Материалдар / Отбасында бала тәрбиелеу әдістері туралы ұғым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасында бала тәрбиелеу әдістері туралы ұғым

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаға дұрыс бағыт бағдар беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ОТБАСЫНДА БАЛА ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ»

Ақтау колледжінің оқытушысы Т.Э. Бекбердиева



Ұлттық білім беру жүйесін отбасының білім беру үрдісіне белсенді қатысуынсыз жаңғыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда жас буынды тәрбиелеуде отбасының әлеуметтік міндеті артып отыр.

Себебі отбасы жеке тұлғаның қоғаммен өзара әрекеттестігінің негізгі құралы болып табылады. Ол-бала тәрбиесіндегі ең алғашқы әрі басты тәрбие субьектісі.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы» атты халыққа Жолдауында: « Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтын, әкелер мен аналардың , аталар мен әжелердің өз балалары мен немелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз» деп қазіргі отбасының әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикадағы отбасылардың алдына қомақты міндеттер жүктеген.

Отбасына осындай үлкен міндет жүктелудің басты себебі, оның бала тұлғасының дамуы мен қалыптасуында жетекші орын алатындығын ұғынумен байланысты. Отбасы әр баланың өмірінде ерекше орын алады. Отбасы ғасырлар бойы қалыптасқан адам баласының ең жақын топтарының бірлесіп өмір сүретін мекені. Онда адам алғашқы тәрбиені қабылдап, алғаш рет өмір туралы, ұжым туралы ұғым қалыптасады.

Отбасы тәрбиесі-барлық тәрбиенің негізі.Өйткені балалардың туған кезінен бастап, есейгенге дейінгі уақыт аралығында өміріне арқау болатын тәлім-тәрбие отбасы мүшелері (әке, шеше, ата, әже т.б) арқылы беріледі. Олар баланың ата-бабаның өміріндегі еңбек және қоғамдық іс-әрекеттің барысында ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесінен өнеге алып, оны құрметтеуге, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылуға, қоршаған ортасын танып, онымен қарым-қатынас жасауға және баланы өз бетімен әрекет етуге бейімдеп отырған.

Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәй басты, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады.

«Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз. Сол айтқандай балалар әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, еңбексүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.

Қоғамның бүгінгі жағдайында болашақ тәрбиесін отбасынан бастап қолға алуға мемлекеттік тіпті, әлемдік тұрғыда көңіл бөлінуде. Оған 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған, кейіннен 1995 жылы 5 шілдеде Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» дәлел бола алады. Онда «Бала толық және үйлесімді дамуы үшін, ол мейрім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет.Бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» делініп, әрбір ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсеткен.

Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ.Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады.

Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі заман жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам талабы-заман талабы, өйткені, «әр адам-өз заманының баласы, сол себептен адамды заман биледі, заманына сай заңы туындайды. Сондықтан «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар», заман түзелсе, қоғам түзеледі»,-деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, оның материалдық, рухани байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізген.

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында, бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Сондықтан да отбасы тәрбиесі және отбасының бала тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселесі бүгінгі таңда педагогика ғылымындағы өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Қазіргі таңда отбасы тәрбиесі тек ата-ананың ғана емес бүкіл қоғамның ісі. Себебі қоғамның дамуы оның басына қандай ұрпақ келуіне тікелей байланысты. Осыған байланысты отбасы тәрбиесі мәселесіне басты көңіл бөлінуі қажет. Бұл жағдайда педагог отбасымен серіктестікке дайын болуы керек.

Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, педагог ата-аналармен жұмыс жүргізу барысында бірқатар қиындықтарға тап болып отыр. Педагогтар өздерінің педагогикалық кызметіндегі ең қиын жұмыстардың бірі ата-анамен жұмыс деп есептейді. Оқушылар ата-аналармен әрекет етуіндігі негізгі қиыншылықтар ретінде біріншіден, отбасын зерттеу туралы қазіргі заманғы әдістерді білмейтіндігін, екіншіден, ата-аналармен ынтымақтасудың тиімді формаларын, үшіншіден, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімдерін көтерудің әдіс-тәсілдерін білмейтіндігін алдыға тартады.

Қазіргі педагогтардың тұлғаны қалыптастырудағы отбасының рөлі мен оның білім беру үдерісіндегі рөлін жете түсінбейтіндігін айта кеткен жөн.Сондықтан өмірдің өзі педагогикалық жоғары оқу орындарының алдына қазіргі заманғы қазақстандық отбасын зерттеу, Қазақстандағы ұлттық білім беру жүйесін модернизациялаудағы отбасының рөлі мен орнын анықтау, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, болашақ педагогтарды отбасымен жұмыс істеуге даярлау, олардың кәсіби құзыреттілігін көтеру жұмыстарын қолға алыну сияқты өзекті мәселелерді алға тартып отыр.

