Отбасындағы туыстық қарым-қатынас. Менің туыстарым.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасындағы туыстық қарым-қатынас. Менің туыстарым.

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылы, сынып сағаты. Қауіпсіздыі сағаты, жолда жүру, экологиялық білім беру барлығы қосылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшінің аты-жөні

Әуезова Қ.

Күні

16.09.2024

Сынып: 6 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Отбасындағы туыстық қарым-қатынас. Менің туыстарым.

Мақсаты

Оқушыларды жақсы қасиетке үйрету, жаман әдеттен жирену арқылы адамгершілік қасиеттерін дамыту. Отбасын, ата-анасын, туыған-туыстарын сыйлауға, құрметпен қарауға үйрету. Олардың туыстық жақындығын жеке түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым-қатынасты дамытуға, оқушылардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау.

Құндылық

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Аптаның дәйек сөзі

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға! (Абай)

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)


"Жолда жүру ережелерін оқу" бағдарламасы


Жол қозғалысы ережелері (қайталау).


Сабақтың барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Жолда жүру

Жүргіншілердің көшелердегі және жолдардағы қозғалысы ережелерін қайталау, бағдарлық көлік құралдарын (автобус, троллейбус, трамвай, бағдарлық такси) пайдалану.

"Жолда жүру ережелерін оқу" бағдарламасы


Сабақтың басы











Сабақтың ортасы
































































Сабақтың соңы

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Н. Ә. Назарбаев)


Пысықтау сұрақтары
1. Отбасы деп кімдерді айтамыз?
2. Отбасына кімдер жатады?
3. Сенің отбасын қандай?
4. Өз отбасыңа қандай көмек бересің?
5. Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.


ҚАЗАҚ НЕГЕ ТУЫСЫН «БАУЫРЫМ» ДЕЙДІ?

Ата-бабамыз «Туысы жаман туғанын жамандайды» – дейді. Біз үшін әр ісі өнеге болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өміріне бір үңіліп көріңізші. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға дінді жеткізіп, ақиқатты айта бастаған тұста руластары оны таспен ұрды, ізіне түсіп, тыныштық бермеді. Оған қарсы шыққандардың қатарында өзінің туысқандары да бар еді. Алайда, көркем мінездің иесі болған Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі Әбу Тәліб пен Исламды қабылдамаған басқа да жақындарымен байланысын үзген жоқ. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, менің әкемнің әулеті қамқоршыларым емес, менің шын қамқоршым – тек қана Алла және ізгі мүміндер. Бірақ олар менің туысым және мен оны өз дәрежесінде сақтаймын», – деді. (Бұхари)

Демек, адам туысын таңдап алмайды. Біз жақындарымызбен олар бай не кедей, жақсы не жаман болғаны үшін емес, Алла бізді туыс қылып қойғаны үшін араласамыз.

Қазақ неге туысын «бауыр», «бауырым», «ет жақыным» дейді деп ойлайсыз? Немесе неге бата бергенде «басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын» деп тілек айтамыз? Себебі, бауыр деген – адамға ең жақын ағзалардың бірі. Туыс-бауыр бүтін болса, ел де аман, жұрт та тыныш, мамыражай күн кешеді емес пе? Сондықтан жақындарымыздың жанын жараламай, ағайынды алаламай игілік істейік!


ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҰСТАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

Ибн Әбу Хамза (оған Алланың рақымы болсын): «Туыстық қарым-қатынасты ұстану кейде қаржы-қаражат арқылы болады, кейде қысылғанда көмек көрсетумен, бір зияннан сақтандырумен, жарқын жүз, ашық шырай танытумен болады немесе олар үшін дұға жасалады» деген.

Ал имам Науаи (оған Алланың рақымы болсын): «Туыстық қарым-қатынасты ұстану – бұл туыстарға игілік көрсету. Бұл туыстық қарым-қатынасты ұстануды ниет етушінің мүмкіндіктеріне және туыстардың қажеттілігіне қарай. Кейде мал-мүлікпен, кейде қызмет көрсетумен, үйіне барып қал-жағдайын сұрасумен, кейде жай ғана сәлеммен және басқа да іс-әрекеттермен болуы мүмкін» дейді.

Сонымен ғалымдар ұсынған туыстық қарым-қатынасты ұстануға арналған мынадай әдістер бар екен:

Үйлеріне барып қал-жағдай сұрасу;

Сыйлық беру;

Проблемаларына қызығушылық таныту;

Араларындағы жағдайы төмен жандарға көмек көрсету;

Үлкендерін құрметтеу;

Жағымды әрі мейірімді қарым-қатынас ұстану;

Үйге қонаққа шақыру;

Жетістіктері мен табыстарына қуану;

Қайғысы мен уайымына ортақтасу;

Олар үшін Алладан жақсылық сұрау;

Қызғаныш, көреалмаушылық сезімдерін жеңу;

Өзіңе қалағанды оларға қалау;

Ауырса жағдайларын сұрау;

Олар туралы жақсы ойлау;

Шақырса қабыл алу;

Ислам діні туралы насихат айту, Алланы үнемі естеріне салу.

Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю т.б.


«Туыстық - Алла Тағаланың «Рақымды» сипатының атауынан туындаған. Туыстық қатынасты сақтағанды Алла Тағала рақымына бөлейдi, ал байланысын үзгендi рақымынан мақұрым етедi. Сондықтан жақындарымызбен қарым-қатынасқа барынша абай болайық.

Интерактивті тақта, слайд



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2024
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі