығы зиянсыз құрал болып көрінеді. Алайда соңғы уақытта адамдар ойынға жаппай тәуелді бола бастады. Ойынға деген құштарлық - бұл ойын деп аталатын психологиялық тәуелділік.

Ойын, сондай-ақ, ойын тәуелділігі, құмар ойындарға, эмоционалдық бұзылуларға және олардың негізінде туындаған депрессивті жағдайға бақыланбайтын психологиялық тәуелділікпен сипатталатын кең таралған ауыр жағдай болып табылады.

Ойынқұмарлыққа салыну себептері:

Бірінші нәрсе бірден - эмоциялар. Қанға түсетін адреналин, психиканы қозғаушы, адамды төзбеушіліктен және белгісіз құдайға сәттілік туралы дұға етеді. Бұл эмоциялардың қол жетімділігі адреналинді алудың барлық белгілі тәсілдерінен асады! Өйткені ойланыңыз: мысалы, экстремалды спортпен айналысу үшін жақсы құрал-жабдыққа ақша қажет, беткейлерге, тау жолдарына, парашют мұнараларына және т. б. баруға уақыт пен мүмкіндік табу керек. Алайда, сұрақ туындайды: неге біреу осындай күшті эмоцияларға қажеттілік сезінеді, ал басқалары-жоқ? Түсіндірмелердің бірі-мұндай адамның факторлар салмағына байланысты қандай да бір тұрақты құндылықтар мен ішкі бағдарлар қалыптаспаған. Мысалы, отбасы баланың киініп, киінуіне ғана қамқорлық жасады,ал жалғыз қолайлы ойын-сауық теледидар болды. Баланың жанының ішкі жағдайына, рухани, интеллектуалдық дамуына дейін ешкімге де іс болған жоқ. Ал ішкі, жеке бос орын - адамның өзіне әрдайым тәуелді емес. Көбінесе ол қоршаған ортаның зияткерлік инерттілігінің әсері. Сонымен, біз қалыпты өмір мен нормалды эмоцияларды сұрыптағанмен, жылдам әрекет ететін, өткір, бір уақытта да адамды жеке босаңсудан арылтуға қабілетті алмастырумен айналысамыз.

Ойын (ойынға тәуелділік), өз дамуында кез келген өзге де бөртпе түрлері сияқты (алкоголь, есірткі және басқа) белгілі бір кезеңдерден өтеді, оларды шартты түрде үшке бөлуге болады.





















Аурудың халықаралық жіктемесіне сәйкес, ойынның басты және анықтаушы белгісі адамның бір немесе бірнеше құмар ойындарға үнемі қайталанатын қатысуы болып табылады. Әдетте, ауру тез өршиді және жақын арада ойын тәуелділігімен зардап шегетін адам азаю, жеке өмірін бұзу және отбасылық қарым-қатынас сияқты әлеуметтік салдарға тап болады.

Біздің еліміз үшін ойын тәуелділігі - қайғы, негізінен соңғы онжылдықта: қаланың ортасында ғана қол жетімді әр түрлі казинолар, ал тоқсаныншы жылдардың аяғында аренаға жаңадан "барлығы үшін"орындар шықты. Хит-парадты ойын автоматтары басқарды.




презентация

Сабақтың ортасы


Бірінші кезеңде ойын тәуелділігінің негізі қалыптасады, ол ойнауды күшейте бастайды. Сонымен қатар, нақты алынған тәуелділік әлі де жоқ, бірақ ойын жиілігі артады, біртіндеп ставкалардың көлемі артады және ойын сеанстары ұзағырақ болады.

Ойыншының ойын тәуелділігінің екінші кезеңінде ойнау ниетін басуға ерік күшпен ғана қиын. "Ойнау – ойнамау"мотиві пайда болады және нағыз күреске айналады. Ойын сеанстары ұзарады, ұлғаяды және ойын жиілігі. Ойынның сипаты шексіз сипатқа ие болады. Мүмкін ұтыстар бірден ойынға түседі. Иә, ойынның мінез-құлқы барлық өсіп келе жатқан құмарлықпен және иллюзиямен анықталады – ол өзінің бақытты жұлдызына сенеді, сәттілік, өз ойын әдістерін жасай бастайды, "фарталық" сандарды өзі үшін анықтайды және жалпы, мистикамен және ырымшылдықпен ойын бүкіл процесін шатастырады.





Патологиялық ойыншының белгілері:

1. Жұтылу, ойынға алаңдаушылық (өткен ойындар туралы есіне алады, келесі ойынға ақша табуды ойлайды);

2. Ойнай отырып, қозуды бастайды;

3. Ойынды бақылау немесе тоқтату кезінде қиындықтар туындайды;

4. Ойынды тоқтату қажет болған жағдайда алаңдаушылық немесе тітіркену сезінеді;

5. Өз мәселелерінен қашып немесе көңіл көтеру үшін ойнайды (кінәсін сезінуден кету, алаңдаушылық, депрессия);

6. Жеңілістен кейін келесі күні ойнауға әрекет етеді;

7. Ойынға қатысудың шынайы дәрежесін жасыру мақсатында отбасы мүшелерін алдайды;

8. Ойын қаржыландыру үшін алдау, ұрлық сияқты заңсыз әрекеттер жасайды;

9. Ойын жақындарыңызды, достарыңызды немесе білім алу қаупін тудырады.

Ойын тәуелділігіне әкелетін негізгі психологиялық себептердің тізімін жасап, талдап көрейік (оқушылар өз көзқарасын айтады, содан кейін нәтижелерді мамандардың пікірімен салыстырамыз)

* бақытсыз өмір;

* өзіне қанағаттанбаушылық;

* балалар немесе жасөспірімдер жағдайында психологиялық бекіту;

* адам мәдениетінің төмендігі;

* кедейлік;

* ақыл-ой кемістігі •

Наркология ҰҒО-мен бірлесіп, біз байқаған пациенттер (83 адам) келесі ерекшеліктер бойынша жіктелді: * жасы бойынша құмар ойындарға тарту-21-30 жас (44,3%), 31-40 (37,7%), 41-50 (14,9%), 51-65 (3.1%) жыл;

* жынысы бойынша-ерлер (89,7%), әйелдер (10,3%);

білім деңгейі бойынша - жоғары (8,7%), аяқталмаған жоғары (11,1%), арнаулы орта (19,8%), орта (41,7%), аяқталмаған орта (15,1%), бастауыш (3,6%)%);

* отбасылық мәртебесі бойынша - үйленген/тұрмыста (23,4%), ажырасқан (29,3%), некеде тұрған (47,3%, оның ішінде қайталама некелер) •

Ойын тәуелділігінің салдары:

* Жеке тұлғаның деңгейін төмендету.

Үлкен ақша қарызы.

* Отбасының ыдырауы.

* Достарды жоғалту.

Әлеуметтік мәртебені жоғалту.


Үшінші кезеңде ойын өте күшті, бұл ойын мотивтердің күресі жоқ. Ол үнемі, күнделікті және ұзақ уақыт бойы ойнауға дайын. Ойын арасындағы үзілістерде ол тура қызады. Бұл кезеңде ақша ойыншыға ойын атрибуты ретінде қабылданады. Ойынның мақсаты: ойын өзі болып, үлкен қарыздар да, ұтылудың жаңа мүмкіндігі де маңызды болмайды. Және ойынмен емдеудің ең қиыны ойын тәуелділігін емдеу үшін дәрі-дәрмектік әдістері жоқ.




Интербелсенді тақта/ компьютер



Ойын тәуелділігін емдеу жылдам болуы мүмкін емес. Ойыншы мен оның жақындарынан шыдамдылық пен табандылық талап етіледі, ол кешенді және ұзақ емдеумен бірге осы ауыр аурудан құтылуға мүмкіндік береді. Ойын тәуелділігінен толық босату көбінесе адамның психикалық денсаулығын қалпына келтірумен де, оның өмірлік құндылықтары жүйесін қайта бағалаумен, үйреншікті өмір салтын өзгертумен де байланысты.

Ойынмен емдеуді тәжірибелі мамандар ғана жүргізілуі тиіс: психолог және психиатр-психотерапевт. Ойынға тәуелділікпен күресте ойыншының отбасы, оның туыстары мен достары баға жетпес көмек көрсетеді.

Тест: сізде ойын тәуелділігі бар ма?

1. Сіз ойынға жиі қатысып, ойынға жиі ақша табасыз ба?

2. Сіз жиі үлкен сомаға ойнайсыз ба?

3. Сіз казино немесе ойын автоматтары залына келгенге қарағанда ұзақ уақыт ойнайсыз ба?

4. Жеңіске жету үшін ставкалардың мөлшерін немесе жиілігін арттыруға ниет бар ма?

5. Сіз алаңдаушылық сезінесіз, егер ойын үзілген болса, тітіркенгіш келесіз?

6. Сіз ұтып алу үшін "аң аулайсыз": мысалы, ақша қарызға аласыз?

7. Сіз ставкаларды қысқартуға немесе ойыннан мүлдем шығуға бірнеше рет әрекет жасайсыз ба?

8. Сіз дағдарыстық жағдайларда жиі ойнайсыз (мысалы, жұмыста проблема болған кезде)?

9. Ойын үшін сіз үшін маңызы болған кәсіби немесе көңіл көтеру іс-шараларын құрбандыққа шаласыз ба?

10. Сіз өсіп келе жатқан борыштарға немесе басқа сипаттағы (әлеуметтік, кәсіби) мәселелерге қарамастан ойнай аласыз ба?

Егер сіз 10 сұрақтардың ең болмаса 4-не оң жауап берсе, сіз ойын тәуелділігі бар.

Қорытындылау:

Біздің сынып сағатының соңында сіздер бүгінгі сұхбаттың қорытындысын шығарып, ойын мен интернет тәуелділікке өз пікірлеріңізді және көзқарасыңызды білгіміз келеді. Қандай тұжырымдарға келгеніңізді естісек. (Оқушылар осы мәселе бойынша өз пікірлерін айтады,)


Оқушылар пікірлерін айтады



















Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Есірткі ғасыр дерті

Құндылықты дарыту

Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды шынайылыққа үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы адамгершілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды кешірімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т ережесі
Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық

Оқушылар ережені есімізге түсіріп, тобымыздың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
«Жүректен жүрекке» бір-бірімізге жылы сөздер айту арқылы көңіл күйлерімізді жақсартып алу.

«Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»

Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері. – деген өлең жолдарымен тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тәрбие сағатымыздың тақырыбы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің әлеуметтік мәселелері».

Мұғалім сыйы
«Нашақорлық» туралы бейнеролик .



Сұрақтар:

  1. Бейнероликтен не ұқтыңыз?

  2. Бейнероликтегі іс-әрекеттер қандай болды?

Кейіпкердің баласына берген тәрбиесі қандай болмақ?

Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен

Мақал-мәтел жинағынан

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз


Оқушылар жауап береді

















Оқушылар сұрақтарға жауап берді


презентация

Сабақтың ортасы

Ой-толғау
Есірткі туралы не білеміз?
Нашақорлық-адамзатқа берілген ең ауыр жаза.
Нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу. Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.
Алғаш болып «есірткі» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.
Темекі — білдіртпей алатын ажал.
Темекі түтінінде 5 мыңға жуық химиялық заттар бар.
Темекінің денсаулыққа зиян екендігіне күмән жоқ: ол шылымдардың өз денсаулығына да, оны қоршаған адамдарға да зиян. Темекі шегетіндер бұл зиянды әдеттен тез арада арылуы керек.

Мақалды жалғастыр
1. Ауырып ем іздегенше,
..........................................
2. Ішпеген, шылым шекпеген,
Жасайды ................................
3. Қайғы қартайтады.
Қуаныш ..............................
4. Адам арақты ішеді,
Арақ ..................................
5. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда ......................
6. Арақ-ішіп ішіне көшеді,
Ақыл .................................................


Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Пікірсайыс


1 –Жақтаушы
2 –Даттаушы
Арақ, темекі өнімдерінің пайдасы мен зияны(адам және қоғамға).

Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

қорытынды сәті.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды

«Дені сау ұрпақ- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ». Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Оқушылар стикерге тілектер жазып оқып береді


презентация

























(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Буллин және оган қарсы тұру

Құндылықты дарыту

  • балалардың келесі ұғымдарға деген теріс көзқарасын қалыптастыру буллинг, психологиялық зорлық-зомбылық;

  • қорқыту жағдайларынан шығу жолдарын таба білу қабілетін қалыптастыру;

  • құрдастарына толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • буллинг ұғымын бекіту өмірдің күрт жағымсыз құбылысы ретінде.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Болжамды нәтиже: жасөспірімдердің психологиялық зорлық-зомбылық мәселесінің маңыздылығын түсінуі; адамгершілік ұстанымдарын анықтауға көмектесу.

Топтарға бөлу, әрқайсысында спикер бар.