Отбасында бала тәрбиелеу әдістерінің сипаттамасы.

Білім беру ұйымдарындағы бала тәрбиелеу әдістерінен отбасындағы тәрбие әдістерінің өзіндік айырмашылықтары бар. Отбасындағы тәрбие әдістері табиғилығымен, әр отбасының өмірлік тәжірибесімен , әдет-ғұрыптарымен ерекшеленеді. Ол өмірге қажетті жанды әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Отбасының бала тәрбиелеу әдістері ғылыми тұрғыдан емес эмпирикалық жолмен күнделікті өмір тәжірибесі барысында қалыптасып, дамиды. Отбасы бала тәрбиесінде алдымен өзіндік өмір тәжірибесіне, сондай-ақ халықтың салт-дәстүрлеріне сүйенеді. Бірақ әр адамның өзіндік тәжірибесі соншалықты бай болмауы мүмкін, ал халықтық салт-дәстүрлердің озығы мен тозығы болады. Сондықтан бала тәрбиелеуде көптеген кемшіліктер де орын алып жатады.

Отбасы жағдайында жүйелі, ретке келтірілген бала тәрбиелеу жүйесін қалыптастыру үшін әрбір ата-ана сонау заманнан қазірге дейін өзіндік мәнін жоймай келе жатқан бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет.

Отбасындағы бала тәрбиелеу әдістері-бұл баланың тәртібі мен мінез-құлқына ата-ананың мақсатты тұрғыда ықпал ету амалдары. Әр отбасының дербес бала тәрбиелеу әдістері бар. Тәрбие әдістерін таңдап алуы ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне, яғни тәрбие мақсатын, өзінің ата-ана ретіндегі рөлін түсінуіне, құндылықтар туралы түсініктеріне, отбасындағы қарым-қатынас стиліне және т.б. байланысты болып келді.Сондай-ақ төменде көрсетілгендей бірқатар жағдайларға да байланысты болуы мүмкін:

-ата-ананың өз баласының жағымды,жағымсыз қасиеттерін білуі, яғни неге қызығады, нені ұнатпайды, нені ынтамен орындайды, неге құлықсыз, қандай қиыншылықтарды басынан кешіреді және т.б;

-әр ата-ананың өзіндік тәжірибесі, беделді, өзінің жеке үлгісі негізінде тәрбиелеуге тырысуы;

-ата-ана отбасында барлығын бірлесіп істегенді қаласа, онда практикалық әдістерді көбірек пайдалануы мүмкін.

Отбасы жағдайында көбіне төмендегідей әдістер пайдаланады:

  1. Сендіру әдісі.Бұл өте күрделі әрі қиын әдістерінің бірі.Оны өте сақтықпен орынды пайдаланған жөн. Себебі сендіру баланың сан сезіміне ықпал етеді.Отбасы тәрбиесін жақсы меңгерген ата-аналар дау-дамай, айғай-шусыз-ақ балаларына белгілі бір талаптарды қойып, орындата біледі.Олар нақты жағдайға талдау жасай алу сырын жетік меңгерген. Сондықтан балаларының мінез-құлықтарының себебі мен салдарын, олардың берер жауаптары мен әрекеттерін алдын ала болжап біліп отырады.Соған байланысты әр түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дер кезінде, дәл орнында айтылған сөз бірнеше сағат мораль оқығаннан әлдеқайда тиімді. Сендіру құралы ретінде кітапты, кинофильмдерді, музыка мен суретті орынды қолдана білудің маңызы зор. Олар баланың жан жүйесіне, сезіміне үлкен әсер етеді.Сендіру әдісін пайдаланғанда сөз бен ісінің алшақ болмауы қажет. Себебі балалар, әсіресе кіші жастағылар ата-аналарының жағымды да жағымсыз да әрекеттерін қайталауға тырысады. Ата-аналар өздерін күнделікті өмірде қалай ұстаса, балаларды да соны істеуге бейім болып келді.

