Материалдар / Патша отаршылдығына қарсы күрескен Ахмет Байтұрсынов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Патша отаршылдығына қарсы күрескен Ахмет Байтұрсынов

Материал туралы қысқаша түсінік
А Байтұрсынов білім беру жүйесіндегі реформаларына қарама - қайшылық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Патша отаршылдығына қарсы күрескен Ахмет Байтұрсынов

Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту

Ахмет Байтұрсынов – аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері, бұлтарысы мен бұлғағы көп шытырман жолдан өткен адам. Ол Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде 1918 – 1919 жылдары Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштермен одақтас болса да 1919 жылдың көктемінде Алаш басшылығының келісімімен Кеңес өкіметі жағына шықты. Лениннің ұйғаруымен Ахмет Байтұрсынов 1919 жылы жазда құрылған Қазақ революциялық комитетіне мүше болып тағайындалып, 1920 жылы қазанда құрылған Ресей құрамындағы Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚАКСР) үкімет мүшесі – оқу – ағарту комиссары болып сайланған. Ахмет Байтұрсынов Алаш қозғалысы аясындағы қоғам қайраткері ғана емес, кеңестік Қазақстанның алғашқы жылдарында лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарған адам. Ол өзіне бірінші кезекте басты нысана етіп жалпыұлттық, бүкілхалықтық мәселелерді таңдап алды да, оларды туған елінің мүдделеріне сай шешу үшін еңбектенді. Ахмет Байтұрсынов-қоғам қайраткер Патша отаршылдығына қарсы күрестегі белсенді іс-әрекетіне байланысты А.Байтұрсынов 1909 жылы Семей түрмесінде бір жыл отырып, екі жылға жер аударылады 1913 жылы Орынборда "Қазақ" газетін шығара бастады. Газет қазақ халқының ұлттық санасын оятып, азаттық күреске шақырды. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халкының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ақын, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам  қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. ХХ ғасыр табалдырығын қазақ халқы жерінен айырылып, шаруашылығы күйзеліп, білім нәріне қанбай, санасын ұйқы  басып, елдігінен айырылып, мемлекеттік қалпын жоғалтып, дауыл алдындағы тымырсықтай түнеріп аттады. Сол тұстағы қазақ қоғамында өткенді аңдап, алдын болжаған озық ойлы азаматтарды, жалпы «халқым, ұлтым» деген адамды ойландырған басты ой арнасы үш мәселеден бастау алады. Жер-ата-қоныс ғасырлар бойы сыртқы даудан қорғауда сан ұрпақтың қаны тамған, бүкіл тіршіліктің тірегі, одан айырылу ел ретіндегі тарихтың сахынасынан кетумен тең еді. Оқу – ұлттық сананың ояну негізі болса, одан ана тілі нәр алмау халық ретіндегі сан ғасырлық салт-сананың жиынтық болмысынан айырылу, сөйтіп, ұлттық алтын тамырдан қол үзіп, оянудың жолын қараңғы түнекке апарып тіреу еді. Ал патшалық отаршылдық саясаттың қыспағынан бірліктен айырылған, өзін-өзі билеуден қалған ел ұлы дамудың өркениетті жолына ығысып, құлдықтың құрдымына қарай жол тартқан болатын. Міне, осынау жойылудың осынау құрбандықтың үш үлкен мәселесі қазақ азаматтарын бірігуге, күш біріктіруге, сөйтіп, саяси күрес жолына шығуға жұмылдырды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!