Сабақтың тақырыбын тұжырымдау.

- Сәлеметсіз бе! Топтағы парталарыңызда отырған ертегілерден үзінді оқып беріңізші. Бұл мәтіннің авторы қандай мәселе қойып отыр деп ойлайсыз?

ҮЗІНДІ:

"Үйректер аулаға келгенде, басқа үйректер оларға қарап, дауыстап сөйлейтін:

— Міне, тағы бір орава! Әрине, біз аз болдық! Ал мынау қандай ұсқынсыз! Біз оған шыдамаймыз! Ал қазір бір үйрек секіріп түсіп, оның мойнын шұқып алды.

— Оны қалдыр! — деді үйрек ана. — Ол саған ештеңе істемеді ғой!

— Бұл рас, бірақ ол соншалықты үлкен және біртүрлі! — деп жауап берді бұзақы. — Оған жақсы діріл қою керек!

— Даңқты балаларың бар! — деді аяғында қызыл жамылғысы бар кәрі үйрек. — Мұндағылардан басқаның бәрі өте жақсы... Бұл сәтсіз аяқталды! Оны қайталаған дұрыс болар еді!

Барлық үйректер өздерін үйдегідей ұстай бастады. Тек бәрінен кеш шыққан, сондай ұсқынсыз бейшара үйрек балапанды бәрі — үйректер де, тауықтар да шұқып, итеріп, мазақ қылды.

— Ол өте ауыр! — деді бәрі, ал аяғында шұңқыры бар, сондықтан өзін императормын деп елестеткен үнді әтеші барлық желкендерінде кеме сияқты үрлеп, үйрекке қарай ұшып, оған қарап, пресердитоның аузын ашты; оның бүкіл тарағы қанға боялған. Бейшара үйрек не істерін, қайда барарын білмей қалды. Және ол құс ауласының күлкісіне айналатындай ұсқынсыз болып туылуы керек еді!"



- Сонымен, бұл мәтіннің авторы қандай мәселе қояды?

- Құс ауласында не болды?

- Қалыптасқан жағдайды қалай атауға болады? Бейшара үйрек басқалардың наразылығын неден тудырды?

- Осындай жағдайды адамдар арасында кездестіруге бола ма?

(оқушылардың жауаптары)

- Дұрыс айтасың, бұл құбылыс шынымен де адамдар арасында, әсіресе балалар ұжымдарында жиі кездеседі ме? Балалар, сендер неге бұлай болып жатыр деп ойлайсыңдар? (оқушылардың жауаптары)

- Балалар кейде өте қатыгез болады. Олар өздеріне ұнамайтын басқаларды ренжітуі мүмкін. Кейде олар өз әрекеттерінің ауырлығын түсінбейді. Олар бұл жай ғана ойын, қызық деп ойлайды, бірақ көз жасын төгу, итеру, мазақ ету, кейде тіпті заттарды бүлдіру қызық па? Кейде мүлдем басқа форма бар – мүлдем елемеу… Қалай болғанда да, мұның бәрінің күлкілі емес атауы бар – "қорлау".

- Сабағымыздың тақырыбын анықтап беріңізші.

-Айтылғандардың барлығынан әңгімеміздің тақырыбын анықтаңыз. (оқушылардың жауаптары)



Ұғымдармен жұмыс.

- "Қорлау" ұғымымен сіз бұрыннан таныссыз. Әңгімелесуге тырысыңыз және "Қорлау дегеніміз не?" деген сұраққа жауап беріңіз. Ол неден көрінуі мүмкін?". (оқушылардың жауаптары)

- Қорқыту, қорқыту немесе моббинг – бұл бір немесе бірнеше адамның басқа адамға ұзақ уақыт бойы жасаған теріс әрекеттері. Қорлау – бас тартудың, психологиялық зорлық-зомбылықтың бір түрі.




презентация

Сабақтың ортасы

Психологиялық зорлық-зомбылық түрлері:

  • Қорқыту (рұқсат бермеңіз, атын атаңыз, ұрыңыз, көңіл көтеріңіз, бірдеңе үшін кек алыңыз...)

  • Қабылдамау белсенді (жәбірленушінің әрекетіне жауап ретінде туындайды; адамға оның ешкім емес екенін, оның пікірі ештеңені білдірмейтінін түсіндіреді)

  • Пассивті қабылдамау (қабылдамайды, бірлескен іс-әрекетке қабылдамайды)

  • Елемеу (адамға мән берілмейді, онымен қарым-қатынас жасалмайды, оны байқамайды, қызықтырмайды);

  • Моральдық зорлық-зомбылық (келемеждеу, бопсалау, қоқан-лоққы, лақап аттар, қорлау);

  • Кибербуллинг (желідегі қоқан-лоққылар, қудалау, интернетте жала жабатын мәліметтерді жариялау және т.б.).

- Бірақ бұл ұғымдардың барлығын не біріктіреді деп ойлайсыз? (оқушылардың жауаптары). Иә, бұл түрлердің барлығы бірдей жиіркенішті және ауыр зардаптарға әкеледі.

- Бір жаттығуды орындап көрейік. Топтарда рөлдерді таңдаңыз. Бірінші адам өзін ұсқынсыз үйректің орнында таныстырсын. Мұндай жағдайда сіз өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Сіз қандай эмоцияларды сезінер едіңіз? Сізге не керек еді? Екінші адам өзін жәбірлеуші ретінде сынап көрсін. Неге олай істейсің? Сізді не итермелейді? Мұның салдары қандай болуы мүмкін? Үшінші адам осы қорлаудың куәсі болсын. Өзіңізді қалай сезінесіз? Сіз араласқыңыз келе ме? Неден қорқасың? Төртінші адам жағдайды талдап, әрбір қатысушыға кеңес беруге тырыссын. (оқушылардың жауаптары).

- Сіз қазір ұсынған нәрсе қорқынышты, жағымсыз. Сіз білуіңіз керек: қорлау жаман! Адамдар әр түрлі болуы мүмкін, олар бір-бірін азды-көпті ұнатуы мүмкін, бірақ бұл бір-бірін улауға және кеміруге себеп емес. Адамдар сонымен бірге адамдар, парасатты жаратылыстар, олар бірге болуды үйренуге қабілетті. Тіпті олар өте, өте әртүрлі болса да және біреу біреуге мүлдем қате болып көрінсе де. Бірақ басқалардан қандай да бір айырмашылығы бар деп ешкімді қорлауға болмайды. Ешқандай "иә, біз жай ғана қалжыңдадық", "біз осылай ойнаймыз" немесе "біз оны мазақ етеміз" сіздің мінез-құлқыңызды ақтамайды.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Қорлау ауру сияқты. Оны қалай емдеуге болатынын ұсынасыз ба? (оқушылардың жауаптары)

- Жоғарыда оқыған ертегіге оралайық. Шіркін үйрек балапан өсіп, аққулармен бірге ұшып кетеді. Ал тауықтар мен қаздар? Олар өзгере ме? (оқушылардың жауаптары)

- Өкінішке орай, олар жанашырлық таныта алмай, жанашырлық таныта алмай қалады. Мұндай адамдарды өмірде қайғылы жаңалықтар күтіп тұр. Ал егер жәбірлеуші сізді Интернеттен тауып алса ше? (оқушылардың жауаптары)

Егер сізді желіде қорлап жатса (кибербуллинг), жауап бермеңіз. Егер олар сізді SMS хабарламаларымен, ВКонтакте, Фейсбук және басқа әлеуметтік желілер арқылы, электрондық пошта арқылы қорламақ болса, жауап бермеңіз. Әсіресе, хабарламалар жасырын болса. Бақытымызға орай, құқық бұзушыларға барлық жерде тыйым салуға болады.

- Сіз өзіңіз тұжырымдап, қабылдаған ережелер жұмыс істейді және біздің сыныпта "қорлау" деп аталатын ауру болмайды деп үміттенемін. Ватман қағазының парағында қиын жағдайда өзін қалай ұстау керектігі және көмекке қайда жүгіну керектігі туралы қарапайым ережелерді бірге құрастырайық. (ережелер бойынша топтық жұмыс, оқушылардың жауаптары).


Есіңізде болсын: сіз өз өміріңізде жасаған теріс қылықтарыңыз үшін барлық жауапкершілікті сезінуіңіз керек. Балаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықты қолдану ересектер сияқты қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Көгерулер мен қажалуларды ауруханада тіркеуге болады, онда олардың шығу тегі баланың сөзінен жазылады. Аурухана ақпаратты полицияға беруге, ал полиция әрекет етуге міндетті. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталатынын есте ұстаған жөн.

Адамгершіліктің алтын ережесі бойынша өмір сүріңіз: "Өзгелермен қалай қарым-қатынас жасағың келсе, солай істе".



презентация

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Вандализм

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«БҰЗАҚЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ВАНДАЛИЗМ»

Сабақтың мақсаты:

Құқықтық білімдерін артыра отырып,өзінің жас жеткіншекті бұзақылық әрекеттерден бойын аулақ болуға шақыру;

Вандалдық әрекеттер мен оның жазасы туралы білімдерін кеңейту;

Құндылықтарды дарыту

Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тарту

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

байланысты фотосуреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

«БҰЗАҚЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ВАНДАЛИЗМ»

Вандализм — мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі есептеледі.

Вандализм сөзі 445 жылы Рим қаласын басып алып, мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпасы Вандалдардың vandalі атынан шыққан. Әрине, Вандалдар тарихтағы ең бұзғыншы халық болды деу қиын, одан неше есе өткен тарихи мұраларды қиратып-тонау оқиғалыры тарихта көп кездеседі. Бірақ, Британия ақыны Джон Драйден Вандалдар туралы: "ГоттарВандалдар, солтүстіктің дөрекі жабайылары барлық бағалы мұраларды қиратып бітті" - деп жазып қалтырған екен. Бұл сөз бағалы тарихи мұраларды бұзып шағушыларды айыптауға мысал ретінде қолданылған.

Вандализм термині алғаш рет француз революциясы кезінде, 1794 жылы қаңтарда Анри Грегуар Henri GrégoireBlois жеріндегі Конституциялық епископқа constitutional bishop) есеп бергенде Вандализм сөзін тұңғыш рет қолданып, республикашылдар армиясының қылмыстарын айыптаған.

Вандализм әдетте “агрессия” (“саяси күш қолдану, әскери шабуыл жасау”) деген ұғыммен тығыз байланысты. Әлеум.-экономикалық тегі мен хал-ахуалына, діни нанымына орай белгілі бір топты қуғындап, геноцидке ұшыратуға, мекенінен көшіріп жіберуге қатысы бар мемл. және қоғамдық негіздегі құрылымдардың іс-әрекеттері, көбінесе, Вандализмге ұласып жатады. Оның себеп-ауаны әр қилы болады. Мәселен, Вандализм әрекеті формалды лидерлердің бұйрығымен, топтың, тобырдың қаскөйлігімен, саясиұлттық не діни әуейіліктен туындаған әлдеқандай мақсат-мұратты көздегендіктен, сондай-ақ, ашу-ыза ырқымен, өш алу пиғылымен жасалуы мүмкін.

Қазіргі кезде Вандализм сипатындағы қылмыстар көбейіп отырғаны байқалады. Осыған орай ҚР Қылмыстық кодексіне арнайы бап енгізіліп, қаскөйлік әрекет жасаушыларды жазалау шаралары көзделген.

Жеке адамға немесе көпке ортақ мүлікке орынсыз залал келтіруді, мемлекет қазынасындағы құнды қалаларды қиратуды басты мақсат ететін вандалдардың тарихтағы алғашқы ізі сонау 450 жылдары Рим империясында қалған еді. Шығыс германдық басқыншылар «мәңгілік қаланың» архитектуралық жетістіктерін тонап, көптеген өнер туындысын алып кетті. Материалдық пайданы көздемейтін жабайылықтың жағымсыз үлгісі көрініс тапқан тұстан бері тұтас ғасырлар жылжып, бірнеше дәуір көшті. Уақыт сатысымен көтеріліп, адамзат баласы қанша ұрпақ ауыстырғанымен, «бір қадам алға, екі қадам артқа» басқандай жабайы мінез жойылмай келеді. Соңғы кезде орын алып жатқан жаңалықтар легі – соның айғағы.

Вандализм қандай формада болуы мүмкін?

Адамгершілікке жат және қоғам ойына сәйкес келмейтін граффити; (Мұндай граффитидің теггинг, бомбинг деген түрлері бар. Үшеуінің де мазмұны ұқсас).

Кітаптарды өртеу;

Зиратты бұзу, қорлау;

Мәдени ескерткіштерді бұзу;

Картиналарды бүлдіру;

Мешіт пен шіркеуді өртеу;

Адамның мұндай әрекетке баруына не себеп болады?

Психолог Камила Мергенбаеваның айтуынша, адам вандализм арқылы ішкі күйін, басқа адамдармен келіспей тұрғанын жеткізеді. Мысалы, бір жасөспірім ғимараттың сыртын бояп, сызып немесе сындырып кетсе, қоғамға деген наразылығын білдіреді.

Кейде басқалар «Іште сақтама, сыртқа шығарып таста» деген кеңесті дұрыс түсінбеуі мүмкін. «Агрессиямды сақтамай, оны шығарым келеді» деп, көшедегі көрінген затқа тиіседі. Бұл дұрыс емес әрі тәртіпсіздікке жатады. Сонымен қатар біреудің «Сен оны істей алмайсың, қолыңнан келмейді» деген сөзіне еріп, батылдығын даладағы затты бүлдіру арқылы дәделдегісі келуі де мүмкін. Адам вандализмге ненің әсерінен баратынын нақты айту қиын. Бұл ауытқуға жатпайды. Себебі адам ғимаратты біреуге еліктеп, ашуланып немесе наразы болып бұзады. Осылайша ішкі жан айқайын білдіреді әрі осы ісі үшін жазаланғысы келмейді, — дейді маман.

Ресей психологы, ғылым кандидаты, доцент Людмила Ватова 11-23 жас аралығындағы адамдардың вандализм жасау себептерін зерттеген. Ол осы жас аралығындағы адамдардың вандализмге баруын 4 деңгейге бөледі:

  1. Бейсаналы деңгей. Себеп: ашу-ызаның сыртқа шығуы, алкоголь немесе есірткі әсері

  2. Саналы деңгей. Себеп: ойын, сауық құру, еліктеу, ішкі «менін» жақтау.

  3. Саналы әрі жеке психологиялық деңгей. Себеп: вандализм бұл жерде өзін-өзі ұстау, қорғау немесе кек алуды білдіріп тұр.

  4. Саналы әлеуметтік-психологиялық деңгей. Себеп: өзін-өзі растау, наразылық, қайғыға, ренішке назар аудару, жауап беру.

Қазақстанда вандализмге қатысты қандай заң бар?

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 448-бабы бойынша, кәмелетке толмаған адам мемлекет қорғайтын ғимараттарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, адам жерленген жерге сурет салып, қорласа, қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдірсе, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады.

Басқа жағдайда адам тарихи, мәдени ескерткіштер мен ғимараттарды бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалады.

Қылмыстық кодекстің 203-бабы бойынша:

Егер азамат тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жойса немесе бүлдірсе, 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Егер адам мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстаннан тысқары жерге заңсыз әкетіп немесе оларды қайтармаса, 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

  • Сонымен қатар өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған;

  • абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан;

  • әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәжі бойынша іс-әрекетке барған адам 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Вандализм әрекеті абайсызда адам өлiмiне cебеп болса, күдікті сот шешімі бойынша 7-12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Оқушылар қысқаша өз ойларын жеткізеді.


Слайд











Сабақ басы (13 мин)



Вандализм адамның девиантты мінез-құлқынан туындайды. Оның салдарынан өнер, мәдениет объектілері мен мемлекеттік маңызды орындар бүлінеді немесе біржола жойылады. Ал Францияның «Ларусс» баспасы: «Вандализм – әдемі дүниелерді, атап айтқанда өнер туындыларын жоюға мәжбүр ететін адам ақыл-ойының көрінісі» деп бағамдайды, яғни жеке немесе қоғамдық меншікті қасақана қирату, жою саналы адамның жасайтын әрекеті емес.

Мысалы көрсетіледі

Слайд

 






Ортасы (20 мин)


Қадыр Мырзалиевтің:

Кімді аяйды есіргендер,

Қызғаңдар?!

Қасиетті ұғымдарды сызғандар?

Бәрін, бәрін,

Барлығын да бұзады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталып: «Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекеті үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек», – деген еді. Айта кету керек, Конституцияда әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 448-бабы бойынша кәмелетке толмаған адам мемлекет қорғауындағы ғимарат, тарих және мәдени ескерткіштерді, қабірді сурет салып, қорласа, қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірсе, ата-анасы не оларды алмастыратын адамға 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады. 203-бап бойынша қазақстандық азамат табиғи кешенді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана бүлдірсе, 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы тиіс.

Елімізде ескерткіштерді қирату,түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Былтыр вандализм жасаған 5 мыңнан аса адам анықталған. Бұзақылар ұсталған жағдайда жазасыз қалмайтыны түсінікті. Бірақ көшедегі жүгенсіздік «қоғамдық эпидемияға» айналмас үшін не істеу керек?

Оқушылардың пікірі тығдалады

презентация

Соңы






Елімізде «вандализм» ұғымына кіретін әрекеттерді көп жағдайда жастар қауымы жасап жатады. Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, қозудан, агрессиядан болады. Яғни қандай да бір бойдағы агрессия ошақтарын қандырушы әрекет ретінде есеп­теледі. Ван­дализмге алып келетін жолдар: онтогенді яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо байектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды.


Слайд























(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Құқықтық тәрбие құқықтық жігер»


Құндылықты дарыту

  1. Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

  2. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

  3. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.

  1. Бүгін біз ертегілер еліне шағын саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің негізгі құжаттарымен және оқушылардың құқықтарымен танысамыз.

  2. Адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.

  3. Конституция дегеніміз не?

Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.

  1. Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/

  2. Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/

  • Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.

Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады.

Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.

Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды.

Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.

  1. Бүгінгі саяхатымызда біз сендермен «Оқушының құқықтары мен міндеттері» туралы танысамыз.

«Бала құқықтары» бекеті

«Жағдаят шешу» бекеті

«Түсініктеме» бекеті

«Ертегі» бекеті

«Мәре» бекеті

І. «Бала құқығы» - бекеті.

  1. Балалар, қалай ойлайсыңдар, қай жасқа дейін азамат бала болып саналады?

  • Бала құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі азаматтарды бала деп есептейді. (кәмелетке толмаған)

  1. Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?

  • Әрине, баланың қызығушылығы мен құқығын қорғайтын, тәрбиесіне, білім алуына қамқорлықты қамтамасыз ететін адамдар: ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.

  • Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.

  • Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің тұлғаларыңды растайды).

  1. Біз қай елдің азаматтарымыз? (Қазақстан Республикасының азаматтарымыз).

  • Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.

  1. Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

  • Өмір сүруге

  • Ата-тегін алуға

  • Отбасында тәрбиеленуге

  • Жеке бас бостандығына

  • Азаматтық алуға

  • Білім алуға

  • Баспана алуға

  • Дүние мүлікке

  • Демалуға

  • Денсаулықты сақтауға

  • Сөз бостандығына

  • Қоғамдық жұмыстарға араласуға




презентация

Сабақтың ортасы

ІІ. «Жағдаят шешу» бекеті.

  1. Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.

Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?

  1. Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.

Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар?

  1. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, - келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?

Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?ІІІ. «Түсініктеме» бекеті.Біздің үшінші бекетіміз «түсініктеме» деп аталады. Интерактивті тақтада сөздіктер жазылған. Қазір сол сөздердің мағынасын ашамыз!

IV. «Ертегі» бекеті.

Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.

«Мыстан кемпір» - /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/.

«Карлсон» - /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/.

«Тоты құс» - /адамдардың тұрғылықты жерлерін қиратады, бау-бақшадан алтын алмаларды ұрлайды, сондықтан осы қылмысы үшін торда қамалған/.

«Ойлан, тап» ойыны.

  1. Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар.

  • Ер Төстік +

  • Мыстан кемпір –

  • Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр –

  • Шық бермес Шығайбай –

  • Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы

Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!

Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер ме?



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Оқушының міндеттері:

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

«Мәре» бекеті – Рефлексия.



презентация


(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Синтетикалық есірткі жас ұрпаққа қауіп»


Құндылықты дарыту

Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы» екендігін, есірткілердің дәуірлерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. Есірткі туралы түсінік беру

  2. «Шылым шегудің пайдасы» көрініс

  3. Ситуациялық сұрақтар

  4. Пародия

  5. Есірткінің зияны туралы Үкілім Мұратбаеваның «Тағдырыңның кілті сенде»

  6. Қорытынды

Бүгінгі «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы» атты ашық тәрие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: жастар мен жасөспірімді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Ал енді балалар мен сендерге ең бірінші, салауаттылық-халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі дегім келеді. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу және денеміздің сау болуы, игі іс-әрекеттер міне бұлар салауаттылықты көрсетеді. Адам психикасы-медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген саласы, әсіресе, наркологиялық тұрғыда.Әдетте, жұртшылық алкоголизм мен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелісінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді. Ең дұрысы, ондай жандарды ұға, түсіне білген жөн. Нашақорлыққа салынатындардың дені-жұмыссыздар, босқындар, қаңғыбастар тағысын тағылар... Бір нашақорды емдеп, қатарға қосу үшін шамамен 1000 АҚШ доллары керек.

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолдарының бұлшық еттері шымырлап, ішек қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-сұйық тер парлай бастайды. Ең қатерлісі есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын өлтіруден де тайынбайды. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш табандай тарпа бас салады. Мұны медицинада «наркотизм» , ал оның ауыр түрін «наркомания» дейді. Грек тілінен аударғанда «нарко»- жасанды ұйқы,«мания» - есі кету,есіру деген ұғым береді.

Елбасымыздың Жолдауында:«.....есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек.

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті

Иіскеген жастардың

Жан-тәнін түгел кесіпті

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау есірткі!

Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б. Бұлардың ең танымалысы – анаша. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды. Мәселен, осы мәселемен араласып жүрген Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің хабалауынша ,.




презентация

Сабақтың ортасы

Егер келешегі әлі алда деп есептелетін кейінгі толқын өкілдері мұндай қауіпті кеселге бой алдырса, онда ертеңгі күнге қандай сеніммен қарай алмақпыз. Ұрпақтың аузы-ұлттың соры. Өйткені, өзегіне құрт түскен мемлекеттің өркениет көшіне ілесуі екіталай екені айтпаса да түсінікті.

«Жұт-жеті ағайынды» - деген сөз бекер айтылмаса керек. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады.Марихуананың буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды.

Есірткілер қандай зиян әкеледі?

Есірткілер зат алмасу процесіне еніп, ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Серотин мидың көңіл-күй өзгерісін қадағалайтын зат, бұл адамды пәсең және селқос қылдырады. Иммундық жүйе зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Ішкі тамырға есірткі қолданудың салдарынан психика, жүрек-қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауырады, иммунитет төмендейді, тістер бұзылады, тамырлары ауырады, ой-өрісітің деңгейі төмендейді. Есірткіні мөлшерден тыс қолданудың қауіпі зор, оның салдары өлімге алып келеді, ал есірткі қолданғаннан болатын психиканың бұзылуы кей кезде өзіне –өзі қол жұмсауға әкеліп соғады.

Сіз білуіңіз керек!

Есірткілерді сирек қолдануды өз бетімен тоқтату өте қиын. Оңайы- оларды қолдануды бастамау. Егер есірткімен сонда да «таныстық» болса, психиатр дәрігерге немесе наркологқа неғұрлым ерте көрінсеңіз, соғұрлым бұл өлім әкелетін уға құштарлығыңыз бен үйренуіңізден арылу оңай болмақ.

Мемлекет нашақор ауруларға көмек беруге кепілдік береді, оның ішіне тексерілу, кеңес беру, диагностика, емдеу және медициналық-қоғамдық ақтау кіреді. Сонымен бірге, қоғам есірткіні енді бастағандарға және одан құтылуға тырысатындарға төзімді. Бірақ, қоғам емдеуден бас тартатындарға қатал, басқа біреулерді есірткі саудасына итермелейтіндерге аяусыз.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Ситуациялық сұрақтарға өз ойларын айту.

  1. Қыз бен жігіт – өте жақсы достар. Қыз өз достарымен бірге тұрғанда, жігіт қызды түнгі клубқа шақырады. Қыз түнгі клубқа барудан бас тартты. Ал бұл кезде дос қыздары сен неге бармайсың, ол сенің жақсы досың ғой деп қызды қайрайды.Бұл жерде қай қыздың ойы дұрыс деп ойлайсың?

  2. Екі қыз жақсы дос. Қыздың біреуі шылым шегеді. Ал оған дос қызы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Қыздың қойған шарты дұрыс па? Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын оның шылым шегуін тастауына қандай ықпал жасайсыз?

  3. Кепка киген, үстінде футболкасы бар ересек бала жанжағына қарап алып, көшеде кетіп бара жатқан кішкене баланы шақырады. Бала оған тақалып: не айтасыз? Дейді. Ол баланы «үй шатырында телескоп бар, бүкіл қаланы көргің келе ме?» деп қызықтырады. Екеуі шатырға шықты. Шатырда шынымен де бір нәрсе тұр. Ол дүрбі болды. Бірақ баланы ол қызықтырмады. Кетейін деп: – мен үйге нан әкелуім керек-деп бұрылып еді, 3-4 бала алдынан шыға келді. Әй-шәйға қарамай, қол аяғын байлап тастады. Шамалыдан кейін не болғанын түсінбеді. Ұйықтап тұрса басы ауыратын сияқты. Маңайында ешкім жоқ. Түс көрген екенмін деп ойлады. Үйіне келді. Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Сенің өз ойың.

  4. Кинодан кеш қайтып келе жатқан бала соңғы подъездің есігі алдында тұрған бір топ баланы көрді. Олар баланы шақырды. Ойында ешнәрсе жоқ, ішінде көршісі тұрған соң таянады. Олар темекіні беріп: -жігіт емессің бе , сор –деп бұйырды. Сорып қалып еді, түтін бірден тұншықтырып, шашалып қалды. Барлық бала күліп: Мынау қыз ғой-деді. Баланың намысшыл екенін білетін көршісі қорғаған болып: жоқ менің көршім нағыз жігіт! Деп арқасынан қақты. Оған мақтаншақ бала тағы бір – екі сорып-сорып жібереді.

Баланың қалтасына 3-4 – еуін тағы салып жіберді. Ары қарай не болды деп ойлайсың, сен сол баланың орнында болсаң не істер едің?



презентация


















(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Зорлық зомбылықсыз балалық шақ

Құндылықты дарыту

Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Тақырыпқа шолу.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.
Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.
Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Негізгі бөлім.
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.
Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
«Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармағанымыздың нәтижесі» деп пайымдайды Н. Гладырь.
Зорлықтың түрлері:
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды.Зорлық зомбылық дағдарыстан шығ



презентация

Сабақтың ортасы

«Ана – сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанысыз» дейді халқымыз.
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны.
Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.
Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.
Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жариялаған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген:
«Тәрбие әсер беретін нәрсе - өскен орта, ата-ананың тәрбиесі»
«Сүтпен кірген сүйекпен кетеді», бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.
- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.
- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қал бермек» дейді облыстық балалардың құқықтары қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Наурызбаева.
Балалар құқығын қорғау.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы.
Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.
Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?


презентация

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Мамандықтың бәрі жақсы

Құндылықты дарыту

оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

 

Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық туралы мақал – мәтелдер біледі?

Еңбек түбі - береке.

Еңбек түбі - зейнет.

Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

Сайф Сарайи

Ұстаның бізі сүйкімді,

Жақсының сөзі сүйкімді.

 

Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.

 

Алтын менен күмісті

Зергер үшін жаратқан.

Арқар менен құлжаны

Мерген үшін жаратқан.

 

Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

 

Шеберді саусағы асырайды.

   

 Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.

   

 Диқан жерді анасындай сүйеді,

Жер диқанын баласындай сүйеді.

 

Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

   

Жер байлықтың көзі,

Еңбеккер иесінің өзі.

 

Тігіншіні инесі асырайды.

 

Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,

Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

 

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.

Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

-         Балалар, енді тақтаға назар аударамыз!

 




презентация

Сабақтың ортасы

Қалған екі тапсырманы пікір сайыс түрінде өткіземіз.
І. Тест
1. Жер бетінде қанша мамандық түрлері бар?
А) 3000 Б) 3200 В) 3400
2. Мамандықты Климов неше типке бөлді?
А) 2 Б) 3 В) 5
3. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіру керек?
А) тәрбиелік Б) өзін - өзі ұстай білу В) шешім қабылдағыш Г) барлығы дұрыс
4. Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?
А) маман Б) мамандық В) кәсіпкер
5. Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?
А) Адам - адам Б) Адам - белгі В) Адам - техника
6. Адам – табиғатқа жататын мамандық
А) ұста Б) тігінші В) агроном
7. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне жатады?
А) суретші Б) сатушы В) әнші
8. Малшыға қандай талап қойылады?
А) шебер Б) күш иесі В) шыдамды
9. Қорлық келісім сауда және биржалық келісім жасағанда арада жүретін адам
А) дилер Б) брокер В) моклер
10. Мамандық таңдауда қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?
А) үстірт қарау Б) ұсақшыл В) әлсіз Г) көп сөзділік Д) бәрі дұрыс
ІІ Тапсырма
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер----------- тапқыр
Дәрігер---------- әділ
Мұғалім--------- өте ақылды
Журналист----- шыдамдылық
Механизатор----өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері---мейірімді
өнер иесі-----------мәдениетті
ІІІ. Тапсырма
Сіздің мамандығыңыз психолог сыныпқа келдіңіз. Оқушылардың көңілі күйі әр түрлі. Қалай ажыратасыз?
Жауабы: 1. Бейжай 2. Өшпенділік 3. Көңілді 4. Өте ашулы. 5. Уайым 6. Жасырын қуаныш 7. Нашар көңіл 8. Ашулы 9. Өте қуанышты 10. Терең қайғы 11. Ұнатпау 12. Қайғы



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап болып отырсыз. Бүгінгі сабағымызда осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Электрик Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.


презентация































(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Заңды білу заман талабы

Құндылықты дарыту

1) Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; 
2) Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру; 
3) Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу; 


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.

«Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу – ақ»

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» Ж. Баласағұн

«Куәсіз істі күмән табар, Куәлі істі куә табар» (Халық мақалы)

«Бір қазаға екі жаза жоқ» (Халық мақалы) 
Тәрбие сағаттың барысы. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу,

ә) Оқушыларды үш топқа бөлу: 1 - топ «Ақиқат», 2 - топ «Заңгерлер». 3 - топ «Болашақ»

б) Әділқазылар алқасын тағайындау.

в) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру. 

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Абайлаңыз! Құқықбұзушылық қаупі бар» онкүндік аясында «Заңды білу – заман талабы»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымызға бала тәрбиесіне жанашыр адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі талқыланатын болады. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-- аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? — Әрине бұл Заңдарды білу. Бала мен ата -ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар – осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар: ( слайд көрсетіледі )
Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-- ананың міндеттері де көрсетілген. Мысалы: (слайд көрсетіледі )
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата - аналарға арналған жаднама
331 - бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
            
І бөлім. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру) 
ІІ бөлім «Тікелей сұрақ»әр топқа 10 сұрақтан Ақиқат тобының сұрақтары: 
    1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitution» құрылым, өкілім); 
    2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық) 
    3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін) 
    4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995) 
    5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент) 
    6. Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес) 
    7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан) 
    8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік 
    9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер? (Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы туралы заң т. б.) 
    10. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан) 




презентация

Сабақтың ортасы

Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата -ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата- аналармен біріге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төртжастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 - бабының бiрiншi бөлiгiнде көз делген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата - аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін) ойын - сауық мекемелерінде болуы, -
заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін біржыл ішінде қайталап жасалған іс - әрекет, -
заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


презентация
















(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Нашақорлыққа жол жоқ

Құндылықты дарыту

балалар арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу шараларын жүргізу; психотроптық заттардың адам ағзасы мен миына кері әсері туралы балалардың түсініктерін кеңейту; есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру; балалардың бойында өзін-өзі бағалау сезімін және өзіне деген құрмет сезімін ояту; өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру; тұрақты позитивті қызығушылықтарды дамыту; салауатты өмір салтын насихаттау.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Міне, таблетка. Қоянның немесе доллардың немесе басқа нәрсенің күлкілі суреті бар ақ таблетка. Дискотека алдында сіз оны жұтып, жас Майкл Джексон сияқты билейсіз. Көңілді ме? Әрине! Керемет пе? Сәнді ме? Әрине! Барлық салқын және сәнді балалар осындай заттарды пайдаланады. Сіз өте белсенді боласыз, сізде энергия теңізі, күш мұхиты оянады. Ұйықтағың келмейді, шаршамайсың- Ғажайып таблетка! Айтыңызшы, сіздің денеңізде не болып жатыр? Ол 200% қайтарыммен жұмыс істейді. Ал сенің ішкі ағзаларың үзіліссіз жұмыс істейтін машинада тісті доңғалақ сияқты тозады. Бірақ машина темірден жасалған, оны жөндеуге болады. Ал сенің денең 30 жастан асқан ғажайып таблеткаларды қолданғаныңды есіне алады. Жүрек істен шыға бастайды, бауыр да қажетсіз бола бастайды. Сіз сынған көлікке айналасыз және күлкілі суреті бар таблетканы жеп билеу туралы ойыңыз келген күні қарғысқа ұшырайсыз...

Есірткі - күрек... Иә, иә, таң қалмаңыз, менің жас досым. Бұл өте жақсы күрек. Ол жерді қазып, бұзылмайды. Ол сәтсіздікке ұшырамайды. Есірткіні бірінші рет қолданғаннан кейін сіз осы күректі қосасыз. Түймені бассаңыз, қараңғы капюшондағы еңбекқорлар қараңғылықтан шығып, көздеріне қадалады. Бұл қабір қазушылар. Ал мына күрек не қазып жатқанын білесің бе? Дұрыс! Сен қандай ақылдысың! Қабір қазушылар қабір қазып жатыр. Бұл қабір сен үшін, досым.

Қолыңызға қандай да бір жағымсыз зат салынған шприцті алған бойда, есірткіні қолдана салысымен, қабіріңізге айналатын шұңқырдан бірінші кесек шығарылғанын білуіңіз керек. Тайғақ, дымқыл жер сенің қабір қазушыларыңның күректеріне өте жақсы төселген, олар терлейді, саған шұңқыр қазғанды ұнатады. Ал саған өзің ұнайды. Бірінші уақытта. Содан кейін сіз оларды тоқтатуға мәжбүрлей алмайсыз.

Олар жүздерін мұңайған пальтоларының жағасына тереңірек тығып, сенен капюшондармен жабылады. Сен айқайлайсың, бірақ олар естімейді. барлық. Кері қозғалыс жоқ. Қорқынышты шұңқыр қабірдің сұлбасын алады. Ол қазірдің өзінде дайын. Қабір қазушылар сіздерді шақырады - қош келдіңіздер! Не? Қаламайсың ба? Саған әлі ерте дейсің бе? Тағы не өмір сүргің келеді, отбасын құрғың келеді, атақты, атақты, табысты болғың келе ме? Иә, бәрі! Ұмыт! Ешкім сені шприцті қолыңа алуға мәжбүрлеген жоқ. Ешкім сенің танауыңа ақ ұнтақты күшпен үрлеген жоқ. Өзің күректі тірілткің келді. Ал енді қабір сені қабылдауға дайын. Сөйлеме, болған жағдайды қабылда...

Мен саған тағы көп нәрсені айта аламын, жас досым. Бірақ мен сенің көзіңді осындай үлкен туындымен шаршатқаныңды қаламаймын. Әзірге менің осында жазғандарымды қорытыңыз. Ас қорыту және қорыту. Менің сөздерім сіздің миыңызға өмір беретін дәрумендермен, антибиотиктермен енсін, бұл сіздің өміріңізді ешқандай инфекцияның қысқартуына жол бермейді. Сіз енді ғана бастаған және ғажайып сияқты әдемі өмір..."*.

Менің ойымша, мақала өте күшті. Неліктен мен оны сізге оқуға бел будым? Себебі, статистикалық мәліметтер бойынша, есірткінің алғашқы сынамасының орташа жасы 14 жасты құрайды. Ал 11 жастан 24 жасқа дейінгі әрбір екінші жасөспірім есірткіні қолданып көрген. Бұл мақала сізге қандай әсер қалдырды? Автор есірткіні күрек деп айтып, сәтті образ таңдады ма? Автор таблеткалар мен арамшөптердің әсерін сипаттағандай ма? Немесе ол бояуларды қалыңдатады және бәрі соншалықты қайғылы емес пе?

(Балалар жауап береді.)

Суицид қаруы. Есірткі осылай аталады. Бұл қорқынышты сою күшінің қаруы. Қазір ол сіздердің әрқайсыларыңызға бағытталған. Ол жыл сайын миллиондаған адамды өлтіреді. Бұл қарудан қалай қорғануға болады? Қорғанудың бірінші жолы - ақиқат, ол - білім. Бірақ қорғаудың екінші, ең сенімді жолы бар... Бірақ бұл туралы - кейінірек. Мүмкін сіз оны өзіңіз ашатын шығарсыз.

Сонымен, есірткі туралы барлық шындық.

Есірткі және денсаулық

Есірткі дегеніміз не? Бұл қозуды тудыратын және орталық жүйке жүйесін салдандыратын күшті заттар. Нашақорлық дегеніміз не? "Нашақорлық" сөзі грек тілінен шыққан. narcos - есеңгіреу және mania - ақылсыздық.