  2. Талап. Талапсыз тәрбие де болуы мүмкін емес. Талапты біртіндеп күрделендіріп және оның орындалғандығын үнемі қадағалап отырудың маңызы зор. Сонымен бірге балаға қажет болған жағдайда көмекке келе білудің мәні ерекше. Балаға талап қоюдың негізгі формасы-әр түрлі тапсырмалар беру. Тапсырманы ашуланбай, байсалды түрде берген орынды.Қойылатын талаптың баланың жас ерекшеліктері мен күшіне сәйкес болуы орынды. Сондай-ақ не әкесі не анасы тарапынан қойылған талаптың екіншісі тарапына бұзылмауы керек. Сонда ғана бала талапты орындауға үйренеді.Керісінше болған жағдайда бала жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүруге, ешкімді тыңдамауға үйренеді.

  3. Мадақтау, мақтау-отбасы жағдайында кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Балалық шақта оның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы қалыптасу үстінде болатыны белгілі.Олар өз әрекеттерінің дұрыстығын мақұлдауды қажетсініп тұрады. Сондықтан баланың жағымды, дұрыс әрекеттерін мадақтап, қолдап отыру керек.Мадақтау-ата-ананың баланың белгілі бір әрекеттері мен мінез-құлқындағы жағымды көріністерге қанағаттануын көрсету амалы. Мадақтауды баланың орынды әрекетін, жақсы қылығын қолдау үшін пайдаланудың мәні зор. Алайда оны шектен тыс пайдалану жағымсыз салдарларға алып келуі мүмкін. Мадақтау кезінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін, тәрбиелік деңгейін, мінез-құлық ерекшелігін, әрекет ету сипатын ескеру қажет.

  4. Сенім. Сенім білдіру балаға деген құрметтің белгісі.Сенім білдіру кезінде баланың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндігін ескерген жөн. Егер ата-ана баласына: «Сенен түк шықпайды, сен ешуақытта түзелмейтін шығарсың, саған ештеңені сеніп тапсыруға болмайды» деген сияқты сөздерді айтса, онда баланың ерік жігерін басып, оның өзіне деген сенімділікті, құрметті жоғалтуына алып келуі мүмкін. Сенімсіз жағымды нәрселерге баулу мүмкін емес.

  5. Жазалау. Жазалау әдісін пайдалану кезінде төмендегідей талаптарды ескерген орынды:

-жазалау әдісі жиі пайдаланылатын болса, оның күші мен тиімділігі төмендеуі мүмкін;

- жазалау кезінде баланың жас ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, үлкен адамдарға дөрекі сөйлеген мектепке дейінгі жастағы бала мен ересек жастағы балаға бірдей жазалау әдісін пайдалануға болмайды. Себебі бірінші өзінің әрекетін толық түсінбегендіктен, ал екіншісі әдейі жасауы мүмкін;

-баланы ашу үстінде жазалауға болмайды. Жазалау үшін оның себебін анықтап алған жөн. Негізсіз жаза баланы кекшілдікке, ызақорлыққа және ата-анасымен қарым-қатынасының бұзылуына алып келуі ықтимал.

-жазаның нақты әрекетке сай болуы және оның орынсыз бұзылмауы.

Әр елдің бала тәрбиелеу дәстүрлері сияқты әдістерінде де өзіндік ерекшеліктер бар. Г.Н.Филоновтың пікірінше, белгілі бір халықтың белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болды. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар ең алдымен адамдардың тіршілік ету барысында ие болған белгілі бір дағдылары мен білімі ретіде меңгеріледі. Адамзат баласының пайда болған кезінен бастау ала отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген. Бұл пікір әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері болуының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі.

Қазақ отбасында ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері жетерлік. Оларды бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:

-адамгершілік сезімдеріне әсер ету барысында пайдаланатын әдіс-тәсілдер. Оларға балаларға қайырымды, ізгі қатынас жасау, жанама ықпал жасау, қолдану, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту;

-үйрету мақсатындағы әдіс-тәсілдер. Олар: түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айту және т.б.

-тыйым салу, ескерту жасау мақсатында пайдаланатын әдіс-тәсілдер. Олар: реніш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте кінәсін мойындату, ұрсу, ымдау, қас-қабақтан айтатын деген ойын білдіру т.б.

Бұлардың көпшілігі қазіргі педагогика саласында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер болғандықтан бір тек солардың ішіндегі бірқатарына тоқталып кетуді жөн көрдік.

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосқан, қозы баққызып, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу, т.с.с істерге ерітіп жүрген.

Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі, бұл- тұспалдап айту арқылы шешендікке балу. Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды.

