Материалдар / Padlet виртуалды тақтасын қазақ әдебиеті сабақтарында қолданудың тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Padlet виртуалды тақтасын қазақ әдебиеті сабақтарында қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Padlet» - сабақтарда тиімді қолдануға болатын қарапайым әрі әмбебап тақта. Бұл әдеттегі тақтаның онлайн түрі.Бұл виртуалды тақта интернет арқылы жасалып, білім алушылардың смартфонды тиімді қолдану негізінде жүзеге асады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2022
2236
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Padlet виртуалды тақтасын қазақ әдебиеті сабақтарында қолданудың тиімділігі

Педагогикалық тәжірибені жаңашылдық арнасына бағыттай отыра шығармашылықпен жұмыс жасау - қазіргі таңда оқытушыға қойылатын басты талаптың бірі. Осы ретте қашықтан оқыту жағдайында бірсарындылықтан арылып, сабақты түрлендіріп өткізу мақсатында Padlet онлайн-тақтасын қолдану мүмкіндіктеріне тоқталып өткім келеді.

«Padlet» - сабақтарда тиімді қолдануға болатын қарапайым әрі әмбебап тақта. Бұл әдеттегі тақтаның онлайн түрі.Бұл виртуалды тақта интернет арқылы жасалып, білім алушылардың смартфонды тиімді қолдану негізінде жүзеге асады.

Тақтада жұмысты бастау үшін оқытушы алдымен Google немесе Facebook-те тіркелу немесе бар аккаунттарды пайдалану қажет.

Виртуалды онлайн тақта құрудың алгоритмін қарастырайық.

1- қадам. Бастау үшін браузердің мекенжай жолағына padlet.com енгізіп, Enter пернесін басып, қызмет веб-сайтына өтіп, «Тіркелу» батырмасын басқан жөн. 2- қадам. Электрондық пошта мекенжайы мен паролін енгізу арқылы сайтқа тіркелуге болады, бірақ Padlet тіркелудің оңай жолын ұсынады: егер сіздің Google есептік жазбаңыз болса, Padlet веб-сайтындағы жеке есептік жазбаңызды осы есептік жазбаға байланыстыра аласыз.

3-қадам. «Google-ге тіркелу» батырмасын басыңыз. Есептік жазбаңыздың деректерін көрсету арқылы кіріңіз (пайдаланушы аты мен пароль). «Кіру» батырмасын басыңыз.

4 - қадам. Мүшелік таңдау. Ақысыз немесе кәсіби (ақылы) базалық.

5-қадам.Интернеттегі қабырға жасаңыз. «Падлет жасау» батырмасын басып, өзіңізге ұнайтын тұсқағазды таңдайсыз. Осындай ғаламтор қабырғаларын құрудың мысалдарын көру үшін сіз галереяға жүгіне аласыз.


Онлайн тақтаның ерекшелгі: презентация, видеоматериал, аудиоматериал дайындап енгізуге, тапсырмаларды түрлендіріп беру, кері байланыс жасауға, сонымен қатар жүктеу элементтерін жылжытуға, үлкейту мен кішірейтуге, фондық суретті реттеуге болады. Тақта дайын болған кезде оны әлеуметтік желілерде бөлісуге, сайтқа енгізуге болады.

Shape1


Білім алушылардың берген кері байланысы

Padlet сервисін қолданудың артықшылықтарына мына мүмкіндіктерді де жатқызуға болады:

виртуалды тақта дизайнын таңдау мүмкіндігі;

нақты режим уақытында ұжымдық қызметті және визуалды контентпен жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі;

материалдарды кез келген тасымалдағыштан, сонымен қатар Интернет желісінен де (фото-, бейне-, аудиофайлдар) орналастыру мүмкіндігі.

Padlet – виртуалды тақтасын қолдану мүмкіндігі кең,әрі кез-келген уақытта қарау үшін қолжетімді.

Қорыта айтқанда, қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың дамуы мен ақпараттық қоғамның қалыптасу дәуірінде қоғамның кез-келген мүшелері әлеуметтік ортада еркін және икемді қоммуникативтік қатынастарға түсіп, ақпараттық құралдардың көмегімен әр түрлі іс-әрекеттерді орындауға мүмкіншіліктер бар.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!