Нашақорлық - бұл есеңгірететін жағдайға жету немесе ауырсынуды жеңілдету мақсатында әртүрлі тәсілдермен (жұтыну, ингаляция, көктамыр ішіне енгізу) қолданылатын есірткіге құмарлықты сипаттайтын ауру. Есірткіні қолдану ағзаның толық сарқылуына, дене салмағының едәуір төмендеуіне және дене күшінің төмендеуіне әкеледі. Нашақорларды өз-өзіне қол жұмсау деп атауға болады.

Нашақорлардың барлығы дерлік 4-8 адамнан тұратын топтарға шаншып тастайды. Көбінесе олардың барлығында бір шприц болады. Сондықтан нашақорлық әрдайым дерлік СПИД, гепатит және қан арқылы таралатын басқа да жұқпалы аурулармен бірге жүреді. Соңғы бір жылда АИТВ жұқтырғандар саны 6 (!) есеге артқан. Жаңадан жұқтырғандардың 80%-ын нашақорлар құрайды.




презентация

Сабақтың ортасы

Нашақорлар көбінесе дозаланғанда өледі. Ал аман қалғандар төмен адамдарға айналады: қозғала алмайды, әрекет ете алмайды, ойлай алмайды, сөйлей алмайды. Мұндай тағамдарды түтіктер арқылы енгізеді, көбінесе олар аппараттың көмегімен тыныс алады. Оларды өлтіруге ешкімнің құқығы жоқ, бірақ олар мұны өздері жасай алмайды және мұндай тіршілік жылдарға созылуы мүмкін.

Есірткіге қарсы заң

Сынып жетекшісі. Ал енді заң өкілдеріне сөз. Олардың ақпараты "Есірткіге қарсы заң" деп аталады.

Еуропаның көптеген елдерінде есірткіні өндіру, сақтау, қолдану және сату қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Ал Азия елдерінде есірткіні жалғыз сақтағаны үшін өлім жазасына кесіледі. Біздің елімізде есірткі өндіретіндерге, тасымалдаушыларға, сатушыларға, сондай-ақ оларды сатып алушыларға, сақтаушыларға, медициналық мақсатта қолдан жасалған құжаттарды алу үшін қолдан жасағандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Есірткіні ірі көлемде сақтағаны үшін - 3 жылға бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде - 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Сонымен қатар, есірткіні өз еркімен тапсырған және оның шығу тегін анықтаған адам осы қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Нашақорларды мәжбүрлеп емдеуге қатысты заңдар бар. Ресейде есірткі айналымын бақылаудың федералды қызметі (Ресей ФСНК) құрылды. Оның міндеті - есірткі трафигінің арналарын анықтау және жою, есірткі және психотроптық заттардың контрабандасымен және заңсыз айналымымен айналысатын мафия топтарын әшкерелеу.

Тозаққа төрт саты

Барлық есірткілердің өлімге әкелетін қасиеті бар: олар физикалық және психологиялық тәуелділікті тудырады, адамның еркіне бағынады, денесін бұзады.

Есірткіге тәуелді болған адам енді өзінің мінез-құлқын сыни тұрғыдан бағалай алмайды және жақындарын кез келген сәтте тоқтай алатынына сендіреді. Бірақ ол тозаққа апаратын бірінші сатыға көтеріліп үлгерді. Ал жолды өзгерте алатындар аз.

Тозаққа апаратын жол қысқа болады, небәрі 4 қадам. Психологтарға сөз беремін (аты-жөні).

Бірінші қадам: қарапайым қызығушылық пен көмекші достардың қысымы. Олар сенің мінезің әлсіз, әлі кішкентайсың, рахаттану керек деп еркелетеді, мазақ етеді, айтады. Олар, әрине, бір рет ештеңені шешпейтінін айтып, тегін сынап көруді ұсынады.

Мен тырыстым - жүрек айну, құсу, асқазанның бұзылуы - сондықтан ақыл-есі үнсіз болса да, ағза умен күреседі. Алғашқы тәжірибеден кейін кейде тоқтатуға болады, дегенмен көптеген заманауи синтетикалық препараттар бір рет қолданғаннан кейін тәуелділікті тудырады. Бірақ егер есірткі достық серіктестіктер мен дискотекалардың тұрақты серігіне айналса - ойланыңыз: сен тұңғиыққа домалап бара жатырсың!




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Екінші қадам: ескерту. Нашақорлықтың екінші кезеңі отрав деген қажеттілік туындаған кезде тез пайда болады. Оны сатып алуға ата-аналар берген барлық қаражат жұмсалады. Барлық ойлар тек жаңа дозаны алуға бағытталған. Адамның өмірі өзгереді, есірткіден басқаның бәрі немқұрайлы болады. Сіз әлі де тоқтай аласыз, көмек сұрай аласыз - бұл кезеңнің өзінен шығу мүмкін емес.

Үшінші қадам: ешқайда бармайтын жол. Бұл есірткіге тәуелділіктің маңызды кезеңі. Доза күнделікті қажеттілікке айналады. Барлық ойлар есірткі іздеумен айналысады. Жаңа доза үшін адам бәріне дайын: ұрлық, жезөкшелік, қарақшылық, кісі өлтіру. Адам енді оқи да, жұмыс істей де алмайды. Галлюцинациялар есірткінің тұрақты аштығынан басталады, ұйқы кетеді. Ашу мен үмітсіздіктің ауыр шабуылдары көпшілікті өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді. Бірақ егер бұл сұмдықты тоқтатқысы келетін қандай да бір қалдық қалса, шұғыл түрде нарколог-маманға қаралу керек.

Төртінші қадам: трагедияның соңғы актісі. Жарақат алғандар үшін бұл 6-8 жылдан кейін пайда болады. Нашақордың өмірі аяқталуға жақын. Қорқынышты ауырсыну күндіз де, түнде де тоқтамайды. Тіршілікті тек есірткі ғана қамтамасыз етеді. Көбінесе бұл "ақ өлім", героин. Ерте ме, кеш пе, дозаланғанда өлім болады. Ресейде жыл сайын 29 жасқа толмаған 70 мың жас есірткінің дозалануынан қайтыс болады. Сырттай зиянсыз басталған трагедия осылай аяқталады.

Ал енді арандатушылық күтіп тұр. Арандату - бұл арандату. Арандатушы - қоздырушы рөлін әрқашан есірткіні ұсынған адам атқарады. Ұсынылған адам арандатушылыққа бой алдырып, есірткіні қолданып көрсе, құрбан болуы мүмкін. Бірақ ол арандатушыны жеңетін батыр бола алады. Жастар арасында есірткінің кеңінен таралуын көпшіліктің бұл қорқынышты құбылыс туралы шындықты білмеуімен түсіндіруге болады. Сондықтан олар арандатушылардың барлық түрлерінің мифтеріне, ертегілеріне ықыласпен сенеді. Сондықтан біз ақпараттық блокқа "Есірткі туралы төрт миф" диалогын қосуды жөн көрдік. Қатысушылардың бірі - арандатушы. Ол мифтерді лақтырады. Екіншісі оны әшкерелейді. Мен сізге осы диалогты мұқият тыңдауға кеңес беремін. Егер сізді де дәл осындай арандатушылық күтіп тұрса ше?



презентация












































(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Нашақорлықтың зияны

Құндылықты дарыту

Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан да жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

I. Ой қозғау. «Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ — жауап).
1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. Адамға ең қымбат. Ол не? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы).

II. Бейнефильм «Ұрпақ шежіресі»
Өмірге адам бір - ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері. Әр топ өздерінің тобының аттары мен ұрандарын айтады.
1 - топ аты. Өз өміріміз үшін күресе білейік! Ұраны: Шынықсаң шымыр боларсың.
2 - топ аты. Салауатты өмір салтын қолдаймыз! Ұраны: Нашақорлыққа жол жоқ.
3 – топ аты. Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызды! Ұран: Талпынған жетер – мұратқа.
III. Топпен жұмыс:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата - бабаларымыз айтып кеткендей, әр топқа атадан қалған асыл сөздер мен мақал - мәтелдер беремін, жалғасын табады. 1 – топ.
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Ауру батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
3. Жан ауырса тән азады.
4. Тәні саудың – жаны сау.
5. Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
6. Бас аманда мал тәтті.
Бас ауырса, жан тәтті.
2 – топ.
1. Ауруын жасырған өледі.
2. Сырқат – тән жарасы.
Қайғы – жан жарасы.
3. Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
4. Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
5. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
6. Емнің алды – еңбек.
3 – топ.
1. Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ
2. Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда.
3. Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
4. Салауатты өмір, көңілді көңіл.
5. Араққа жолама, жетелейді молаға.
6. Шынықсаң шымыр боларсың.



презентация

Сабақтың ортасы

Енді балалар, нашақорларды теледидардан немесе өмірден көріп жүрміз, баспасөзден оқып жүрміз, ал олардың зардаптары туралы не білеміз, нашақорлық неге апарып соқтырады, осы сұрақтарға жауап іздейік. Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап береміз.
1 - топ.
Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2 – топ.
Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3 – топ.
Салауатты өмір сүруге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді?



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

«Біз болашақ салауатты, тәрбиелі білімді жас ұрпақпыз!»
“Темекі ” сөзінің бас әріптеріне мақал — мәтел немесе қанатты сөз жазу.
Т — тазалық денсаулық кепілі.
Е — екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені.
М — маскүнем арақтан өледі.
Е — ескермеген ауру жаман.
К — күлкі денсаулық кепілі.
І — ішің ауырса аузыңды тый.


презентация












(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Отбасында зорлық зомбылыққа жол жоқ»

Құндылықты дарыту

оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз  айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі  ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. 
Бүгін біздің мақсатымыз ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел «Бейбітшіл ел - Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.



презентация

Сабақтың ортасы

алалар, біз үш топқа бөліндік, олай болса «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастайық.




1-ші сұрақ бақытты балалық шақ деген не ?




Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?

( күн суреті) әр топтан бір адам қорғайды.

1-топБіз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

2-топМен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.

3-топБәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. 
Балалық шақ - бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең.



















Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».



презентация








































Бекітілді ___________


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Тоқта вандал

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға вандализм туралы түсінік қалыптастыру, бұзақылық әрекеттері үшін жауапкершілік туралы ақпарат беру

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған.
Болашақ сол балалардың қолында деп мәдениеттілікті бала бойына сіңіру сондай-ақ бұзақылық әрекеттерін алдын-алу мақсатында тәрбие сағатында түсінік қалыптастыру.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер













Сабақ басы (13 мин)












Вандализм деген сөзді естігенде не түседі ойларыңа?


Біз тәуелсіз елде өмір сүрудемізз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Арықарайда бақытты өмір сүруіміз үшін бұзақылықпен айналыспауымыз қажет. Айналамызға мейіріммен қарауымыз керек.


Презентация

Ортасы (20 мин)


Соңғы жылдары елімізде тарихи ескерткіштерді, рухани-мәдени құн­ды­лықтарды, қоғам мүлкін қасақана жою, тып-типыл тонау әрекеттері жиі орын ала бастады. Аялдамаларда сынған әйнек, қираған орындық, жабыстырылған, жұлынған хабарландыруларды жиі көреміз. Қоғам меншігіне атүсті қарайтын, өзгенің мүлкін сыйламайтын, ойына келгенін ойрандап, қасақана қиратып, бүл­діріп жүретін бұзақыларға шектеу қою мәселесіне Мемлекет басшысы да баса назар аударып отыр. «Вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аре­надағы абыройына нұқсан келтіретін болды. Біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұм­тылуы­мыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында.

Вандализм (лат. vandalism) — мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті.

Мұғалімді тыңдайды, өз ойымен бөлісіеді

Презентация







Соңы

(5 мин)





Кері байланыс






Вандализіммен күрес әдістері.

1.тәрбие; демалысты ұйымдастыру; қақтығыстарды шешу; мақсатты күшейту; мақсатты күшейту; қоғамдық жұмыстарға араластыру; үгіт-насихат жұмыстары.


Сұрақтары болса қағазға жазып беру

Бойларынан осы әрекеттер табылған оқушылармен жұмыс жүргізу.


презентация







Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Отбасы тәрбие бастауы

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:

Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.

Құндылықтарды дарыту

Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. - Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі

ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












«Бала тәрбиесі» (Бейне ролик қарау, ой түю) Күн келген бейбіт көгінде, Ғажайып байтақ елімде. "Балалы үй - базар" тегінде Бақытың - бала - сенің де. Бақыты - бала - оның да, Бақытым - балам менің де.

Ой қозғау. «БАЛА КІМ? Осы сұраққа өз ойларыңыздан бірнеше жауаптар қайтару керек.

Жауап: (болашағым, бауыр етім, асыраушым, ізбасарым, қуанышым т.б.).



Компьютер

 

Ортасы (20 мин)


«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, тақтада ілінген жүрекшеге жабыстырып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.


Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Қағаз

жіп

Соңы






Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.




Ата-аналар жауап береді








бейнежазба






































Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Діни экстремизм қауіпті құбылыс»


Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.

Сабақтың мақсаты:

Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.

Құндылықтарды дарыту

Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. - Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі

ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












«Бала тәрбиесі» (Бейне ролик қарау, ой түю) Күн келген бейбіт көгінде, Ғажайып байтақ елімде. "Балалы үй - базар" тегінде Бақытың - бала - сенің де. Бақыты - бала - оның да, Бақытым - балам менің де.

Ой қозғау. «БАЛА КІМ? Осы сұраққа өз ойларыңыздан бірнеше жауаптар қайтару керек.

Жауап: (болашағым, бауыр етім, асыраушым, ізбасарым, қуанышым т.б.).



Компьютер

 

Ортасы (20 мин)


«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, тақтада ілінген жүрекшеге жабыстырып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.


Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Қағаз

жіп

Соңы






Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.




Ата-аналар жауап береді








бейнежазба






































Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Береке бастауы тынымсыз еңбек»


Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Алдымен тақтаға қарап, видео тамашалаймыз. Ия, балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ. Осы видеодан көргеніміздей, адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.  «Еңбек» сөзіне тоқталайық. Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»


Бүгінгі сайыс сабағымыз 5 кезеңнен тұрады. 1 кезең еңбек туралы ойларын айту, 2 кезең мақал-мәтелдер сайысы, 3 кезең жұмбақтар, 4 кезең шығармашылық сайыс, 5 кезең қолөнер сайысы


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












Әр топ еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін кезекпен айтады

Еңбек – бәрін жеңбек.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.

Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Ерінбеген етікші болады.
Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.




Оқушылар, алдарыңызда берілген сұрақтар бойынша 2 минут дайындалып алып, әр топтан ортаға бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді













Компьютер

 











Ортасы (20 мин)


Еңбек ерлікке жеткізер, ...( ерлік елдікке жеткізер ) 
Еңбек етпей елге өкпелеме, ... ( егін екпей жерге өкпелеме ) 
Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің ) 
Еңбегіне қарай - құрмет, ... ( жасына қарай – ізет ) 
Еңбек адамның ... ( екінші анасы ) 
Еңбек – ата, ... ( жер – ана) 
Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан ) 
Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан ) 

  1. Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі? (Теңізші,моряк, sailor)

    2. Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді. (Балықшы,рыбак, fisherman)

    3. Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші, пожарный, fireman)

    4. Екi басы дөңгелек,

Екi ұшы сүйiр,

Қиғанға үйiр.    (Қайшы, ножницы, scissors)


5.
Жансыз жарады, Жанды ұрады. (Балта, топор, axe)
6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (Ине, жіп, иголка, needle)

7. Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз, повар, cook)

8. Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.( Етікші, сапожник, shoemaker)

9. Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді?
( Ұшқыш, летчик, pilot)

10. Тізіле өскен тісі бар. Көп істеген ісі бар. (ара, пила, saw)

  1. Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі? (Теңізші,моряк, sailor)

    2. Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді. (Балықшы,рыбак, fisherman)

    3. Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші, пожарный, fireman)

    4. Екi басы дөңгелек,

Екi ұшы сүйiр,

Қиғанға үйiр.    (Қайшы, ножницы, scissors)


5.
Жансыз жарады, Жанды ұрады. (Балта, топор, axe)
6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (Ине, жіп, иголка, needle)

7. Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз, повар, cook)

8. Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.( Етікші, сапожник, shoemaker)

9. Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді?
( Ұшқыш, летчик, pilot)

10. Тізіле өскен тісі бар. Көп істеген ісі бар. (ара, пила, saw)


еңбек тақырыбына қатысты жұмбақ жасырамын. Жауабын 3 тілде айтады








слайд

Соңы






постер қорғау.


Болашақта Отанымыз, еліміз үшін қандай еңбек, қандай кәсіп етер едіңдер? Әр топ сурет салып, ортаға шығып қорғайды. 5 минут уақыт беріледі.











Қағаз

маркер






































Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Адалдық адам мінезіндегі бағалы қасиет

Құндылық


Мақсаттары

Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін  түсіндіру.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық   шеңбері        Оқушылардың сабаққа  қызығушылығы мен көңіл күйлерін  көтеру және олардың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс       Сабақты  З.Шашкиннің  «Темірқазық» әңгімесімен жалғастыру.

Әңгімелесу  

  • Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

  • «Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Неліктен адалдық «кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар жүреді?

  • Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?

Тапсырма                Оқулықта берілген  мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру.

Тыныштық сәті        Баланың  жүрек  соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін  қолдану.

Дәйексөз       «Адалдық-ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру мақсатын жүзеге асырады.

Жаңа ақпарат        Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.

Адалдық әр адамның өзін  де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.

Адалдық  бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Адалдық  біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.

Жағдаятты талдау      Берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде,олардың пікірлерін  дәйектеуде,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.Оқушы ойын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашу.

Дәйексөз.   «Адалдық  деген ашық , шыншыл  қарым-қатынас»   деген  А.Макаренконың  сөзін   түсіндіру  арқылы  оқушылар жағдаяттан  пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.

Жағдаяттарды  талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.  Төмендегі жағдаяттарды  шешіп,әдептілік тұрғысынан  баға  беру.

Тапсырма     берілген ой тұжырымдамамен танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.






Адалдық:

  • Қоғам әділеттілігінің негізі болады;

  • Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді;

  • Жеке тұлға мінез –құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді.


презентация

Сабақтың ортасы

Жаңа ақпарат

Адам  өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте  адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.

  • Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл-Фараби Шешен кісі сөз бастар,

  • Адал кісі  - ел бастар. Жамбыл Жабаев

  • Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов

  • Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ғабит Мүсірепов

  • Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. Максим Горький

  • Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. Қаюм Насыри

  • Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. Михаил Пришвин

  • Адалдық танытатын адамға да адал бол. Плавт Тит Макций

  • Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын. Менандр

  • Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс. Вишакхадатта

  • Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель

  • Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер


Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады


Сабақтың соңы

  • Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

  • Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?

  • Өзіңе –өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?

  • Адал болуға ұмтылу неге керек?

 

Тапсырма        Оқушыларға  оқулықтағы  мәтін тапсырма ретінде беріледі.

Жүректен жүрекке          Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып, «Аман болсын адамдар» әнімен сабақты аяқтаймыз.


















Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Синтетикалық темекінің зияны»

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:

Электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекіу екенін, топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.


Құндылықтарды дарыту

Адам ағзасына зиянын баяндау

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Электронды темекі байланысты фотосуреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

Оқушылармен амандасамыз.


Қысқша тәрбие сағаты туралы түсініктеме беріледі.

Электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Осыған байланысты әр түрлі елдердің ғалымдары электронды темекінің балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына әсерін зерттей бастады.

Көптеген жасөспірімдер электронды темекі шегуге тырысады. Жиналған статистикаға сәйкес, 14 жастан асқан балалардың 40% - ы осы құрылғыны пайдалануға жүгінеді.

Электрондық темекінің ағзаға қандай зияны бар. Егер сіз электрондық сигареттер  зиянды ма жоқпа деп  ойлансаңыз, ескере кететін жағдай, жану процессі тек  булануға ауыстырылды, бірақ құрамы іс жүзінде өзгерген жоқ. Никотин екі жағдайда да кездеседі, айырмашылық тек оны жеткізу әдісі мен қарқындылығында. Вейп сұйықтықтарының құрамына кіретін никотин тұрақты физикалық және психикалық тәуелділікті қалыптастыратын нейротоксиндер мен алкалоидтарға жатады, бұл никотинге тәуелділікпен күресте электронды темекінің пайдасы туралы барлық дәлелдерді жоққа шығарады. Никотин тамырларды бұзады, жүрек –тамыр, тыныс алу жүйесінің жағдайын нашарлатады.


Никотинді үнемі қолдану, тіпті аз мөлшерде болса да, ауыр ауруларға әкеледі, бұл вейптің жасөспірімдерге тигізетін зиянын тағы бір рет растайды. Жоғарыда аталған аурулардан басқа: гастрит, асқазан жарасы, жүрек проблемаларын туғызады.

Көптеген адамдар никотинсіз электронды темекінің зияны барма  екендігіне қызығушылық танытады, сұйықтықта негізгі зиянды элемент жоқ болғандықтан.


Слайд











Сабақ басы (13 мин)












Жастар арасында вейп шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Әсіресе оқушылар мини-кальяндарға қатты қызығады. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығады. Никотин де қосуға болады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті. 

Вейпте 31 қауіпті зат бар

Бұл құрылғы ингалятор секілді. Ішіндегі сұйықтық қайнағанда бу шығады. Сұйықтықтың құрамында бірнеше зат бар. Олар:

Глицерин;

Пропиленгликоль (Е1520);

Хош иісті қоспалар;

Никотин (кей кезде қосылмайды).

Вейперлер электронды темекінің зияны жоқ деп ойлайды. Себебі оны шеккенде шайыр бөлінбейді. Дегенмен Беркли университетіне қарасты Лоурен атындағы ұлттық зертхана мамандары вейптен уытты заттардың бөлінетінін анықтады. Буда 31 қауіпті зат болады. Оған қоса, хош иісті сұйықтықты көп жағдайда қолдан жасайды. Содан бағасы да арзан. Ал аккумулятор қызып тұрғанда канцерогенді заттардың мөлшері көбейеді. Аккумулятор жарылып кетуі де мүмкін.


Слайд

 











Ортасы (20 мин)


Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, уытты химикаттардың бірі – диацетил. Ол хош иістендіргіштердің 75 процентінде болады. Оны тамақ өнеркәсібі де пайдаланып жатады. Бірақ деммен ішке көп тарта берсе, өкпеде қабыну процестері басталады. Бронхшалар тарылады, тыртықтар пайда болады. Жалпы уытты заттардың әсері аз емес. Олар:

Пропиленгликоль ағзада жиналып, аллергиялық реакцияларды қоздырады. Бауыр мен бүйрекке зиян тигізеді;

Пропиленгликоль мен глицерин ыдырғаннан кейін акролеин мен формальдегид қалады. Акролеин көздің шырышты қабығына әсер етсе, формальдегид жүйке жүйесіне салмақ түсіреді;

Никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтырады;

Құрамында никотині бар буды көп жұта берсе, адамның жүрегі айниды, басы айналады. Ас қорыту жүйесі бұзылып, іші өтеді.

Ал бір вейпті бірнеше адам қолданған жағдайда гепатит, туберкулез сияқты аурулар таралуы мүмкін. Жүкті әйелдерге, аллергиямен ауратындарға және кәмелет жасқа толмаған балаларға вейп шегуге болмайды.



презентация

Соңы






Вэйп-темекі шегуден болатын зиян
Вэйпингтің зияны аурудың келесі белгілерінің пайда болуымен байланысты:
1.Құрғақ және жұлдыру вэйпинг сұйықтықтарының құрамындағы пропиленгликольге байланысты пайда болуы мүмкін. Бұл компоненттің мәні булану кезінде көмейді ылғалдандыру болып табылады, бірақ бу ингаляциясы аяқталғаннан кейін жұлдыру шырышты қабаты ылғалдың жетіспеушілігін сезінеді және бұл құрғақтық пен ауырсынумен көрінеді.
2.Жөтел бірнеше себептерге байланысты пайда болуы мүмкін. Егер, мысалы, жаңадан пайда болған вэйпер бұрын әдеттегі темекі шегуді теріс пайдаланған болса, онда жөтел денеде жиналған шайырлардың кетуінің салдары болады. Тағы бір себеп-бірдей пропиленгликоль. Симптомның көрінуінің үшінші себебі дененің жаңа хоббиге үйренуі болады.
3.Ықылық никотин компонентінің бумен жұтылуына байланысты пайда болады. Терең деммен жұту кезінде ауру тудыратын элементтер асқазанға жетіп, ықылық тудырады.
4.Безеудің пайда болуы әдеттегі темекі шегуден бас тартудың салдары болып табылады.
5.Жүрек айнуы хош иісті сұйықтықты сәтсіз таңдаумен немесе булану күшінің жоғарылауымен байланысты.
6. Летаргия және бас ауруы темекі шегуді тоқтатуға байланысты денені қайта құрумен байланысты. Бұл аурулардың болуы ұйқысыздықпен бірге жүруі мүмкін.
7. Бұлшық ет ауыруы және құрысулар пропиленгликоль ағзаға сүт қышқылына енгеннен кейін оның өзгеруімен байланысты. Бұл белгілердің пайда болуын болдырмау үшін күн ішінде көбірек су ішу керек немесе глицерин негізіндегі сұйықтықтарды қолдану керек.
8.Вэйп құрылғысын қолдануды бастағаннан кейін терлеудің жоғарылауы аллергияның дәлелі болып табылады. Вэйпинг-аллергиядан болатын зиян тек терлеуден ғана емес. Қышу, жұлдыру, денеде бөртпе пайда болуы мүмкін.
9. Егер сіз сұйықтықты пропиленгликолмен глицеринге ауыстырсаңыз, диарея өтеді.
10.Түтіннен бас тартқаннан кейін қызыл иектің қан кетуі және аузындағы жаралардың пайда болуы пайда болады. Кәдімгі темекі шегу кезінде ауыз қуысы ыстық түтіннен қорғалған және ауыз қуысының Сағыз қабырғалары қалыңдатылған. Темекіні тастағаннан кейін қабық жұқа және сезімтал болады, сондықтан қан кету проблемалары пайда болады.