Сондай-ақ қазақ халқы айтайын деген ойын ымдау арқылы жеткізу, қас-қабақпен білдіру тәсілдерін өте ұтқыр қолданылған. Ымдау-бұл өте нәзік тікелей немесе жанама түрдегі тежеу әдістерінің бірі. Бала әке-шешесінің қас-қабағынан олардың көңіл-күйін байқап, ым арқылы айтқанын түсініп, өз әрекетінің орынды не орынсыз екенін байқап, соған байланысты әрекет еткен.

Балалар алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мадақтамалар арқылы зереттікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген. Мысалы, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең , жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.

Этикалық ізгіліктерді адам бойына дарытуға әл-Фараби тәрбиелеудің екітүрлі әдісін атап көрсетеді: бірінші- иландырғыш нақыл сөз еркімен игілікті істер жасауға жігерлендіруге болады; екінші-өз еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін және сөзге құлақ аспайтын «бүлікші, көнімсіз», ересек адамдарға қолданылытын күштеу әдісі.

Осы әдістердің ішінде әл-Фараби иландыру немесе ерікті түрде тәрбиелеу әдісін жоғары бағалайды. Адам сезіміне ерекше әсер ететін, оның жан-күйін баурап алатын этикалық нақыл сөздермен адамды дұрыс бағытқа, игілікті мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады. Тәрбиенің нәтижесінде адам бойында пайда болған ізгілікті қасиеттерді, мінез құлықты тұрақты күйге айналдыру үшін дағды қажет. «Жаратылысынан біткен бейімділік,-деп жазады әл-Фараби.

-қайырымдылық әрекеттерге бағытталса және бұл әрекеттер қайталана келе адам жанында сол әрекеттердің өзін тудыратын күйді тудыратындай дәрежеде әдет түрінде нығайып, бекісе, әрекетпен орныққан бұл күй қайырымдылық деп саналады».

Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты-әкеде, қыздың ұяты-шешеде» деп бағаланғандықтан. Алғашқы мүшелі 13 жасқа таяған кезінен бастап ата-ана өз балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеген. Сол кезеңнен бастап-ақ әке қызына айтар ескертпесі мен қолқасы болса анасы арқылы жеткізген. Қызын-арға, ұлын нарға бағалаған. Алайда, осылайша үкілеп, үлбіретіп отырған қыз баланың өзіне де қатал талап қойылған. Анасы қызына шолпы таққан шашы ажарлы, сүмбіл, сұлу болсын деп не қатықпен не ірімшіктің сары суымен мезгіл-мезгіл жуғызып, ең әуелі өз басын қадірлеуді үйретеді. Аналар өз қыздарына киім киісі, төңірегіне деген көзқарасы, кісіні жатсынбауы, кең пейілділігі, мейірімді жүзі арқылы ықпал еткен.

Отбасы тәрбиесінде балаларды таза, дені сау етіп өсіру, алысқа жібермей үйде тәрбиелеу, жақсы әдеп пен тәрбиеге үйрету, жақсы мінез-құлық қалыптстыру, ұл мен қызға білім үйрету, балаларды еңбекке баулу, қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеу, оларды қанағатшыл болуға үйрету, әділдік қасиеттерді бойына сіңіру, уақыты келгенде қызды тұрмысқа беру мен ұлды үйлендіру бәрі де осы әдістер негізінде іске асырылып жатқан.

Сонымен қатар отбасы жағдайында қолданылып келе жатқан кейбір әдістердің тәрбие ісінде оң нәтиже бермейтінін байқауға болады. Мысалы, кейбір ата-ана баласының әрбір әрекетін жақтырмай оған өте жоғары талаптар қояды. Баласына қажетті дәрежеде жан жылуын бере алмай, сәл ғана жіберген қателіктері үшін жазалауға дайын тұрады. Мұндай жағдайда өскен балалар өздеріне сенімсіз, қорқақ, өздерін қорғай алмайтын ынжық болып өседі.

Кейбір ата-аналар балаларының барлық талап тілектерін орындауға дайын тұрады. Олардың айтқандарын екі етпей, шектен тыс еркелетіп өсіреді. Мұндай жағдайда өскен балада өз дегенін ғана жасату, менменділік, қой дегенді түсінбейтін бірбеткейлік, жауапсыздық, қанағатсыздық сияқты жағымсыз қасиеттер пайда болады.

Сондай-ақ баланы шамадан тыс өбектеу де оң нәтиже бермейді.

