Материалдар / Отбасы-әлеуметтендірудің алғашқы сатысы

Отбасы-әлеуметтендірудің алғашқы сатысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сан ғасырдан бергі халқымыздың даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада», «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген екен. Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірдің жалғасы ұрпағымен келетініне мән беруінде. Адамға нағыз бақытты- тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Бала үшін ең маңыздысы жанұя, үй ішіндегі жылылық, анасының мейірімділігі мен әкесінің ыстық алақаны. А
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2020
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы-әлеуметтендірудің алғашқы сатысы


Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебінің әлеуметтік педагогі

Тасқалиева Альбина Тоғызбайқызы.


Отбасыында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Сан ғасырдан бергі халқымыздың даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада», «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген екен. Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірдің жалғасы ұрпағымен келетініне мән беруінде. Адамға нағыз бақытты- тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Бала үшін ең маңыздысы жанұя, үй ішіндегі жылылық, анасының мейірімділігі мен әкесінің ыстық алақаны. Ата-ананың тәбиесінің қатыгездігі мен жұмсақтығына байланысты емес, олардың балаға деген ыстық сезімі. Бала жеткіншек кезінде жанұядағы жағдайды бойына сіңіреді. Кейде сабақтан жиі қалдыруға әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай ексең, солай өседі ғой. Ата-ана тәбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Ата-анаға үнемі өз іс-әрекеттерін бағалап отыруын, беделін түсірмей оны үнемі көтеріп отыруын, қарым-қатынаста болуын, оны сыйлау, пікірін ескеріп отыруын қалайды. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты міндеті болып табылады. Жанұяда тәрбие балаға үлкендердің үлгісімен сіңеді.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Керісінше ,өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңызды аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Осыдан баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.

Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жетік білгені жөн. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, арақ ішіп, темекі тарту,баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. «Көрінген таудың алстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда теріс қылықтардың зиянын қалай ұқтырамыз.

Ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі алпауыт тұғыры биік, елдермен тең өмір сүріп келеміз. Десек те, кейбір кедергілердің күрмеуінен әлі де шыға алмай жүргеніміз рас. Толық емес отбасылар мен ажырасулар, отбасындағы жағдай, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының төмендеп кетуі, қоғамдағы жат қылықтар, заңсыз отбасын құру т.б қалыптасуына әкеліп соқты.

Мектептегі әр әлеуметтік педагог жанұямен жұмыс жүргізер кезде жанұяны жан-жақты танып білуден бастайды. Бұл қолайсыз жанұялар, бала ата-ананың арасындағы ұрыста жүретін, ата-ана маскүнем, нашақор, мүгедек немесе аурулар. Қазіргі заман жағдайы- ата-ананың жұмыссыздығында қосты.

Әлеуметтік педагог жанұяны қарастырарда жанұя типін анықтауы тиіс, қалалық және ауылдық жанұя, дәстүрлі, қазіргі заманғы , көп балалы, толық емес, оралман отбасы, асырап алушы т.б.

Әлеуметтік педагог жанұяға көмек көрсеткенде мынадай жұмыстарды атқарады: жанұямен кеңес жүргізу, әртүрлә төлемақылар және әлеуметтік жеңілдіктер алу мүмкіндігіне көмек; жұмыссыз жағыз басты анаға көмек; көптеген ата-аналар педагогикалық көмегін қажет етеді. Кеңесті жеке және топ түрінде өткізуге болады.

Олай болса, ата-аналар мен педагогтар болып ұрпағымыздың еңбекке дайындығын, рухани шынығуын, денсаулығының дұрыс қалыптасуын, адамгершілік жауапкершілігін шешуді ынтымақтаса отырып ұйымдастырса алар асуымыз биік болары анық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ата-ана, педагог, оқушы бірлікте болса, шешілмейтін мәселе болмайды. Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ. Бала-әр жанұяның бақыты, бақытымызды бағалай білейік.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