Постермен түйген түсініктерін ойларын жеткізеді

Слайд


































Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Құқық әділет пен парасат жолы

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Құқықтық сана»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Құндылықтарды дарыту

Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу заман талабы. «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (топ аты, өмірлік ұстанымы, топ төс белгісімен таныстыру)
2. Тікелей сұрақ (әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі)
3. «Ой жалғау» (мақалдың жалғасын табу)
4. «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)
5. Суретті баптар (әр топқа мақалдар беріледі, мағынасын қарап, Конституция бойынша баптарға келтіріп, оқушылар соны суреттеп көрсету)
6. «Ой талқы» Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді (уақыт 3 минут)
7. Қорытынды (әділқазы алқасының қорытындысы)

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)













«Әділет» тобының сұрақтары:
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет
1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)

«Ақиқат» тобының сұрақтары:
1. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)
2. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15-қараша)
3. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)
4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
5. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)













презентация

 











Ортасы (20 мин)


ІІІ бөлім «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)
«Әділет» тобына
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
«Ақиқат» тобына
1. Ұрлық түбі ... (қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ... (арлы бала)
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
5. Әділ істің ... (арты игі)








Оқушылар мақалдың жалғасын табады

Компьютер

Соңы






«Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)
«Әділет» тобына
1. ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы
2. АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі
3. ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы
«Ақиқат» тобына
1. УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім
2. АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат
3. РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган

«Әділет» тобына
Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
«Ақиқат» тобына
Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?











презентация
























Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы


Тәрбие жұмысының бағыты

Ұлттық тәрбие ұлт болашағы

Құндылықты дарыту

а) Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Бағалау критерийлері:


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


Мұғалім сөзі:
- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.
Иә,
«Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста - бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан
да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
І. «Сан саяхат»
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)
ІІ. Сыңарын тап
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
I
ІІ. Тыйым сөздер
1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
ІV. Сіздің пікіріңіз.
Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын.


Қоры

тынды

10 мин


«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз.
Отбасылармен бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындау.
«Ақ сөйлеп адал күлетін бол.
Шындықты жақтап жүретін бол,
Сыйласудың сырын білетін бол.»

















Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді:

Мектеп:


Мұғалімнің есімі:


Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

Тазалық денсаулық кепілі

Күні:

Сынып:

Оқушы саны:

Сабақтың мақсаты

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.



Көрнекіліктер

Суреттер, сөзжұмбақ кестесі, нақыл сөздер

Құндылықтарды дарыту

Балалардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.


Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Басталуы

2мин

Ұйымдастыру кезеңі

«Миға шабуыл»

1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?

2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?

3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?

5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы

20 мин

Тақырып: Денсалық терең байлық

Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.

Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.

Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.

-Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.


Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.


- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?

- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.


1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .

2. Тамақтан кейін ауызды шаюкерек.

3. Ыстықтамақтан соңсуық нәрсеішпеукерек.

4.Жаңғақты тіспеншақпаукерек.

5.Дер кезіндетіс дәрігеріне көрінуқажет.

6.Тәттіні көп жеугеболмайды.

7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.


Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

2.Ісің түсіп тақсырға барма,

Аурулы болып бақсыға барма.

3. Бақсы көрінсе дерт қозады,

Ұста көрінсе таға тозады.

4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.

5..Ауру атанды да шөктірер.

6.Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақиядан жұғады.

7.Бас ауырса жан қорқады.

8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,

Шыбын бар жерде - шығын бар.

9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.

10.Жан ауырса - тән азады,

Қайғы басса - жан азады.

«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»

Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.

Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.

Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.

Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.

Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.

Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.

Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.

Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.

Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры

Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.

Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.

Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.


Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:

» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.

» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.

» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.

» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.

» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.

» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді қоректену керек.

» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ерте тұру керек.

» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.

» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.

» Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.

»Зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.


Сынып белсенділерінің

апталық есебі

10мин

Сынып белсенділерінің апталық есебімен танысу.Жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерді,оқушылардың кітап,дәптерлері,күнделік тің толтырылуын тексерудің қорытындысы

есеп

Ата-ана кеңесі немесе құқықтық оқыту

3мин

«Заңды білсең, балдырған, Ақиқат шығар, алдыңнан». Адам дүниеге келеді. Ол өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі. Әр елдің өз адамдарына арналған Заңы- Конституциясы бар. Ата Заңымыз ең алдымен адам құқығын ту етіп көтереді. Сол сияқты дүние жүзі елдерінің бәрі қолдайтын ортақ заңдар мен ережелер бар. Олар: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы» және «Балалардың құқығы жайлы конвенция». Құқық -заң арқылы реттелетін адам құқығы.Конституция – құрылым.Конвенция -- келісім.

- Мен мектепке баруға, оқуға құқығым бар.- Өмір сұруге құқығым бар.- Ойнауыма, демалуыма құқығым бар.- Өз пікірімді білдіруге құқығым бар.- Ақысыз емделуіме құқым бар.

кеңес

Сабақтың аяқталуы

Қорытынды Қауіпсіздік ережесі

5мин

Оқушыларға жол ережесін сақтауға кеңес беру:

  1. Мектепке келіп,кетер жолда үнемі сақ бол!

  2. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтпе!

  3. Топтап тұрған көліктің арқасынан өтпе!

  4. Көлікпен бірге жарыспа,жүгірме!

  5. Жол жиегімен жүр!

  6. Жол ортасында ойнама!

  7. Көш қиылыстарында абай бол!


ереже





















Ойынқұмарлық тәуелділік

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Лудомания интернет қауіпсіздігі»

Мақсаттары


1. Оқушылардың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру;

2. Оқушыларға ойынның бар кемшіліктерін түсінуін дамыту;

3. Оқушыларды адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.




Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Негізгі бөлігі

Жаңа экономикалық жол біздің елімізді өмір сүру жағдайының өзгеруіне ғана емес, сонымен қатар жаңа психологиялық тәуелділіктің пайда болуына алып келді. Кейбір ойын автоматтары немесе лотереялар құлазуды басу үшін ойын-сауық орталығы зиянсыз құрал болып көрінеді. Алайда соңғы уақытта адамдар ойынға жаппай тәуелді бола бастады. Ойынға деген құштарлық - бұл ойын деп аталатын психологиялық тәуелділік.

Ойын, сондай-ақ, ойын тәуелділігі, құмар ойындарға, эмоционалдық бұзылуларға және олардың негізінде туындаған депрессивті жағдайға бақыланбайтын психологиялық тәуелділікпен сипатталатын кең таралған ауыр жағдай болып табылады.

Ойынқұмарлыққа салыну себептері:

Бірінші нәрсе бірден - эмоциялар. Қанға түсетін адреналин, психиканы қозғаушы, адамды төзбеушіліктен және белгісіз құдайға сәттілік туралы дұға етеді. Бұл эмоциялардың қол жетімділігі адреналинді алудың барлық белгілі тәсілдерінен асады! Өйткені ойланыңыз: мысалы, экстремалды спортпен айналысу үшін жақсы құрал-жабдыққа ақша қажет, беткейлерге, тау жолдарына, парашют мұнараларына және т. б. баруға уақыт пен мүмкіндік табу керек. Алайда, сұрақ туындайды: неге біреу осындай күшті эмоцияларға қажеттілік сезінеді, ал басқалары-жоқ? Түсіндірмелердің бірі-мұндай адамның факторлар салмағына байланысты қандай да бір тұрақты құндылықтар мен ішкі бағдарлар қалыптаспаған. Мысалы, отбасы баланың киініп, киінуіне ғана қамқорлық жасады,ал жалғыз қолайлы ойын-сауық теледидар болды. Баланың жанының ішкі жағдайына, рухани, интеллектуалдық дамуына дейін ешкімге де іс болған жоқ. Ал ішкі, жеке бос орын - адамның өзіне әрдайым тәуелді емес. Көбінесе ол қоршаған ортаның зияткерлік инерттілігінің әсері. Сонымен, біз қалыпты өмір мен нормалды эмоцияларды сұрыптағанмен, жылдам әрекет ететін, өткір, бір уақытта да адамды жеке босаңсудан арылтуға қабілетті алмастырумен айналысамыз.

Ойын (ойынға тәуелділік), өз дамуында кез келген өзге де бөртпе түрлері сияқты (алкоголь, есірткі және басқа) белгілі бір кезеңдерден өтеді, оларды шартты түрде үшке бөлуге болады.





















Аурудың халықаралық жіктемесіне сәйкес, ойынның басты және анықтаушы белгісі адамның бір немесе бірнеше құмар ойындарға үнемі қайталанатын қатысуы болып табылады. Әдетте, ауру тез өршиді және жақын арада ойын тәуелділігімен зардап шегетін адам азаю, жеке өмірін бұзу және отбасылық қарым-қатынас сияқты әлеуметтік салдарға тап болады.

Біздің еліміз үшін ойын тәуелділігі - қайғы, негізінен соңғы онжылдықта: қаланың ортасында ғана қол жетімді әр түрлі казинолар, ал тоқсаныншы жылдардың аяғында аренаға жаңадан "барлығы үшін"орындар шықты. Хит-парадты ойын автоматтары басқарды.




презентация

Сабақтың ортасы


Бірінші кезеңде ойын тәуелділігінің негізі қалыптасады, ол ойнауды күшейте бастайды. Сонымен қатар, нақты алынған тәуелділік әлі де жоқ, бірақ ойын жиілігі артады, біртіндеп ставкалардың көлемі артады және ойын сеанстары ұзағырақ болады.

Ойыншының ойын тәуелділігінің екінші кезеңінде ойнау ниетін басуға ерік күшпен ғана қиын. "Ойнау – ойнамау"мотиві пайда болады және нағыз күреске айналады. Ойын сеанстары ұзарады, ұлғаяды және ойын жиілігі. Ойынның сипаты шексіз сипатқа ие болады. Мүмкін ұтыстар бірден ойынға түседі. Иә, ойынның мінез-құлқы барлық өсіп келе жатқан құмарлықпен және иллюзиямен анықталады – ол өзінің бақытты жұлдызына сенеді, сәттілік, өз ойын әдістерін жасай бастайды, "фарталық" сандарды өзі үшін анықтайды және жалпы, мистикамен және ырымшылдықпен ойын бүкіл процесін шатастырады.





Патологиялық ойыншының белгілері:

1. Жұтылу, ойынға алаңдаушылық (өткен ойындар туралы есіне алады, келесі ойынға ақша табуды ойлайды);

2. Ойнай отырып, қозуды бастайды;

3. Ойынды бақылау немесе тоқтату кезінде қиындықтар туындайды;

4. Ойынды тоқтату қажет болған жағдайда алаңдаушылық немесе тітіркену сезінеді;

5. Өз мәселелерінен қашып немесе көңіл көтеру үшін ойнайды (кінәсін сезінуден кету, алаңдаушылық, депрессия);

6. Жеңілістен кейін келесі күні ойнауға әрекет етеді;

7. Ойынға қатысудың шынайы дәрежесін жасыру мақсатында отбасы мүшелерін алдайды;

8. Ойын қаржыландыру үшін алдау, ұрлық сияқты заңсыз әрекеттер жасайды;

9. Ойын жақындарыңызды, достарыңызды немесе білім алу қаупін тудырады.

Ойын тәуелділігіне әкелетін негізгі психологиялық себептердің тізімін жасап, талдап көрейік (оқушылар өз көзқарасын айтады, содан кейін нәтижелерді мамандардың пікірімен салыстырамыз)

* бақытсыз өмір;

* өзіне қанағаттанбаушылық;

* балалар немесе жасөспірімдер жағдайында психологиялық бекіту;

* адам мәдениетінің төмендігі;

* кедейлік;

* ақыл-ой кемістігі •

Наркология ҰҒО-мен бірлесіп, біз байқаған пациенттер (83 адам) келесі ерекшеліктер бойынша жіктелді: * жасы бойынша құмар ойындарға тарту-21-30 жас (44,3%), 31-40 (37,7%), 41-50 (14,9%), 51-65 (3.1%) жыл;

* жынысы бойынша-ерлер (89,7%), әйелдер (10,3%);

білім деңгейі бойынша - жоғары (8,7%), аяқталмаған жоғары (11,1%), арнаулы орта (19,8%), орта (41,7%), аяқталмаған орта (15,1%), бастауыш (3,6%)%);

* отбасылық мәртебесі бойынша - үйленген/тұрмыста (23,4%), ажырасқан (29,3%), некеде тұрған (47,3%, оның ішінде қайталама некелер) •

Ойын тәуелділігінің салдары:

* Жеке тұлғаның деңгейін төмендету.