Баланың өзбетінділігі мен белсенділігі басылып, мүмкіндіктері дамымайды. Ондай балалар өмірге бейімсіз, әлжуаз, өзбетінше шешім қабылдауға қабілетсіз болып өседі. Себебі ол ата-анасының өзі үшін бәрін жасап беретініне сенеді.

Кей жағдайда ата-ана өзінің баласының әлеуметтенуіне, өмірде ненің жақсы ненің жаман екенін ажыратуына мүлде көңіл бөлмейді. Бала өзбетінше өмір сүреді. Ал кейде баласының мүмкіндіктерін ескермей, оған өте жоғары моральдық талаптар қояды. Олардың ойынша, бала ата-анасының үмітін ақтауы тиіс.

Қазақ отбасының бала тәрбиелеу туралы көзқарасы

Бала – ата аналардың өміріне мән мен мағына , импульс беретін таусылмайтын қайнар көз. Әр ата-ана өз баласының болашағына қажетті қабілеттерді дамыту үшін өзін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Отбасы тәрбиесі дегеніміз алдымен ата-аналардың өзін-өзі тәрбиелеу деп өткеннің ұлы педагогтары бекер айтпаған. Себебі, өзіңде жоқ қабілетті бала бойында қалыптастыру және өзінің күнделікті жіберіп отырған қателіктерді балаңның жібермегенін талап ету де өте қиын.

Көбіне ондай қателіктер отбасы мүшелерінің өмір сүру, өзара қарым-қатынас жасау әдеттеріне, бала тәрбиесіне қатысты дұрыс қалыптаспаған пікірлеріне байланысты.Мысалы, баласын тыңдату үшін өтірік алдайды немесе қойылатын талаптарында белгілі бір жүйелілік жоқ. Л.Н. .Толстой «Ата-аналардың басты қателігі олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге тырысатындығында» деп бала тәрбиесі туралы отбасы мүшелеріне құнды пікір айтады.

Тәрбие-ересектердің мақсатты іс-әрекеттері. Оның нәтижелі болуына бірқатар жағдайлар: отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, ата-аналардың рухани-адамгершілік мәдениеті, әлеуметтік қатынас тәжірибесі және т.б. әсер етеді. Соның ішінде, ата-аналардың педагогикалық мәдениеті ерекше рөлге ие.

Педагогикалық мәдениет бірқатар компоненттерден тұрады.Олар: бала тәрбиесімен айналысу қажеттілігін түсінуі мен оған деген жауапкершілігі, бала тәрбиелеу, оқыту, дамыту туралы білімі, отбасында баланың іс-әрекеті мен өмірін ұйымдастыру туралы нақты практикалық білігі, тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыруы, басқа тәрбие инситуттарымен байланысты.

Адамзат ата-аналарға бала тәрбиесі туралы арнайы дайындықтың қажет екендігін ежелден-ақ түсінген. Бұл мәселе ұлы ойшылдар мен педагогтардың еңбектерінде негізделген. Алғаш рет бала тәрбиесі мен оларды оқыту туралы аналарға арналған бағдарламаны Я.А.Коменский «Аналар мектебі» атты еңбегінде ұсынды.Ал, аналарға практикалық көмек көрсетуге талпыныс жасаған Ф.Фребель болды. Ол аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру мақсатында балаларға дұрыс тәрбие беру тәсілдерін үлгі ретінде көрсететін балалар бақшасын құрды. Осылайша әр елде ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеретін өзіндік жүйесі қалыптаса бастады.

Қазіргі кезде де бұл мәселе өзінің өзектілігін жойған жоқ. Бұл тәрбие үдерісі мен отбасының тәрбиелік міндеттерінің күрделенуіне байланысты болып отыр.

Педагогикалық мәдениет-нақты білім беру ұйымдарының мәдени ортасын ұйымдастыру ерекшелігі мен мәнін зерттейтін педагогикадағы жаңа бағыт. Педагогикалық мәдениет-бұл адамзаттың жалпы мәдениетінің бір компоненті.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті-олардың тәрбиелік қызметтерінің негізі. Отбасындағы бала тәрбиесінің сәтті болуы мен нәтижелелигі ата-аналардың педагогикалық мәдениеті-тәрбие үдерісін қоғамдық талаптарға сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы механизмдер мен құралдардың жиынтығы.Бұл механизмдер мен құралдарға ата-аналардың нақты тәрбие мақсаттары мен оған жету амалдарын ұғынуы, тәрбиелеу туралы ғылыми білімдері педагогикалық біліктері мен дағдылары жатады.

Отбасы педагогикасы оқулық ( 15-23 б.)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!