Отбасындағы мінез тәрбиесі
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін үй-ішнен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен –ақ нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтанда әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен санасып отырғаны орынды.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты:
-баланың жасын, жеке ерекшелігін,психикалық процестерн ескере отырып,жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу;
-Отбасында баланың өсіп -жетілуіне , денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту ,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру;
-Отбасы мүшелерінң өзара дұрыс қарым -қатынасын ,тіл табысып түсінісуін ,бірін -бірі тыңдап, ата-ананы, туған - туыстарын ,жасы үлкендерді сыйлап ,құрмет тұтуға үйрету;
-Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап ,кәсіптік жағынан бағдарлау;
-Баланың ақылына ,күшіне ,біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету, бақылау, тексеру, бағалау;
-Тәртіптілікке,ұқыптылыққа ,жауапкершілікке,ойшылдықа ,сергектікке баулу;
Бұндай жауапты мақсат ,міндеттерді орындау бала дүниеге келгеннен бастап отбасында одан кейін қоғамдық тәрбие орындарында ,мектептерде тәлім -тәрбие беріліп ,білім-ғылымға үйретіледі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып ,өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып ,бала бақшамен жалғасады. Яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.Тұлғаның қалыптасуына ең алдымен отбасындағы тәлім-тәрбие ,өнеге әсер етеді. Отбасындағы ересектердің мінез -құлқына ,әдебіне ,іс-әрекетіне қарап өсіп, тәрбие кқрген баланың қандай екенін тану қиын емес.
Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, "баланың бас ұстазы- ата-анасы". Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып ,тағылым -талғамға ,әдептілікке баулиды. Себебі-отбасы таным бесігі, отбасы-өркениет ошағы, отбасы -үлгі- өнеге бастауы.
"Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі. " деп тегін айтылмаған. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейпіл,бейауыз сөздерді қолданбай , дөрекілікпен жеке басын қорламай ,мейірімді, табиғи жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе тәрбиеде табысқа жетеді.
Әр ата- ана, ұстаз балаға өз мақсатына жету жолы оңай еместігін де түсіндіруі қажет . Қандай жолдар қандай қиындықтарға жолығуы мүмкін екенін ,бір балада мұндай қиындықтар мүлдем болмауы мүмкін ал екіншісінде ондай жағдаяттар аяғын аттаған сайын кездесуі мүмкін екенін, сол жағдайларда жеңілмеу керектігін айту , жол көрсету ,ақыл айту басты міндетіміз .
Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік. Бала- біздің болашағымыз болғандықтан жанұямен мектептің байланысы өте жақсы болуы керек. Сондықтан ата-аналар қолымыздағы алтын ұл-қыздарымыздың мемлекетіміздің ертеңгі болашақ азаматы екенін ұмытпайық . Отбасы тәрбиесі - бала тұлғасындағы адами қасиеттерді қалыптастыратын жауапты да күрделі іс. Сондықтан "Баланы тәрбиеден тыс қалдырмаған жөн " деп айтқым келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Отбасындағы бала тәрбиесі"
"Отбасындағы бала тәрбиесі"
Отбасындағы мінез тәрбиесі
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін үй-ішнен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен –ақ нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтанда әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен санасып отырғаны орынды.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты:
-баланың жасын, жеке ерекшелігін,психикалық процестерн ескере отырып,жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу;
-Отбасында баланың өсіп -жетілуіне , денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту ,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру;
-Отбасы мүшелерінң өзара дұрыс қарым -қатынасын ,тіл табысып түсінісуін ,бірін -бірі тыңдап, ата-ананы, туған - туыстарын ,жасы үлкендерді сыйлап ,құрмет тұтуға үйрету;
-Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап ,кәсіптік жағынан бағдарлау;
-Баланың ақылына ,күшіне ,біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету, бақылау, тексеру, бағалау;
-Тәртіптілікке,ұқыптылыққа ,жауапкершілікке,ойшылдықа ,сергектікке баулу;
Бұндай жауапты мақсат ,міндеттерді орындау бала дүниеге келгеннен бастап отбасында одан кейін қоғамдық тәрбие орындарында ,мектептерде тәлім -тәрбие беріліп ,білім-ғылымға үйретіледі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып ,өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып ,бала бақшамен жалғасады. Яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.Тұлғаның қалыптасуына ең алдымен отбасындағы тәлім-тәрбие ,өнеге әсер етеді. Отбасындағы ересектердің мінез -құлқына ,әдебіне ,іс-әрекетіне қарап өсіп, тәрбие кқрген баланың қандай екенін тану қиын емес.
Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, "баланың бас ұстазы- ата-анасы". Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып ,тағылым -талғамға ,әдептілікке баулиды. Себебі-отбасы таным бесігі, отбасы-өркениет ошағы, отбасы -үлгі- өнеге бастауы.
"Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі. " деп тегін айтылмаған. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейпіл,бейауыз сөздерді қолданбай , дөрекілікпен жеке басын қорламай ,мейірімді, табиғи жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе тәрбиеде табысқа жетеді.
Әр ата- ана, ұстаз балаға өз мақсатына жету жолы оңай еместігін де түсіндіруі қажет . Қандай жолдар қандай қиындықтарға жолығуы мүмкін екенін ,бір балада мұндай қиындықтар мүлдем болмауы мүмкін ал екіншісінде ондай жағдаяттар аяғын аттаған сайын кездесуі мүмкін екенін, сол жағдайларда жеңілмеу керектігін айту , жол көрсету ,ақыл айту басты міндетіміз .
Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік. Бала- біздің болашағымыз болғандықтан жанұямен мектептің байланысы өте жақсы болуы керек. Сондықтан ата-аналар қолымыздағы алтын ұл-қыздарымыздың мемлекетіміздің ертеңгі болашақ азаматы екенін ұмытпайық . Отбасы тәрбиесі - бала тұлғасындағы адами қасиеттерді қалыптастыратын жауапты да күрделі іс. Сондықтан "Баланы тәрбиеден тыс қалдырмаған жөн " деп айтқым келеді.
шағым қалдыра аласыз