Үлкен ақша қарызы.

* Отбасының ыдырауы.

* Достарды жоғалту.

Әлеуметтік мәртебені жоғалту.


Үшінші кезеңде ойын өте күшті, бұл ойын мотивтердің күресі жоқ. Ол үнемі, күнделікті және ұзақ уақыт бойы ойнауға дайын. Ойын арасындағы үзілістерде ол тура қызады. Бұл кезеңде ақша ойыншыға ойын атрибуты ретінде қабылданады. Ойынның мақсаты: ойын өзі болып, үлкен қарыздар да, ұтылудың жаңа мүмкіндігі де маңызды болмайды. Және ойынмен емдеудің ең қиыны ойын тәуелділігін емдеу үшін дәрі-дәрмектік әдістері жоқ.




Интербелсенді тақта/ компьютер



Ойын тәуелділігін емдеу жылдам болуы мүмкін емес. Ойыншы мен оның жақындарынан шыдамдылық пен табандылық талап етіледі, ол кешенді және ұзақ емдеумен бірге осы ауыр аурудан құтылуға мүмкіндік береді. Ойын тәуелділігінен толық босату көбінесе адамның психикалық денсаулығын қалпына келтірумен де, оның өмірлік құндылықтары жүйесін қайта бағалаумен, үйреншікті өмір салтын өзгертумен де байланысты.

Ойынмен емдеуді тәжірибелі мамандар ғана жүргізілуі тиіс: психолог және психиатр-психотерапевт. Ойынға тәуелділікпен күресте ойыншының отбасы, оның туыстары мен достары баға жетпес көмек көрсетеді.

Тест: сізде ойын тәуелділігі бар ма?

1. Сіз ойынға жиі қатысып, ойынға жиі ақша табасыз ба?

2. Сіз жиі үлкен сомаға ойнайсыз ба?

3. Сіз казино немесе ойын автоматтары залына келгенге қарағанда ұзақ уақыт ойнайсыз ба?

4. Жеңіске жету үшін ставкалардың мөлшерін немесе жиілігін арттыруға ниет бар ма?

5. Сіз алаңдаушылық сезінесіз, егер ойын үзілген болса, тітіркенгіш келесіз?

6. Сіз ұтып алу үшін "аң аулайсыз": мысалы, ақша қарызға аласыз?

7. Сіз ставкаларды қысқартуға немесе ойыннан мүлдем шығуға бірнеше рет әрекет жасайсыз ба?

8. Сіз дағдарыстық жағдайларда жиі ойнайсыз (мысалы, жұмыста проблема болған кезде)?

9. Ойын үшін сіз үшін маңызы болған кәсіби немесе көңіл көтеру іс-шараларын құрбандыққа шаласыз ба?

10. Сіз өсіп келе жатқан борыштарға немесе басқа сипаттағы (әлеуметтік, кәсіби) мәселелерге қарамастан ойнай аласыз ба?

Егер сіз 10 сұрақтардың ең болмаса 4-не оң жауап берсе, сіз ойын тәуелділігі бар.

Қорытындылау:

Біздің сынып сағатының соңында сіздер бүгінгі сұхбаттың қорытындысын шығарып, ойын мен интернет тәуелділікке өз пікірлеріңізді және көзқарасыңызды білгіміз келеді. Қандай тұжырымдарға келгеніңізді естісек. (Оқушылар осы мәселе бойынша өз пікірлерін айтады,)


Оқушылар пікірлерін айтады

























Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Нашақорлықтың зияны және алдын алу»

Мақсаттары

Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық,  СПИД, арақ, темекі  сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен  амандасу,бүгінгі  сабақтың  мақсатымен таныстыру. Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біз 10-сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған тәрбие сағатымызды бастаймыз. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады
ІІ Мағынаны тану:

Shape3

«Ғасыр дерті »

Shape1 Shape2 СПИД Есірткі



Shape4 Shape5

Шылым Арақ



1.Жалпы  есірткі  заттар  адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды. Көптеген жастар есірткі бойды балқытып,ләззат алғандайалдамшы күйге түсетін күшін қызық көріп әуестенемін депкүндердің күнінде онсыз омір сүре алмайтын жағдайға жеткенін сезбей қалады. Рас наша немесе марухуаннаның дәмін бір-екі рет татқан адам, одан қайтып құтыла алмай, дәрменсіз күйге түседі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.


Жағдаят сұрақтар:

  1. Адам темекіні бір рет тартқанда қандай күйде болады? Осыдан кейін тағыда тартқысы келедіме, жаман әдетті неге тастап кетпейді?

  2. Барлық адам темекінің зиян екенін біледі, бірақ оны неге тоқтатпайды?

  3. Біздің ағзамызға темекі шегу қаншалықты қауіпті?

  4. Қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар?

  5. Әйел адам ағзасына темекі қалай әсер етеді?



презентация

Сабақтың ортасы

балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап дайындайық. 
1.    Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2.    Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3.    Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.



Үндеу!
    Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

денсаулығы мықты азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ». Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет


презентация




















Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

7 мамыр Отан Қорғаушылар күні

Құндылықты дарыту

Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Мұғалім:Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!


Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:

...Жердің аман тұрғандығы,

Сол намысқой еркектердің арқасы...

Немесе

...Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.



презентация

Сабақтың ортасы

   Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым! дей келе кезекті қызықты ойынға берсек


Ендігі кезекте  викториналық сұрақтар.

Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан

Бас қаламыз қай қала?- Астана

Рәміздерімізді кім біледі?

Тудың ортасында не бейнеленген және авторы кім?

Біздің гимнің авторлары кім?

Республикасының Қорғаныс министрлігі)

Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)

Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик)

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.(Әскери ант)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.(Қазақстан

Күш сынаспақ 

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 


Көтермек 

Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 
Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің. 
Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады. 



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерер

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер



 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.





ұлдарымыз ақылды болу үшін дайындалған «Жігіттің тоғыз жауы » атты ескертпелерін тыңдаңыздар.

Жігіттің тоғыз жауы?

Басты  жауың жалқаулық,

Сорлататын жаныңды.

Осалдығың аңқаулық,

Соқтыратын саныңды.


 


Жасқаншақ болсаң ұры алар,

Қоралап қойған малыңды.

Жалатқызбас жасықтық,

Аузыңдағы балыңды.

Өтірік айтсаң өңмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.

Өсек терсең телмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.


Көпірме босқа мақтан қып

Түкке тұрмас барыңды.


Көрінгенге жалтақтап,

Бола алмайсың жағымды.


Біреуді алдап арбаумен,

Аша алмайсың бағыңды.

Источник: https://www.tarbie.kz/29490


презентация


















Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

7 мамыр Отан Қорғаушылар күні

Мақсаттары

Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Мұғалім:Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!


Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:

...Жердің аман тұрғандығы,

Сол намысқой еркектердің арқасы...

Немесе

...Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.



презентация

Сабақтың ортасы

   Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым! дей келе кезекті қызықты ойынға берсек


Ендігі кезекте  викториналық сұрақтар.

Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан

Бас қаламыз қай қала?- Астана

Рәміздерімізді кім біледі?

Тудың ортасында не бейнеленген және авторы кім?

Біздің гимнің авторлары кім?

Республикасының Қорғаныс министрлігі)

Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)

Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик)

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.(Әскери ант)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.(Қазақстан

Күш сынаспақ 

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 


Көтермек 

Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 
Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің. 
Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады. 



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерер

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер



 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.





ұлдарымыз ақылды болу үшін дайындалған «Жігіттің тоғыз жауы » атты ескертпелерін тыңдаңыздар.

Жігіттің тоғыз жауы?

Басты  жауың жалқаулық,

Сорлататын жаныңды.

Осалдығың аңқаулық,

Соқтыратын саныңды.


 


Жасқаншақ болсаң ұры алар,

Қоралап қойған малыңды.

Жалатқызбас жасықтық,

Аузыңдағы балыңды.

Өтірік айтсаң өңмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.

Өсек терсең телмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.


Көпірме босқа мақтан қып

Түкке тұрмас барыңды.


Көрінгенге жалтақтап,

Бола алмайсың жағымды.


Біреуді алдап арбаумен,

Аша алмайсың бағыңды.

Источник: https://www.tarbie.kz/29490


презентация

















Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Отбасы –бақыт мекені »

Құндылық


Құндылықты дарыту

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін      түсіндіру, бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу, ата- аналары балаларының бойына сіңірген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы  ұстаз ата-ана. Бала үшін үй-ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық  даналығы. Бала кішкентай кезінен –ақ нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан да әке де, ана да балаларының жан дүниесіне  үңіліп мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.  Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен санасып отырғаны орынды.


«Біздің жанұя»

    Қоғамда жанұяның төрт типі  болады екен. Соны өздеріңіз білгілеріңіз келе ме? Ендеше өз жанұяларыңызды қай типке жатқызасыздар?(ойлануға болады)

1.     Әмірлі (авторитарлық)

2.     Демократиялық (егемендік)

3.     Бетімен жіберушілік

4.     Рақымшыл жанұя

    Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұя сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме?… Қалай өзгертер едіңіз?…. Кімнің көмегі қажет?…. )

Тәрбиеге  байланысты айтылған сөйлемді аяқтап жазу.Оқушыларға бірге аяқтап жазуға болады. (Үш топқа парақшалар таратылады

1.     Егер баланы үнемі сынап отырса……….

(оқуға құлқы болмайды)

2.     Балаға үнемі күлсе……………………………

(бұйығы болып өседі)

3.     Баланы қолдап отырса……………………….

(білімге деген ынтасы артады)



1.     Балаға сенім артса………………………..

(өз ісіне сенімді болады)

2.     Бала төзімділікте өссе……………………

(адал болып жетіледі)

3.     Бала қауіпсіз жағдайда өссе……………

(ертеңіне сенімді болады)


1.     Бала кекшілдікте өссе……………………..

(ол қатыгез болып өседі)

2.     Бала адалдықта өссе………………………

(әділ болып жетіледі)

3.     Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе………..

(бұл әлемде махаббат табуға үйренеді)



Сабақтың ортасы

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді.
Әсіресе,”Түп қазығың

- Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)



Сабақтың соңы

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

















































Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-9


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Интернеттегі алаяқтық»


Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ғаламторда өнегелі мінез-құлықты ұстана білу ережелерін түсіндіру

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.Топқа біріктіру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тақырыпқа шығу

-Әлеуметтік желіде қаншалықты уақыт отырасыз?

-Ғаламтор не үшін қажет?

Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру


Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс

«Гаухарлар аллеясы» әдісіЫ. Нетикет туралы анықтау үшін ықшамдалған мәтін таратылады.

1994 жылы интернетте «Netiquette» атты кітап пайда болды. Бұл кітапта нетикеттің негізгі 10 ережесі жинақталған. Netiquette - (англ. Net - желі   Etiquette - этикет) - ғаламторда өнегелі мінез-құлықты ұстана білу ережелері. Википедияға жүгінсек, әлеуметтік желідегі этике́т, яғни нетикет - мінез-құлық тәртібі - бұл интернет пайдаланушыларының басым көпшілігі қолданатын желідегі дәстүрлер мен мәдениет. Бұл ұғым өткен ғасырдың 80-ші жылдары FIDO желісінде (1990-шы жылдары танымал болған халықаралық желі) пайда болды.

1-тапсырма

«Ақиқат/жалған» тапсырмасы

р/с

Тұжырым

А

Ж

1

Әлеуметтік желіде этикеттің бұзылуы ретінде көбіне адамның жеке басына тиісу



2

Нақты ақпарат жариялау мен біреуге жала жабу, плагиат да этикеттің бұзылуына жатады



3

Әр адам интернет қауымдастықтардағы ережелермен танысу қажет



4

Нетикет - диалог орнату және тиімді қарым-қатынасты ұйымдастыру ғаламторда медиа сауатты адам ретінде беделге ие болу үшін қажет.



5

Ғаламтордағы байланыс кезінде сіз жасырын болу ережелерін сақтауыңыз міндетті емес



3 таяқша” әдісі
Ғаламторда өнегелі мінез-құлықты ұстана білу ережелерін тақырыбына байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.





Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді



Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады









ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады






ҚБ «Өзін-өзі бағалау»





Ақпараттық мәтін








Үлестірмелі қағаздар






Суреттер




Тірек-сызбалар





Кесте



ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Кері байланыс

  • Нені білдім,

  • нені үйрендім

  • Нені толық түсінбедім

Нені білгім келеді?

Үйге тапсырма

«Ғаламтордағы тәртіп» Эссе

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!