Педагог қандай болуы керек?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагог қандай болуы керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның қажеттілігін өтер, әр заманның өзіндік сұранысы болғанымен, ешқашан құнын жоғалтпайтын мамандықтар бар. Соның бірі де бірегейі - педагог мамандығы. «Алты алаштың басы бір жерге қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі», - деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев мұғалімдікті бар мамандықтан биік қойған. Сонда осындай құрметке ие педагог нені ескеру керек, қандай қадамдар жасау керек?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагог қандай болуы керек?

Адамның қажеттілігін өтер, әр заманның өзіндік сұранысы болғанымен, ешқашан құнын жоғалтпайтын мамандықтар бар. Соның бірі де бірегейі - педагог мамандығы. «Алты алаштың басы бір жерге қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі», - деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев мұғалімдікті бар мамандықтан биік қойған. Сонда осындай құрметке ие педагог нені ескеру керек, қандай қадамдар жасау керек?

Әуелгі «педагог» мағынасы баланы жетектеуші құлды білдірсе, бүгінгі күні педагог тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға, оқыту мен тәрбиелеуге жауапты тұлға. Қалай болғанда да өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беретін бұл саланың өкілдерінің жауапкершілігі ертеңгі елдің болашағына сөзсіз әсері бар. Өзім тарих пәндерінен сабақ бергендіктен, мемлекеттің өркендеуіне үлес қосқан тарихи тұлғалардың өміріне көп қызығушылық танытамын. Өйткені тарихты жасайтын да адамдар - тарихи тұлғалар. Тарихи тұлғалардың өмір белестерімен байланыстыра зерттеу жүргізе отырып, сол тұлғалардың тарихта қалдырған өзіндік сара жолдарына рефлексия жасау арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларымен қоса саяси сауаттылықтарын арттыруды, тұлғалар өмірін тану арқылы өзінің тұлғалық дамуына мотивация беруді көздеймін. Өйткені бүгінгі білім алушы - ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі. Оның қоғамдық ортаға деген оң көзқарасы, саяси сауаттылығы, өзгені үлгі ету арқылы өзін-өзі реттеуі қоғамға пайда әкелер тұлға болуының алғышарты. Ал оның негізі мектепте қаланады. Тәрбиенің бір бағыты азаматтық тәрбие болса, әсіресе, қазақ ұлтының көсемдері мен дара тұлғаларының азаматтық істерін насихаттау, атап айтқанда, қазақ хандарының саяси жүрістері, Алаш ақтаңдақтарының ұлтты ояту істері, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы аяққа тұру жылдарындағы ұлт жанашырларының оң қадамдары. Осы тұрғыда айтарым, оқыту -  тек педагогтың еншісіндегі дүние, ал тәрбиені ата-анамен бөлісеміз. Оқыта отырып тәрбиелеуде отбасы тәрбиесінің баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуында ролі жоғары деп айтар едім. Неге десеңіз, отбасында бірлесіп оқу, ата-анамен кешкі әңгіме, бірлесіп жаңалықтарды талдайтын, баланың іс-әрекетіне сыни тұрғыда қарап, оң- теріс әрекеттеріне рефлексия жасайтын ата-аналардың балаларының ой-өрісі кең, сын тұрғысынан ойлай алатын, қоғамдық орында өзін ұстауы жоғары болады. Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесіндегідей қисық бұтақты түзулей отырып, ата-ана үйінде де педагогке қолдау көрсетіп, ынтымақтастықта бала тәрбиесі мен дамуына тікелей сеп болады. Нағыз педагог осы ынтымақтастықты баланы дамытудағы сенімді құралға айналдырады. Ал баланың үлгерімі төмен болса ше, оған кім жауапты? Әрине, оқытуда біз, педагогтер жауаптымыз. Әуелі, алдымыздағы білім алушының үлгермеу  себебін анықтауымыз керек, неге десеңіз кез келген проблеманың себебін анықтау арқылы түйінін шешуге болады. Қазіргі оқытудың да негізгі сүйенері - осы. Сабақты зерттеуде бақылаудағы білім алушының қандай да бір проблема себебін анықтаған соң барып, сол оқушыға қозғау салар әдіс-тәсілдерді саралаймыз, тиімдісін алып, нәтиже шыққанша зерттеу үдерісін жалғастырамыз. Осы тұста ескере кететін бір жайт - нағыз педагог уақытын өнімді пайдалану дағдысын игергені абзал. Өйткені аталған зерттеу әрекеттерінің барлығы да көп уақытты қажет етеді. Теориясы мен практикасы үндескен педагог өзгеге үйрете жүріп, өзі де дамиды, ізденісте жүріп, қаншама білім көздерінен сусындайды, қаншама дағдыларды игереді. Өзімнің ...жылдық педагогикалық өтілімде осы ізденіс жолында ... конференцияларға қатысып, өзімнің педагогикалық көзқарастарыммен бөлістім. Біліктілігімді көтеретін курстарға қатысып, зерттеу, рефлексия жасау, білім алушының психологиясын тану дағдыларын игердім. Қалалық, облыстық семинарларда үйрете жүріп білім алдым. Қашықтықтан оқытуда неше түрлі платформалармен жұмыс жасау дағдыларына ие болдым. Байқағаным, жаңаны игерген сайын одан да жаңа дағдылар орнын басып, ізденісіңді қамшылай түседі екен. Осы кезде «мұғалім ізденісін тоқтатқан күні мұғалім болудан қалады» деген аталы сөз ойыңа оралады.

Қорыта келгенде, сөзімнің соңғы түйінін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлең шумағымен түйіндесем:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға!

Үйретуден жалықпайық, ұстаздар қауымы!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2022
434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі