Материалдар / Педагогика және менің мамандығым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогика және менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогика туралы жас маман ойы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
340
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогика және менің мамандығым



Жалпы, педагогика дегенде алдымен Грекияның еске түсетіні бар. Оны бәлкім заңдылық деп қабылдауға да болады. Бала жетектеген құлдарды көзге елестететін еңбекті тұщынып оқымаған ұстаз жоқ та шығар.

Асылында, Педагогиканы қазақ санасына Мағжандай жеткізген жан жоқ, сірә! «Біз жоғарыда адам баласының тәрбиеге мұқтаж екенін, оған қандай тәрбие беру керектігін һәм ол тәрбиені не үшін беру керек екенін айттық. Жә, тәрбие керек. Бірақ балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші (ата-ана, мұғалім) тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, ешнәрсені оқып-білмей-ақ өз бетімен бере ала ма? Әркім өзі-ақ жол тауып кеткендей бала тәрбиесі соншама бір жеңіл нәрсе ме? Жоқ, бұлай емес. Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол басқа адамдардың майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек. Тәрбие пәні педагогика деп аталады», деп толғайды алашордашы ұстаз, ақын.

Рас-ау! Бала тәрбиесін өнер деп қабылдау - ақылдының ісі. Анығында бала тәрбиелеуде қатып қалған ұстанымдарға сүйене берудің қажеті аздау сияқты. Әйтпесе, жер бетіндегі барлық баланы стандарт бойынша ақылды қылып неге шығармасқа?! Жо-жоқ, ол мүмкін де емес.

Біздің жағдайымыздағы педагогика қандай сипатқа ие? Жауап айқын емес. Себебі біздің өміріміздің өзі алмағайып. Икемдеуге келмейді. Жаһандану деген тажал төбеден төніп тұрғанда педагогиканы толығымен меңгеріп, баланы сонымен тәрбиелеп отырмын деу шындыққа қаншалықты жанасады? Олай болуы мүмкін де емес.

Ұлттық педагогика хақында. Әр ұлттың салт-дәстүріне негізделген Педагогика пәні бар. Ол тасқа қашалып, қағаз бетіне түскен емес. Ол – санада, ол - қанмен, генмен берілетін ғылым. Сол себепті дүние жүзіндегі Педагогиканың ортақ стандарттарына қоса, ұлттық педагогиканы да қатар алып жүруіміз керек. Баланы тәрбиелеуде екі пән де маңызды рөл атқарады. Әлемдік тәжірибеден өткен стандартпен бала тәрбиесіне араласамын деу – өтірік. Ұлтқа қызмет, елге қызмет етуде ұлттық педагогиканың орны қашанда бөлек болмақ. Білім беру саласында педагогиканың қажеттілігі туралы айтудың өзі артық. Әл Фараби бабамыз мұны «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп кеткен. Қосарға бірдеңе бар ма? Әрине, жоқ.

Менің мамандығым Қазақ тілі мен әдебиеті пәні болса, педагогика маған ауадай қажет. Қазақ тілі сияқты нәзік ілімнің педагогикасыз жетім баланың күйін кешері анық. Тағы Мағжанға жүгінейін. Ақын Ұлт тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлген. Баланы қалай емізу керегіне дейін тәптіштеп жазған ұлт ұстаздарының бірі педагогиканы бес бағытқа бөлді емес пе? Соның ішінде үшінші тұрғаны – Методика. «М е т о д и к а. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолын көрсетеді. Мысалы, мектепте қазақ тілін қай жолмен оқыту керек екенін үйрететін пән «қазақ тілінің методикасы» деп аталады» дейді Жұмабаев.

Алашорда идеясының негізін қалаушылардың бірі Мағжанның сөзіне қосылмасқа амал жоқ және соны өзімнің ұстаздық жолыма шамшырақ етіп алуды дұрыс деп пайымдаймын.



Арыстанбаев Мадияр

Алматы қаласы

Алатау ауданы

114 ЖББМ КММ





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!